A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқықтар беру қағидаларын бекiту туралы

Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқықтар беру қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 29 сәуiрде № 10871 тiркелдi.

Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 14-бабының 1-тармағының 16-5)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқықтар беру қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгi Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi және жер ресурстарын басқару комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн күнтiзбелiк он күн iшiнде мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдануын;

3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министрдiң мiндетiн атқарушы                                                                М. Құсайынов

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 255 бұйрығымен бекiтiлген

Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiне құқық беру қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң (бұдан әрi — Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына cәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн беру тәртiбiн айқындайды.

2. Жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңдардағы елдi мекендер шекараларының шегiнде жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесi олардың бас жоспарларына, жоспарлау мен құрылыс салу жобаларына және аумақтың жер-шаруашылық орналастыру жобаларына сәйкес, ал тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi елдi мекендерде — аталған елдi мекендi дамыту және оған құрылыс салу схемасына (бас жоспардың жеңiлдетiлген нұсқасы) сәйкес берiледi.

3. Сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) сату үшiн ұсынылатын жер учаскелерiнiң тiзбесiне енгiзiлгендердi қоспағанда, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерi Қазақстан Республикасының азаматтарына 0,10 гектар мөлшерiнде жеке меншiкке тегiн берiледi.

Кодекстiң 94-бабының 4-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, көрсетiлген мақсат үшiн жер учаскелерiн екiншi мәрте тегiн беруге жол берiлмейдi.

4. Жер учаскесiн жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жеке меншiкке беру жер учаскелерiн игергеннен кейiн (объектiнi (жеке тұрғын үйдi) пайдалануға беру туралы актiге қол қойылғаннан кейiн) жүргiзiледi. Игеру кезеңiнде жер учаскесi Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға Кодекстiң 92-бабына сәйкес игеру шарттары мен мерзiмдерi белгiленiп уақытша өтеулi пайдалануға (жалға) берiледi.

2. Жер учаскесiн беру

5. Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесiн алу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар уақытша өтеулi пайдалану (жалдау) құқығында жер учаскесiн жеке тұрғын үй құрылысы үшiн беру туралы ерiктi нысандағы өтiнiштi (бұдан әрi — өтiнiш) сұралып отырған жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша бередi:

1) республикалық маңызы бар қала мен астананың шекарасы шегiнде — республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмдiгi;

2) облыстық маңызы бар қаланың шекарасы шегiнде — облыстық маңызы бар қаланың әкiмдiгi;

3) аудандық маңызы бар қаланың шекарасы шегiнде — аудандық маңызы бар қаланың әкiмi;

4) кент шекарасы шегiнде — кент әкiмi;

5) село шекарасы шегiнде — село, селолық округтiң әкiмi.

6. Өтiнiште:

1) жер учаскесiн пайдаланудың мақсаты;

2) оның болжамды мөлшерi;

3) орналасқан жерi;

4) сұралатын пайдалану құқығы, жеке тұрғын үй құрылысы үшiн бұрын мемлекет өтеусiз негiзде берген басқа жер учаскесiнiң болуы (болмауы) көрсетiледi.

Қазақстан Республикасының азаматтары өтiнiшке жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн, оралмандар — оралман куәлiгiнiң көшiрмесiн қоса бередi.

7. Өтiнiштi қабылдау кезiнде осы Қағидаларда көзделмеген басқа құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге тыйым салынады.

8. Берiлген өтiнiш осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетiлген құжаттарды бермеген жағдайда жер учаскесi орналасқан жердегi республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органы (бұдан әрi — жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган) өтiнiш жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге оның өтiнiшiн қараудан жазбаша дәлелдi бас тарту бередi.

9. Өтiнiштi қараудың жалпы мерзiмi өтiнiш түскен күннен бастап екi айды құрайды.

Көрсетiлген мерзiмге:

1) Кодекстiң 44-бабының 3-тармағына сәйкес дайындалатын жерге орналастыру жобасын жасау;

2) Кодекстiң 44-бабының 6-тармағында белгiленген келiсу;

3) жергiлiктi жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу кезеңдерi кiрмейдi.

10. Өтiнiш үш жұмыс күнi iшiнде бекiтiлген қала құрылысы құжаттамасы негiзiнде сәулет және қала құрылысы органдарымен бiрлесiп, сұралып отырған жер учаскесiн мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгiн айқындау үшiн жер учаскесi орналасқан жердегi жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органға түседi.

11. Аумақты аймақтарға бөлуге сәйкес сұралып отырған жер учаскесiн мәлiмделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсыныстар дайындау мерзiмi өтiнiш келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнiне дейiнгi мерзiмдi құрайды.

12. Сұралып отырған жер учаскесiн пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсыныстарды әзiрлеу жөнiндегi материалдарды жер учаскесi орналасқан жердегi жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдар Кодекстiң 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссияға (бұдан әрi — Комиссия) көрсетiлген ұсынысты дайындағаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде бередi.

13. Комиссияның қорытындысы сұралып отырған жер учаскесiн пайдалану мүмкiндiгi туралы ұсыныс комиссияға түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде хаттамалық шешiм нысанында екi данада жасалады.

Қорытынды дайындау кезiнде Қазақстан Республикасының азаматтарында және оралмандарда жеке тұрғын үй құрылысы үшiн мемлекет тарапынан құқық берiлген жер учаскелерiнiң болуы немесе болмауы ескерiледi, олар туралы мәлiметтердi жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган комиссияға бередi.

14. Егер комиссия бөлiп берiлетiн алаңдардың болмауына байланысты сұралып отырған жер учаскесiн пайдалану мүмкiндiгiнiң болмауы туралы қорытынды шығарған жағдайда, өтiнiш осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес арнайы есепке алынады.

15. Комиссияның оң шешiмiнiң бiр данасын түскен күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiге жерге орналастыру жобасын дайындау үшiн бередi (жолдайды).

16. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн бөлiп беруге арналған алаңға жер учаскелерiн орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған кезде әрбiр жер учаскесiне жерге орналастыру жобасын жасау талап етiлмейдi.

17. Кодекстiң 44-бабының 3 және 6-тармақтарына сәйкес дайындалған және келiсiлген жер учаскесiнiң шекарасын қалыптастыру туралы жерге орналастыру жобасын тиiстi жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдар өтiнiш берушi тапсырған күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.

18. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, селоның, селолық округтiң жергiлiктi атқарушы органының (бұдан әрi — жергiлiктi атқарушы орган) уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешiмi комиссияның оң қорытындысы негiзiнде тиiстi жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен жерге орналастыру жобасы келiп түскен күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде қабылданады.

19. Тиiстi жергiлiктi атқарушы органның уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы шешiмiнiң көшiрмесiн жер учаскесi орналасқан жердегi жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдар шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге бередi (жолдайды).

20. Жер учаскесiнiң орналасқан жерi бойынша тиiстi жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi орган өтiнiш берушiмен жер учаскесiн пайдалануға құқық беру туралы шешiмнiң негiзiнде шешiм қабылданған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей, уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартын жасасады.

Жер учаскесiн игеру мерзiмi мен шарттарын жергiлiктi атқарушы орган айқындайды және жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетедi.

Егер жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесi дайын емес алаңдарда жер пайдалану құқығында берiлген жағдайларда, мұндай жер учаскесiн игеру мерзiмi оны тиiстi инженерлiк (коммуналдық) инфрақұрылыммен қамтамасыз еткен кезден бастап есептеледi.

21. Жергiлiктi жердегi жер учаскесiнiң шекарасын белгiлеу өтiнiш берушiнiң жүгiнуi негiзiнде жүзеге асырылады.

22. Жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын дайындау және беру "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган бекiтетiн мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандартында белгiленген тәртiппен алты жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.

23. Жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу жөнiндегi жерге орналастыру жұмыстары және жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын дайындау жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесi берiлетiн тұлғаның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

24. Қазақстан Республикасының азаматына бұрын жеке тұрғын үй құрылысы үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығында берiлген жер учаскесiндегi салынып бiткен жеке тұрғын үйдi пайдалануға қабылдап алу актiсi, осы жер учаскесiн жеке меншiкке беруге негiз болып табылады.

Оралманға бұрын жеке тұрғын үй құрылысы үшiн уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығында берiлген жер учаскесiндегi салынып бiткен жеке тұрғын үйдi пайдалануға қабылдап алу актiсi, Қазақстан Республикасы азаматтығын алу және жеке басын куәландыратын құжатты алу осы жер учаскесiн жеке меншiкке беруге негiз болып табылады.

25. Бұрын уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығымен берiлген жер учаскесiн жеке меншiкке алу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының азаматтығын алған оралмандар жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiн жеке меншiк құқығында беру туралы өтiнiштi сұралып отырған жер учаскесi орналасқан жерi бойынша осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетiлген тиiстi жергiлiктi атқарушы органға тапсырады. Осы тармақта көрсетiлген өтiнiшке Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар жеке куәлiктiң көшiрмесiн, жер учаскесiндегi салынып бiткен жеке тұрғын үйдi пайдалануға қабылдап алу актiсiн және жер учаскесiне сәйкестендiру құжатын қоса бередi.

26. Жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiне жеке меншiк құқығын беру туралы шешiмi сәйкестендiру құжатын дайындауға және беруге негiз болып табылатын, cалынып бiткен жеке тұрғын үйдi пайдалануға қабылдап алу актiсi келiп түскен күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде қабылданады.

3. Арнайы есепке қою

27. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскелерiн сұрау кезiнде жер учаскесiн бөлiп беру үшiн алаңдар болмаған жағдайда, Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың өтiнiштерiн жергiлiктi атқарушы органдар осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген комиссия қорытындысының негiзiнде бес жұмыс күнi iшiнде арнайы есепке алады.

28. Комиссияның қорытындысы шыққаннан кейiн Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың өтiнiштерi арнайы есепке қойылады және бөлiп берiлетiн алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшiн пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда қанағаттандырылады.

29. Жалпы тiзiмдегi кезектiң нөмiрiн көрсете отырып, өтiнiштi арнайы есепке алғаны туралы хабарламаны өтiнiш берушiге жер учаскесi орналасқан жердегi жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдар комиссия қорытындысы келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде бередi (жолдайды).

30. Бөлiп беруге арналған алаңдар болған кезде жалпы тiзiмдегi кезектiлiк сақтала отырып, өтiнiш берушiге алаңдар дайын болған күннен бастап бiр ай iшiнде өтiнiш беру қажеттiлiгi туралы хабарлама берiледi (жолданады).

31. Жердi бөлiп беруге арналған алаңдарды дайындау туралы ақпарат және жер учаскесiн алуға арналған кезектiлiк тiзiмдерi ашық болып табылады, оларға қолжетiмдiлiктi жергiлiктi атқарушы органдар тоқсанына кемiнде бiр рет оларды арнайы ақпараттық стендiлерде орналастыру және (немесе) бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жариялау арқылы қамтамасыз етедi.

4. Жер учаскесiн беруден бас тарту

32. Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жер учаскесiне құқық беруде дәлелдi бас тартуды қамтитын шешiм комиссияның терiс қорытындысы негiзiнде, комиссияның тиiстi қорытындысы түскен күннен бастап жетi күндiк мерзiмде қабылданады.

33. Жер учаскесiне тиiстi құқық беруден бас тарту туралы тиiстi жергiлiктi атқарушы орган шешiмiнiң көшiрмесiн жер учаскесi орналасқан жердегi жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдар шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге бередi (жолдайды).

© 2012. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

Мақаланың шыққан күні: 21.12.2017 10:28
Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.09.2018 15:03
Қаралым саны: 836

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz