A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Өнімді еңбек - қоғам дамуының кепілі

Қалабай Г.Б.
Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi Дiн iстерi комитетi
Дiн мәселелерi жөнiндегi ғылыми-зерттеу және талдау орталығы
ғылыми қызметкерi


ӨНIМДI ЕҢБЕК — ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕПIЛI

«Адал еңбекпен мал iздемек — ол арлы адамның iсi» деп дана Абай айтқандай расында да, адамзат пайда болғаннан берi өзiнiң қажеттiлiгiн тек еңбек арқылы қамтамасыз етiп келедi. Еңбек адамды адалдық, табандылық, жауапкершiлiк сияқты қасиеттерге баулып игiлiкке жеткiзедi. Осындай адамзат дамуының игiлiгiне қатысты Елбасымыз баршаға өзiнiң «Қазақстанның әлеуметтiк жаңартылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламасын жария еттi. Бұл бағдарлама қазақстандықтарға жаңа серпiн, жаңа үмiт сыйлағаны анық.

Бағдарлама аясында қарастырылған тақырыптар заманның өзектi мәселелерiне баса назар аударып, әлеуметтiк жаңғырту саясатының негiзiне шынайы өндiрiстiк еңбектi қою мiндетi артылған. «Бұл — практикалық, прагматикалық идея. Ол маған тiптi етене жақын, өйткенi, мен қазақстандықтар жақсы бiлетiндей, өзiмнiң кәсiби жолымды «ақ саусақтар» секiлдi кабинетте де, паркетте де емес, жұмысшы-металлург ретiнде бастадым. Ал бұл, атап айтсам, нағыз кәсiп болып табылады!» деген Елбасының бұл сөздерiнен жастарды еңбектiң түрлi саласын меңгерiп, қиындыққа қарамастан еңбек жолын өндiрiсте бастап, жұмысшы маман болудан бас тартпай, өз үлгiсiн мысал ете отырып, жастарды қажырлы еңбек етуге шақырды.

Бәсекеге қабiлеттi ұлт болып қалыптасуда кейбiр жастарымыздың психологиясында қалыптасқан шеттен тыс қанағатшылдық сезiмi еңбек жолында табысты нәтижеге қол жеткiзу үшiн тәжiрибе жинақтауға, жаңа мақсат-мүдделерге, болашаққа талпынуға кедергi келтiредi. Керiсiнше, жастар еңбек етуде үнемi жаңа қарқынға, заманауи сұраныстарға сай болып отыру мақсатында өз-өзiн үнемi жетiлдiрiп, қамшылап отыруы қажет. Бұған Елбасының «Адам өзiнiң қайда бет алғандығын анық көрген кезде ғана биiкке қарай күш-жiгермен ұмтылады» деген сөздерi дәлел бола алады.

Әрине, нарықтық экономика заманында бәсекеге қабiлеттi болу үшiн бағдарламада қарастырылған бiлiм беру жүйесiн жаңғырту жөнiндегi қадамдарға жауапкершiлiкпен қарау маңызды. Бағдарлама мазмұнында көрсетiлген әлеуметтiк жаңғырту жолындағы мақсат-талаптар игi бастаманың нышанын бiлдiредi. «Еңбек етсең ерiнбей, тояды қарнын тiленбей» деп дана бабаларымыз айтқандай, еңбек ету дегенiмiз — өмiр сүру, өз талаптарыңды қанағаттандыру болса, жастарды бiлiм ордаларынан бастап-ақ еңбекке баулу және еңбек етуде бiлiмнiң алар орнын айқындап көрсету — бiздiң мiндетiмiз.

Қазiргi замандағы ғылым мен техниканың жаһандану дәуiрiнде бiлiм алудың маңыздылығын терең түсiнiп, теориялық бiлiмдерiн тәжiрибеде, яғни өндiрiсте жүзеге асыру әр азаматтан талап етiлсе, барлық өндiрiс саласында озық технологияларды игеру арқылы елiмiз нарықта белдi орын алары анық.

Соңғы кездерi елiмiзде өндiрiстiк мекемелердiң жиi ашылуы халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ете алғанымен, кей салаларда мамандардың тапшылығы байқалады. Расында да, бiлiм ордасын жаңа тәмамдаған кейбiр жас мамандар бiрден биiк мансап пен жоғары жалақыны қалайтыны жасырын емес. Бiрақ бұл барлық салада бiрдей мүмкiн бола бермейдi. Басты назарда кәсiби шеберлiктi шыңдау, бiлiктi маман ретiнде қалыптасу тұруы тиiс. Адал еңбекпен келетiн еңбектiң жемiсi берекелi, ырзыққа толы болатынын ескеру қажет.

Елбасымыздың халыққа арнаған аталмыш бағдарламасы ауқымды мiндеттердi қамти отырып, халқымыздың еңбекқорлығы мен бәсекеге қабiлеттiлiгiн оятуға үндеу болары анық.

Мақаланың шыққан күні: 17.12.2017 18:27
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.12.2017 18:27
Қаралым саны: 682

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz