A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақкөл ауданының әкімі Т.Қ. Едігеновтің «Ауданның 2018 жылғы 11 айдағы экономикалық-әлеуметтік дамуының қорытындылары және 2019 жылға арналған міндеттер туралы» есебі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың Ұлт жоспары — «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнiндегi 100 нақты қадам» орындауда және «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуi: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деген 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында баяндалған мiндеттерге сәйкес, Ақкөл ауданының атқарушы органдарының барлық жұмысы экономикалық өсу қарқынын қамтамасыз етуге, сондай-ақ күштi әлеуметтiк кепiлдiктердi жасауға бағытталған.

Өнеркәсiп

Индустрияландыру бағдарламасы бiздiң өңiрдiң дамуында да көрiнiс табады.

2018 жылдың 11 айы iшiнде ауданда өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi 4,3 млрд. теңгенi құрады, өнеркәсiп өндiрiсiнiң нақты көлем индексi 100% құрады.

Бiздiң ауданнан Ақмола облысының кәсiпкерлiктi қолдау картасына қазiргi уақытта 6 млрд. теңгеге бес жоба кiредi, бұл 200-ден астам тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкiндiк бердi.

«Каз Лес» ЖШС 90 млн. теңге сомасында 85,7 куб. м. тұратын ағаштан жасалған бұйымдарды шығарды. «Үш бұлақ-2005» ЖШС 887 млн. теңге сомасында 48 млн. дана жұмыртқа өндiрдi.

Еңбек ауылындағы майлы дақылдардың тұқымын кептiру, тазалау және сақтауға арналған қуаты 9 мың. тонна кептiру кешенi толық жүктелiп, жұмыс iстеп тұр. Азат ауылында 2400 бас iрi қара аналығын өсiретiн «SC FOOD» ЖШС-нiң мал тұқымын асылдандыру шаруашылығында 2400 бас iрi қара мал, төлдейтiн 1496 бас мал бар, аналық мал басы — 1015 бас.

2017 жылдан бастап Ақкөл қаласында «Аккольские деликатесы» ЖШС ет және шұжық өнiмдерiн шығаратын цех жұмыс iстейдi, ағымдағы жылдың 11 айы iшiнде өнеркәсiп 92 млн. теңге сомасына 55 тонна өнiм шығарған.

Мемлекет басшысының қойған мiндеттерiн орындау үшiн ауданда Бизнестi қолдау картасынан тыс перспективалы жобалар iске асырылды — бұл «МММ» сүттi — тауар фермасы, «FamilyGarden» туристiк базасы. 2018 жылдың маусым айында Ақкөл қаласында «Шәкiрова» ЖК-нiң қонақ үйi мен демалыс кешенi пайдалануға берiлдi. Оның құрамына 300 орындық мейрамхана, 12 орындық қонақ үй және 80 адамға арналған монша кiредi.

2018 жылдың желтоқсанында тағы 3 инвестициялық жоба iске асырылды: Ақкөл қаласында «Блага Дать» ЖШС-нiң негiзгi өнiмдерiн орау цехы, қуаттылығы айына 60 тоннаны құрайды, құны 175 млн. теңге, Ақкөл қаласында «Казанов» ЖК-нiң бөтелкеленген суы мен лимонадты құю цехы, қуаттылығы тәулiгiне 5000 литрдi құрайды, құны 50 млн. теңге, Кеңес ауылдық округiнiң Домбралы ауылындағы «Кенебай» шаруа қожалығының 100 бас iрi қара мал үшiн отбасылық еттi фермасы, құны 80 млн. теңге. Осы кәсiпорындарда барлығы 22 жаңа жұмыс орны ашылды.

Ауыл шаруашылығы

Мемлекет басшысы сондай-ақ бiздiң елiмiздiң экономикасының жүргiзушiсi ретiнде агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту қажеттiлiгi туралы айтады. Ақкөл ауданының аграрлық секторы үлкен әлеуетке ие. 2018 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнiмiнiң көлемi 13,9 млрд. теңгенi құрады, ауыл шаруашылығы өнiмiнiң физикалық көлемiнiң индексi 102,2% құрады.

127,7 мың гектарға дәндi дақылдар егiлдi және жиналды, жалпы өнiмдiлiгi орташа есеппен 13,0 ц/га болатын 165,9 мың тонна астықты құрады. Майлы дақылдардың жалпы түсiмi 2,1 мың тоннаны, картоп пен көкөнiстердi 26,9 мың тоннаны құрады.

Мал шаруашылығы саласын дамыту бойынша мақсатты жұмыс жүргiзiлуде. Ауданда мал басы 20,6 мың басқа, қой мен ешкi 20 мың басқа, жылқы 6,7 мың басқа дейiн өстi.

Астана қаласы бойынша азық-түлiк белдеуiн дамыту шеңберiнде 7 жоба жүзеге асырылуда. Отбасылық-тауарлы ет бағытындағы фермалар құрылды: Домбыралы ауылында «Бекхожин» ЖК 90 бас IҚМ, «Саяси Қолғанат» ЖК Азат ауылында 50 бас IҚМ арналған. Минск ауылында «Бөкей ордасы» ЖШС 100 бас еттi бағыттағы iрi қара мал сатып алуды жоспарлап отыр. Домбыралы ауылында «Фермер» шаруа қожалығы 100 бас сүттi бағыттағы мал сатып алады. Кеңес ауылының «Сарыдала» шаруа қожалығы 30 бас сүттi бағыттағы iрi қара мал сатып алуды жоспарлап отыр.

2019 жылы «Еңбек» ЖШС-нiң Гольштейн-Фриз тұқымының 1200 басы бар сүт фермасын салу жөнiндегi ұзақ мерзiмдi жобасын iске асыру басталады. Жобалық-сметалық құжаттама әзiрленуде.

«Еңбек» ЖШС-нiң «Азық дақылдарын суару» жобасы 400 млн. теңгенi құрайды. Сүт фермасының құрылысы аясында суару жүйесiн енгiзу есебiнен 400 гектар аумақта азықтық дақылдардың өндiрiсiн ұлғайту жоспарланып отыр.

Салықтар және бюджет

2018 жылы аудандық бюджетке 822,2 млн. теңге салық пен басқа да мiндеттi төлемдер немесе жоспардың 100,2% -ы түстi, Ақкөл және Урюпинка ауылдық округiнiң өзiн-өзi басқару бюджеттерiне 159,5 млн. теңге немесе 101,7% жоспарға түстi.

Аудандық бюджеттiң шығыс бөлiгi 100 пайызға орындалды, 5 миллиардтан астам теңге игерiлдi. 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы орташа айлық жалақы 102643 теңгенi құрады, өсiм көрсеткiшi 105,9%.

Кәсiпкерлiк

Бұл саладағы тiркелген субъектiлердiң саны 1,7 мың бiрлiктi құрады, олардың iшiнде жұмыспен қамтылғандардың саны 3% артып, 6,9 мың адамды құрады. Жыл басынан берi 9 кәсiпкерлiк нысандары ашылып, 6 нысан салынып жатыр.

195 сауда және 32 қоғамдық тамақтану орны, 4 сауда базары жұмыс iстейдi. Бөлшек тауар айналымының көлемi өткен жылдың кезеңiмен салыстырғанда 5% артып, 6,4 млрд. теңгенi құрады.

Инвестициялар және құрылыс

Индустрияландыру шеңберiнде экономикаға инвестиция тарту маңызды фактор болып табылады. 2018 жылдың 11 айында ауданның экономикасына 4,3 млрд. теңге инвестиция салынды. Құрылыс жұмыстарының көлемi 5,8 млрд. теңгеге орындалды, 7,8 мың шаршы метр жеке тұрғын үй пайдалануға берiлдi.

Инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын дамыту бiздiң басты мiндетiмiз болып табылады. 2018 жылдың екiншi жартысынан бастап Жалғызқарағай ауылына су беру үшiн жоба iске асырылуда, республикалық бюджеттен 150 млн. теңге бөлiнiп, 2019 жылы жобаны аяқтауға 238 млн теңге жоспарланып отыр.

Ақкөл қаласындағы «Степной-1» шағын ауданында сумен жабдықтау, «Степной-4» шағын ауданының тұрғын үй кешенiндегi электрмен жабдықтау желiлерiнiң құрылысы аяқталды, «Степной-1» шағын ауданындағы электр желiлерi 2019 жылы пайдалануға берiледi.

Ақкөл қаласының Восточный шағын ауданында «Жылу желiлерiмен қазандықты қайта құру» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзiрлеу аяқталды, жоба мемлекеттiк сараптамадан өтуде.

2018 жылы Урюпинка ауылында қазандық және жылу желiлерiн салу бойынша конкурстық рәсiмдер жүргiзiлдi, облыстық бюджеттен 10,2 млн. теңге бөлiндi және игерiлдi. Инвестициялық жобаның жалпы құны — 154 млн. теңге.

«Ақкөл Горкомхоз» кәсiпорнының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшiн 2018 жылы 1,1 млн. теңгеге 5 терең ұңғыма сорғысы сатып алынды.

Бiздiң басты мақсатымыз — жылумен қамтамасыз ету объектiлерiн дайындау, жолдарды жөндеу және күту, елдi мекендердi абаттандыр.

2018-2019 жылдардағы жылу маусымына дайындық мақсатында облыстық бюджеттен коммуналдық қазандықтар мен жылу желiлерiн жөндеуге 59,9 млн. теңге бөлiндi. Осы қаражат есебiнен 9 жаңа қазандық орнатылды, 12 коммуналдық қазандыққа ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi.

2018 жылы жолдарды жөндеу және абаттандыру жұмыстарына 469 млн. теңге бюджет қаражаты жұмсалды.

Ақкөл қаласының 45,7 мың шаршы метр аумағында асфальт төсемiмен көше-жол желiлерiнiң ағымдағы және шұңқырлы жөндеуi жүргiзiлдi (Нұрмағамбетов, Пушкин, Кирдищев, Булавский, Шегебай Ұзақбаев, Привокзальная, Желтоқсан, Горький, Бигелдинов, Иманов, Абылайхан, Уәлиханов көшелерiнде). Ақкөл қаласына қатынайтын ұзындығы 800 метрлiк асфальтты жамылғысымен жол жөндеуден өттi.

Пушкин мен Кирдищев көшелерiнiң бойымен жүретiн тротуарларды жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi, Нұрмағамбетов көшесiндегi тасты ауыстыру — 750 метр.

Қаланың ұзындығы 20 км асфальт төселген жолдарының көшелерiнде белгiлер орнатылды. Барлық жаяу жүргiншiлер өткелдерiн және тұрақ орындарын бояу жұмыстары орындалды.

Елдi мекендердiң көшелерiн, сондай-ақ ұзындығы 190 км болатын қиыршық бетiмен аудандық маңызы бар жолдарды грейдерлеу жүргiзiлдi.

Ақкөл қаласындағы ұзындығы 5,5 мың метрлiк көшелердiң бойындағы қоршауларды ауыстыру және орнату, 43 көп пәтерлi тұрғын үйдiң қасбеттерiн жөндеу және бояу жүргiзiлдi. 9 әкiмшiлiк ғимараттың фасадтары, 18 шаруашылық нысандары ғимараттары және жеке үй шаруашылықтарының 25 фасадтары жөнделдi.

2018 жылы бұрын белгiленген балалар, фитнес, спорттық және аула ойын алаңшаларына тағы 37 жаңа балалар ойын кешендерi орнатылды. «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша биылғы жылы Азат ауылында көше тренажерлерi орнатылды.

Орталық алаңда 20 орындық, балалар ойын алаңы, көше гимнастикасына арналған қауiпсiз алаңы бар «Воркаунт зонасы» бар. Электронды құрылғыларды зарядтауға арналған Wi-Fi үшiн тегiн кiру нүктелерi ретiнде жұмыс iстейтiн күн батареяларында екi «ақылды орындықтар» орнатылды.

10 авто павильон ауыстырылды, қаланың кiреберiсiнде 15 шаршы метр LCD — экранымен стела орнатылды.

Абаттандыру шеңберiнде 40 жалпы аудандық сенбiлiк, 28 «таза бейсенбi» санитарлық тазалық күндерi өткiзiлдi, оның барысында ауданда 15 полигон және 2 қираған ғимарат жойылды, 6 мың тонна қоқыс пен қалдықтар шығарылды.

Аудан аумағында тазалық пен тәртiптi қалпына келтiру мақсатында iшкi iстер органдарының қызметкерлерi ағымдағы кезеңде 2438 хабарламаны, оның iшiнде Ақкөл қаласында 589 жариялады. Қазақстан Республикасының «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексiнiң 505-бабына сәйкес, абаттандыру ережелерiн бұзғаны үшiн «ескерту» ретiнде жаза тағайындалған 132 хаттама жасалды.

Әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту

Әлеуметтiк қызметтi дамыту саласында жүйелi түрде халықты жұмыспен қамтып жәрдемдесудiң белсендi саясаты, халықтың әлеуметтiк осал топтарын қолдау жүйелi түрде жүргiзiлiп жатыр.

Жұмыс қарастыруға 974 адам жүгiндi, тұрақты жұмысқа 879 адам орналастырылды. Жұмысқа тұруға жүгiнгендердiң үлесi 90,2 % құрады, 670 жаңа жұмыс орны құрылды.

2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелi жұмыспен қамту және жаппай кәсiпкерлiк бағдарламасын орындау бойынша мақсатты жұмыстар жүргiзiлуде, оны iске асыруға 60 млн.теңгеден астам бюджеттiк қаражат бөлiндi.

Бағдарламаның бiрiншi бағыты бойынша учаскелердi техникалық және кәсiптiк бiлiммен қамтамасыз ету үшiн, қысқа мерзiмдi кәсiптiк бiлiмге 80 адам жiберiлд және оқытылды.

Бағдарламаның екiншi бағыты бойынша «ет кәсiпкерлiгiн дамыту» кәсiпкерлiк негiздерiне оқытуға «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 135 адам бiлiм алды. Бағдарламаның 36 қатысушысы жалпы сомасы 113 млн.теңгеге шағын несие алды.

Бағдарламаның 25 қатысушысына жалпы сомасы 3 млн.теңгеге жаңа бизнес-ойларды iске асыруға мемлекеттiк гранттар берiлдi.

Бағдарламаның үшiншi бағыты бойынша әлеуметтiк жұмыс орындарына 22 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға 198 адам, жастар тәжiрибесiне 23 адам жiберiлдi.

Әлеуметтiк жәрдемақылардың барлық түрлерi уақытында төленедi.

Бiлiм беру

Бiлiм беру сапасы мен қол жетiмдiлiгi мәселелерiт-Мемлекет басшысы әрбiр Жолдауда аса назар аударатын тағы бiр маңызды сәт.

Бiлiм беру жүйесiнде есептi кезеңдегi барлық жұмыстар мекемелердiң материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталды, оның iшiнде 10 балабақша және 14 шағын орталық, оған 1167 бала қатысады. Мектепке дейiнгi бiлiм 1 жастан 6 жасқа дейiнгi балалар 68,9 % және 3 тен 6 жасқа дейiнгi 100 % қамтылды.

27 мектеп жұмыс iстейдi, онда 3875 оқушы оқиды. (17 орта мектеп, 8 негiзгi мектеп және 2 бастауыш мектептер). Ауданды0қ мектептерде 535 педагог жұмыс iстейдi. Жоғары және бiрiншi санаты бар педагог қызметкерлердiң үлесi 64 %. Бiлiм берудiң жаңартылған мазмұны аясында 431 педагог оқудан өттi.

Бiлiм беру объектiлерiнiң күрделi шығындарына 70 млн. теңгеден астам қаржы бөлiндi. Екi мектеп үшiн 10 мультимедиялық жабдық жиынтығы сатып алынды, ауданның барлық мектептерiнде бейнебақылау орнатылды, мектептердi Wi-Fi желiсiне қосу үшiн жабдықтар сатып алынды, қазандықтар, компьютерлiк жабдықтар сатып алынды. 14 млн.теңге тұратын мектепке балаларды тасымалдау үшiн жаңа автобус сатып алынды. Оқулықтарды сатып алуға бюджеттен 36 млн. теңге бөлiндi.

"Юность" балалар сауықтыру лагерiнде корпустарға, асханаларға жөндеу жүргiзiлдi, инженерлiк коммуникациялар ауыстырылды, № 3 Бектұров Ақкөл орта мектебiнде асханаға және фойеге ағымдағы жөндеу жүргiзiлдi.

"Өңiрлердi дамыту" бағдарламасы бойынша аудан ауылдарында 4,5 млн.теңгеге 3 бiлiм беру нысаны жөнделдi.

Бiлiм беру жүйесiнiң жетiстiгiнiң көрсеткiшi ҰБТ нәтижелерi болып табылады. 2018 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл 96,3 құрады.

Денсаулық сақтау

Халыққа медициналық көмектi 80 орындық аудандық аурухана көрсетедi, оның құрамында ауысымына 250 адам қабылдайтын жаңа емхана бар. Ауылда дәрiгерлiк көмектi 5 дәрiгерлiк амбулатория, 21 медициналық пункт көрсетедi. Орталық аудандық ауруханада 49 дәрiгер және 167 орта медициналық қызметкер жұмыс iстейдi. Халық денсаулығының негiзгi көрсеткiштерiн жақсарту бойынша жұмыстар жалғасуда. 2018 жылы жаңадан анықталған туберкулезбен ауыратын науқастар саны 15-тен 10-ға дейiн азайды, сырқаттанушылық көрсеткiшi 100 мың адамға шаққанда 57,6-дан 38,8-ге дейiн азайды.

2018 жылы денсаулық сақтауға 666 млн. теңге, оның iшiнде материалдық-техникалық базаны нығайтуға 23 млн. теңге бөлiндi.

Мәдениет және спорт

Ауданда 20 кiтапхана және 9 клуб мекемелерi жұмыс iстейдi. Есептi кезеңде клуб кәсiпорындарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға аудандық бюджеттен 9,4 млн.теңге бөлiндi. "Антитеррор" бағдарламасы аясында барлық мәдениет үйлерi мен ауылдық клубтарда бейнебақылау орнатылды.

Аудандық кiтапхананы ағымдағы жөндеуге аудандық бюджеттен 24 млн.теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға 8,2 млн. теңге бөлiндi. Ұйымдастыру техникасы, компьютерлер, жиһаз сатып алынды, орталық кiтапханада бейнебақылау орнатылды

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында аудандық кiтапханада "Рухани жаңғыру"кеңсесi ашылды. "Жеңу" жобасы бойынша мүмкiндiгi шектеулi балаларға арналған кабинет жабдықталған, онда компьютерлiк жабдықтар, кiтаптар және дамыту ойындары бар.

Жыл сайын ауылдық мәдениет объектiлерiн және iс-шараларды жүргiзудi жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк-жеке меншiк әрiптестiк шеңберiнде ЖШС және бизнес-құрылымдардың басшыларын тарту үшiн белгiлi бiр жұмыс жүргiзiлуде, 2018 жылы "Урюпинский и К" ЖШС, "Хлебороб" ЖШС, "МММ"ШҚ демеушiлiк көмек көрсетiлдi.

Малоалександровка, Рамадан және Амангелдi ауылдарында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жерлестерге ескерткiш ашылды, Наумовка ауылындағы ескерткiштi қайта жаңарту аяқталды.

2018 жылдың желтоқсан айында аудандық кiтапханада Абай жастардың шығармашылық бастамаларын дамыту үшiн коворкинг-орталығының салтанатты ашылуы өттi.

"Өңiрлердi дамыту" бағдарламасы бойынша Наумовка ауылдық мәдениет үйiне 1,2 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Ауданда 7,7 мың адам шұғылданатын 61 дене шынықтыру ұжымы жұмыс iстейдi, бұл аудан халқының жалпы санынан 27,3% құрайды. 2018 жылы 13 мыңнан астам адамның қатысуымен 93 спорттық-бұқаралық iс-шара өткiзiлдi.

Жыл сайын бiздiң ауданның спортшылары барлық облыстық спартакиадаларға қатысады. "Құлагер" халықтық және ұлттық спорт түрлерi бойынша облыстық спартакиаданың қорытындысы бойынша Ақкөл ауданының командасы үшiншi орынға ие болды.

Туризм

Бүгiнгi күнi аудан iшкi туризм және демалыс саласында қызмет көрсету нарығында лайықты ұсыну үшiн барлық мүмкiндiктерге ие. Аудан аумағындағы қонақ үй кешенi 9 орналастыру объектiлерiмен, 6 мейрамхана, 8 жол бойындағы сервис объектiлерi және 10 ЖҚС бар. Кеңес селолық округiнiң Красный Горняк ауылында ЖК "Пралиева"этно-ауыл пайдалануға берiлдi. Красный Горняк ауылында 5 нөмiрлi "Есбергенова" ЖК жол бойындағы қонақ үй ашылды.

Қоғамдық құқықтық тәртiп

Мемлекет Басшысы қойған мiндеттердi орындай отырып, iшкi iстер органдары қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және ашу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi. 2018 жылдың 11 айында аудан аумағында 355 қылмыстық құқық бұзушылық тiркелдi. Ауыр қылмыстарды ашу 57,9%, аса ауыр қылмыстарды ашу 75% құрайды.

Ауданда қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

Ағымдағы жылға арналған мiндеттер және алдағы жылдарға арналған жоспарлар

Бұл жаңа жоспарлар мен жобалар үшiн берiк iргетас. Атқарушы билiк 2018 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтiк-экономикалық дамудың негiзгi көрсеткiштерiн орындау, бюджет қаражатын толық және сапалы игеру бойынша барлық қажеттi шараларды қабылдады.

Агроөнеркәсiптiк кешен экономиканың негiзгi және стратегиялық секторларының бiрi болып қалады. Саланы дамытудың негiзгi басымдықтары ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қарқындату, ауданда кооперативтердi, бордақылау алаңдарын және сүт қабылдау пункттерiн құруды есепке ала отырып, мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi ұлғайту, мал шаруашылығын дамыту жөнiндегi мақсатты кредиттiк бағдарламаларға белсендi қатысу болып табылады.

Алдағы жылы инфрақұрылымға үлкен көңiл бөлiнедi. Ақкөл қаласындағы автомобиль жолдарына, кентiшiлiк және кентаралық жолдарға ағымдағы жөндеу жүргiзудi жалғастыру жоспарлануда. Абаттандыру бойынша жұмыс қалада және ауылда тұру жағдайларын жақсартуға бағытталатын болады: жаңа аулалық ойын алаңдары орнатылады, қала тұрғындары мен ауыл тұрғындарының демалуына арналған скверлер бөлiнедi.

Коммуналдық шаруашылық одан әрi дамитын болады, "Ақкөл Горкомхоз"мамандандырылған техникасымен жабдықтау бойынша мақсатты жұмыстар жалғастырылатын болады.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және олардың табысын арттыруға шағын және орта бизнестi қолдау жөнiндегi дәйектi жұмыс, өнiмдi жұмыспен қамтуды және жаппай кәсiпкерлiктi дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына қатысу бағытталатын болады.

Денсаулық сақтау саласында әлеуметтiк маңызы бар ауруларды төмендету, ана мен баланы қорғау жөнiндегi шараларға басты назар аударылатын болады.

Жоғары интеллектуалдық және еңбек ресурстары, бiздiң ауданымыздың экономикалық және рухани әлеуетi арқасында аймақ алдында тұрған барлық мiндеттер орындалады.

Мақаланың шыққан күні: 11.01.2019 15:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.01.2019 15:56
Қаралым саны: 1054

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz