A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы және 2020 жылға арналған негізгі міндеттер» атты Ақкөл ауданының әкімі А.Қ. Қайыржановтың есебі

Өздерiңiз бiлетiндей, 2019 жыл жаңа әлеуметтiк-экономикалық реформалардың қозғаушысы болған оқиғаларға бай болды. 2019 жылдың 2 қыркүйегiнде айтылған Қасым — Жомарт Тоқаевтың Жолдауы жақын болашақта жұмыс iстеуге арналған нұсқаулық болып табылады. Негiзгi бағдарламалық құжатты iске асырудың маңызды көрсеткiшi әлеуметтiк әл-ауқат пен адамдардың әл-ауқатын нығайту болып қала бередi.

Ақкөл ауданының атқарушы органдарының барлық жұмыстары экономикалық өсу қарқынын қамтамасыз етуге, сондай-ақ берiк әлеуметтiк кепiлдемелер жасауға бағытталған. Өткен жыл iшiнде аймақтың негiзгi әлеуметтiк-экономикалық көрсеткiштерiнiң оң өсу динамикасы байқалды.

Аудан аумағында 9 округ бар. Аудан халқының саны 25742 адамды құрайды, оның iшiнде қалалық — 13867, ауылдық — 11875.

Өнеркәсiп

Өндiрiлген өнеркәсiптiк өнiм 4 млрд теңгенi құрады, нақты көлем индексi 132,5%. Бұдан әрi салыстырмалы талдау өткен жылдың кезеңдерi бойынша көрсетiледi.

Бүгiнгi таңда аудан бойынша Ақмола облысының Кәсiпкерлiктi қолдау картасына 6 млрд. теңгенi құрайтын бес жоба енiп, соның арқасында 200-ден астам тұрақты жұмыс орындарының ашылуына себеп болды.

Соның iшiнде ағаш өнiмдерiн шығаратын «Компания КазЛес» ЖШС, «Уш булақ-2005» ЖШС құс фабрикасы, «Енбек» ЖШС кептiру кешенi, асыл тұқымды ферма — «SC Food» ЖШС репродукторы, «Аккольские деликатесы» ЖШС шұжық цехы.

Ауыл шаруашылығы

Мемлекет басшысы өз Жолдауында елiмiздiң экономикасының драйверi ретiнде агроөнеркәсiп кешенiн дамыту қажеттiгiн атап өттi. Ақкөл ауданының аграрлық секторы зор әлеуетке ие.

Ауыл шаруашылығы аудан экономикасының ең маңызды салаларының бiрi болып табылады.

Қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi 19 млрд.теңгенi құрады, ауыл шаруашылығы өнiмiнiң нақты көлем индексi 103,9%.

138 мың га алқаптан дәндi дақылдар жиналды, жалпы түсiм 143 мың тонна астықты құрады, орташа өнiмдiлiк 10,4 ц/га.

Аудан бойынша iрi қара мал басы 21 мың басты құрайды, қой мен ешкi басы 21,6 мың басты, жылқы 7,3 мың басты, құс саны 319 мың басты құрайды.

3 мың тонна ет, 15 мың тонна сүт, 56 млн.дана тауық жұмыртқасы өндiрiлдi.

Есептi кезеңде 436 млн.теңге сомасына 13 бiрлiк жоғары өнiмдi техника мен жабдықтар сатып алынды.

Нұр-Сұлтан қаласының маңында Азық-түлiк белдеуiн дамыту аясында 12 жоба жүзеге асырылуда. 366 млн.теңге сомасына 699 бас IҚМ санымен ет бағытындағы отбасылық-тауарлық фермалар құрылды.

Ауданда перспективалық жобалар жүзеге асырылды- олар Кеңес ауылдық округiнiң «Фермер» ШҚ сүт-тауарлы фермасы, Жалғызқарағай ауылдық округiнiң «Асхат» ШҚ ет бағытындағы үш фермасы, Кеңес ауылдық округiнiң «Сарыдала» ШҚ және Қарасай ауылдық округiнiң "Akkol Beef" ЖШС.

2019 жылы қуаттылығы 1200 бас голштино-фриз тұқымды сүт-тауар фермасын салу бойынша «Еңбек» ЖШС ұзақ мерзiмдi жобасын iске асыру шеңберiнде жобалық-сметалық құжаттама әзiрлендi, жер учаскесiне құжаттар ресiмделдi, жобаға сараптама жүргiзiлуде.

Сүт-тауар фермасының құрылысы шеңберiнде суару жүйесiн енгiзу есебiнен жем-шөп дақылдарының өндiрiсiн 400 га алаңда ұлғайту жоспарлануда.

Салық және бюджет

2019 жылы аудан бюджетiне 733 млн.теңге салық және басқа да мiндеттi төлемдер түстi, немесе жоспарға 101%, Ақкөл қаласы мен Урюпин ауылдық округiнiң жергiлiктi өзiн-өзi басқару бюджетiне 137 млн. теңге немесе жоспарға 102,1% түстi.

Аудандық бюджеттiң шығыс бөлiгi 100% орындалды, 5 млрд.теңгеден астам игерiлдi.

Кәсiпкерлiк

1711 шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi тiркелген, оларда жұмыспен қамтылғандар саны 2,6% — ға артып, 7 мың адамды құрады. 2019 жылы 7 кәсiпкерлiк нысаны ашылды, жаңа бизнес нысандарының құрылысы жүргiзiлуде.

221 сауда нысаны және 32 қоғамдық тамақтану кәсiпорны, 4 сауда базары жұмыс iстейдi. Бөлшек тауар айналымының көлемi 6,9 млрд.теңгенi құрады, НКИ 101%.

Инвестиция және құрылыс

Индустрияландыру шеңберiндегi негiзгi фактор экономикаға инвестиция тарту болып табылады. Аудан экономикасына салынған инвестициялар 7,3 млрд. теңгенi құрады, бұл 2018 жылдың көрсеткiштерiмен салыстырғанда 1,5 есе көп.

Құрылыс жұмыстарының көлемi 3,5 миллиард теңгенi құрады, жеке тұрғын үй ретiнде 8 мың шаршы метр пайдалануға берiлдi.

Инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Жергiлiктi билiк органдары жұмысының маңызды бағыты тiршiлiктi қамтамасыз ету инфрақұрылымының тұрақты жұмыс iстеуi болып табылады. Бұл жылу-сумен жабдықтау, автомобиль жолдарын дамыту.

Елдi мекендердi орталықтандырылған сумен қамтуды ұлғайту мақсатында 2019 жылы Азат ауылының сумен жабдықтау жүйесiн қайта жаңарту бойынша жобаны iске асыру басталды, жобаны аяқтауға жоғары тұрған бюджеттен 2020 жылға 346 млн.теңге бөлiндi.

Инженерлiк-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы шеңберiнде Ақкөл қаласының тұрғын үй құрылысы шағын аудандарында (Привокзальная көшесi, балалар үйi ауданында, Мұратбаев шағын ауданында) 6 км электрмен жабдықтау және 3,5 км су құбыры желiлерiнiң құрылысы аяқталды.

2019 жылы «Степной — 4» шағын ауданында су құбыры желiлерiнiң құрылысы басталды, жобаны аяқтауға жоғары тұрған бюджеттен 2020 жылға 229 млн.теңге бөлiндi.

Жылумен қамтамасыз ету нысандарын дайындау, жолдарды жөндеу және ұстау, елдi мекендердi абаттандыру сияқты мәселелер бiздiң назарымызда.

2019-2020 жылдардағы жылыту маусымына дайындық мақсатында облыстық бюджеттен коммуналдық қазандықтарды және жылу желiлерiн жөндеуге 39 млн.теңге және коммуналдық қазандықтарға көмiр сатып алуға 55 млн. теңге бөлiндi.

2019 жылы жолдарды жөндеуге және абаттандыру жұмыстарын жүргiзуге 37 млн.теңге бюджет қаражаты бағытталды.

Ақкөл қаласында Ш. Ұзақбаев көшесi бойынша 2,6 км көше жарығына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, қала көшелерi бойынша жол белгiлерi салынды. Қоқыс контейнерлерiн дайындау, көгалдарды шабу және жасыл желектердi суару жұмыстары орындалды.

Елдi мекендердiң көшелерiн, сондай-ақ ұзындығы 89,4 км қиыршық тас төселген аудандық маңызы бар жолдарды грейдерлеу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.

Ағымдағы жөндеумен Ақкөл қаласында 7,4 млн.теңге сомасына су құбыры желiлерi қамтылды.

Абаттандыру аясында барлығы 24 жалпы аудандық сенбiлiк, 27 «таза бейсенбi» санитарлық тазарту күнi өткiзiлдi, оның барысында аудан бойынша 11000 адам қатысты, 6 мың тоннадан астам қоқыс пен қалдықтар шығарылды.

Ағымдағы жылы аудандық бюджет қаражаты есебiнен Урюпин және Домбыралы ауылдарында екi көше жаттығу алаңы орнатылды.

Әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту

Әлеуметтiк қызметтердi дамыту саласында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, халықтың әлеуметтiк әлсiз топтарын қолдау бойынша белсендi саясат дәйектi жүргiзiлуде.

Жұмыс iздеуге 1132 адам жүгiндi, 879 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Өтiнiш берушiлердiң iшiнде жұмыспен қамтылғандардың үлесi 77,7% құрайды, 441 тұрақты жұмыс орны құрылды.

Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргiзiлуде, оны iске асыруға 2019 жылы 75 миллион теңгеден астам бюджет қаражаты бөлiндi.

Бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша қатысушыларға техникалық және кәсiптiк бiлiм, қысқа мерзiмдi кәсiптiк бiлiм беру курстарына 125 адам жiберiлдi.

«Жаппай кәсiпкерлiктi дамыту» бағдарламасының екiншi бағыты бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 124 адам кәсiпкерлiк негiздерiне және де 30 адам «Жас Кәсiпкер» бағдарламасы бойынша оқытылды.

26 қатысушы бағдарлама бойынша жалпы сомасы 70 млн. теңгенi құрайтын шағын кредиттер алды, ал 25 адамға 6 млн. теңге көлемiнде гранттар берiлдi. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден 200 АЕК мөлшерiнде мақсатты трансферттерден 18 адамға жалпы сомасы 9 млн. теңгенi құрайтын гранттар берiлдi.

Бағдарламаның үшiншi бағыты бойынша 37 адам әлеуметтiк жұмыс орындарына, 117 адам ақылы қоғамдық жұмыстарға, ал 29 адам жастар практикасына жiберiлдi.

1366 адамнан тұратын 295 отбасына жалпы сомасы 130 миллион теңгенi құрайтын атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалды.

Бiлiм

Бiлiм берудiң сапасы мен қол жетiмдiлiгi мәселелерi-Елбасы Жолдауында көп көңiл бөлiп отырған тағы бiр маңызды сәт.

Бiлiм беру жүйесiнде есептi кезеңдегi барлық жұмыстар бiлiм беру мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға, сапалы бiлiм беру қызметiн ұсынуға бағытталды.

Ауданда 24 мектепке дейiнгi мекеме жұмыс iстейдi, оның iшiнде 10 балабақша және 14 шағын орталық бар, оған 1079 бала барады.

Мектепке дейiнгi бiлiммен 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балалардың 75% және 3 жастан 6 жасқа дейiнгi балалардың 100% қамтылған.

3992 оқушы оқитын 27 мектеп жұмыс iстейдi. Аудан мектептерiнде 535 педагог жұмыс iстейдi. Жоғары және бiрiншi санаты бар педагог қызметкерлердiң үлесi 84% — ды құрайды. Жаңартылған бiлiм беру мазмұны аясында 267 педагог оқытылды. 2018-2019 оқу жылында Ақкөл ауданының мұғалiмдерi авторлық бағдарламаларды табысты қорғап, республикалық және облыстық байқауларға белсене қатысты.

Бүгiнгi күнi ауданның барлық мектептерi Интернет желiсiне 100% қолжетiмдiлiкке ие, оның iшiнде 10 мектеп кең жолақты және 17 спутниктi интернетке қосылған. Робототехника элементтерiмен ауданның 8 мектебi жабдықталды, аталған мектептерде «Робототехника» элективтi курсы енгiзiлдi. Ауданның 4 мектебiнде IT-сыныптар ашылды.

2019 жылы ҰБТ-ге 87 түлек қатысты. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 106,1 құрады.

Денсаулық

Халыққа медициналық көмектi аудандық аурухана көрсетедi, оның құрамында ауысымына 250 адам қабылдайтын емхана бар. Ауылда дәрiгерлiк көмектi 5 дәрiгерлiк амбулатория, 21 медициналық пункт көрсетедi. Орталық аудандық ауруханада 45 дәрiгер мен 160 орта медициналық қызметкер жұмыс iстейдi. Халық денсаулығының негiзгi көрсеткiштерiн жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда. Есептi кезеңде ана мен бала өлiмi тiркелген жоқ, аудан бойынша қан айналымы жүйесi аурулары (703-тен 658-ге дейiн) және онкопатология (70-тен 56-ға дейiн) азайды.

Алға қойылған мiндеттердi табысты орындау үшiн денсаулық сақтауға 2019 жылы 769 млн.теңге бөлiндi, оның iшiнде, медициналық жабдықтарды сатып алуға бағытталған, материалдық-техникалық базаны нығайтуға 20 млн. теңге бөлiндi,.

Мәдениет және спорт

Ауданда 20 кiтапхана мен 9 клубтық мекеме бар.Барлық мәдениет нысандары телефондандырылған және компьютерлендiрiлген.

2019 жылы "Ақмола жұлдыздары" облыстық халық шығармашылығы байқауының қорытындысы бойынша аудан жүлделi 2 орынды иелендi. 2019 жылы барлық атқарылған iс-шаралар саны 1202, оған қатысқандардың саны 24 мың адам.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылы 10 жоспар, 590 iс-шара ұйымдастырылып, оған 18 мың адам қамтылды.

Жыл сайын селолық мәденит нысандарының ағымдағы жөндеу жұмыстарына, iс-шараларды өткiзуге ЖШС мен шаруа қожалықтарымен меморадум жасалады. 2019 жылы көмек көрсеткендер қатарында «Хлебороб» ЖШС, «Урюпинский и К» ЖШС, «МММ» ШҚ. Кеңес, Талқара ауылдарында ҰОС қаза тапқан жауынгерлерге ескерткiштер ашылып, Наумовка селосында орналасқан ескерткiштiң жөндеу жқмыстары аяқталды. Ауданда 61 дене шынықтыру ұжымдарында 7000 астам адам спортпен шұғылданады, бұл аудан тұрғындарының 29% құрайды. Спорттық резервтi даярлау жұмысын балалар спорт мектебi жүргiзедi, онда 450 бала сегiз спорт түрiмен шұғылданады.

Жүзу бассейнi бар, онда секциялық жұмыстар жүргiзiлiп, 100-ден астам бала айналысады. Жыл бойы жүзу бассейiнiне 5000 астам адам барады.

Барлығы 2019 жылы 312 спорттық-көпшiлiк iс-шаралар өтiлiп, 10 мыңнан астам адам қатысты.

Ауданымыздың спортшылары жыл сайын барлық облыстық спартакиадаларға қатысып, жүлделi оралады. Облыстық қысқы ойындар бойынша спартакиаданың қорытындысы бойынша аудан командалық екiншi орынды иелендi.

Туризм

Бүгiнгi күнi аудан iшкi туризм және демалыс саласында қызмет көрсету нарығында лайықты қызметтi ұсыну үшiн барлық мүмкiндiктерге ие. Аудан аумағындағы қонақ үй кешенi 12 орналастыру объектiлерiмен, 6 мейрамхана, 7 жол бойындағы сервис объектiлерi және 10 ЖҚС ұсынады. Ақкөл қаласында ЖК «Боранқұлова» мейрамхана-қонақ үй кешенi пайдалануға берiлдi, оған 120 орындық мейрамхана және 39 төсек-орындық қонақ үй кiредi.

Қоғамдық тәртiп

Мемлекет Басшысы қойған мiндеттердi орындай отырып, iшкi iстер органдары қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және ашу бойынша жұмыстар жүргiзуде. Аудан аумағында 235 қылмыстық құқық бұзушылық тiркелдi, бұл 2018 жылдың тиiстi кезеңiнен 39 құқық бұзушылық немесе 13% — ға кем. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 67,2% құрайды. Ауданда қоғамдық-саяси жағдай жалпы тұрақты.

Ашық әкiмдiк

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн төмендету, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру және жайлылықты қамтамасыз ету бойынша «Ақмола — адалдық алаңы» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылы 12 шiлдеде Ақкөл ауданы әкiмi аппараты ғимаратының 1-қабатында «Open Space» ашық кеңiстiк қағидаты бойынша мемлекеттiк органды трансформациялау бойынша жұмыс аяқталды. Әкiмшiлiк кедергiлердi жою, азаматтарды қабылдау үшiн аудан әкiмiнiң кабинетi 1 қабатта орналасқан, сондай-ақ «Open Space» фронт-кеңсесiнде өтiнiштердi қабылдау үшiн аудан әкiмi аппаратының кеңсесiнен және халыққа кеңес беру үшiн аудан әкiмi аппаратының мемлекеттiк қызметтердi және ақпараттық технологияларды ұсынуды талдау бөлiмiнен 1 маманнан орналастырылды. 2019 жылы «Open Space» фронт-кеңсесiнiң базасында аудан әкiмi мен әкiмнiң орынбасарлары 186 адамды қабылдады.

2020 жылға және кейiнгi жылдарға арналған басымдықтар мен мiндеттер.

2019 жылы жасалғанның бәрi болашаққа сенiммен қарауға мүмкiндiк бередi, бұл жаңа жоспарлар мен жобаларға берiк негiз болып табылады, оларды iске асыру Мемлекет басшысы қойған мiндеттердi орындайды. Атқарушы билiк 2019 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi көрсеткiштерiн орындау және бюджет қаражатын толық және тиiмдi пайдалану үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдады.

Агроөнеркәсiп кешенi экономиканың негiзгi және стратегиялық салаларының бiрi болып қала бередi. Саланың даму келешегi ауданда фермалар мен бордақылау алаңдарын құруды ескере отырып, мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi ұлғайтуға бағытталған.

Қазiргi уақытта облыста агроөнеркәсiптiк кешендi дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы белсендi түрде жүзеге асырылуда, оған сәйкес 2020 жылы ет фермаларын құру бойынша 6 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, сатып алынатын 450 бас IҚМ мен 500 бас ҰҚМ-дың жалпы сомасы 277 млн теңгенi құрайды:

«Akkol BEEF» ЖШС қазақтың ақбас тұқымды iрi қара малын өсiруге арналған ет фермасының қызметiн кеңейту жобасы. 2020 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несие қаражаты есебiнен 50 миллион теңгеге 150 бас сатып алынады;

«Шын» ШҚ 70 млн.теңге сомасына 100 басқа арналған «Шын» ШҚ базасында қазақтың ақбас тұқымды iрi қара малын өсiруге арналған ет фермасын ұйымдастыру;

«Хулыбек» ЖК 35,0 млн.теңге сомасына 100 басқа арналған «Хулыбек» ЖК базасында қазақтың ақбас тұқымды iрi қара малын өсiруге арналған ет фермасын ұйымдастыру;

«Бекас» ШҚ 62 млн.теңге сомасына 100 бас қазақтың ақбас тұқымды iрi қара малын өсiруге арналған ет фермасын ұйымдастыру;

«TOLY SERVICE» ШҚ бiрдей қолданысқа арналған 500 бастан тұратын ұсақ iрi қара малды өсiруге арналған ет фермасының құрылысы.

«Еңбек» ЖШС-нiң холстейн-фриз тұқымды 1200 басқа арналған сүт фермасын салу жөнiндегi ұзақ мерзiмдi жобасын iске асыру жалғасады.

Келесi жылы бiлiм беру саласына көп көңiл бөлiнедi. Еңбек ауылындағы Еңбек орта мектеп-балабақшасы ғимараты күрделi жөндеуден өтедi, оған облыстық бюджеттен 165 млн. теңге бөлiндi, 200 млн. теңгеден астам қаражатқа аудандық мектептердi ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасады. Бейнебақылау орнату жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда, бұл бiлiм беру нысандарының қауiпсiздiгiн сақтауға мүмкiндiк бередi. Ақкөл аудандық №1 орта мектептiң базасында ауылдық жерлердегi балаларға арналған шағын мектептерге арналған ресурстық орталық ашылды, оны дамыту үшiн осы орталықты ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 6,6 млн. теңге қаражат бөлiндi.

Ауданның автомобиль, ауылiшiлiк және ауыл аралық жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда.

Бiз 45 пәтерлiк екi тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын жасадық. Ақкөл қаласында тағы 60 пәтерлi екi тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзiрлеуге 2020 жылға облыстық бюджеттен қаражат бөлiндi.

Абаттандыру жұмыстары қалада және ауылдық жерлерде тұрғындардың жағдайын жақсартуға бағытталады: жаңа аулалық ойын алаңдары орнатылады, қала тұрғындары мен ауыл тұрғындарының демалуы үшiн алаңдар тұрғызылады.

Коммуналдық қызметтер одан әрi дамытылатын болады, «Акколь Горкомхоз» арнайы техникамен жабдықтау бойынша мақсатты жұмыс жалғасады. Аудандық бюджет есебiнен арнайы техникамен жабдықталуы жоспарлануда.

Ақкөл қаласы мен ауданның ауылдарында сумен жабдықтау желiлерiн ағымдағы жөндеу, су мұнаралары мен кәрiз желiлерiн жөндеу жұмыстары жалғасады.

Шағын және орта бизнестi қолдау, жүйелi жұмыс, нәтижелi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысу жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және де олардың қаражатын арттыруға бағытталған.

Мәдениет саласында Еңбек ауылының мәдени-спорт кешенiнiң ғимараты күрделi жөндеуден өтедi, ол үшiн облыстық бюджеттен 164 млн. теңге бөлiндi.

Бiздiң аймақтың жоғары зияткерлiк және еңбек ресурстарының, үлкен экономикалық және рухани әлеуетiнiң арқасында ауданымыздың алдында тұрған барлық мiндеттер орындалады.

Мақаланың шыққан күні: 31.12.2019 18:02
Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.12.2019 18:02
Қаралым саны: 66

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz