A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет - ресурстардың қауіптілігі

Бүгiнгi таңда интернет-ресурстардың ақпарат таратудағы,ақпараттық ықпал жасаудағы мүмкiншiлiгi дәстүрлi БАҚ құралдары, газет,радио,тiптi телевидениеден кем емес.

Өкiнiшке орай осынау ғылым -мен техниканың жетiстiгiн экстремизм мен терроризмдi насихаттайтын түрлi ұйымдар өздерiнiң адамгершiлiкке жат қылмысты iстерiне белсендi түрде пайдалануда.Әлемдiк ғаламтор кеңiстiгi әртүрлi экстремистiк топтар мен жекелеген дiн уағыздаушылар үшiн оңай, қол жетемдi,олардың қылмысты iстерiне иделды жағдай тудыратын орта болып табылады. Радикалды бағыттағы дiн уағызшылары Интернет-ресурстар арқылы өз идеяларын қолдайтын адамдар санын күннен -күнге арттырып отыруға тырысады. Бұл ретте әсiресе «таза» ислам жолында жүрмiз дейтiндер өздерiнiң радикалды идеяларын кеңiнен насихаттауда бiраз мүмкiндiк алып қалған болатын. Оған дәлел ретiнде уәж келтiретiн болсақ, ол қазiргi уақытта әлемнiң әр түпкiрiнен, соның iшiнен Қазақстаннан барған содырлардың Сирия мен Иракта «Ислам халифатын» құру жолында әсiре исламшылдар жағында соғыс қимылдарына қатынасып жатқанын айтуға болады. Бұл фактiлер бiздiң қазақстандық қоғам үшiн қазiргi кезеңде дәстүрлi емес сәләфи-исламды уағыздаушылар тарапынан едәуiр қауiп төнiп тұрғандығын көрсетедi.

Осындай радикалды бағыттағы әсiре исламшылдар өз жақтастарынан фанатикалық деңгейде дiни сенiмге берiлудi, өзге дiндерге төзбестiкпен қарауға, өз мақсаттарына жету үшiн саяси практикада террор тағы да басқа күш қолданудан,зорлық-зомбылық жасаудан тайынбайтын адамдарды тәрбиелеуге тырысады. Ғаламторға «кiрген» кез -келген адам жаңа таратылып жатқан әртүрлi дiни iлiмдер мен ағымдар туралы мол мәлiмет ала алады. Ол сайттарда ислам әлемiнде уағыздары зиянды деп танылған дiни ұстаздар өздерiнiң адасқан ағымдарын таратуға бар күшiн салуда.

Мәселен бүгiнгi күнде Әлемдiк ғаламторда 40 тiлде хабар тарататын барлық белгiлi экстремистiк топтар әрекет етiп келедi. Мысыр елiнде Жерорта теңiзi жағалауында 2015 жылдың ақпанында радикал-исламшылдардың адамдарды жаппай қырғынға ұшыратқаны туралы бейнеролигi бар әлемдi дүр сiлкiндiрдi, дiни фанатизмнiң шынайы бет-бейнесiн әшкере еттi. Ол бейнероликтi әсiре исламшылдар халық арсында үрей психологиясын тудыру үшiн жасаған едi, нәтижесi керсiнше болып шықты.

Сонымен бiрге Интернет жүйесiнде түрлi жарылғыш заттар мен қаруды жасаудың, терактiлердi ұйымдастырудың нұсқаулықтарының орналастырылуы өте зиянды, әрi қауiптi ақпарат болып саналады. Атырау қаласында 2011жылдың 31 қазанында облыс әкiмдiгi ғимараты мен прокоратура жаныда жарылған екi бомба да осындай жолмен дайындалған бомбалар болған едi.

Интернет терроризмнiң тағы бiр қауiптi жағы ол маңызды мемлекеттiк құрлымдарға тиiстi компьютерлiк бағдарламаларға шабуыл жасап, мемлекеттiк құпияны бұзуы және сол арқылы тұтас қоғамға, мемлекетке зор қауiп төндiре алуында деуге болады. Интернет-сайттары арқылы кездесулер мен қарсылық акцияларын өткiзу уақытын,қарсылық жасаудың формасы туралы,немесе дiни мәселердi талқылауға арналған сұрақтарға дейiн өзара келiсiп алуға жағдай тудырып, ондай топатардың бiрлесе қимылдауына ықпал ете алатындығы дәлелденген.

БҰҰ осындай жайттардың алдын алу мақсатында 1998 жылдың желтоқсанында 53/70 3 резолюциясы қабылданып ол бойынша барлық БҰҰ-ға мүше елдер өзара ақпарат ауысу мiндеттелiндi.

Өткен жылғы РФ-ның Антитеррористик комитетiнiң мәлiметiне қарағанда 7 мыңға жуық сайттардың террористiк және экстремистiк бағыттағы екендiгi оның iшiнде 500- орыстiлдi сайттарға жататындығы анықталды.

Едәуiр уақыт бойына дiни-қоғамдық қатынастардатуындап жатқанжаңа проблемалар мәселесiн реттеуде,оның iшiнде Интернет-ресурстарда белең алған терiс ағымдарға сенiмдi тосқауыл қойылмай келген болса, 2011жылғы бiрнеше террорлық шабуылдардан соң, бұл мәселеге мемлекет тарапынан жiтi көңiл бөлiнiп, ҚР -ның тиiстi заңдарына өзгерiстер енгiзiлдi. Қазақстан Президетi қол қойған 2009 жылғы 9-шы шiлдеде қабылданған заңға сәйкес барлық интернет-ресурстар (сайттар,чаттар, форумдар мен блогтар т. б.) басқа БАҚ-мен теңестiрiлдi; олардың иелерi басқа БАҚ құралдарының иесi сияқты жауапкершiлiкте деген норма енгiзiлген болатын. Дiни терроризм мен экстремизмнiң талдын алу мақсатында бiрқатар заңнамалық актiлерге толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлiп қылмыстық жауапкершiлiк өмiр бойға бас еркiнен айыруға дейiн күшейтiлдi. Сондай-ақ, тероризм мен экстремизммен мемлекет тарапынан күштеу, мәжбүрлеу әдiстерiнен басқа саяси-экономикалық, құқықтық, әлеуметтiк,тәрбиелiк, насихат шараларына басымдықтар беру көзделген.

Мәселен, Қазақстан республикасында дiни экстремизм мен терроризмге қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2013-2017 жылдарға арналған Мемлекеттiк Бағдарламада мемлекеттiк органдар алдына қойылатын негiзгi бағыттардың бiрi ретiнде осы бағдарламаның 12-шi пункiтiнде дiни экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттайтын материалдарды,соның iшiнде құқыққа қайшы контенттi анықтау жөнiндегi қазiргi заманғы бағдарламаларды енгiзу арқылы, баспа және электрондық БАҚ, соның iшiнде Интернет ресурстардың тұрақты мониторингiн ұйымдастыру мiндеттелген болатын. Сол уақыттан бастап Қазақстан Республикасында Құқық қорғау және арнайы мемлекеттiк органдар Интернет ресурстарын мониторинг-сараптама-сүзгiден өткiзiп келедi. Өткен 2014 ж. iшiнде елiмiз бойынша 756 сайттың қызметiне байланысты соттың 35 шешiмi шығарылған. Оның iшнде 171 сайт дiни экстрмизм мен терроризмдi насихаттағаны үшiн бұғақталды. Елiмзде құқық қорғау органдарынан басқа осы мәселемен арнайы айналысатын мемлекеттiк құрылым 2011 жылы әуелi Дiн iстерi Агенттiгi, кейiннен Қазақстан мәдениет және спорт министрлiгi жанынан Дiн iстерi Қомитетi болып табылады. Өткен жылдың желтоқсанында Комитет Қазақстан аумағында әрекет жасаған 244сайттың қызметiн бұғақтау жөнiнде ұсыныс түсiрген. Бұл жұмыс Ақмола облысында да қолға алынып ,жүйелi жұмыс жүргiзiлiуде. Мәселен, Ақмола облысы дiн iстерi басқармасы жанындағы «Конфессияаралық қатынастарды дамыту және талдау орталығы» КММ-мен 2014-жылы әлеуметтiк желiлерден 30 аса заңмен тыйым салынған парақшалар мен топтар анықталып, Дiн iстерi комитетiне сараптамаға жiберiлдi.

Зиянды Интернет-ресурстарының ықпалын шектеу үшiн тек қана күштiк құрлымдардың iс-әректiнiң жеткiлiксiз болатындығы белгiлi, сондықтан да радикалдық идеяларға тиiмдi тосқауыл қою, үшiн және азаматтарымыздың дiни -мәдени сауаттылығын арттыру мақсатында«E-islam» -ақпараттық-танымдық порталы ашылған. Бұл ақпараттық-танымдық порталда танымал әлеуметтiк желiлерде дiн саласындағы туындайтын мәселелерге қатысты түсiндiру, дiнтанушылық бiлiм беру жүйесi жасалынған. Мұнда ислам дiнi мен қазақтың дәстүрлi рухани құндылықтары туралы мәлiметтер жинақталған. Осы құрылған интернет ресурстар әсiресе жастар арасында ғаламтор кеңiстiгiнде тиiмдi жұмыс iстеуге мүмкiндiк бередi. Сонымен қатар ҚМДБ-ның орталық және жергiлiктi жердегi интернет-реурстары: muftyat. kz , muslim. kz azan. kz және басқалары дәстүрлi ислам руханиятына қызығушылар үшiн шынайы ақпарат пен дiни сауаттылықты артыруда тиiмдi iс атқаруда деуге болады.

ХХI ғасырдың бiрiншi онжылдығы тәжiрибесi көрсетiп отырғандай кез келген қоғам мемлекет үшiн әскери, экономикалық қауiпсiздiк пен қатар ақпараттық қауiпсiздiктiң де орасан зор маңызға ие болғандығы және бұл ретте Интернет-ресурстар әсiресе жастар арасында басты ақпарат көзiне айналғаны дәлелдеудi қажет етпейтiн аксиома. Бүгiнгi ғаламтор бiлiм мен ғылым,пайдалы ақпарат пен қатар осындай негативтi зиянды ақпараттың көзi де бола алатындығын елiмiздiң әр азаматы ескеруi қажет деп санаймыз.

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 16:13
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 16:13
Қаралым саны: 950

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz