A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Жақсы жаршысы» газетінде 2019 жылғы 17 мамырдағы № 19 (7063) жарияланған, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткізу туралы хабарламаға өзгерістер енгізу туралы Хабарландыру

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2019 жылғы 21 маусымдағы № А-6/291 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 21 маусымдағы № 6С-35-8 шешiмi қолданысқа енгiзiлуiне байланысты «Ақмола облысындағы меншiкке немесе жер пайдалануға берiлетiн ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң ең аз мөлшерiн белгiлеу туралы» Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № А-13/598 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 5С-8-6 шешiмiне өзгерiс енгiзу туралы», «Жақсы жаршысы» газетiнiң 2019 жылғы 17 мамырдағы № 19 (7063) жарияланған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден шаруа қожалығын жүргiзу үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс өткiзу туралы хабарламада, конкурсқа шығарылатын жер учаскелерiнiң тiзбесiнде «Жер учаскесi: шаруа қожалығын жүргiзу үшiн берiледi» деген баған жаңа редакцияда жазылсын: «Жер учаскесi: шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн берiледi».

Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi қабылдау және тiркеу конкурс өткiзу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн өткен соң 2019 жылғы «7» тамыздан бастап 2019 жылғы «27» тамызға дейiн мына мекен-жай өтiнiм қабылдау және тiркеу жүргiзiледi: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесi 3, 2 қабат, 14 кабинет.

Конкурсты өткiзу күнi, уақыты және орны: конкурс 2019 жылғы 28 тамызда сағат 09:00-де Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесi 3, кiшi мәжiлiс залы мекенжайы бойынша өткiзiледi.

Қосымша (XLSX 14 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 09.07.2019 15:26
Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.07.2019 15:26
Қаралым саны: 568

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz