A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Ақкөл ауданының әкімі Т.Қ. Едігеновтің «Ауданның 2016 жылғы 11 айдағы экономикалық-әлеуметтік дамуының қорытындылары және 2017 жылға арналған міндеттер туралы» тұрғындар алдындағы есебі

Құрметтi ақкөлдiктер!

Барлық деңгейдегi әкiмдердiң тұрғындар алдындағы есептерi — бұл барлық билiк тармақтарының, азаматтық қоғамның өзара әрекеттесуiнiң оңтайлы жолы, сонымен қатар атқарылған iстерге баға беру және алға қойған мақсаттарға жету жолын анықтау мүмкiндiгi.

Ауданның атқарушы билiгiнiң есептi кезеңдегi жұмысы әлеуметтiк-экономикалық даму бойынша тапсырмаларды орындауға, мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған болатын.

Өнеркәсiп

Есептi кезеңнiң 11 айында 3,3 млрд. теңгеге тауарлық өнiм өндiрiлдi. Өнiмнiң ЖКИ 100,2%.

Өнеркәсiп салалары дамуының жаңа сатысы — Үдемелi индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру. Бүгiнде Индустрияландыру картасына Ақкөл ауданынан 5,9 млрд. сомасына 5 жоба кiргiзiлген, олардың барлығы iске қосылып 180 жұмыс орны ашылды.

«Каз Лес» ЖШС мен «Үш бұлақ» ЖШС сәйкесiнше 145 және 354 млн. теңгеге тауарлы өнiм өндiрдi. Еңбек ауылындағы майлы дақылдардың тұқымын кептiру, тазалау және сақтауға арналған қуаты 9000 тонна кептiру кешенi толық жүктелiп, жұмыс iстеп тұр. Азат ауылында 2400 бас iрi қара аналығын өсiретiн «SC FOOD» ЖШС-нiң мал тұқымын асылдандыру шаруашылығында 2030 бас iрi қара мал, төлдейтiн 1385 бас мал бар.

Өткен жылдың соңында «ТП-1» ЖШС-нiң «Шұжық өнiмдерiн өндiрудi ұйымдастыру» жобасы iске қосылды, құны 75 млн. теңге және қуаты жылына 210 тонна.

1801 шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркелген, соның iшiнде 1471 субъект жұмыс iстейдi, яғни жалпы тiркелгендер санының 81,7%. Кәсiпкерлiк саласында еңбек ететiндер саны 6,3 мың адам, өткен жылмен салыстырғанда 6,7%, олардан 1,2 млрд. теңге бюджетке төлем түстi, өсiм 19%.

191 сауда объектiсi мен 55 қоғамдық тамақтандыру кәсiпорны, 4 сауда базары жұмыс iстейдi. Бөлшек саудадағы тауар айналымының көлемi 4,7 млрд. теңге. ЖКИ 100,1%.

Мемлекет тарапынан кәсiпкерлiктi дамытуға балық жағдайлар жасалуда. Кәсiпкерлiктi дамытуды қолдауға арналған тиiмдi құралдардың бiрi — «Бизнестiң жол картасы-2020»

Өткен жылы осы бағдарлама бойынша 4 жоба қабылданды, соның iшiнде, «Даму» Қорының сыйақы және кепiлдiк берудiң пайыздық ставкасын субсидиялау бойынша 1 жоба. Бұл «Ақкөлгаз» ЖШС-нiң «Негiзгi құрал-жабдықтарды сатып алу және айналым қаражатын толтыру — Газ-жанармай құятын станцияның 2 технологиялық модулi; 2 газ сақтауға арналған ыдысы».

Жетiспейтiн инфрақұрылымды салу бойынша 2 жоба мақұлданды — ЖК «Ақсақалова» «Өндiрiстiк инфрақұрылымы бар «Туристiк базаның құрылысын аяқтау — мейрамхана мен қонақ үйлер салу» және «Қара найза» ШҚ-ның 1 жобасы «Қара найза» шаруа қожалығына арналған электр желiсiн салу».

Индустрияландыру картасынан тыс перспективалы жобаларды атап өткен жөн, яғни Ақкөл қаласында Украинамен бiрлесiп ашылған «СП Қазақстан ЭХҚ технологиялары» ЖШС өз жұмысын бастады. Кәсiпорын Қазақстан нарығындағы жаңа өнiмдi шығарады — мұнай-газ құбырларын жемiрiлуден қорғайтын анодтық жерлендiргiштер өндiрiсi, қуаты айына 2000 анодтық жерлендiргiш. Жобаның құны 70 млн. теңге.

Қуатын 13,5 мың тонна болатын «EL GRANO» ЖШС-нiң дәндi қабылдау, тазалау, кептiру, сақтау бойынша желiлiк элеваторы iске қосылды. Жобаның құны 538 млн. теңге.

2016 жылдың 11 айында 13 кәсiпкерлiк объектiсi ашылды. Олар дүкендер, қоғамдық тамақтандыру орындары, сұлулық салондары, наубайхана, стоматология, қонақ үй, балаларға арналған бiлiм беру және ойын-сауық орталықтары.

Кәсiпкерлiк әлеуетiн арттыру мақсатында аудан әкiмдiгiнде бастауыш және жұмыс iстеп жүрген кәсiпкерлер үшiн Ақмола облысының Кәсiпкерлiк пен өнеркәсiп басқармасы, Жұмыспен қамтуды үйлестiру басқармасы өкiлдерiнiң және «Даму» қорының кеңесшiлерiнiң қатысуымен шағын және орта бизнестi дамытуды мемлекеттiк қолдау шараларын түсiндiру бойынша семинар-кеңестер өткiзiледi.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы өнiмiнiң жалпы көлемi 11,8 млрд. теңгенi құрады, өсiм 16%. Өнiмнiң Жеке көлем индексi — 107,7%.

Ет өндiру 6,6%, сүт өндiру 7,6% өстi. Iрi қара мал, жылқы, шошқа, қой саны өстi.

Ауылшаруашылығы дақылдарын жинау ауданы 142,6 мың га, соның iшiнде, дәндi дақылдар 124,4 мың га, майлы дақылдар 2,5 га, жемдi дақылдар 13,9 мың га құрады. Көкөнiстер мен картоп ауданы 1789 га болды.

Жалпы 162,9 мың тонна дән жиналды, орташа өнiмдiлiгi 13,1 ц/га. Жалпы жиналған картоп және көкөнiс мөлшерi 32,2 мың тонна, өнiмдiлiгi 180 ц/га. 2 мың га зығыр жиналды, орташа өнiмдiлiгi 4,1 ц/га, күнбағыс 500 га, орташа өнiмдiлiгi 5 ц/га. Жалпы жналған жемдi дақылдардың мөлшерi 23 мың тонна, 28,6 ц/га.

18,0 мың тонна тұқым егiлдi, қажеттiлiк мөллшерiнiң 100%.

70,0 мың тонна дайындалды, қажеттiлiктiң 137,8 %. Көктемгi дала және астық жинау жұмыстарын несиелеу бағдарламасы бойынша ауданға 84,9 миллион теңге бөлiнген болатын. Оған 20 ауылшаруашылығы тауарларын өндiрушi қатысты. Несие қарызын қайтару өз уақытында және толық көлемде жасалды.

Салықтар және бюджет

2016 жылдың 11 айында мемлекеттiк бюджетке 1,8 салық пен өзге мiндеттi төлемдер түстi, болжамның 108%, соның iшiнде: республикалық бюджетке 117%, облыстық бюджетке 114%, аудандық бюджетке 101%. Жыл сайын аудандық бюджетке меншiктi кiрiстер түсiмi артып келедi, өткен үш жылдағы өсiм 2 есенi құрады (2012 жыл 439 млн. теңге, 2016 жылы кiрiстер бойынша жоспар 882 млн. теңге).

2016 жылы бюджеттiң шығынды бөлiгi 2,7 млрд. теңгенi құрады, 100% жоспарланған ақша қаражаты игерiлдi. 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек кезеңiндегi орташа айлық жалақы 87924 теңгенi құрады, өсу қарқыны 119%.

Инвестициялар

Аудан экономикасының дамуына әсер ететiн бiрден бiр көрсеткiш, негiзгi капиталға инвестиция салу болып табылады. Инвестициялар 6,8 млрд. теңгенi құрады, өсiм 24%. Тұрғын үй құрылысына құйылған инвестиция 6,0 млрд. теңгенi құрады, өсiм 40%.

Құрылыс, тұрғын үйлердi пайдалануға беру

Құрылыс жұмыстарының көлемi 4,6 млрд. теңгенi құрады, өсiм 119%. 7698 шаршы метр жеке тұрғын үй енгiзiлдi, өсiм 45%.

Инфрақұрылым, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Ауданды жылумен қамту әртүрлi мүлiк түрлерiне жататын 38 қазандықпен жүзеге асырылады. 2016-2017 жылдардағы күзгi-қысқы жылыту кезеңiне дайындалуға барлық қаржыландыру көздерiнен 112 млн. теңге бөлiндi, соның iшiнде аудандық бюджеттен 93 млн. теңге. 6 мектептеiң қазандықтарында 6 жаңа қазан орнатылды, қалалық коммуналдық шаруашылық қазандықтарында 11 жаңа қазан орнатылды.

2016 жылғы 1 қазаннан бастап әлеуметтiк саланың барлық объектiлерiнде және коммуналдық қазандықтарда жылыту маусымы басталды және штаттық режимде өтiп жатыр.

Ақкөл қаласындағы коммуналдық қазандықтардың қажеттiлiгi 15650 тонна көмiрдi құрайды (қазiргi кезде 4685 тонна бар, екi айлық қорды құрайды)

Малый Барап ауылындағы сумен қамту мәселесiн шешу үшiн аудандық бюджет есебiнен су құбырларының күрделi жөндеуiне ЖСҚ әзiрлеу басталды. Аудандық бюджеттен Урюпинка селосында модульдiк қазандық орнатуға ЖСҚ әзiрлеуге қаражат бөлiндi.

Автомобиль жолдарының жағдайына үлкен көңiл бөлiнедi. Үш жылдың iшiнде Уәлиханов, Бейбiтшiлiк, Октябрьская, Привокзальная, Бигелдинов көшелерiнде жаңадан асфальт төселдi. Бюджеттен 146 млн. теңге жұмсалды, соның iшiнде 46 млн. теңге аудандық бюджеттен. Ағымдағы жылы Ақкөл балалар үйiне баратын жол асфальтталып, Абылай хан көшесiнде асфальт төсеу аяқталды.

Қала көшелерiндегi асфальт жолдардың шұңқырларын жөндеуге аудандық бюджеттен 8 млн. теңге жұмсалды. Қиыршық тас жабындысы бар қала көшелерiнде төсеу және тегiстеу жұмыстары өткiзiлдi.

Ақкөл қаласында мүгедектерге арналған жол белгiлерi мен дыбыстық және жарықтық сигналдары бар жаяу жүргiншiлер өткелдерi орнатылды. Бiрнеше рет қаланың орталық көшелерiнде жол белгiлерiн салу, жаяу жүргiншiлер өткелдерiн бояу жұмыстары жасалды.

2016 жылы аудандық бюджет қаражатына қаланың қоғамдық тасымалдауы 9,4 млн. теңге сомасына субсидияланып, Ақкөл қаласында көптен күткен 3 автобус бағыты ашылды.

«Ерназар-Наумовка» жолының қиыршық тас-ұсақталған тас жабындысы жөнделдi, бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 3 млн. теңге бөлiндi.

Ағымдағы жылы мемлекеттiк мекемелердiң автокөлiк паркiн жаңарту бойынша жоспарлы жұмысар жалғасын тапты. Аудандық әкiмдiкке, Ақкөл қаласының әкiмдiгi мен Қарасай ауылдық округiнiң әкiмдiгiне жаңа автомобильдер сатып алынды.

ЖҚЖК-2020 бiнiшi бағыты шеңберiнде Еңбек және Азат ауылдарында 11 млн. теңге сомасына ауыл iшiндегi автомобиль жолдарын ағымдық асфальтты-бетонмен жөндеу жұмыстары аяқталды. 88,5 млн. теңге сомасына Наумовка, Урюпинка, Қына, Новрыбинка ауылдарында ауыл iшiндегi жолдардың қиыршық тас-ұсақталған тас жабындыларының ағымдық жөндеу жұмыстары аяқталды.

2016 жылы селолық округтердегi жолдарды қыс мезгiлiнде өз қалпында ұстауға аудандық бюджеттен 2 млн. теңге бөлiндi.

Абаттандыру

2016 жылы абаттандыру жұмыстары өз жалғасын тапты. Бұдан алдын орнатылған қаладағы 5 көп функциялы балалар ойын алаңына, 6 жаттығу алаңына, көп функциялы спорт алаңы мен 15 аула алаңына қосымша ретiнде қалада тағы 2 көп функциялы спорт алаң орнатылды. Абаттандыру iс-шаралары шеңберiнде қаладағы қоршауларды ауыстыру және сырлау жұмыстары жалғастырылды. Қала көшелерiнде гүлшоқтары бар үлкен қыш құмыралар, тастардан жасалған шығармашылық композициялары орнатылды, жол көмкермесiнiң тасы ауыстырылды және жаңа қоқыс контейнерлерi орнатылды. Ағаш және көшет отырғызылды, гүлзарлар орнату, ағаштарды сирету, шөп шабу, суару жұмыстары жасалды. Бұл жұмыстарға аудандық бюджеттен 18,3 млн. теңге бөлiндi. Аудандық бюджеттен бөлiнген 5 млн. теңге сомасына Ақкөл қаласының оқу-өндiрiстiк комбинаты ғимаратының қасбетi металл-сайдингпен жөнделдi.

ЖҚЖК-2020 бағдарламасының бiрiншi бағытын жүзеге асыур шеңберiнде Қына ауылында тренажерлер мен көп функциялы спорт алаңы орнатылды, Новорыбинка селосында хоккей корты мен стадион жөндеуден өтiп, спортзалдың жөндеу жұмыстары жалғасын тапты. Азат ауылында көп функциялы спорт алаңы орнатылды, Еңбек ауылында ҰОС қатысушыларының ескерткiшi жөнделдi. Жалпы осы барлық мақсаттарға 13 млн. теңге жұмсалды.

Абаттандыру шеңберiнде 41 жалпы аудандық сенбiлiк, 30 «таза бейсенбi» санитарлық тазалық күндерi өткiзiлдi. Бұл жұмыстарға 5735 адам қатысты, 5585 тонна қоқыс шығарылды.

Әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту

ЖҚЖК-2020 бағдарламасының үш бағыты сәттi орындалып жатыр. Бағдарламаны жүзеге асыруға 2014-2016 жылдар кезеңiнде республикалық бюджеттен 135 млн. теңге бағытталды. Осы жылдарда Новорыбин Мәдениет үйi, Ақкөл қаласындағы Мәдениет үйi, Ақкөл БЖСМ күрделi жөндеуден өттi. Ағымдағы жылы 30,8 млн. теңге сомасына «Ақкөл ауданының мемлекеттiк мұрағатының күрделi жөндеуi» жобасы жүзеге асырылды.

Жалпы 2016 жылы Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020 Бағдарламасы бойынша Ақкөл қаласы мен ауданның ауылдық елдi мекендерiн дамытуға мемлекеттiк бюджеттен 163,3 млн. теңге бөлiнiп, 18 жоба жүзеге асырылды.

Есептi кезеңде 559 адам жұмысқа орналастырылды, бұл жүгiнгендердiң 81% құрады. Қоғамдық жұмыстарға 217 адам жолданып, 827 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Барлық жәрдемақы түрлерi өз уақытында төленедi. Бiрнеше жылдан берi ауданда кiрiсi кедейлiк деңгейiнен аспайтын азаматтар жоқ.

Бiлiм беру

Бiлiм берудi дамытудың басты бағытары: мектепке дейiнгi бiлiм беру ұйымдары желiсiн кеңейту және мектептердiң материалдық-техникалық базасын нығайту, бiлiм сапасын арттыру.

Ауданда 26 мектепке дейiнгi балалар мекемелерi бар, Оларға 1160 бала қатынайды. Мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiнiң дамуына Елбасының бастамасымен әзiрленген, 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының арқасында елеулi қадамдар жасалды. Аталған бағдарлама шеңберiнде ауданда толық және толық емес күндiк 14 шағын-орталық, Ақкөл қаласында 140 орындық екi жаңа балабақша ашылды. Бұл өз кезегiнде 3 жастан 6 жасқа дейiнгi балалардың мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнiң кезегiн дерлiк толықтай жоюға мүмкiндiк жасады. Аудандағы 27 мектепте 3898 оқушы оқиды, олардың 23-i аз қамтылған мектептер. Оқулықтар және оқу-әдiстемелiк құралдармен қамтамасыз ету 100% құрады, ауданның барлық мектептерi Ғаламтор желiсiне қосылған.

Ағымдағы жылы аудандық бюджет есебiнен Балалар музыка мектебiнiң ғимараты жөнделдi, оған 14,5 млн. теңге бөлiндi. 3,2 млн. теңгеге Азат ОМ жылыту жүйесi жөнделдi. ЖҚЖК-2020 Бағдарламасының бiрiншi бағыты бойынша № 3 Ақкөл орта мектебiнiң аумағын абаттандыру жасалды, Азат ОМ мен Новорыбин ОМ төбе жабындылары жөнделдi, бұл жұмыстарға 16 млн. теңге бөлiндi.

Аудандық бюджет есебiнен Новорыбин ОМ күрделi жөндеуiне ЖСҚ әзiрлеу басталды.

2016 жылы 105 бiтiрушi ҰБТ-ге қатысты. Аудан бойынша орташа балл — 76,2. 6 үмiткердiң 4-i «Алтын белгi» алуға лайықты бiлiмдерiн растады.

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласының негiзгi мiндеттерi бастауыш медициналық-санитарлық көмек көрсету, аурулардың алдын алу, салауатты өмiр салтын насихаттау болып табылады.

Қан айналым жүйесiнiң ауруынан өлгендер саны (38-ден 36-ға), қатерлi аурулардан ( 24-тен 23-ке), жарақаттардан (36-дан 25-ке).

Ағымдағы жылдың 11 айында 330 бала туылып, 240 адам дүниеден өттi. Туу көрсеткiшi 1000 адамға шаққанда 12,1-ден 12,5-ке дейiн өстi, өлiм көрсеткiшi 10,6-дан 9,1-ге төмендедi.

Аудандық бюджет есебiнен 5 болашақ медицина маманы жоғарғы медициналық оқу орындарында оқып жатыр және 1 адам мемлекеттiк-жеке әрiптестiк шеңберiнде оқиды.

Жаңа орталық аудандық емхананың ашылуы ауданымыз үшiн маңызды оқиға болды. Үш қабатты медициналық мекеме 26,5 мың адамға қызмет көрсетедi.

Орталық аудандық аурухана жанында 10 орындық травмотолгоиялық бөлiм ашылған. Ол жерде жақын орналасқан аудандардан (Шортанды, Бұланды) келген науқастарға да қызмет көрсетiледi. Бөлiм заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған.

Мәдениет және спорт

Ауданда 20 кiтапхана мен 9 клубтық мекеме iстейдi.

Ағымдағы жылы орталық аудандық кiтапхана мен Кеңес Одағының батыры, № 1 Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының бiнiншi қорғаныс министрi, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов мұражайының қасбетi жөнделдi, оған ақкөлдiктермен қатар аудан қонақтары да барады.

Қаланың орталық көшесiнде гүл бағы және Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың ескерткiшi орнатылды, оның ашылуына елiмiздiң барлық қоғамдастығының назарында болды, сонымен бiрге қалаға кiре берiсте батырдың стелласы орнатылды.

Наумов селолық Мәдениет үйiнде 3,6 млн. теңге сомасына шатырлы төбе жабындысы орнатылды.

Ауданның клубтық мекемелерiнде бiрнеше жылдар бойы 85 клубтық құрылымдар iстейдi. Новорыбин хоры мен Ақкөл балалар үйiнiң «Смаил» би ұжымы «Халықтық» деген аттаққа ие. Ақкөл балалар үйiнiң «Мрия» қасықшылар фальклорлық ансамблi «Үлгiлi» деген атақтың иесi болып табылады.

Ауданда 60 дене тәрбиесi ұжымы бар, олардың iшiнде 30 ұжым ауылдық елдiк мекенде орналасқан. Жергiлiктi бюджет есебiнен барлық селолық округтерде спорт әдiскерлерi жұмыс iстейдi.

Қарт адамдар мен тiрек-қозғалыс аппаратының ауруларымен ауыратын, тұлғаларға арналған «Кинезис» емдеу-сауықтыру орталығы жұмыс iстейдi.

2014 дылдың мамыр айынан бастап Ақкөл қаласында жүзу бассейнi жұмыс iстейдi. Биылғы жылы бассейнге 25 мың адам келдi, соның iшiнде 16 мыңы балалар.

Қоғамдық құқықтық тәртiп

Аудандық Iшкi iстер бөлiмi мен Жергiлiктi полиция қызметiнiң жұмысы жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, жеке құрамның арасында тәртiп мен заңдылықты нығайтуға және азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Аудан аумағында қылмыстың барлық түрлерi бойынша 328 қылмыс тiркелдi, өткен жылмен салыстырғанда 11% төмен. Қылмысты ашу 90,5% құрап, бұл көрсеткiш 19,7% өстi.

2015 жылға арналған басымдықтар мен мiндеттер

Елбасы барлығымыздың алдымызға жаңа жаһандық тапсырмалар қойды, сондықтан, әрбiр әкiм, барлық мүлiк түрлерiндегi кәсiпорындардың басшылары осы жұмысты басқаруы тиiс.

2016 жылы жасалған iстiң барлығы болашаққа сенiммен қарауға мүмкiндiк бередi, бұл Елбасы қойған тапсырмалармен қатар орындалуы қажет, жаңа жоспарлар мен жобалардың мықты iргетасы болып табылады.

2017 жылы құны 110 млн. теңге болатын, «Ақсақалова» ЖК-дiң туристiк базасын, құны 30 млн. теңге болатын, «МММ» ШҚ-ның сүт-тауарлы фермасын, құны 150 млн. теңге болатын, «АФ Табиғат ЖШС-нiң сүт-тауарлы фермасын, құны 25 млн. теңге болатын, «Терем.ОК» ЖШС-нiң шәй мен жарманы бөлшектеп өлшеу, шәй жапсырмаларын дайындау цехын, құны 50 млн. теңге болатын, «Казанов» ЖК-дiңбөтелкедегi су мен лимонад құю цехын iске қосу жоспарланған.

Агроөнеркәсiп кешенi экономикамыздың негiзгi және стратегиялық секторы болып қала бередi. Топырақты жақсарту, майлы дақылдарға арналған егiн алаңдарын көбейту, еттi мал шаруашылығын дамыту мәселелерi өзектi болып табылады.

Жаңа жылда инфрақұрылымға үлкен көңiл бөлiнетiн болады. Ақкөл қаласында автомобиль жолдарын ағымдық жөндеуден өткiзу жоспарланып, оған 40 млн. теңге бөлiндi.

Минск ауылының тұрғындарын сапалы iшiмдiк суымен қамтамасыз етумәселесi өз шешiмiн табатын болады. 2017 жылға аталған ауылдың ұңғымалы су жинағышы мен сумен қамту жүйесiн қайта қалпына келтiру үшiн бюджеттiк қажараттан 163 млн. теңге бөлiндi.

Абаттандыру бойынша жұмыстар қала мен ауылдарда өмiр сүру жағдайларын жақсартуға бағытталады: аулаларда жаңа ойын алаңдары орнатылады, қала және ауыл тұрғындары демалатын саябақтар ашылады.

Коммуналдық шаруашылығы әрi қарай дами бермек, «Акколь Горкомхоз» шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнын арнайы техникамен қамту жұмысы жалғасады, бұл мақсатқа 8,5 млн. теңге қаражат бөлiнген.

Халықты жұмыспен қамту мен олардың кiрiстерiн көбейтуге кiшi және шағын бизнестi қолдау бойынша жұмыс жүргiзiледi, «Бизнестiң жол картасы — 2020» Бағдарламасына қатысу да осыған бағытталған.

Денсаулық сақтау саласында әлеуметтiк маңызы бар ауруларды азайту, аналар мен балаларды қорғау бойынша жұмысты жалғастыру жоспарланған.

Ауданның жоғары интеллектуалдық және еңбек ресурстарының, жоғары экономикалық және рухани әлеуетiнiң арқасында, аймақ алдына қойылған барлық тапсырмалар толығымен орындалатын болады.

Мақаланың шыққан күні: 08.12.2017 18:23
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.12.2017 18:23
Қаралым саны: 1718

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz