A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Конкурс өткізу туралы хабарландыру

«Ақкөл аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ азаматтық қызметшiнiң бос лауазымдық қызметiне конкурс жариялайды: Ақкөл аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi жанындағы «Тiлдердi оқыту орталығы» ММ директоры, 020100, Ақмола обл., Ақкөл ауд., Ақкөл қ., Нұрмағамбетов к., 71, тел. 2-13-58.

Конкурсқа қатысушылардан құжаттарды қабылдау конкурс өту туралы хабарландырудың Ақкөл ауданы әкiмдiгiнiң ресми сайтында жарияланған күнiнен басталады және 15 күнтiзбелiк күн өткенде аяқталады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық бiлiмi (қазақ тiлi, ағылшын тiлi мұғалiмi) және педагогикалық еңбек өтiлiмi кемiнде 5 жыл, сонымен қатар басқарушылық қызметiнде 1 жылдан кем емес.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген адамдар конкурс өткiзiлу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап 15 күнтiзбелiк күн iшiнде келесi құжаттарды ұсынуы тиiс:

1)қоса тiркелген құжаттар тiзiмдемесiн көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;

2)жеке басын куәландыратын құжат көшiрмесi, кадрды есепке алу жөнiндегi толтырылған жеке парағы (нақты мекенжайы мен байланыс телефондарын көрсете);

3)қызметке қойылатын талаптарға сай белгiленген тәртiп бойынша куәландырылған бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмесi;

4)еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесi;

5)ҚР Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 23.11.2010 жылғы № 907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысанын бекiту туралы» бұйрығымен (Нормативтiк-құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 тiркелген) бекiтiлген нысан бойынша денсаулығы туралы анықтама;

6)сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау туралы мәлiметттерiнiң болу-болмауы туралы анықтама.

Қажеттi құжаттар мына мекенжайға ұсынылады: Ақмола обл., Ақкөл ауд., Ақкөл қ., Ңұрмағамбетов к., 71. Анықтамалар үшiн телефон: 2-13-58.

«Ақкөл аудандық мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi» ММ

Мақаланың шыққан күні: 25.09.2019 12:51
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.09.2019 12:51
Қаралым саны: 132

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz