A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Қала, ауылдық окруктері әкімдерінің есептері

Г.К.Кривицкий, Ақкөл қаласының әкiмi

Қаладағы әлеуметтiк мәселелер үнемi назарда болды. Ақкөл қалалық округiнде — 15442 адам тұрады 250 адам қабылдайтын жаңа емхана ашылып, мұнда 41 дәрiгер және 80-ге жуық орта медицина қызметкерлерi жұмыс iстейдi.

Облыстық бюджет бөлген қаржыға балалар үйiнiң қосалқы үй-жайы, инженерлiк желiлерiне күрделi жөндеу жүргiзiлдi.Аудандық бюджет есебiнен саз мектебi күрделi, оқу-өндiрiстiк комбинатының қасбетi ағымдағы жөндеуден өттi.

Ұлы Жеңiстiң 70-жылдығы қарсаңында ҚР Тұңғыш Қорғаныс Министрi, Кеңес Одағының батыры, №1 Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетовке ескерткiш орнатылды.

Орталық алаңда Чернобыль АЭС-ғы апаттың 30-жылдығына орай салдарын жоюға қатысқандарға мемориалдық тақта орнатылды.

Көпбалалы және әл-ауқаты төмен отбасыларын қолдау мақсатында жаңа оқу жылының басында «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылып, 1-шi сыныптағы 25 оқушыға -652 мың теңге көлемiнде киiм, оқу жабдығы берiлдi.

«Бизнестiң жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында 2016 жылы қалада дүкендер, қоғамдық тамақтану орны, сән салондары, наубайхана, тiс емханасы, қонақ үй, балаларға қосымша бiлiм беретiн және ойын-сауық орталықтары сияқты жаңа кәсiпкерлiк нысандар қызмет көрсете бастады.

Жаңа үйлер құрылысы, су құбыры, кәрiздiк желiлер,жылу берi нысандары салынып, мектептер ағымдағы жөндеуден өткiзiлдi.

Салынған 45 пәтерлi тұрғын үйге қосымша, тағы да екi 45 пәтерлi тұрғын үйдiң құрылысын бастау жоспарлануды. Қаладағы жас мамандар отбасылары үшiн 18 пәтерлi тұрғын үйдiң жобалық-сметалық құжаттамасы әзiр.

Елдi мекен аумағын қамтамасыз ететiн 10 жылу беру қазандығы ауданның коммуналдық меншiгiнде тұр. Жылумен қамтамасыз ету қызметiн «Ақкөл-Горкомхоз» ШЖҚ МКК және «Жалын-2005» ЖШС көрсетедi. Орталық жылуға 60 пәтерлi және 190 жеке тұрғын үй қосылды.

Жылу беру қазандықтарында қалыпқа келтiру және жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Құрылыс бөлiмiнде «Шығыс» шағын ауданындағы жылу беру желiлерi мен қазандығын қайта құру жобалық-сметалық құжаттамасы өңделуде. Қаладағы барлық жылу беру қазандықтары штаттық режимде жұмыс iстеуде.

Заман талабына сай елдi мекендi абаттандыруға ерекше маңыз берiлiп отыр. Қаланың орталық көшесiн таза ұстау — басты мiндет. «Таза бейсенбi» күндерi жалпы қалалық және экологиялық -30 сенбiлiк өткiзiлiп, 3100 тонна қоқыс шығарылды. Бюджет қаржысы есебiнен — 30 қоқыс контейнерлерi жасалды. Бас көшенiң бойына -20 шағын қоқыс салатын урна қойылды. 24 автобус аялдамасы қалпына келтiрiлдi. «Ақмола Транс Сервис-3» ЖШС аумағында автопавильон қойылды.

«Жалпықазақстандық орман егу күнi» республикалық акция аясында көктем — күз кезеңiнде -1581 көшет, гүлдер отырғызылды, қыш құмыра орнатылды, тастан жасалған көркем композиция жасалынды.

Қаладағы автокөлiк жолдарын жөндеу де назардан тыс қалған жоқ.

Облыстық бюджеттен бөлiнген қаржы есебiнен Ақкөл балалар үйiнiң кiреберiс жолы мен Абылайхан көшесiнде ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды.

Аудандық бюджеттен бөлiнген қаржы есебiнен: Нұрмағамбетов, Пушкин, Кирдищев, Привокзальная, Желтоқсан, Горький, Ш.Уәлиханов көшелерiн жөндеуге 7 млн. теңге жұмсалды.

Қаладағы Горная, Энгельс, Гагарин, Береговая, Ленинский тұйық көшесi, Панфилов, Октябрьский, Ново-Рудная көшелерiн қиыршық таспен жауып, тегiстеу жұмыстары жүргiзiлдi.

Қаладағы орталық көше бойына жалпы ұзындығы 18,5 шақырымдық жол белгiлерi орнатылып, жол ернеуiндегi жиек тастар жартылай ауыстырылды.

Нұрмағамбетов, Пушкин, Бигельдинов, Привокзальная, Кирдищев көшелерiндегi жаяу өтпе жолдар боялды.

Қаланың орталық көшелерiндегi Республикалық бюджет қаржысы есебiнен «ҚР мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту» бағдарламасы бойынша жол белгiлерi, сонымен қатар 1млн.287 мың теңге көлемiнде Ш.Уәлиханов — Бигельдинов көшелерiнiң қиылысында жаяу өтпе жолы дыбыс-пен және жарық қондырғыларымен жабдықталды. С. Нұрмағамбетов, Пушкин, Бигельдинов көшелерi бойында 3 шақырымдық қоршау сырланып, ауыстырылды.

Нұрмағамбетов, Бигельдинов, Бектұров, Иманов көшелерiнiң атауын жазып, 250 дана белгi әзiрленiп, орнатылды.

Иманов, Бигельдинов, Пушкин, Нұрмағамбетов көшелерiнде жарық беру бағаналары сырланды. Баннерлердi жаңарту, ауыстыру жұмыстары үнемi жүргiзiлiп отырды.

Санитарлық тазалау, тұрғын үйлердiң жөндеуi, жылу беру кезеңiне дайындалу, ПМК құру, балалар ойын-сауық алаңдарын жөндеу мәселелерiне аса маңызды көңiл аударылып, көппәтерлi тұрғын үйлердiң тұрғындарымен 43 жиналыс өткiзiлдi.

Осы жылда қала әкiмiнiң аппаратына -567 азаматтан өтiнiш түсiп, қанағаттандырылды. ХҚК орталығы арқылы түсетiн өтiнiш бойынша -76 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.

С.Ж. Идрисов, Азат ауылының әкiмi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Әкiмдердiң халыққа есеп беру кездесулерiн өткiзу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығын iске асыру мақсатында, жыл сайын әкiмдердiң есеп беру кездесулерi өткiзiледi.

Азат ауылының аумағы 3393 га. Ауылшаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлер 32577 га. оның iшiнде 8485 га. егiстiк, 15488 га. жайылым. 2017 жылдың 1 қаңтарына ауылдың халық саны- 1163 адам, 341 аула бар.

Агрөнеркәсiп кешенi шағын және орта бизнес кәсiпкерлiктi қолдау

2017 жылдың 1 қаңтарына мәлiмет бойынша ауылда 1215 бас iрi қара мал, 2197 бас қой, 371 бас жылқы, 283 бас шошқа бар. Шаруа қожалықтарында 404 бас қара мал, 879 бас қой, 244 бас жылқы. «SC food» Жауапкершiлiгi Шектеулi Серiктестiгiнде 2300 бас ангус асыл тұқымды қара мал бар.

2016 жылы ветеринарлық алдын алу iс-шаралар жоспары бекiтiлген мерзiмде 100 пайызға орындалды. 2015 жылы аса қауiптi мал аурулары тiркелген жоқ. Жоспарға сәйкес малдарға ветеринарлық төлқұжат берiлiп, құлағына сырға салынып, компьютерлiк қорға енгiзiлiп жатыр.

Ауыл бойынша 27 шаруа қожалық және 3 Жауапкершiлiгi Шектеулi Серiктестiгi, 2 ауылшаруашылық кооператив, 25 жеке кәсiпкер тiркелген.

Әлеуметтiк қамсыздандыру

2016 жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 20 млн. теңгеден астам қаржы бөлiнiп 4 жоба iске асырылды. Бөлiнген қаржыға Азат орта мектебiнiң жылу жүйесiне күрделi жөндеу жүргiзiлiп, шатыр салынды, 2400 шаршы метрге асфальтты — бетондық жол жөнделдi, минифутбол, волейбол, баскетбол ойнайтын спорт алаңы салынды.

Ауыл аумағында зейнеткерлер саны 146 адам, мүгедек адамдар саны 30 адам, бала жасынан мүгедектер саны 1 адам, тыл еңбеккерлерiнiң саны — 9 адам, «Алтын алқа» иегерлерiнiң саны — 10 адам, «Күмiс алқа» иегерлерiнiң саны — 7 адам.

Жыл iшiнде 9 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. Балаларға арналған жәрдемақы 8 отбасына тағайындалып, жалпы сомасы 336 814 теңгенi құрады. Мүмкiндiгi шектеулi азаматтар толық қамқарлыққа алынған.

Денсаулық сақтау саласы

Ауылдық дәрiгерлiк амбулаторияда 4 медбике және дәрiгер жұмыс iстейдi. Ауруларды тасымалдауға арналған УАЗ автокөлiк бар. 2016 жылы 8620 адам дәрiгерлердiң қабылдауында болып, 106 адам күндiзгi стационарда емделiп шыққан. 2016 жылы ауыл бойынша cкринингтiк тексеруден 25 жас пен 70 жас аралығындағы 267 адам өттi, тексеру нәтижесiнде, 11 адам диспансерлiк есепке алынды. Профилактикалық медициналық тексерулерден 195 бала өттi. 2016 жылы флюрографиядан 658 адам өттi. Диспансерлi есепте тұрған адамдар күзде-көктемде емдерiн алып тұрады. Қазiргi уақытта 1 жасқа дейiн 15 бала есепте тұр, барлық вакцинацияларын жоспар бойынша уақытында алып тұрады. Бала мен ана өлiмiнiң қысқарту мақсатында жүктi әйелдер ерте мерзiмде есепке алынып, денсаулықтары қадағалануда.

Бiлiм беру саласы

Ауыл бойынша бiр жалпы бiлiм беретiн орта мектеп бар. Жаңа оқу жылында жалпы ауыл бойынша 169 оқушы. Мектеп алды даярлық тобында — 14 бала, шағын орталықта — 24 бала тәрбиеленуде. Қазiргi уақытта бiр мезгiл ыстық тамақпен 169 оқушы, оның iшiнде 30 оқушы тегiн қамтылып отыр.

Мәдениет саласы мен спорт 2016 жылы 10 желтоқсанда бiздiң ауылда тәуелсiздiктiң 25 жылдығына арналып қазақ күресiнен турнир өткiзiлдi. Бұл турнирге 62 балуан қатысты. Ауыл бойынша 1 кiтапхана жұмыс iстейдi. Жалпы кiтап қоры — 13189 дана, соның iшiнде 2016 жылы түскен 620 жаңа кiтаптар. Жыл бойына кiтапханада 600-дей оқырманға қызмет көрсетiлдi.

Елдi-мекендердi абаттандыру

«Жұмыспен қамту 2020 Жол картасы» мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру барысында Азат ауылында жұмыспен 12 адам қамтылды. Олардың күшiмен ауыл орталығы тәртiпке келтiрiлдi, ағаштар ақталды, көшелер арам шөптен тазартылды. Ауыл iшiндегi жолдың шұңқырлары құммен тегiстелдi 150 ағаш отырғызылды.

«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 1 млн. 217 мың теңге бөлiнiп, 337 метрге Ақкөл-Азат автотрассаның бойына қоршау тұрғызылды.

Телефон, «Казпошта» жүйесiнiң жұмысы Ауылда сыйымдылығы 270 абоненттiк цифрлы станциясы бар. Ауыл бойынша 260 жеке тұлға, 4 заңды тұлға телефон абоненттерi бар, ғаламтор қызметiмен 83 үй қамтылған.

«Казпошта» бөлiмшесi жұмыс iстейдi. 2016 жылы ауыл тұрғындары мен мекемелер республикалық 52, облыстық 46, жергiлiктi 60 баспасөз басылымдарына жазылды. Мұнда 146 зейнеткер мен 32 бюджеттiк салада жұмыс iстейтiн тұрғындарға түрлi қызмет көрсетiледi.

Қоғамдық тәртiп

Ауылда осы жыл iшiнде 8 қылмыс орын алған, оның 3 ашылмаған.

Қоғамдық ұйымдар

Азат ауылы әкiмiнiң аппараты ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесi, жастар ұйымымен бiрлесiп, ат салысуымен ауылдағы көше тазалығы, мал ауруы, жеке меншiк мал бағу т.б мәселердi шешуге ат салысты.

З.К. Шарипова,
Наумов селолық округiнiң әкiмi

Наумов селолық округiндегi 388 аулада 1204 адам тұрады.

Селолық округ әкiмдiгi халыққа сапалы мемлекеттiк қызмет көрсеттi.

2016 жылы жеке және заңды тұлғалардан жазбаша 9 өтiнiш түсiп, барлығы қанағаттандырылды. 43 нормативтiк — құқықтық кесiмдер қабылданды. 68 нотариалдық әрекеттер жасалынды. Бекiтiлген кес-теге сәйкес әскерге шақыратын комиссия құрылып, шақыру учаскесiне әскер жасына дейiнгi ер балалар тiркелдi. Селолық округ әкiмдiгi жеке тұлғалардан жер және мүлiк салықтарын 100 %жинады.

Наумов селолық округ әкiмi аппаратының қаржы көлемi 40 млн 614 мың теңге болды, ол толық көлемде орындалды.

Жергiлiктi бюджеттi қалыптастыру үшiн жаратылған қолма-қол ақшаның бақылау шотына есеп мерзiмiнде 2054,5 мың теңге түстi.

Өткен жылда демеушiлiк көмек 20,0 млн теңгенi құрады.

2016 жылы «Аймақты дамыту» бағдарламасы бойынша Наумов орта мектеп-бақшасының жылу жүйесi 1009,0 мың тенгеге ағымдағы жөндеуден өткiзiлдi, келесi жылда жылу жүйесiнiң жөндеуiн жалғастыру жоспарда бар. 2016 жылы төмендегi мәселелер шешiмiн тапты:

Наумов Мәдениет Үйiнiң шатыры жөнделдi;

Наумов дәрiгерлiк пунктi ағымдағы жөндеу өткiзiп жатыр;

Ауыл iшiндегi жолдар қиыршық таспен жабылды;

Өрнек селосында ҰОС-да құрбан болғандарға және бейбiт уақытта қайтыс болған ардагерлерге ескерткiш орнатылды.

Құрметтi ауылдастар! Барлықтарыңызды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Денсаулық, табыс, сәттiлiк пен бейбiтшiлiк тiлеймiз!

Ж.А. Салыбеков,
Урюпин селолық округiнiң әкiмi

Урюпин селолық округiне бес ауыл жатады. 2016 жылғы 1 шiлдедегi санаққа сәйкес 702 аула, (332 зейнеткерлер, 79 мүгедектер, 3 және 4-ауған Чернобыль қоса алғанда) адам -2114 адам. 2016 жылы селолық округ әкiмiнiң аппаратына 372 адам түрлi мәселермен жүгiндi, 307 мемлекеттiк қызмет көрсетiлiп, тұрғындардан 25 өтiнiш түсiп, оның 18 қанағаттаңдырылды.

Аумақта бiр Балалар үйi және бес мектеп олардың арасында: бiр орта, үш негiзге, бiр бастауш мектеп, төрт миницентр жұмыс iстейдi. Абаттандыру жұмыстары жүргiзiлiп, 270 көшет отырғызылды. 2016 жылы қоғамдық жұмыстарға 10 адам қабылданып, олар көгалдандырумен шұғылданды, қысқы уақытта қардан тазарту жұмыстарымен айналысуда. Ағымдағы жылы селолық округ бойынша екi отбасы балалар жәрдемақысың алды, олардың iшiнде алты бала, бiр отбасы "Өрлеу" бағдарламасымен қамтылған. Сонымен қатар көп балалы екi ана "Күмiс алқамен" марапатталды.

"Өңiрлердi дамыту" бағдарламасы бойынша 2 млн. 371 теңге бөлiнiп, провослав зираты қоршалды. Сондай-ақ , 27 млн. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебiнен бөлiнiп, оның 21 млн. теңгесi 6 шақырымдай ауыл iшiндегi орталық жолды жөндеуге жұмсалды. Көктемде кейбiр жерлерiн қайта жөндеуге арналған материал әкелiндi . Сондай-ақ көктемгi тасқынның алдын алу мақсатында Урюпинка — Ерофеевка жол учаскесiндегi плотинаны нығайту үшiн материал әкелiндi.

Д.С. Репина,
Кеңес селолық округi әкiмiнiң м.а.

Қенес селолық округiнде төрт елдi мекен бар. Барлығы округ бойынша 570 аула тiркелген, оның iшiнде Домбыралы ауылында — 279, Кеңес  — 176 , Кiшi Барап ауылында — 94, Красный Горняк ауылында  — 21 аула бар және барлығы 1955 тұрғын тұрады.

Округте — 6 ЖШС казiргi таңда қарқынды жұмыс жасап, дамуда, 27 жеке кәсiпкер бар оның 13 — i жұмыс iстейдi, 39 шаруа қожалығы бар оның 17 — i жұмыстарын жалғастыруда.

Казiргi таңда ЖШС « Үш Бұлақ — 2005» атты құс фабрикасы жұмыс iстеп тұр. Онда 70 адам жұмыспен қамтылған , оның 50 бiздiң ауылдың тұрғындары.

ШҚ басшыларының арқасында ағымдағы жылдың қыркүйек айында Домбыралы ауылынан Ақкөл — Минск автожолына дейiн 4 шақырым жолға құм себiлдi.Сондай — ақ Домбыралы аулынан « Үш Бұлақ — 2005» ЖШС — гiне дейiн 3 шақырым жолға да құм себiлдi.

Кiшi Барап ауылында 850 метр қоршау сырланып, 200 метр қоршау жөнделдi.

2016 жылы 13 адам ақылы коғамдық жұмыспен, Жастар тәжiрбиесi бойынша 1 адам жұмыспен қамтылды.

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы бойынша 1 952 000 тг. бөлiнген қаржыға осы жылдың қырқүйек айында Домбыралы ауылындағы бақша — мектебiнде жылу жүйесi ағымдық жөндеуден өттi.

«Мектепке жол» атты жыл сайынғы қайырымдылық акциясы өткiзiлiп, 1-шi сыныпқа баратын 6 — балаға және аз қамтылған отбасыларға 57 000 тг., материалдық көмек көрсетiлдi.

Қарттар қүнiмен мүмкiндiгi шектеулi жандарға шаруа қожалықтары мен жеке кәсiпкерлердiң қолдауымен 157 000 теңгеге қайырымдылық көмегi берiлдi…

С.Ш. Абаханов,
Еңбек ауылдық округi әкiмi

Еңбек ауылдық округiнде 3 елдi мекен бар. Тұрғындар саны -1029 адам. Еңбек ауылында — 818, Подлесное селосында — 53, Рамаданда 154 тұрғын. Аумақта 374 үй, халқы — көпұлтты.

Атқарылған жұмыс көлемi: 2016 жылы бюджеттi 21242.1 мың теңге құрап, толық игерiлдi. «Өңiрлiк даму» бағдарламасы аясында Еңбек ауылының Студенттер көшесi ағымдағы жөндеуден өттi, оған 7,370 мың теңге жұмсалды. Жергiлiктi бюджет есебiнен Еңбек ОМБ шатыры 917,7 мың теңгеге жөнделдi, сондай -ақ 2320,5 мың теңгеге ҰОС-да қаза тапқан жауынгерлер ескерткiшi абаттандырылды. Қар тазалау үшiн 300 мың теңге бөлiндi.

Аудандық бюджетке 347300 теңгенiң жер, 28099 теңгенiң мүлiк, 1346400 теңгенiң көлiк салығы түстi. Заңды тұлғалардан — 188024, жеке тұлғалардан 1346480 теңге көлiк салығы, барлығы округ бойынша 5109156 теңге түстi. Барлығы 114 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi. Әкiм аппаратына 63 жазбаша өтiнiш түсiп, жеке қабалдауда 6 азамат болды. Барлық өтiнiштер уақытында қанағаттандырылды.

Округ аумағында «Еңбек» ЖШС және 27 шаруа қожалықтары жұмыс iстеуде. Егiндiк алқабы 11342 га құрады, соның iшiнде бидай 10000 га, арпа 500 га және сұлы 50 га, ас бұршақ 92 га, зығыр 400 га, жүгерi 300. Орташа есеппен 13ц/га бидай өнiмi, 13ц/га арпа бастырылды.

Округтегi жеке қосалқы шаруашылықтарда 26,6 га жерге көкөнiс пен картоп салынды. Мал басы — 518, оның iшiнде 230 сиыр; қой және ешкi — 1044 бас; жылқы — 263 бас; шошқа — 181, құс — 5416 бас. Мал дәрiгерлiк қызмет көрсетiлiп отыр. Ауылдарда 4 сауда орындары бар, дәмхана мен сауда үйiнiң құрылыстары аяқталды.

«Жұмысбастылықтың жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша 4 адам несие алды, 2 адам жұмыспен қамтылды. Д.Сыздықов басқарған жылыжай жақсы өнiм берiп тұр, көкөнiстердi көтерме сауда бағасымен сатып жатыр; С.Дюсекенов және С. Нысанбаев — мал өсiрiп жатыр.

«Өңiрлiк даму — 2020» бағдарламасы аясында Жарлыкөл көлiнiң абаттандыру жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Барлық 3 ауыл ауызсумен қамтылған. Еңбек ауылында су барлық үйге берiлген. Рамадан және Подлесное тұрғындары суды үйлерiне өздерi тартып алды. Су жеткiзу желiсi Ақкөл «Горкомхозға» табысталды. Мекемелер жылумен қаматамасыз етiлген. Мектеп көмiрдi толық алды. Күзде 100 ағаш және бұталар отырғызылды. Ауыл тұрғындары күшiмен зират маңайы тазартылды.

Еңбек ауылында дәрiгерлiк пункт, дәрiхана тұрғындарға қызмет көрсетедi.

2016 жылы маусым айында азаматтар скриннингтiк, флюрографиялық тексеруден де өттi.

Бiлiм беру қызметiн Еңбек орта мектеп — бақшасы көрсетедi, онда 132 бала оқиды, бала-бақшада 30 бала тәрбиеленуде. Киров мектебiнде 27 оқушы. Еңбек ауылында 13 бала және 2 бала Рамадан селосында жаппай бiлiммен қамту қоры есебiнен тегiн тамақтанады. Буфет бар. Кiтапханадағы кiтап қоры 17000 дананы құрады. Балалар 100 % оқулықмен қамтылған.

Мектептер компьютерленген. 3 интерактивтi тақта бар. Мультимедиялық кабинет жұмыс iстейдi. Ғаламтор желiсiмен қамтылған. Тамыз айында «Мектепке жол» акциясы өттi, 8 оқушыға көмек көрсетiлiп, 30 000 теңгеге мектеп формасы алынды. Құрбан Айт кезiнде Астана қаласының демеушiлерi 8 отбасыға 80 000 теңгенiң көмегiн көрсеттi. Мүмкiндiгi шектеулi жандар үнемi бiздiң қамқорлығымзда. 2 отбасы мемлекеттiк жәрдемақы алады (6 бала). Мәдениет және спорт өз деңгейiнде дамуда, спортшыларымыз түрлi деңгейдегi жарыстарға қатысуда.

Округте учаскелiк инспектор- полиция майоры А.Қ.Қаиргожин қоғамдық тәртiп пен құқықтық қызмет көрсетедi. Учаскелiк бекет жиһазбен, компьютермен жасақталған, ғаламтор желiсi бар. Ұлттық телеарна серiктiк байланысы «OTAU TV»-дiң 120 нүктесi орнатылған. Телефон барлық үйде бар. МТС — 303 абонентке қызмет көрсетедi.

Ю.В. Зейб,
Қарасай ауылдық округi әкiмiнiң м.а.

Қарасай ауылдық округiнде үш елдi мекен бар, халық саны 1735 адам, оның iшiнде 206 — зейнеткер, 46 — мүгедек, 56 — көп балалы ана. Мемлекеттiк балаларға арналған жәрдемақы 481. 248 (төрт жүз сексен бiр мың екi жүз қырық сегiз) теңге, оны 18 бала алды.

Азаматтарды әлеуметтiк тұрғыдан қорғау мәселесi күн тәртiбiнен түскен емес. Халықтың экономикалық белсендi бөлiгi — 1042 адам, жұмыспен қамтылған 692 — адам.

Жұмыспен қамту орталығына ағымдағы 2016 жылы 16 жұмыссыз адам жүгiнiп, барлығы қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Ауылдық округтiң аумағында 315 оқушысы бар 3 орта мектеп бар.Осы жылы өз күшiмiзбен Минск орта мектебiнiң шатырын жөндедiк, жалпы аумағы 350 шаршы метр, мектептiң алдыңғы жағы жөнделдi. Минск орта мектебiнiң жылу жүйесi нашар жағдайда, оған күрделi жөндеу қажет.

Ауылдық округтiң барлық елдi мекендерiнде 58 балаға мектепке дейiнгi тәрбие беретiн балабақшалар бар.

Осы 2016 жылы «Өңiрлiк даму» бағдарламасының аясында 1750,0 мың теңге қарастырылып,Тәуелсiздiк көшесiнiң бойына қоршау орнатылды. 2017 жылы жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысында Қарасай ауылының iшiндегi жолды жөндеу жобаланып отыр. «Еңбекпен қамту — 2020» бағдарламасы бойынша 3 жоба жүзеге асырылып, ойын алаңының жабдықтары, тренажерлер орнатылды. Ауыл iшiндегi жолды жөндеу жұмыстарына 35 млн. теңгенiң сметалық құжаты дайын.

Бiздiң округтiң шешiмiн күтiп жатқан мәселелерi- жергiлiктi Қына — Қарасай аралығы, облыстық жолдың Колутон-Журавлевка-Ақкөл-Минск — Азат жолдары, Минск және Қына ауылдарына ауызсу құбырын тарту.

Г. Сәменова
Новорыбин селолық округi әкiмiнiң м.а.

Новорыбин селолық округiнiң аумағы 56 мың га. құрайды.

Округ бойынша 3 елдi мекен бар — Новорыбинка, Құрылыс, Қараөзек. Халық саны 1182 адам, құрамы көпұлтты. Экономикалық тұрғыдан белсендi халық — 650 адам, зейнеткерлер — 155 адам.

Әкiмдiк халыққа 164 мемелекеттiк қызмет көрсеттi, түрлi мәселелермен 12 адам жүгiнiп, 87 нотариалдық iс-әрекет жасалған

Ағымдағы 2016 жыл бойынша 6 жоба iске асырылды:

«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы аясында Новорыбин селололық спортзал кешенiн қалыпқа келтiру үшiн — 1 млн. 030 мың 871 теңге және резервтiң арнайы есеп шотынан 2млн. 150 мың теңге көлемiнде шатырдың ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалды. Барлық үш елдi мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етiлген

«Жұмысбастылықтың жол картасы -2020» жол картасы аясында Новорыбин орта мектеп-бақшасының шатырын ағымдағы жөндеуден өткiзуге — 5 258 990 теңге, стадионды абатандыру мен ағымдағы жұмыстарына 1млн. 120 мың теңге, хоккей кортын абатандыру мен жарық орнатуға 1млн.088 мың теңге бөлiндi.

Селоның iшкi жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Рамадан ауылына дейiнгi 12 шақырым жол тегiстелдi. Новорыбин және Қараөзек ауылдарында ескерткiштер ағымдағы жөндеуден өттi.

Халықты әлеуметтiк тұрғыдан қорғау iсi үнемi назарда.

«Новорыбинский и К» ЖШС — гi мүгедектер мен қарттарды қолдау айлығында 62 зейнеткер мен 24 мүгедекке 326 мың теңге көлемiнде көмек көрсеттi. «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы отбасыларға 30 мың теңге көлемiнде көмек бердi. 8 — наурыз әйелдер күнiне орай 24 көп балалы отбасыға 96 мың теңгенiң көмегi берiлдi. «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының шеңберiнде ауыл щаруашылығын дамыту мақсатында 5 адам несие алды. Қоғамдық жұмыстарға 14 адам орналасты, олардың бiреуi 2 -шi топтағы мүгедек жан. ҚР Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай, әлеуметтiк жағынан осал тұрғындарға азық — түлiк түрiнде (50 мың теңге) көмек көрсетiлдi

Құрылыс, Қараөзек ауылдарындағы мектептер оқу кезеңiне, жылыту маусымына уақытында дайындалды. Оқушылар ыстық тамақпен қамтамасыз етiлген, бастауыш сынып оқушылары мен көпбалалы отбасылардың балалары тегiн тамақтанады. А. Құсаинов атындағы мектепте мұражай ашылды.

Ветеринарлық жағдай қалыпты, жоспарлы профилактикалық iс-шаралар жүргiзiлiп тұрады. Сондай-ак жануарларды бiрегейлендiру жүргiзiлiп, округ аумағына әкелiнетiн мал бақылауға алынған.

Аумақтағы қоғамдық тәртiп пен адам құқығының сақталуына көп көңiл бөлiнедi. 2016 жылы әкiмшiлiк құқықбұзу дерегi бойынша 97 хаттама толтырылған, 6 қылмыс жасалып, бәрi де ашылған.

Новорыбин селосында 292 аула бар, олардын iшiнде 216 үй телефон желiсiмен қамтамасыз етiлген. Құрылыс ауылында 28 үй бар, барлық үйде телефон бар. Қараөзек ауылында 38 үйдiң 24 -де телефон байланысы бар. Новорыбин селосында Билайн, Актив және Теле -2 ұялы байланыс желiлерi жұмыс iстейдi. Округтiң 115 үйiнде «OTAU TV» орнатылған.

Абатандыру жұмыстары жүргiзiлiп, саябақтағы 9800 шаршы метр жер тазаланды, 800 тоннадан астам қоқыс шығарылды. 500 метр иесiз шарбақ әктелдi. Рұқсат етiлмеген 1 қоқыс тастайтын жер жойылды, 120 жазбаша хабарлама берiлдi. 255 ағаш және 55 бұта көшеттерi отырғызылды.

Мұсылмандар зиратында үйшiктiң құрылысы аяқталды

Қ. Хасенов,
Жалғызқарағай ауылдық округiнiң әкiмi

Жалғызқарағай ауылдық округiнiң аймағында: 1 ЖШС және 10 ШҚ, жалпы ауылдық округтегi және жекенi қосқандағы егiс алқабы -3140 га құрайды, дәндi-дақылдардың құрамы — 4500 тонна.

Округте жылқы өсiру соңғы 2 жылмен салыстырғанда 46% өскен, қазiргi кезде 853 бас жылқы бар. Жеке үйлерде де мал басы өсу үстiнде.

2016 жылы «OTAU TV» ұлттық серiктестiк байланысына 61 абонент қосылды.

«Жалғызқарағай -Ақкөл» адам тасымалдау көлiгi жүредi. Жыл сайынғы жеке тұлғалардан алынатын жер және мүлiк салықтары 100% орындалды. Ауылды көгалдандыру жұмыстары жүргiзiлiп, 50 көшет отырғызылды. Күл-қоқысқа арналған орын бар, арнайы белгi қойылған. 161 тұрғынға тазалық сақтау жөнiнде жаднама тапсырылып, ал 4 тұрғынға ескерту берiлдi.

Кәсiпкерлiктi жан-жақты қолдау жұмысының нәтижесiнде 3 адам саудамен айналысады, 1 такси жүргiзушiсi.

Аумақ жұрты флюрографиялық тексерiстен 100 пайыз өттi. Ауыл округтiк дәрiгерлiк пунктiнде жедел жәрдем көрсететiн 2004-жылы берiлген УАЗ машинасы бар.

Ауылдық округ әкiмiнiң аппаратында 3 қызметкер iстейдi. Олар уақытымен кәсiби шеберлiктерiн дамыту курстарынан, аттестациядан өтiп отырады.

Ағымдағы жылы әкiм аппаратының бюджетi 9860 000 (тоғыз миллион сегiз жүз алпыс мың) теңгенi құраса, қосымша жергiлiктi бюджеттен 400 мың теңге қыс уақытында ауылдық жолдарды тазалауға, 142 мың теңге Тастыадыр, Жалғызқарағай ауылдарында ауызсу алатын суқұйғыштарды зарасыздандыруға және судың сапасын тексеруге бөлiндi. 485 000 теңге Жалғызқарағайдағы Орталық көшесiнiң қоршауын жөндеуге бөлiндi.

Жыл көлемiнде жеке қабылдау барысында 39 шағым-ұсыныс, 32 жеке тұлға мен 1 заңды тұлғаның жазбаша өтiнiшi түсiп, әр мәселе өз шешiмiн тапты.

Округтегi құқықтық тәртiпке жауапты учаскелiк полиция лейтенанты А.Ж. Мұхатаев жұмыс iстейдi. Жалғызқарағай ауылдық кiтапханасы жұмыс iстеп, оқушылардың да, тұрғындардың да қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыр. Өкiнiшке орай, шешiмiн таппай жатқан мәселелер баршылық, сапалы ауызсуға қол жеткiзсек деген арман да жоқ емес.

Мақаланың шыққан күні: 16.12.2017 21:33
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.12.2017 15:18
Қаралым саны: 752

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz