A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағымдану

Лауазымды тұлғалардың азаматтардан түскен өтiнiштердi қарауға байланысты iс-қимылына (әрекет жасамауына), сондай-ақ субъектiнiң шешiмiне наразылық жоғары тұрған тұлғаға немесе бағыныштылығына қарай субъектiге шағымдану жеке немесе заңды тұлғаға қабылданған шешiм белгiлi болысымен үш ай iшiнде шағым жасалады. Шағымдану мерзiмi өтiп кетсе де субъектi немесе лауазымды тұлғаның шағымды қараудан бас тартуына негiз болып табылмайды. Мерзiмдi өткiзу себебi өтiнiштi қарау кезiнде анықталып түскен арыз-шағымды қанағаттандырудан бас тартудағы негiзгi себептердiң бiрi болып табылады.

Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъектi болмаған кезде немесе шағым иесi қабылданған шешiмге келiспеген жағдайда арыз-шағым мiндеттi түрде сотқа берiледi.

«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес, арыз-шағымдарға жауап мазмұны жағынан дәлелдi негiзделген, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сiлтеме жасалып, өтiнiш иесiнiң дәлелдемелерiн растаған немесе терiске шығарған нақты фактiлерге сүйенiп, қабылданған шешiмге шағымдануға олардың құқықтарын түсiндiре отырып мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жазылған тiлде жауап берiледi. Өтiнiш иесi берiлген жауаппен келiспеген жағдайда жазбаша өтiнiшпен аудан әкiмiнiң сайттағы блогына немесе мына мекенжай бойынша: Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесi, 94 тел. 8-716-38-2-12-53 нөмiрiне хабарласып, әкiмнiң қабылдауына өтiнiшпен баруға құқылы.

Аудан әкiмi аппараты жалпы бөлiмнiң басшысы Гүлмира Жақанбетқызы Бекмағамбетова , телефон 8-716-38-2-12-53.

Дата создания статьи: 16.12.2017 01:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.12.2017 01:03
Қаралым саны: 431

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz