A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау құқығына аккредиттеу

Өлшемдердi орындау әдiстемесi — орындалуы өлшем жүргiзудiң осы әдiстемесiмен белгiленген дәлдiкпен өлшем нәтижелерiнiң алынуын қамтамасыз ететiн операциялар мен ережелер жиынтығы. Өлшемдердi орындау әдiстемесi мемлекеттiк метрологиялық қызметпен, мемлекеттiк басқару органдарымен, жеке және заңды тұлғалармен әзiрлендi.

«Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес мемлекеттiк метрологиялық бақылау жүзеге асырылатын салаларда қолданылатын өлшемдердi орындау әдiстемелерi мiндеттi метрологиялық аттестатталуға және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi тiзiлiмiнде тiркелуге тиiс.

Өлшемдердi орындау әдiстемелерiн әзiрлеу және метрологиялық аттестаттау тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

Өлшемдердi орындау әдiстемесiн метрологиялық аттестаттау, ҚР ӨМЖ тiзiлiмiнде тiркеу және есептiк тiркеудi жүзеге асыру тәртiбi ҚР СТ 2.18-2009 «ҚР ӨМЖ. Өлшемдердi орындау әдiстемесi. Әзiрлеу, метрологиялық аттестаттау, тiркеу және қолданылу тәртiбi» орнатылған.

Өлшемдердi орындау әдiстемесiн метрологиялық аттестаттауды Мемлекеттiк ғылыми метрологиялық орталық немесе ҚР СТ 7.6-2009 «ҚР АЖ. Өлшемдердi орындау әдiстемесiн метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеуге талаптарына сәйкес аккредиттелген заңды тұлғалар жүзеге асырады. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС сайтының ақпаратына сәйкес қазiргi күнi Қазақстан Республикасында Өлшемдердi орындау әдiстемесiн метрологиялқ аттестаттау жүргiзу құқығына 4 заңды тұлға аккредиттелген: «Қазақстан метрология институты» ШЖҚ РМК өлшемдердi орындау әдiстемесiн метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын метрологиялық қызмет (Астана қаласы), «ҚР ИДМ ИДҒҚК «ҚР Минералды шикiзатты кешендi өндеу жөнiндегi ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Шығыс ғалыми-зерттеу кен-металлургия түстi металдар институты» филиалының өлшеулердi орындау әдiстемесiне МА (ШҚО), «Үлбi металлургиялық зауыты» АҚ өлшеулердi орындау әдiстемесiне метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын метроологиялық қызметi (ШҚО), «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ Алматы филиалының өлшемдердi орындау әдiстемелерiн метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын метрологиялық қызметi (Алматы қаласы).

Аттестация аккредиттеу жөнiндегi органмен Өлшемдердi орындау әдiстемесiн метрологиялық аттестаттау жөнiндегi жұмысты орындауға заңды тұлғалардың құзыретiлiгiн ресми тану мақсатында жүргiзiледi. Аккредиттеуден өту үшiн заңды тұлға аккредиттеу жөнiндегi органға («ҰАО» ЖШС) уәкiлеттi органмен орнатылған нысанға сәйкес заңды тұлғаның басшысы қол қойған өтiнiш және өтiнiш берушiнiң орнатылған талаптарды бұзушылықпен рәсiмделген және (немесе) құжаттарды толық көлемде ұсынбаған кезде, аккредиттеу жөнiндегi орган аккредиттеуден бас тарту туралы бұйрықтың көшiрмесiн өтiнiш берушiге ұсынады.

Аккредитеу жөнiндегi орган аккредитеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешiмдi заңды тұлғаның орнатылған аккредиттеу талаптарына сәйкестiгiн бағалау негiзiнде қабылдайды. Аккредиттеу аттестату бес жыл бес жыл мерзiмiне берiледi.

СЫЗДЫКОВА ЖАНАРА КЕҢЕСҚЫЗЫ

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетiнiң Ақмола облысы бойынша департаментiнiң бас маманы — Ақмола облысының мемлекеттiк бақылау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторы

Мақаланың шыққан күні: 19.12.2017 19:10
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2017 19:10
Қаралым саны: 627

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz