A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Хабарландыру

Ақкөл ауданының iшкi саясат бөлiмiнiң «Ақкөл ауданының жастар ресурстық орталығы» КММ есепшi лауазымына орналасуға конкурс жариялады. Лауазымдық жалақысы еңбек өтiлiне байланысты 79813теңгеден 86 236 теңгеге дейiн.

Функционалды мiндеттерi:

Аудандық Қазынашылық бөлiм арқылы өткiзiлетiн бюджеттiк қаржының мақсатты пайдаланылуын, бухгалтерлiк есеп пен есеп операцияларын жүргiзудi қамтамасыз ету. Жүргiзiлетiн қаржы операцияларының заңды болуын, құжаттардың дер мерзiмiнде, дұрыс ресiмделуiне бақылауды жүзеге асыру. Қаржы шығысын лимитке сәйкес жұмсалуын және бюджет бойынша бекiтiлген шығыс сметасының нысаналы тағайындалуына, сонымен бiрге ақшалай қаржының және бағалы материалдардың сақталуына бақылау жүргiзу. Депозиттiк есеп-шоттары бойынша операциялар есебiн жүргiзу. Еңбекақы жалақыларын уақытында есептеп, төлем жүргiзу. Ұйымдармен және жеке тұлғалармен есептесудi уақытында жүргiзiп отыру. Мемлекеттiк кiрiстер басқармасына есептер мен декларацияларды тапсыру Басшылықпен шығыс сметасын және олардың есебiн құру, келiсу. Номенклатуралар жинағын, жоспарланған мемлекеттiк сатып алулар көлемiн нақтылау және құру. Мемлекеттiк сатып алуларды өткiзген кезде бюджет қаржысының тиiмдi жұмаслуы бойынша мониторинг жүргiзу. Қолданыстағы заңнама шеңберiнде ЖРО директорының өзге де тапсырмаларын орындайды.

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

Орта арнаулы немесе жоғары бiлiм: экономика және бизнес саласында (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) жоғары немесе жоғары бiлiм мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда экономика және бизнес саласында (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Келесi құзыреттер: стресске қарсы тұру, бастамашылық, жауапкершiлiк, қызмет тұтынушыларға көмек және оған ақпарат беруге бейiмдiлiгi, жылдамдылық, өзiн — өзi дамыту, тиiмдiлiк, ынтымақтастық және өзара әрекет ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғарыдан кейiнгi бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi. Қазақ және орыс тiлдерiн еркiн меңгерген.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

Конкурсқа қатысу туралы өтiнiш ЖРО органының басшысының атына, тiркелген жерi, нақты тұрғылықты жерi, байланыс нөмiрлерi көрсетiлген.

Жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.

Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттың көшiрмесi;

Еңбек жолын растайтын құжаттың көшiрмесi;

Сотталмағандығы туралы анықтама.

«Медициналық-санитариялық алғашқы медициналық ұйымдардың нысандарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 тiркелген) денсаулық нысаны туралы анықтама;

Толық емес құжаттар пакетiн ұсынған кезде кандидат конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар хабарлама жарияланған күннен бастап он бес күнi iшiнде мына мекен-жай бойынша ұсынылуы керек: Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл көшесi. Нұрмағамбетова 71. Анықтама үшiн телефон 8 (71638) 5-51-98, 8(71638) 5-52-48

Мақаланың шыққан күні: 11.08.2020 15:17
Парақтағы соңғы өзгерістер: 11.08.2020 15:17
Қаралым саны: 218

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

  

@2020 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@aqmola.gov.kz