A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Қазақстан мемлекетінің кофессионалдық саясаттағы негізгі ұстаным-қағидалары мен міндеттері

Қазақстан Республикасының Президентi — Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтық татулық пен ұлтаралық келiсiм — бiздiң басты құндылығымыз. Көп этносты елiмiздегi татулық пен келiсiм, мәдениеттер мен дiндердiң үндесуi әлемдiк эталон ретiнде танылған. Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталығы болып саналады деп көрсетедi. Биыл 2015 жылы Қазақстанда әлемдiк дәстүрлi дiн өкiлдерiнiң V- шi съезiн өткiзу жоспарлануда. Бүгiнгi әлемдегi алпауыт елдер арсындағы геосаяси текетiрестiң өршiп тұрған кезiнде,ислам дiнiндегi елдер халқын алапат соғыс ойранына тартқысы келiп жатқан «Ислам мемлекетi» деген терроршыл дiни-теократиялық еш ел мойындамаған, танымаған мемлекттiң құрылуы сияқты оқиғалам әлемнiң бейбiтшiлiк сүйгiш, барша адамдарды дiнiне қарамай бағалайтын адамгершiлiк арнасында дамып келе жатқан елдердi алаңдатуда.

Қазiргi таңда Қазақстанда мемлекетiмiздiң алтын қазығы болып отырған қазақ халқының өкiлдерiнен басқа ондаған ұлттардың өкiлдерi мен 19 конфессионалдық дiни топ өкiлдерiнiң бейбiт қатар өмiр сүруi мен дамуы үшiн барлық қолайлы жағдай жасалған. Олардың дiни-мәдени дамуына ықпал жасау үшiн дiни және мәдени орталықтар мен Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты қоғамдық-саяси институттар да жұмыс iстеуде. Қазақстан 2011 жылғы жағымсыз оқиғалардан кейiн өзiнiң дiни-қатынастар саласындағы саясатын жүйелi жолға қоюға қол жеткiздi. Бiздiң соңғы екi ғасыр бойы көршi елдердiң отрашылдық саясаты тепкiсiмен үзiлiп қалған елдiгiмiз бен мемлекттiгiмiздi нығайта түсуде ұлттық-азаматтық (идентификация) сәйкестену үдерiсiнде дiннiң рөлi ерекше. Бiр жағдайларда дiн қоғам мемлекеттiң бiрлiгiне қызмет қылса, екншi бiр жағдайларда ол елдi бөлшектеуге де себеп болуы мүмкiн, дiннiң әсiресе сырт күштердiң тәуелсiз елдердiң iшiкi iстерiне араласуға таптырмайтын әмбебап құралына айналып отырғандығын Таяу Шығыстағы болып жатқан қантөгiстi оқиғалар айқын көрсетiп отыр.

Қазақстандағы дiндердiң дамуы дiни сенiм бостандығы, рухани даму, елдегi азаматтық татулық пен конфессияаралық келiсiмдi сақтау мен нығайтуға бағытталған мемлекеттiң жүйелi саясатының нәтижесi болып саналады.

Соңғы екi онжылдықта дiн мен конфессияаралық қатынас аясындағы жағдай айтарлықтай өзгерiске ұшырады. Дiни ахуалдың жай-күйi, өсу қарқынына жасалған талдау өскелең ұрпақ өкiлдерiнде дiндарлықтың артқандығын байқатады. Ақмола облысының бiрқатар аудандарында жүргiзiлген әлеуметтiк зерттеулер жастардың ширек бөлiгiне жуығы «терең дiни сенiм» деңгейiне көтерiлгендiгiн анықтап отыр.

Және де бұл жеке тұлғаның табиғи рухани қажеттiлiгi тұрғысында ғана емес, қоғамда қалыптасқан мәдени және рухани дәстүрге нұқсан келтiруге талпынатын жалған дiни ұйымдар қызметi арқылы да өсуде.

2009 жылы жүргiзiлген ұлттық халық санағының мәлiметi бойынша Қазақстан тұрғындарының 70%-дан астамы өздерiн мұсылман санаса, 25%-ы христиан, 0,3%-ы иудей, 0,1% — буддист санайтындығын көрсеткен. Бұл жерде ескеретiн жайт ол әрқашанда қалыпты елдерде (ғылыми зерттеулер көрсетiп отырғандай) «терең дiни сенiмдегiлер жалпы белгiлi бiр дiн жолындағымын дегендер халықтың 15-20 % ғана құрайтындығын анықтап отыр. Қалған жұрт «пассивтi» дiншiлдердi, бiрiншi кезекте өздерiн белгiлi бiр дiни мәдениеттiң өкiлдерi деген «дiншiлдер» санатына қосылады. Жалпы алғанда ақмолалықтар 2014 жылғы әлеуметтiк зерттеу нәтижелерiне сүйенетiн блосақ мемлекетiмiздiң конфессияларға қатысты конфессияаралық келсiм мен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған саясатын қолдайтындығын айқын бiлдiрген.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтыратындығы көрсетiлген. Нақты осы негiзде бүгiнгi таңда мемлекет дiн аясындағы өз саясатын жүзеге асыруда. Дегемен, әр ел өзiнiң ғасырлар бойына келе жатқан салт-дәстүрi мен мәдени, зайырлы құндылықтарын мемлекеттiк ресурстың барлық мүмкiндiгiн пайдалана отыра қорғайтындығын Европа мен Азияның дамыған елдерiнiң дiн саласындағы саясатынан айқын байқалады, осы ретте Қазақстан да бұл үдерiстен тыс қалған жоқ.Себебi Қазақстан әлем елдерiмен кең ауқымды қарым-қатынас жасайтын елдер санатынан. Қандай да бiр өткен шақтың супер идеологиясы немесе елдi, халықты әлемдiк iлгершiл даму үдерiстерiнен оқшаулайтын қауымдар Қазақстанның дербес тәуелсiз ел ретiндегi табиғатына қайшы келетiнi сөзсiз. Сол себептi де әлем елдерi тәжiрибесiн ескере отырып, Қазақстан дiни конфессияларға қатысты саясатын келесi бағыттар бойыша жүргiзiп келедi.

Дiн саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi мiндеттерi:

1. Азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ету және дiни бiрлестiктермен өзара әрекеттестiк орнату.

2. Қазақстандық қоғамда конфессияаралық келiсiм мен тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық диалогты ұйымдастыру және қолдау.

3. Дiни экстремизм мен терроризмге қарсы iс-қимыл, дiн саласындағы ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету.

Көрсетiлген мiндеттер орталық мемлекеттiк органдармен қатар жергiлiктi атқарушы органдар саясаты ретiнде жүзеге асырылады.

Қазақстандағы конфессионалдық саясаттың құрылуына негiз болатын басты ұстанымдар:

1. Елдiң Конституциясы мен заңдары азаматтардың ар-ұждан және дiни сенiм бостандығына кепiлдiк бередi. Конституция конфессионалдық, этникалық және өзге де белгiлердегi кемсiтушiлiктiң кез келген формасына тыйым салады. ҚР «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Заңы дiни бiрлестiктердiң еркiн қызмет етуi үшiн құқықтық негiздi нығайтты. Қазақстан адам құқығы аясындағы маңызды халықаралық келiсiмдер мен шарттарға, оның iшiнде осы саладағы БҰҰ-ның iргелi пактiлерiне қосылды.

2. Қазақстан зайырлы және құқықтық мемлекет саналатындықтан, мемлекет конфессиялардың өз қызметтерi мен құқықтарын жүзеге асыруға тең және қолайлы жағдай жасайды.

Аталған ұстанымдар дiни бiрлестiктер санының айтарлықтай артуына және конфессиялар арасында достық байланыстың нығаюына себепшi болды. Қазақстан тұрғындарының басым көпшiлiгi өздерiн мұсылман санауы өзге дiни сенiмдердiң толыққанды қызмет етуiне кедергi жасамайды. Мұсылман емес дiни бiрлестiктер санының артуы осыған дәлел бола алады. Тәуелсiздiк алған кезеңнен берi православиелiк, католиктiк, протестанттық қауым саны бiрнеше есеге өстi.

Азаматтық қоғам институттарының — үкiметтiк емес ұйымдар, Қазақстан халқы Ассамблеясы, сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының дiн саласындағы мемлекеттiк саясаттың жүзеге асуына белсендi қатысуы Қазақстандағы конфессиялық тұрақтылықтың нығаюында маңызды рөл атқарады. Бүгiнгi таңда халықтың түрлi деструктивтiк, оның iшiнде жалған дiни идеяларды мойындамаудағы нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру маңызды саналады.

Дiндердiң бейбiт қатар өмiр сүруi, экстремизмнiң таралуына қарсы iс-қимыл, жалпы алғанда Қазақстанның iшкi және сыртқы саясатының басым мiндеттерi болып табылады. Дiни және этникалық негiздегi қақтығыстар, мәдени, әлеуметтiк, саяси құқықтардың шектелуi, этникалық немесе конфессионалдық белгiлердiң, дiни экстремизм мен терроризмнiң мемлекеттiң саяси жүйесiнiң тұрақсыздығына, халықаралық қатынастардың шиеленiсуiне себеп болуы мүмкiн екендiгiн есте сақтау қажет.

Қорыта келе, қазiргi таңда Қазақстанда дiни бiрлестiктердiң iшкi iсiне араласпауға, дiни сенiмдерге құрметпен қарауға, заң алдында түрлi дiн өкiлдерi тең дәрежеге ие болуына негiзделген мемлекет пен дiндер арасында бiрегей үлгi орнағандығын айта кету керек.

2013 жылғы әлеуметтанулық сауалнаманың мәлiметтерi бойынша дiн саласындағы мемлекет саясатын ел азаматтарының 89%-ы қолдайды. Осыған сәйкес, дiн саласындағы мемлекет саясатын, осы саладағы мемлекеттiк бастамалардың қоғамдық қолдауға ие болғандығын есепке ала отырып, толықтай жетiстiкке ие деп атауға болады.

Бiздiң елiмiздiң түрлi конфессиялармен өзара әрекеттестiк орнату тәжiрибесiн халықаралық ұйымдар мен шетелдiк серiктестер, оның қатарында БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ зерттеп, зерделеуде. Қазақстан мемлектiнiң дiни қатынастар саласындағы саясатының соңғы бесжылдықтағы тәжiрибесi әсiресе қазiргi әлемдегi қаржы- экономикалық,саяси-өркениеттiк тұрақсыздық пен дағдарыстар орын алған уақытта көптеген елдердiң назарын өзiне аударуда.

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 16:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 16:18
Қаралым саны: 1332

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz