A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Өскелең ұрпақтың дара жолы

Елбасы Н.Назарбаев ғылым, бiлiм, мәдениет пен тарихты тұтастай қамтитын ұлттық рухани жаңғыру бағдарламасында «Бiздiң мақсатымыз айқын, бағытымыз белгiлi, ол — әлемдегi ең дамыған 30 елдiң қатарына қосылу» деген болатын.

Қоғамның болашағы — бүгiнгi жас ұрпақ. Әр халық өзiнiң тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгiштiкке, шыншылдыққа үндеп отырған. Әрi осы жаңа дәуiрдегi ұлттың рухани жаңғыру жолының алты бағдарын ұсынды.

Латын әлiпбиiне көшу — Мәңгiлiк Елдiң рухани жаңғыруының басы. Мұндағы қазақ тiлiн бiртiндеп латын алфавитiне көшiру — заман талабы. Қазақ «Туған жерге туыңды тiк» деп бекер айтпаған. Адам баласы — шексiз зерденiң ғана емес, ғажайып сезiмнiң иесi. Туған жер — әркiмнiң шыр етiп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиеттi мекенi, талай жанның өмiр-бақи тұратын өлкесi.

«Туған жер» бағдарламасы жаңа ғасырдағы әлемдiк, өңiрлiк, iшкi-сыртқы тәуекелдерге қарсы тұра алатын отаншылдық тәрбиенiң, ұлтжандылықтың кепiлi болмақ. «Туған жерiн сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елiн» — мағынасы өте терең сөздер.

Сондай-ақ, «Қазақстанның киелi жерлерiнiң географиясы» жобасы жалпыұлттық қасиеттi орындарды және аса қастерлi жерлердi сақтауға, әрi елдегi туристiк инфрақұрылымды дамытуға мүмкiндiк бередi.

«Жаһандағы заманауи қазақ-стандық мәдениет» жобасын iске асыру Қазақстанды өз шығарма-шылығы арқылы дүние жүзiне танытатын көптеген таланттарға жол ашады. Әрбiр жердiң, судың, таудың атауынан шығу тарихын кейiнгi ұрпаққа айтып жеткiзiп отыру керек.

«Қазақстандағы 100 жаңа есiм» жобасы бүгiнгi замандастарымыз-дың түрлi салалардағы жетiстiктерiн дәрiптеудi қамтамасыз етедi және жастарды адамгершiлiкке тәрбиелеудiң жарқын үлгiсi болады. Бiз «жаныңда жүр жақсы адам» деген сөздiң байыбына бара бермеймiз. Шын мәнiнде, өзiнiң еңбегiмен, бiлiмiмен, өнерiмен озып шыққан қаншама замандастарымыз бар.

Бiз ХХI ғасырдың жаһандық картасында ешкiмге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын iске асыруға тиiспiз. Оқу-шыларды Отанды, туған жердi, өзiнiң халқын сүюге тәрбиелеу — мұғалiмнiң аса маңызды, аса жауапты да қадiрмендi парызы. Елiмiз егемендiк алғаннан берi жас ұрпақтың тәрбиесiнiң темiрқазығы — қазақстандық патриотизм болып саналады. Әл-Фараби атамыздың әдемi сөзi бар: «Адамға ең бiрiншi бiлiм емес, тәрбие берiлуi керек, тәрбиесiз берiлген бiлiм — адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өмiрiне апат әкеледi».

Өскелең ұрпаққа адамзат тарихына да ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық тәрбиенi, отаншылдықты, елжандылықты дамыту — қазiргi кездегi көкейтестi мәселелердiң бiрi болып отыр. Ендiгi мiндет — осы айтылғандарды iске асыру жолында аянбай еңбек ету.

С. Сыздықова,

Еңбек орта мектеп-бақшасының тәрбие iсiнiң меңгерушiсi.

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 14:54
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 14:54
Қаралым саны: 921

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz