A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Хабарлама

Ақкөл ауданының iшкi саясат бөлiмiнiң «Ақкөл ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ Азат аулына бос спорт және мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру бойынша әдiскер лауазымына орналасуға конкурс жариялады. Лауазымдық жалақысы еңбек өтiлiне байланысты 64 629 теңгеден 92076 теңгеге дейiн.

Функционалды мiндеттерi:

1. Жасөспiрiмдер мен жастардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша шараларды әзiрлейдi және жағдайын талдайды.

2. Әр түрлi заманауи формаларды, әдiс — тәсiлдер мен құралдарды пайдалана отырып, жетекшiлiк ететiн аумақта жастармен жұмысты болжайды және жоспарлайды және жалпы жұмыс нәтижелерiне жауап бередi.

3. Жастар саясаты мәселелерi бойынша дәрiс оқиды.

4. Ауылдық округ аумағында жастар арасында iс-шараларды ұйымдастырады және өткiзедi.

5. Жұмыс бойынша құжаттаманы жүргiзедi.

6. Ауылдық округте спорттық iс-шаралардың ұйымдастырылуын және өткiзiлуiн қадағалайды және басқарарады.

7. ЖРО директорына атқарылған жұмыстар туралы есептердi ұсынады.

8. Қолданыстағы заңнама шеңберiнде ЖРО директорының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Орта арнаулы немесе жоғары бiлiм: педагог, ұйымдастырушы — педагог, дене шынықтыру және мәдениет саласында қызметi.

Келесi құзыреттер: стресске қарсы тұру, бастамашылық, жауапкершiлiк, қызмет тұтынушыларға көмек және оған ақпарат беруге бейiмдiлiгi, жылдамдылық, өзiн — өзi дамыту, тиiмдiлiк, ынтымақтастық және өзара әрекет ету.

Жұмыс тәжiрибесi: талап етiлмейдi.

Қазақ және орыс тiлдерiн еркiн меңгерген.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

Конкурсқа қатысу туралы өтiнiш ЖРО органының басшысының атына, тiркелген жерi, нақты тұрғылықты жерi, байланыс нөмiрлерi көрсетiлген.

Жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.

Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттың көшiрмесi;

Еңбек жолын растайтын құжаттың көшiрмесi;

Сотталмағандығы туралы анықтама.

«Медициналық-санитариялық алғашқы медициналық ұйымдардың нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 тiркелген) денсаулық нысаны туралы анықтама;

Толық емес құжаттар пакетiн ұсынған кезде кандидат конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күнi iшiнде мына мекен-жай бойынша ұсынылуы керек: Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл көшесi. Нұрмағамбетова 71. Анықтама үшiн телефон 8 (71638) 5-51-98, 8(71638) 5-52-48

Мақаланың шыққан күні: 15.11.2019 15:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.11.2019 15:17
Қаралым саны: 490

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz