A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«2014 жылдың 6 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы» аудан әкімі Т.Едігеновтың есебі

Құрметтi жиынға қатысушылар!

Жыл басынан берi былтырғы осы уақытпен салыстырғанда негiзгi әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштердiң өсуi қамтамасыз етiлдi. Ауылшаруашылығының жалпы өнiмi 12 пайызға, өндiрiстiк өнiмдер 33 пайызға, инвестициялар 32 пайызға, тауар айналымы 28 пайызға, аудандық бюджетке түскен салық мөлшерi 31 пайызға өстi.

Салық және бюджет

Мемлекеттiк бюджетке 667 млн.теңге салық және мiндеттi төлемдер келiп түстi немесе болжамның 114%. Аудандық бюджет түсiмi 5% ға артық орындалып, 295 млн. теңгенi құрады.

Өткен жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда барлық деңгейдегi бюджетке 69,3 млн. теңге салық артық түстi. Бұл нәтижеге жер телiмдерiн, коммуналдық мүлiктердi сату бойынша аукцион өткiзу арқылы қол жеткiзiлдi. Өз кезегiнде бұл бюджеттiң жеке кiрiсiнiң 101 млн. теңгеге артып, ол қаржыны кезек күттiрмейтiн мәселелерге бағыттауға мүмкiндiк бердi.

Ақшалай қаражаттың жоспарланған 97,6 % игерiлдi.

Негiзгi капиталға инвестиция

Аудан экономикасының дамуына ықпалын тигiзетiн көрсеткiштердiң бiрi негiзгi капиталға салынған инвестиция болып табылады, ол 868 млн. теңгенi құрады, ИФО- 131,9%.

Тұрғын үй құрылысы

Тұрғындар есебiнен 2131 ш.м. тұрғын үй салынды, өсу қарқыны 195%-ды құрады.

Республикалық бюджет қаржысы есебiнен Ақкөл қаласындағы Нұрмағамбетов көшесiнде, жалпы аумағы 3 мың ш.м. болатын, 45 пәтерлiк тұрғын үй құрылысы жүргiзiлуде.Нысанды тапсыру ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған.

Ақкөл қаласында «Нұрмағамбетов көшесiнде жас отбасыларға арналған 18 пәтерлiк тұрғын үй құрылысына» жобалық-сметалық құжаттама дайындалды және мемлекеттiк сарптама алынды. Сондай-ақ, Иманов көшесi бойында екi жалға алынатын 45 пәтерлiк үй құрылысы, олардың абаттандыру және инженерлiк желiлерi ЖСҚ-сы дайындалуда.

Ауыл шаруашылығы

Есеп беру кезеңi iшiнде ауылшаруашылығының жалпы өнiмi 12%-ға өсiп, 1,3 млрд. теңгенi құрады.

Малшаруашылығындағы жұмыстың негiзгi бағыты сүттi мал өсiру, осы тарапта iрi өндiрушiлер болып, «Хлебороб» ЖШС, «Новорыбинский» ЖШС, «Еңбек» ЖШС-i есептеледi.

Аудан аумағында асыл тұқымды мал өсiретiн бiрнеше шаруашылықтар бар, олар- «SC Food» ЖШС, «Новорыбинский» ЖШС, «Еңбек» ЖШС.

Әлуметтiк-экономикалық дамудың кешендi жоспарына сәйкес 2014 жылы бидай тұқымдастар 123,7 га, майлы дақылдар-9,3 га немесе 2013 жылмен салыстырғанда 41%-ға артық, картоп- 1,5 га, көкөнiс 0,28 мың га отырғызылып, мал азығы- 12,7 га себiлдi.

Ауданның ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлерге көктемгi дала жұмыстары мен күзгi орақ жұмыстарына «ҰК «Есiл АӨК» АҚ-ның кепiлдемесiмен берiлген мемлекеттiк бағдарламасы айтарлықтай көмек көрсеттi. Аталған бағдарламаға 24 ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлер қатысып, аудан бойынша 143,2 млн. теңге бөлiндi.

Өндiрiс

Өндiрiс өнiмдерiнiң көлемi 1,3 млрд. теңгенi құрады, өнiм ИФО 118%.

Ақмола облысының Индустрияландыру картасына ауданнан төрт жоба кiредi, оның үшеуi iске асырылды: 343 млн. теңгенiң, немесе былтырғы мерзiммен салыстырғанда 2,7 есе артық тауарлық өнiм шығарған, ағаштан бұйым дайындайтын «КазЛес» ЖШС; толық жұмыс iстеп тұрған, қуаттылығы 9 мың тонналық «Еңбек» ЖШС-нiң майлы және бидай дақылдарды кептiру, тазалау және сақтауға арналған кептiру кешенi; «SC Food» ЖШС-гi iрi қара етiн өндiру үшiн асыл тұқымды мал өсiрудiң толық циклды көпфункционалды кешенiнiң құрылысы. Бүгiнгi күнi Ангус тұқымдас 2,5 мың бас бағылатын асыл тұқымды мал өсiретiн шаруашылық бар, оның iшiнде аналық сиырлардың үлесi 1473 бас.

Жұмысты бастау сатысында бiр жоба тұр, ол қуаттылығы жылына 90 млн. жұмыртқа және 270 тонна құс етiн өндiретiн «Үш Бұлақ — 2005» ЖШС құс фабрикасы құрылысының жобасы. Құс фабрикасын өндiрiске енгiзу 2014 жылдың екiншi жартысына жоспарланған.

Осы жылдың маусым айында қуаттылығы тәулiгiне 100 тонна сүт өңдейтiн «Ecomilk» ЖШС заводы iске қосылды. 1-шi шiлдедегi жағдай бойынша мұнда 33 тонна сүт өнiмдерi өңдiрiлдi.

Ағымдағы жылы 13,5 тонна көлемiнде бидай сақтайтын «EL GRANO» ЖШС кешенi және жылына 2200 тонна қызанақ пен қияр өсiретiн «Eco Product» ЖШС жылыжай кешенiнiң құрылысы басталды. Нысандарды iске қосу 2015 жылға жоспарланған.

Кәсiпкерлiк

Кәсiпкерлiкпен айналасатындардың саны есеп беру кезеңiнде 7%-ға өстi, өнiм шығару және қызмет көрсету 14,8%-ға көтерiлдi. Қолдау көрсетудiң тиiмдi құралдарының бiрi «2020- Бизнестiң жол картасы» болып табылады.

Құны 4,0 млн.теңге тұратын, қажеттi қондырғылармен жабдықталған электр желiлерiн тарту үшiн «Азат» АШК қаржылық көмек алып, қуаттылығы 1940 тонна болатын « Дәндi дақылдарды сақтау астық қоймасының құрылысы» жобасына қаржылық қолдау көрсетiлдi.

Туризм

Қонақ үйлерi, жол бойындағы сервис, Пигнастеев ЖК туристiк базасы,Шаржум демалыс орталығы,Краснобор және Ақкөл орман шаруашылығындағы қонақ күтетiн үйлерiмен танылатын ауданда бүгiнгi күнi туризмдi дамытуға барлық мүмкiндiктер бар. Қала саябағы аумағында «Этноәлем» кешенi, «Красный Горняк» селосында «Жандан» ЖК-нiң этноауылы, «Агитаев» ЖК-нiң демалыс орталығының құрылысы жоспарланған.

Балалардың демалыс орындары «Юность», «Рассвет» сауықтыру және 40 адамға арналған күркелi лагерлермен танылады.

Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда жарнама нысандары: бильбордтар, кермелер, коммерциялық жарнама нысандары көбейдi.

Инфрақұрылым, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық

Жергiлiктi атқару органдарына жүктелген тапсырмалардың негiзгiсiнiң бiрi сапалы су- жылумен қамтамасыз ету, автомобиль жолдарының жағдайын жақсарту, әлеуметтiк сала нысандарын дамыту болып табылады.

Жылумен қамтамасыз ету. Ауданды жылумен қамтамасыз етудi әр түрлi меншiктегi 37 қазандық iске асырады.

2013 жылы «Ақкөл- Горкомхоз» ШЖҚ МКМ-де тұрғын үй- коммуналдық аясында мәселелердi шешу үшiн аудандық бюджеттен қоқыс таситын және вакуумды машиналар сатып алуға 10,6 млн.теңге, 6 қазандық пешiне 7,7 млн. теңге бөлiндi. Жылу беру жүйесiнiң тоқтаусыз жұмыс iстеуi үшiн көмiр сатып алуға қаржы бөлiндi. 2014 жылдың өзiнде құны 10,9 млн. тұратын 2 бiрлiк арнаулы техника сатып алынды. Аталған шаралар мекеменiң дайын өнiмдердi сатудан түскен кiрiстiң 2012 жылғы 93 млн. теңгеден 2013 жылы 150.7 млн. теңгеге өсуiне мүмкiндiк бердi. Шығын 84,2 миллионнан 25,3 млн дейiн кемiдi.

Бұдан әрi аталған мекемеге техникалар сатып алу үшiн тоқсан сайын қаржы бөлу жоспарланып отыр.

Сумен қамтамасыз ету. 2014 жылы Ақкөл қаласында су жүргiзу желiсiн қайта құру (3-шi кезегi) жұмыстарына республикалық бюджеттен 126 млн. теңге бөлiндi. Жұмыстар басталды. Осы жылдың 1-шi шiлдесiне 48,8 млн. теңге игерiлдi. Үш ауылда ( Малоалександровка, Қараөзек, Тастыадыр) су қысымы мұнараларын ағымды жөндеу үшiн аудандық бюджеттен 4,5 млн. теңге бөлiндi. Сумен қамсыздандыру жүйесiнiң тоқтаусыз жұмыс iстеуi үшiн аудандық бюджеттен 5,7 млн. теңге бөлiндi.

30 елдi мекеннiң 25-i немесе 83% -ы сапалы ауыз сумен қамтылды. Қалған 5 елдi мекендердi: Жалғызқарағай, Қайнар, Филипповка, Ерофеевка, Красный Горнякты сумен қамтамасыз ету мәселесi шешiлiп жатыр. Ағымдағы жылда аудандық бюджет қаржысы есебiнен Жалғызқарағай ауылында су жүргiзу желiлерiн күрделi жөндеудiң жобалық-сметалық құжаттамасын жасауға қаржы бөлу мәселесi шешiлдi.

Су өткiзу. Табиғатты қорғау шаралары аясында Ақкөл қаласындағы үш көше: Октябрьская, Абылайхан, Луганскаяда кәрiз желiсiн ауыстыру (3-шi кезек) жүргiзiлуде, жұмыстардың құны 115,4 млн. теңгенi құрайды.

Сумен қамтамасыз ету және су өткiзудi жақсарту шараларына 2014 жылы бөлiнген бюджеттiк қаржыландыру 253,6 млн. теңгенi құрады.

Жолдар. Ағымдағы жылда автомобилдiк жолдардың қалыпты жұмыс iстеуiне және жөнделуiне аудандық бюджеттен 59,7 млн. теңге, соның iшiнде Уәлиханов көшесiнiң ағымды жөндеуiне 46,5 млн. теңге, Пушкин, Привокзальная, Кирдищев, Уәлиханов, Горький көшелерiнде шұңқырларды тегiстеу жұмыстарына 3,0 мил. теңге, Бигелдинов көшесiндегi №3 ОМ -тен №2 ОМ-ке дейiнгi аралықтағы тротуар құрылысына -8,4 млн. теңге, Нұрмағамбетов көшесi бойындағы ағымды жөндеу және жасанды жол белдеуiн орнатуға 0,8 млн. теңге, Ерназар-Наумовка жолын ағымды жөндеуге 1,0 млн. теңге бөлiндi.

Абаттандыру

Қаланы абаттандыруға аудандық бюджеттен 46,1 млн. теңге, соның iшiнде Вокзал жанындағы алаңға- 21,5 млн. теңге, 5 қабатты үйлердiң бет қабырғасын ағымды жөндеуге -3,0 млн. теңге, кiре берiстегi стеланы абаттандыру жұмыстарына -0,5 млн.теңге, ОӨК ғимаратының ағымды жөндеуiне -1,0 млн. теңге, қаланың орталық алаңында орнатылған көпфункционалды балалар ойын алаңшасын сатып алуға -3,3 млн. теңге, 2 спорттық-жаттығу алаңшалары мен 1 көпфунционалды ( футбол, волейбол, баскетбол) алаңшаны сатып алуға 8,5 млн. теңге, абаттандыруға -2,0 млн. теңге бөлiндi. Бюджеттен тыс қаржы есебiнен 8 аулалық алаңдар орнатылады.

Күн батареясына негiзделген дербес көше жарығын орнатуға 3,7 млн. теңге жұмсалды.

Ақкөл қаласында ҚТҚ алаңын жандандыру мәселесi шешiлiп жатыр. Оған 2,5 млн. теңге бөлiндi.

Ауылдық жерлерде абаттандыру мәселесiн шешу мақсатында «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 9 ауылда 11,6 млн. теңгенiң жобасы iске асырылуда.

Әлеуметтiк сала

Әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту. Жұмысыздықты азайту және өнiмдi жұмыспен қамтамасыз ету жұмыс «2020- Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында үш бағыт бойынша iске асырылуда. Ағымдағы жылда күрделi жөндеу бойынша 3 инфрақұрылымдық жоба iске асырылады. Олар- Новорыбинка селосындағы Мәдениет үйi ғимараты, Азат ауылындағы Ивановский дәрiгерлiк амбулаториясы, АОА жұқпалы аурулар бөлiмi.

Жастар тәжiрибесiне -12, кәсiби дайындауға және оқуға 10 адам жiберiлдi. 38 адамға әлеуметтiк жұмыс орны ұйымдастырылды, Бағдарламаның екi қатысушысы 3,9 теңге несие алды.

Бiлiм беру

Ауданда 3669 оқушы бiлiм алатын 27 мектеп жұмыс iстейдi, олардың -17-i орта, 8-i негiзгi және 2-i бастауыш мектептер. 23 мектепке дейiнгi балалар мекемесiнiң 4-i -балабақша, 5-i мектеп- бақша, 14-i шағын орталықтар. 2011-2014 жылдары аралығында мектепке дейiнгi мекемелерге баратын балалардың саны 545-ке өсiп, 2014 жылдың басында жалпы саны 1114 адамды құрады.

Мектепке дейiнгi тәрбие және оқумен қамту 1-ден 6 жасқа дейiнгi аралықта 56,6%-ды, 3-тен 6 жасқа дейiн 93,4%-ды құрады. Дегенмен, мектепке дейiнгi ұйымдарға деген қажеттiлiк әлi де өзектi мәселе болып тұр. Бүгiнгi күнi қала бойынша кезектiлiк 912 адамды құрайды. 320 орындық балабақша салу қажет.

157 мектеп түлектерiнiң 109-ы ҰБТ-ге қатысты. Аудан бойынша орта балл (бес пән бойынша) 79,11-дi құрады, бұл былтырғыдан 6,07 балл жоғары. «Алтын белгiнi» 5 оқушы алды.

Мектептердiң материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуге 38.2 млн. теңге, оның iшiнде аудандық бюджеттен 27,7 млн теңге бағытталды.

Денсаулық сақтау

Халыққа медициналық көмектi 86 төсек орны бар, құрамында ауысым сайын 250 адамды қабылдайтын емханасы, бес дәрiгерлiк амбулаториясы, 21 медициналық пунктi бар, аудандық аурухана арқылы көрсетiледi. Күндiз жұмыс iстейтiн 70 төсек-орын бар.

2014 жылы денсаулық сақтауды дамытуға 477 млн. теңге бағытталды. Материалдық- техникалық базаны күшейтуге 38 млн теңге жұмсалды.

Ағымдағы жылы ауысымда 250 адамды қабылдайтын емхана құрылысы басталды. Құрылыстың аяқталуы 2015 жылға жоспарланған. Домбыралы ауылында 2013 жылы басталған дәрiгерлiк амбулаторияның құрылысы аяқталуға жақын.

Минское селосында медпункт құрылысын салу жобалық-сметалық құжаттаманы жасауға қаржы бөлiндi.

Есеп беру мерзiмi iшiнде 100 мың адамға шаққанда туберкулезбен ауыру көрсеткiшi төмендеп, 2013 жылғы 54,3 тен 2014 жылғы 26,4-ке азайды

Мәдениет, тiлдер, спорт

Ауданда 19 кiтапхана және 8 клуб мекемелерi бар.

Халық шығармашылығы әр түрлi жанрдағы 85 ұжым арқылы таныс. Облыстық байқаудың нәтижесi бойынша аудан 2-шi орынды иелендi.

«Халықтық» атағы бар Новорыбинск хорына 731 мың теңгелiк қаржыландырумен қосымша хормейстер бiрлiгi енгiзiлдi.

Осы жылы Новорыбин СМҮ-не күрделi жөндеу жүргiзiлiп жатыр, бұл мақсатқа 28,3 млн.теңге бөлiндi, аудан бюджетiнен қосымша қаржыландыру сомасы 3,0 млн. теңге.

Ауданда барлық қазақстандықтарды бiрiктiретiн басты фактор ретiнде қазақ тiлiнiң сапалы дамуы мен позициясының нығаюына барлық жағдай жасалған. 2011 жылдан берi қазақ тiлiн оқыту орталығы жұмыс iстейдi, онда қазiргi уақытта 117 тыңдаушы дәрiс алады. Мультимедиялық кабинет сатып алынды.

Барлық жерде халықты бұқаралық спорт түрлерiне тарту жұмыстар жалғасын тауып отыр. Жыл озған сайын спорттық — бұқаралық шаралар мен оларға қатысушылар саны арта түсуде.

2013 жылы жүзу бассейiнi қайта құрылудан өтiп, ай сайын 2500 адамды қабылдайды. Спорттық- жаттығу алаңдарына 6600 адам барады. Спорттық шараларды жүргiзуге 9.1 млн. теңге немесе 2013 жылға қарағанда 1,7 млн. теңге артық қаржы бөлiндi.

Қоғамдық тәртiп

АIIБ-нiң барлық ұйымдастыру жұмысы қоғамдағы тәртiптi тұрақтандыруға, жеке құрамның заңдылықты сақтауына және азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Заң қорғау органдары қызметкерлерiнiң жұмыс жағдайын жақсарту үшiн 2015 жылы республикалық бюджет есебiнен АIIБ-нiң жаңа ғимараты құрылысына 1,3 млрд. теңге бөлiндi. Ғимараттың құрылысын аяқтау 2016 жылға жоспарланған.

Мақаланың шыққан күні: 09.12.2017 10:22
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.12.2017 10:22
Қаралым саны: 1041

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz