A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ауылдық жерлерде бизнес ашудың жаңа мүмкіндіктері бар

7 желтоқсан 2017 ж.                                                                     Астана қаласы

Ауылдық жерлерде бизнес ашудың жаңа мүмкiндiктерi бар

Бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң өкiлдерi мен «ҚазАгроКепiл» АҚ Басшылығы баспасөз-конференция өткiздi. Қатысушылар қаржыландыруға қол жеткiзудi қамтамасыз етуге тартылған шаруаларға мемлекеттiк қолдаудың тиiмдi құралы ретiнде шағын қалаларда және ауылдық жерлерде несие, шағын несиелердi кепiлдендiру туралы баяндады.

2017 жылы «ҚазАгроКепiл» АҚ АӨК-тiң дамуына зор үлес қосты. Қазақстандық шаруалар үшiн қолжетiмдi қаржыландыруды қамтамасыз ететiн және ауыл бизнесiн тұрақты, қарқынды дамытатын жаңа ыңғайлы қолдау құралдары пайда болды.

2016 жылдың 29 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулысымен нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бекiтiлдi. «ҚазАгроКепiл» АҚ бағдарламаның екiншi бағыты бойынша, атап айтқанда iсiн жаңа бастаған кәсiпкерлер бизнесiн ашу, сондай-ақ қолданыстағы бизнестi кеңейтуге бағытталған шағын қалалар мен ауылдық жерлерде шағын несиелердi/несиелердi кепiлдендiру бөлiгi бойынша жұмыс жасайды.

Көптеген шаруалар несие алу кезiнде кепiл қою жетiспеушiлiгi мәселелерiне тап болатыны белгiлi. Нарықта ауыл мүлкiнiң төлем өтiмдiлiгi төмен болуы шаруаларға қажеттi қаражатты алуға мүмкiндiк бермейдi. Мемлекет, шаруалардың мәселелерiн түсiне отырып, оларға қол ұшын созды және дәл бүгiн оларда бюджет қаражаты есебiнен кепiлдiк алу мүмкiндiгi бар. Қазiргi таңда, кепiлдендiру құралдарын 183 шаруа пайдаланды. Ерекше атап өтетiн бiр жайт кепiлдiк алған 44% (80 шаруа) — бұл стартап-кәсiпкерлер, яғни бизнесiн жаңадан ашқан кәсiпкерлер болып табылады. Жаңа кәсiпкерлердiң үлесi 1 жылдан 3 жылға дейiн 24% (45 шаруа) құрайды. Кепiлдiк алуға өтiнiш берген жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлер үлесi — 32% (58 шаруа).

Қазiргi таңда берiлген кепiлдiктердiң жалпы сомасы 970 млн. теңгенi құрайды. Қарыз кепiлдiгi бойынша — 8,7 млн. теңге, орта кепiлдiк сомасы — 5,3 млн. теңге.

Жоғарыда аталған бағдарлама аясында кез-келген кәсiпкер ауылдық жерлерде және шағын қалаларда «Аграрлық несие корпорациясы» қорландыратын кредиттiк серiктестiктерден және МҚҰ-нан несие ала алады. Кепiл жетiспеген жағдайда, кәсiпкер кепiлдiктi «ҚазАгроКепiл» АҚ-нан алуына болады.

Нәтижелi жұмыспен қамту бағдарламасының қатысушылары жұмыссыздар, кәсiпкерлiк әлеуетi бар өз бетiнше жұмыспен қамтылғандар, сонымен қатар жұмыс iстеп тұрған кәсiпкерлер, ауыл шаруашылығы кооперативтерi және оның мүшелерi болуы мүмкiн.

Кепiлдендiрiлетiн несиенiң негiзгi белгiлерi. Ең жоғарғы сомасы-18 млн. теңгеге дейiн. Кепiлдiк тек 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап КС/МҚҰ берген несиелер бойынша табысталады. Несиелендiру/кепiлдендiру мерзiмi — 5 жыл. Мал шаруашылығы және АШӨК ашу саласында — 7 жыл. Кепiлдендiруге соңғы қарыз алушы үшiн жылдық ставкасы 6% бойынша берiлген несиелер жатады.

Кепiлдiк мөлшерi өзгерiп отырады. Жұмыс iстеп тұрған бизнес үшiн несие сомасынан 50% -ға дейiн жабылады. Жұмысын жаңадан бастаған кәсiпкерлер үшiн несие сомасынан 85% яғни, жұмысын жаңадан бастаған кәсiпкерлерге несие сомасының 15%-ын жабатын кепiлдiгi болса жеткiлiктi. Қалған 85% «ҚазАгроКепiл» АҚ жауапкершiлiкке алады. Мысалы: 450 мың теңге нақты кепiлдiк болса, жұмысын жаңадан бастаған кәсiпкер 3 млн. теңгеге дейiн несие ала алады.

Келесi жылы кепiлдендiру өтiнiштерiн 750 бiрлiкке, ал 2019 жылы — 760-қа дейiн ұлғайту күтiлуде. Яғни, үш жылдың iшiнде 1800-ге жуық фермерлер өз iсiн дамытуға бiздiң кепiлдiктi алу арқылы несие ала алады.

Қазiргi уақытта, несиелендiретiн компаниялармен бiрлесiп құжаттарды берудiң бiрiздендiрiлген жүйесi әзiрленiп жатыр. Атап айтқанда, шаруа несие және кепiлдiк алуға өтiнiш беру үшiн қажеттi құжаттардың жалпы тiзiмi құрылады. Құжаттардың бiрыңғай формуляры талқыланып жатыр, бизнес-жоспар жобасына талаптар жүйеге келтiрiледi.

Бұл жаңашылдық шаруаларға несие немесе лизинг алу үшiн нақты уақыт режимiнде қажеттi құжаттарды тапсыруға мүмкiндiк беретiн «ҚазАгро» Холдингiнiң несиелiк өтiнiмдердi жинау және өңдеу жүйесiнiң iске қосылуымен өзара байланысты, сонымен қатар компаниялар кеңселерiне аяқ баспай, осы жүйе арқылы бақылап, ақпарат алуға және уақыт пен қаржы құралдарын үнемдеуге мүмкiндiк бередi.

Анықтама үшiн:

«ҚазАгроКепiл» 2003 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған мемлекеттiк аграрлық азық-түлiктiк бағдарламасын iске асыру аясында коммерциялық емес ұйым түрiнде құрылған болатын. Компанияның басты мақсаты АӨК субъектiлерiнiң мiндеттемелерiн орындауды сақтандыру және кепiлдендiру саласында аграрлық секторды хеджирлеу жүйесiн дамыту болып табылады. «ҚазАгроКепiл»АҚ- «ҚазАгро» холдингiнiң еншiлес ұйымдарының бiреуi болып табылады және оның тiкелей басқаруымен Қазақстанның барлық облыстарының 14 өкiлдiктерiнде өз қызметiн iске асырады.

Мақаланың шыққан күні: 19.12.2017 17:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2017 17:52
Қаралым саны: 591

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz