A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Аудан әкімі Т.Қ. Едігеновтің «Ауданның 2015 жылғы 11 айдағы экономикалық-әлеуметтік дамуының қорытындылары және 2016 жылға міндеттер туралы» тұрғындар алдындағы есебі

Құрметтi ақкөлдiктер!

Тұрғындар алдындағы барлық деңгейдегi әкiмдер есептерi — бұл билiктiң тармақтарының, азаматтық қоғамның өзара әрекет мектебi, сонымен қатар атқарылған iстерге баға беру және алға қойған мақсаттарға жету жолын анықтау мүмкiндiгi.

Өткен жылдың ең маңызды оқиғасы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 25-жылдығы қарсаңында «ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ЖАҺАНДЫҚ НАҚТЫ АХУАЛДА: ӨСIМ, РЕФОРМАЛАР, ДАМУ» атты Қазақстан халқына жолдауы болып табылады.

Ауданымыздың қарқынды дамуы өңiрде Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларды шешуге қажеттi негiз қаланғанын көрсетедi.

Негiзгi экономикалық көрсеткiштер өсiмiнiң сақталуы аудан бюджетiне салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң тұрақты түсiмiн қамтамасыз еттi.

Салық және бюджет

2014 жылғы 11 айда бюджетке 1375 миллион теңге салық және басқа да мiндеттi төлемдер түстi, бұл 1260 млн. тенге болған болжамға шаққанда 109%. Республикалық бюджетке жоспарланған 300 млн. теңгенiң орнына 365 млн. теңге, бұл болжамға шаққанда 122%, облыстық бюджетке жоспарланған 295 млн. теңгенiң орнына 343 млн. теңге, болжамға шаққанда 117%, аудандық бюджетке жоспарланған 665 млн. теңгенiң орнына 666 млн. теңге, болжамға шаққанда 100,1% түстi.

Жыл сайын аудандық бюджет түсiмдерi өсiп отырады, 2012 жылы 439 млн. теңгенi құраған болса, 2013 жылы 510 млн. теңге, 2014 жылы 697 млн. теңге, ал, 2015 жылғы түсiмдер жоспары 737 млн. теңгенi құрап отыр. Бұған салықтық басқарудың, коммуналдық меншiктi, жердi аукцион өткiзу арқылы сатудың арқасында қол жеттi. Өз кезегiнде бұл жағдай шұғыл шешiлуi тиiс мәселелерге ақшалай қаражат бөлуге мүмкiндiк бердi

Жоспарланған қаржының 99 пайыздан астамы немесе 2,2 млрд. теңге игерiлдi. Орташа айлық еңбекақы 73210 теңгенi құрады, өсу қарқыны 118%.

Негiзгi капиталға инвестициялар

Аудан экономикасының дамуына әсер ететiн бiрден бiр көрсеткiш, негiзгi капиталға инвестиция салу болып табылады, ол 2014 жылғы деңгейден 1,2 есеге өсiп, 502 млрд теңгенi құрады.

Бiздiң ауданның инвестициялық тартымдылығы 65 пайызға өсiп, 3,3 млрд теңгенi құраған жеке инвестициялар өсiмiмен дәлелденедi.

Құрылыс

Құрылыс жұмыстарының көлемi 5,2 млрд. теңгенi құрады, 5294 шаршы метр жеке тұрғын үй енгiзiлдi, 2014 жылғы деңгейге қарағанда 102,7%.

«Ақкөл ауданы Минск селосында скважиналық тартқыш пен сумен қамту желiлерiн қайта құру» жобалық-сметалық құжаттары жасалды, «Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылында су құбырлары желiлерiн қайта құру» жобалық-сметалық құжаттары жасалып жатыр, Ақкөл қаласында «Восточный дүкенiнде қазандық пен жылу желiлерiн қайта құру» жобалық-сметалық құжаттары жасалуда.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Салынған екi 45-пәтерлi үйге қоса, 2017 жылға тағы екi 45-пәтерi үйдiң құрылысы жоспарланған, оларды ЖСҚ ағымдағы жылы аудандық бюджеттен 4,2 млн. теңге бөлiнген.

2017 жылға жас мамандарды отбасыларына арналған 18-пәтерлi тұрғын үй құрылысына да жобалық-сметалық құжаттар бар.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығында ауданның әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiн едәуiр жақсарту қорлары бар деп есептеймiн.

Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы көлемi 9,2 млрд теңгенi құрады, өсiм 17,6%. Өнiмнiң Жеке көлем индексi — 116,3%.

Ет өндiру 1,8%-ға, сүт өндiру 2,1%-ға және жұмыртқа өндiру құс фабрикасы «Үш бұлақ» ЖШС енгiзудiң арқасында 8,8 есе ұлғайды. Жыл басынан берi кәсiпорын 518,9 млн. теңге сомасына 52,2 млн. жұмыртқа өндiрдi.

Ауылшаруашылығының жануарларының барлық түрлерiнiң саны өстi.

Ағымдағы жылы 103,7 мың га жерден дәндi және дәндi-бұршақты дақылдар, 9,3 мың га жерден майлы дақылдар жиналды. Көкөнiстер мен картоп ауданы 1789 га болды.

Жалпы жиналған дән мөлшерi 113,8 мың тоннаны құрады, орташа астық өнiмдiлiгi — 11,0 ц/га. Майлы дақылдардың орташа өнiмдiлiгi 4,0 ц/га құрады. 18 мың тонна картоп жиналды, орташа өнiмдiлiгi 125,0 ц/га. 3,3 мың тонна көкөнiс жиналып, өнiмдiлiгi 115,0 ц/га болды. 2016 жылғы егiстiкке 18,0 мың тонна тұқым құйылды (100%).

77,7 мың тонна iрi жемшөп — бiржарым жылдық қор, 8,6 мың тонна балауса жемшөп, 7,6 мың тонна сүрленген шөп және 36 мың тонна сабан дайындау бойынша жұмыстар жасалды.

Ауданның тауар өндiрушiлерiне көктемгi-далалық және жинау жұмыстарын несиелеу мемлекеттiк бағдарламасы елеулi көмек көрсеттi, бағдарлама бойынша ауданға 139 млн. теңге бөлiндi, оған аудандағы 23 ауылшаруашылығы тауарын өндiрушi қатысты, оның iшiнде 4 ЖШС, 19 шаруа қожалықтары бар.

Ауданның ауылшаруашылығы тауарын өндiрушiлерi қаражатты бекiтiлген мерзiмде толық қайтарды. Соның iшiнде 1638 тонна III сұрыпты дәнмен қайтарылды.

Аграрлық өнiм өндiрушiлердi өолдау мақсатында, шаруашылықтардың ЖЖМ, тауарлық-материалдық құндылықтар, шөпжойғылар мен тұқымды элиталар мемлекет тарапынан субсидияланды. Аудан шаруалары субсидия түрiнде егiншiлiк шаруашылығы саласын дамытуға 236,8 млн. теңге алды.

Өнеркәсiп

Есептi кезеңнiң 11 айында 3,3 млрд. теңгенiң тауарлық өнiмi өндiрiлдi.

Аудан дамуының басты бағыттарының бiрi — Үдемелi индустриалдық-инновациялық даму Бағдарламасын жүзеге асыру.

Бүгiнде Ақмола облысының Индустрияландыру картасына Ақкөл ауданынан 4 жоба кiредi және бiр жобаны жүзеге асырылу жоспарланған едi: «Eco Product» ЖШС-нiң голланд технологиясы бойынша көкөнiс өсiруге арналған жылыжай кешенi, жоба құны 2,2 млрд. теңге.

Ағымдағы жылы 1 сәуiрде «Eco Product» ЖШС-нiң жылыжай кешенi жобасы 2015-2019 жылдарға арналған ҮИИД Бағдарламасының екiншi бесжылдығының басты бағыттарына сәйкес келметiндiгiне байланысты Индустрияландыру картасынан алып тасталды.

Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейiн «Каз Лес» ЖШС мен «Үш бұлақ» ЖШС сәйкесiнше 395 және 519 млн. теңгеге тауар өнiмiн өндiрдi.

Еңбек ауылындағы майлы дақылдардың тұқымын кептiру, тазалау және сақтауға арналған кептiру кешенi 100% жүктелген.

Азат ауылында 2400 бас iрi қара аналығын өсiретiн «SC FOOD» ЖШС-нiң мал тұқымын асылдандыру шаруашылығы жұмыс iстейдi. Онда 2275 бас iрi қара мал, төлдейтiн 1357 бас мал бар.

Индустрияландыру картасына кiрген инвестициялық жобалардан бөлек 2016 жылы келесi жобалар енгiзiлетiн болады: « EL GRANO» ЖШС элеваторы, екiншi кезекте «Пегас» ЖШС элеваторы, «Eco Product» ЖШС жылыжай кешенi, 2018 жылға дейiн келесi жобалар жүзеге асырылады: Домбыралы ауылында «Кенебай» шаруа қожалығының ешкi сүтiн өндiру және өңдеу цехы, қуаты айына 6 тонна, жоба құны 80 млн. теңге; «Музафаров» ЖК Ақмола облысы шикiзат ресурстарынан ауылшаруашылығы жануарлары үшiн түйiршiктелген жем өндiру цехы, қуаты жылына 2,4 мың тонна, жоба құны 18 млн. теңге; Кеңес селоасында «Агро инвест-2020» ЖШС голштино-фриз тұқымының 500 бас сиыры бар сүт-тауарлы фермасын ашу, жоба құны 816 млн. теңге, Ақкөл қаласында «ТП-1» ЖШС шұжық өнiмдерiн өндiру цехы, қуаты күнiне 1 тонна, жоба құны 50 млн. теңге.

Қаланы әлеуметтiк-экономикалық дамыту мақсатында, Астана қаласының экономикалық даму және әлеуметтiк зерттеулер институты 2016-2020 жылдарға арналған Ақкөл қаласын дамытудың Кешендi жоспарын жасап шығарды, бұл мақсатқа аудан бюджетiнен 2,5 млн. теңге бөлiндi.

Кәсiпкерлiк сектор дамуының, тек қана, экономикалық емес, әлеуметтiк маңызы да бар. Дәл осы шағын және орта бизнес нарықты тауарлар және қызметтермен толықтырып, бәсекелестiк ортаны қалыптастырады, барлық деңгейдегi бюджеттерге салықтық түсiмердi көбейтедi.

Бұл сала халықтық өзiн-өзi жұмыспен қамтуына кең мүмкiндiктер ашады.

Ауданда 1717 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi, соның iшiнде 177 шағын кәсiпорындар, 1352 жеке кәсiпкерлер мен 188 шаруа қожалықтары тiркелген. Тiркелгендердiң 1162 субъектiсi немесе 68% жұмыс iстеп жатыр.

Шағын кәсiпкерлiк саласында iстейтiндер саны 6%-ға артып, 5,9 мың адамды құрады. Олар 3,3 млрд. теңгеге тауар өндiрiп, қызмет көрсеткен, олардан 665 млн. теңге бюджетке төлем түстi, өсiм 16%.

Бөлшектi тауар айналымының көлемi 4 млрд. теңгенi құрап отыр. Бөлшектi тауар айналымының ЖКИ — 100,3%.

Бизнестiң жол картасы-2020

Аудан экономикасы дамуының басты бағыттарының бiрi — шағын және орта бизнестi қолдау, оның тиiмдi құралы «Бизнестiң жол картасы-2020» болып табылады.

Ақкөл ауданы бойынаш бұл бағдарламаның бiрiншi және төртiншi бағыттары қолданылады.

Ағымдағы жылы бiрiншi бағыт — жаңа бизнес бастамаларды қолдау бойынша: 17 ақпанда Аудандық Үйлестiру Кеңесi «Тепличный комплекс ЕсоРroduct» ЖШС жылыжай кешенiне элертр өткiзу желiлерi мен электрлiк аралық станция жүргiзу тапсырысын мақұлдады.

Субсидиялау бойынша 3 жоба қаржыландырылды:

ЖК Садырбаев жылқы шаруашылығын дамытуға, ЖК Егорова «Сауда үйi мен қонақ үй кешенiнiң құрылысы», ЖК Матвеев «Коммерциялық жылжымайтын мүлiктi жөндеуден өткiзу, жабдықтар сатып алу». Жалпы, 85 млн. теңге сомасына несиелiк өтiнiмдер қаржыландырылған.

Үйлестiру Кеңесiнiң отырысында ЖК Ақсакаловтың 45 млн. теңге сомалық жобасы мақұлданды.

Төртiншi бағыт — кәсiпкерлiк әлеуетiн күшейту бойынша: кәсiпкерлер форумы, семинар-тренинг, бастауыш және жұмыс iстеп жүрген кәсiпкерлердi оқыту және қолдау мәселелерi бойынша мәжiлiстер өттi, БЖК 2020 соңғы өзгерiстерiн түсiндiру жүргiзiлдi.

Ауданның бастауыш және жұмыс iстеп жүрген кәсiпкерлерiне консультациялық, сервистiк және өзге де қызметтер көрсететiн, «Даму» даму қоры» АҚ жанындағы Кәсiпкерлiктi қолдау орталығы жұмыс iстейдi.

Инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Жергiлiктi атқаруашы органдарға жүктелген негiзгi тапсырмаларды бiрi, тұрғындардың өмiр сүру деңгейiн көтеруге бағытталған шараларды iске асыру болып табылады.

Бұл сапалы сумен және жылумен қамту, автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту, әлеуметтiк сала объектiлерiн дамыту.

Жылумен қамту. Ауданды жылумен қамту әртүрлi мүлiк түрлерiне жататын 38 қазандықпен жүзеге асырылады, соның iшiнде 21 қазандық аудандық бiлiм бөлiмiне, 4 қазандық облыстық бiлiм басқармасына, 1 мәдениет басқармасына қарайды, 10 қазандық коммуналдық мүлiк және 2 қазандық жеке мүлiк болып табылады.

Жылумен қамту бойынша 3 кәсiпорын қызмет көрсетедi: «Акколь Горкомхоз» ШЖҚ МКК (9 қазандық), «Жалын»-2005» ЖШС (2 қазандық) және «Бекiшев» ЖК (1 қазандық).

Бiр орталықтан жылытуға 60 көппәтерлi және 190 жеке үй қосылған.

2015 жылдың 25 қыркүйегiнен бастап бюджеттiк саланың жылумен қамту қазандықтары iске қосылды, 29 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге жылу берiлдi. Аудандық бюджет қаражаты есебiнен ауданның коммуналдық меншiгiне жататын қазандықтардың 10 қазаны жөнделiп, оған 5 млн.теңге бөлiнде, алдын ала 2 маусым алдын 17 қазан ауыстырылып, Наумов селосында жылу желiлерi бар қазандық құрылысы бойынша мәселе шешiлдi.

2015 жылы коммуналдық қазандықтарға 2,5 мың тонна көмiр сатып алу үшiн 10,0 млн. теңге бөлiндi.

Ауданның барлық қазандықтары белгiленген тәртiп бойынша жұмыс iстейдi.

Жоспар бойынша, 2015 жылы жылумен қамтып отырған кәсiпорынның тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн «Акколь Горкомхоз» ШЖҚ ММК техникамен жабдықтау жұмысы жалғасын тапты, 18,1 млн. теңге бөлiнiп, тiркеуiшi бар «КамАз» автокөлiгi, экскаваторлық жабдығы бар «Беларусь» тракторы сатып алынды. Одан алдын аудан қаражаты есебiнен қоқыс тасушы, вакуумдық машина, алдымен жүк тиегiш машина, щеткасы мен коммуналдық және дискiлi орағы бар МТЗ-82 тракторы алынған. Жалпы 10 дана арнайы техника мен жабдық сатып алынған. Бұл бағытта жұмыс жалғаса бермек.

Сумен қамту. 2014 жылы «Ақ бұлақ» Бағдарламасы шеңберiнде Ақкөл қаласында су құбырлары желiсiн қайта құру аяқталды (3 кезек).

Аудан қаражаты есебiнен Мало Александров селосында суайдауыш мұнара ағымдық жөндеуден өттi, Қараөзек селосы мен Тастыадыр ауылында жаңа суайдауыш мұнаралар орнатылды.

Сумен қамту желiлерiнiң үзiлiссiз жұмыс iстеуi үшiн аудандық бюджеттен 3,7 млн. теңге бөлiндi.

Халық денсаулығын сақтау мақсатында тұрақты түрде бактериологиялық зерттеулер мен суды хлорлауға ақша қаражаттары бөлiнiп отырады.

Ауданның 29 елдi мекенiнiң 22-сiнде сумен қасту мәселесi шешiлген, бұл 76% құрайды.

Су өткiзу. Табиғатты қорғау шараларын iске асыру шеңберiнде қаланың үш көшесiнде кәрiз желiлерi ауыстырылды, оған 106 млн теңге жұмсалды.

Жолдар. Ауданда жолдардың жағдайын жақсартуға көп көңiл бөлiнуде, бұл мақсатқа жыл сайын қаражат бөлiнiп отырады. Бұдан алдын Уәлиханов, Бейбiтшiлiк, Октябрьский, Привокзальная, Бигелдинов көшелерiнiң жолдары мен жаяу жүргiншiлер жолдары жөнделген болса, 2015 жылы Қазақ хандығы құрылғанының 550-жылдығына орай, Ақкөл қаласында Абылай хан көшесiндегi жол жөндеуден өткiзiлдi, оған 50 млн. теңге бөлiндi.

Қала көшелерiнiң жолдарында бiрнеше рет жол белгiлерiн салу бойынша жұмыстар жасалды (боялған белгiлердiң жалпы ұзындығы 18,5 км, одан бөлек, тұрақты түрде Нұрмағамбетов, Пушкин және Бигелдинов көшелерiндегi 15 жауя жүргiншiлер өткелдерi боялып тұрады). Қаланың Пушкин, Кирдищев, Привокзальная, Желтоқсан және Горький көшелерiнде шұңқырларды жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 5 млн. теңге жұмсалды.

Жалпы ұзындығы 25 км 18 көше мен тұйық көшеде жол төсеу және тегiстеу бойынша ауқымды жұмыстар жасалды (Исақов, Ленинский тұйық көшесi, Сенная, Первомайская, Сейфуллин, Гостиничный тұйық көшесi, Восточная, Луганская, Панфилов, Майкутов, Пушкин, Октябрьская, Северная, Горная, Бигелдинов, Чехов, Горький, Береговая).

Аудандық маңызы бар «Қайнар-Жалғызқарағай-Тастыадыр» жолы төселды, ұзындығы 5 км, 20 км жол тегiстелдi. Ерназар-Наумов. Ақкөл-Новорыбин жолдарын қиыршықты-ұсақтаспен жабу бойынша жөндеу жұмысы жасалды.

Жолаушылар тасымалына да көңiл бөлiнуде: биыл «Наумов-Ақкөл-Астана» жаңа бағыты ашылды, қалаiшiлiк тасымалдау бойынша автбус билеттарiнiң құнын қымбаттатпау үшiн аудандық бюджеттен қоғамдық тасымалдауларды субсидиялауға 5 млн. теңге бөлiндi.

2015 жылы алғаш рет аудандық бюджеттен селолық округтерде қыста жолды күтуге 2 млн. теңге көлемiнде қаражат бөлiндi.

Мемлекеттiк мекемелердiң автокөлiк паркiн жаңарту бойынша жұмыстар жасалуда. Урюпин және Наумов селолық окргтерiнiң әкiмдiктерiне жаңа автомобильдер сатып алынды.

Көрiктендiру

Ағымдағы жылы көрiктендiру бойынша жоспарлы жұмыстар өз жалғасын тапты. Қала тұрғындарының қалауы бойынша КСМК, темiржол вокзалы, стадион, орталық алаң аумақтарында 4 спорттық-жаттығу алаңдары орнатылды.

Бұдан алдын қалада орнатылған көпфункциялы балалар ойын алаңы, 2 жаттығу алаңы, көпфункциялы спорт алаңы мен 15 аула алаңдарынан бөлек, көпқабатты үйлердiң алаңдарында тағы 10 ойын алаңы орнатылды. Нұрмағамбетов көшесi бойында, стадионда, бассейн жанында, КСМК аумағында 4 көпфункциялы балалар ойын кешендерi орнатылды.

Бұл мақсаттарға аудандық бюджеттен 2015 жылы 15,3 млн. теңге бөлiнген. Көрiктендiру iс-шаралары шеңберiнде Нұрмағамбетов, Пушкин, Кирдищев, Булавский, Иманов, Исақов, Бигелдинов көшелерi бойында және балалар үйiнiң аумағында қоршауларды ауыстыру және сырлау жасалды.

Ағаш пен көшет отырғызу, гүлзарлар орнату, ағаштарды сирету, шөп шабу, суару жұмыстары жасалды. Бұл жұмыстарға аудандық бюджеттен 7,7 млн.теңге бөлiндi.

Қаланың сәулет көрiнiсiн бұзiп тұрған үйлер өте аз қалды. Бигелдинов көшесi бойында 3 көпқабатты тұрғын үйдiң қасбетi сырланды. Иманов, Булавский көшелерiнде 7 көпқабатты тұрғын үйдiң қасбеттерi жөндеуден өткiзiлдi. Жалпы, 3,9 млн. теңге жұмсалды.

Аудан әкiмдiгi ғимаратында қасбетi жөнделiп, терезелер ауыстырылды. Маслихат пен Оқу өндiрiстiк комбинатының ғимараттарына ағымдық жөндеу жүргiзiлдi.

Пушкин көшесi бойындағы жартылай бұзылып тұрған №148 үй жөнделдi.

Ақкөл қаласында жаңа тақырыптық баннерлiк және жарықдиодты панельдер орнатылды.

«Өңiрлердi дамыту» бағдарламасы шеңберiнде 8 селолық елдi мекендерде көрiктендiру жұмыстарын жүргiзуге 11,6 млн. теңге бөлiндi.

Әлеуметтiк қорғау

Әлеуметтiк қорғау саласы қызметiнiң негiзгi бағыты халықтың өнiмдi жұмысбастылығын қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу болды. 2015 жылы 563 жаңа жұмыс орны ашылды. Өтiнiш бiлдiрген 492 азаматтың 443-i тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Барлық түрдегi жәрдемақылар өз уақытында төленiп тұрады.

Бiрнеше жылдан берi ауданда кiрiстерi кедейлiк шегiнен аспайтын азаматтар жоқ.

«Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» Бағдарламасын орындау бойынша мақсатты жұмыс атқарылып келедi.

Аталмыш бағдарламаның бiрiншi бағыты шеңберiнде Ақкөл аудандық Мәдениет үйiнiң ғимараты күрделу жөндеуден өттi. Онда Бағдарламаның 15 қатысушысы жұмыспен қамтылды.

Үшiншi бағыт шеңберiнде 4 адам оқытылып, 45 қатысушы әлеуметтiк жұмыс орындарына, 18 қатысушы жастар практикасына жолданды.

2015 жылы 21 мүмкiндiгi шектеулi жан жұмысқа орналастырылды.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласының негiзгi мiндетi бастауыш медициналық-санитарлық көмек көрсету, аурулардың алдын алу, салауатты өмiр салтын насихаттау.

Орталық аудандық аурухана жанында жақын орналасқан аудандардан (Шортанды, Бұланды) келген науқастарға қызмет көрсететiн 10 орындық ауданаралық травмотолгоиялық бөлiм ашылған. Бөлiм заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған, лизингке 9,0 млн. теңге сомасына жылжымалы палаталық рентгенологиялық аппарат сатып алынған.

Есептiк кезеңде онкопатология ауруы мен қан айналым жүйесiнiң ауруы көрсеткiштерi төмендедi.

Қан айналым жүйесiнiң ауруынан өлгендер саны азайды (41-ден 38-ге), жаңадан пайда болғандардан ( 25-тен 24-ке), жарақаттардан (52-ден 36-ға).

Ағымдағы жылдың 11 айында 332 адам туылып, 281 адам дүниеден өттi. Туу көрсеткiшi 1000 адамға шаққанда 13,4-тен 12,6-ға дейiн азайды, өлiм көрсеткiшi 10,9-дан 10,6-ға төмендедi.

Алғаш рет аудандық бюджет есебiнен 1 болашақ маман медициналық жоғарғы оқу орнында оқып жатыр, 1 болашақ маман мемлекеттiк-жеке әрiптестiк еңберiнде оқиды. 2014 жылдан берi Ақкөл қаласында 250 келушiге арналған емхана құрылысы жүрiп жатыр, оны iске қосу 2016 жылға жоспарланған.

Бiлiм беру

Бiлiм берудi дамытудың басты бағытары: мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары желiсiн кеiейту және мектептердiң материалдық-техникалық базасын нығайту, бiлiм сапасын арттыру. Жасалған шаралар бiлiм саласының сапалық көрсеткiштерiне әсер еттi. 151 оқушының 105-i немесе 69,5% ҰБТ-ге қатысты. Аудан бойынша орташа балл (бес пән бойынша) 80,22, бұл 2014 жылғы нәтижелерден 1,11 баллға, облыстық орташа көрсеткiштен 2 баллға жоғары. Аудандар арасында бұл көрсеткiш бойынша Ақкөл ауданы 4 орында. «Алтын белгi» жалпы орта бiлiм аттестатын 3 оқушы растады, 4 оқушы «Үздiк аттестат» алды.

Мектепке дейiнгi тәрбие беру мекемелерiнiң 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балаларды қамтуы 60,7%, 3 жастан 6 жасқа дейiн 90,5%. Қазiргi уақытта мектепке дейiнгi мекемелерге 1122 бала барады. Мектепке дейiнгi ұйымдарға орын алу кезегiнде 565 бала тұр, соның iшiнде: 485 бала қаладан 0 мен 3 жас аралығында, селолардан 80 бала.

2015 жылдың қараша айында 140 орындық жаңа «Арайлым» балабақшасы ашылды, ал, желтоқсан айынан бастап балалар үйiнiң корпусында мектепке деiнгi бiлiм беру ұйымы ретiнде қайта құрылған 140 орындық «Ақбота» балабақшасы жұмыс iстей бастады. Оған аудандық бюджеттен 8 млн. теңге бөлiндi. Екi балабақшаның iске қосылуы мектепке дейiнгi мекемелерге деген кезектi едәуiр азайтуға мүмкiндiк бердi.

«Антитеррор» бағдарламасы шеңберiнде қаланың 4 мектебiне бейнебақылау орнатылды, аудандық бюджеттен 1,6 млн. теңге бөлiндi. Балалардың демалысы сапасын жақсарту мақсатында «Юность» балалар сауықтыру лагерiнде 1,0 млн. теңгеге жөндеу жасалды. № 3 Ақкөл қазақ орта мектебiнiң төбе жабындысы жөнделдi.

Мәдениет және спорт

Ауданда мәдениет пен қоғамның рухани дамуын арттыру бойынша мақсатты жұмыстар атқарылуда. Орталық және вокзал жанындағы алаңдар жөнделдi, Новорыбин СМҮ күрделi жөндеуден өттi, 2015 жылы аудандық Мәдениет үйiне де күрделi жөндеу дүргiзiлдi, бұл мақсатқа 35,4 млн. теңге бөлiндi, аудандық бюджеттiң ортақ қаржыландыруы 1,4 млн. теңге болды, қасбеттi жөндеуге 1 млн. теңге. Еңбек ауылында мәдени-спорттық кешеннiң шатырын салуға аудандық бюджеттен 4,5 млн. теңге бөлiндi.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 70-жылдығына орай Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза болған жауынгерлерге арналған Ескерткiш жөнделдi, оған 5,5 млн. теңге бөлiндi. Демеушiлер де қарап қалған жоқ, олардың көмегiмен Қына мен Қараөзек селоларында қаза болған жауынгерлерге Ескерткiштер ашылды.

2014 жылы ауған соғысында қайтыс болған жауынгерлердiң құрметiне, жастарды патриоттық тәрбиелеу мақсатында, қалада мемориал орнатылды.

2015 жылы аудандық бюджеттен Новорыбин халықтық хорына костюмдер сатып алуға және аудандық Мәдениет үйiне музыкалық аппаратура салып алуға 1,3 млн. теңге бөлiндi.

Ағымдағы жылы алты селолық кiтапхана ғаламтор желiсiне қосылды, оған 0,8 млн. теңге жұмсалды, кiтапханаларды жөндеуге 0,5 млн. теңге бөлiндi, барлық кiтапханаларға телефон орнатылған, компьютерлермен қамтылған.

Дене тәрбиесi мен спортты дамытуға үлкен көңiл аударылады, мұндағы басты мақсаттар салауатты өмiр салтын насихаттау, қоғамдық спорт түрлерiн дамыту, саланың инфрақұрылымын дамыту.

Ауданда дене тәрбиесi мен спорт бойынша 60 ұжым бар, олардың жартысы ауылдық елдi мекендерде орналасқан, олармен 61 маман жұмыс iстейдi. Көп жылдан берi ендi алғаш рет барлық селолық округтерде спорт бойынша әдiскерлер енгiзiлген. Аудандық бюджет есебiнен 2,2 млн. теңге сомасына спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды. 107 спорт ғимараты жұмыс iстеп тұр. Ауданда дене тәрбиесiмен және спортпен 6,7 мың адам шұғылданады, бұл жалпы халық санының 25,4% құрайды.

Жыл басынан берi аудандық 145 спорттық-қоғамдық жарыстар ұйымдастырылып, оларға 16 мыңнан астам адам қатысты.

2015 жылы Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы № 1, Қазақстан Республикасының бiрiншi қорғаныс министрi, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовты еске алуға арналған, «қазақша күрес» бойынша спорттық турнир өткiзуге, аудандық бюджеттен 1,2 млн.теңге бөлiндi. Ауданның құрама командалары облыстық «Хрустальный колос» жарыстарында 2 орын алды, «Құлагер» 2 орын, «Ақбидай» 8 орын. 2015 жылдың 11 айында 880 спортшы аудан атынан облыстық, республикалық жарыстарға қатысты, солардың iшiнде 250 спортшымыз жеңiмпаз атанып, жүлделi орындар алды.

Ақкөл балалар және жасөспiрiмдер спорт мектебi спорттық резервтi дайындаумен айналысады, онда 417 адам шұғылданады.

Жыл басынан берi жүзу бассейнiне 15 мың адам барған, соның iшiнде 10 мыңы балалар. Барлық мәдени және спорттық шаралар жоспарға сай өтедi.

Қоғамдық құқық тәртiбi

Аудандық Iшкi iстер бөлiмiнiң жұмысын ұйымдастыру жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жеке құрамның арасында тәртiптi мен заңдылықты нығайтуға және азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.

Аудан аумағында барлық түрдегi 371 қылмыс тiркелген.

Қылмысты ашу 75%, өткен жылғыдан 3,6%-ға жоғары

2015 жылға арналған басымдықтар мен мiндеттер

Елбасы барлығымыздың алдымызға жаңа жаһандық тапсырмалар қойды, сондықтан, әрбiр әкiм, әрбiр кәсiпорынның басшысы, мүлiк түрiне қарамастан, осы жұмысты басқаруы тиiс.

2015 жылы жасалған iстiң барлығы болашаққа сенiммен қарауға мүмкiндiк бередi, бұл Елбасы қойған тапсырмалармен қатар орындалуы мiндеттi жаңа жоспарлар мен жобалардың мықты iргетасы.

2016 жылы «Eco Product» ЖШС жылыжай кешенi, «EL GRANO» диiрмен кешенi мен элеваторы, 2 кезекте «Пегас» элеваторы құрылыстарын аяқтап, пайдалануға енгiзу жоспарланған.

Одан бөлек, салқын балық сүрлеу цехы, «Шарм» сауда үйiндi қонақ үй, 2 жол жиегiндегi сервис, монша ашылады.

Агроөнеркәсiп кешенi экономикамыздың негiзгi және стратегиялық секторы болып қала бередi. Топырақты жақсарту, майлы дақылдарға арналған егiн алаңдарын көбейту, еттi мал шаруашылығын дамыту мәселелерi өзектi болып табылады.

Жаңа жылда инфрақұрылымға үлкен көңiл бөлiнетiн болады. Ақкөл қаласында автомобиль жолдарын ағымдық жөндеуден өткiзу жоспарланған, оған 30 млн. теңге бөлiнген.

Көрiктендiру бойынша жұмыстар қала мен ауылдарда өмiр сүру жағдайларын жақсартуға бағытталады: аулаларда жаңа ойын алаңдары орнатылады, қала және ауыл тұрғындары демалатын саябақтар ашылады, орталық қалалық парк өзгеше дамитын болады.

Коммуналдық шаруашылығы әрi қарай дами бермек, «Акколь Горкомхоз» ШЖҚ МКК арнайы техникамен қамту бойынша мақсатты жұмыс жалғаса бермек.

Халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету мен олардың кiрiстерiн көбейтуге кiшi және шағын бизнестi қолдау бойынша жұмыс жүргiзiледi, «Бизнестiң жол картасы — 2020» Бағдарламасына қатысу осыған бағытталған.

Денсаулық сақтау саласында әлеуметтiк маңызы бар ауруларды азайту, аналар мен балаларды қорғау бойынша жұмысты жалғастыру жоспарланған. 2016 жылы Ақкөл қаласында 250 келушiге арналған емхана құрылысы аяқталады.

Ауданның жоғары интеллектуалдық және еңбек ресурстарының, жоғары экономикалық және рухани әлеуетiнiң арқасында, аймақ алдына қойылған барлық тапсырмалар өз шешiмiн табатын болады.

Мақаланың шыққан күні: 08.12.2017 18:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.12.2017 18:32
Қаралым саны: 886

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz