A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Жалпы мәліметтер

Аудан рәмiзi

2007 жылғы 13 желтоқсан

 

 

Ақкөл аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № С-4-5 сессиясының шешiмiмен Ақкөл ауданының таңбасы бекiтiлдi.

Авторлары — А.Удовенко және Қ. Қапизов.

 

 

 

 

Ақкөл ауданының бiрiншi (Алексеевка) басшылары

Әкiмдер

1. Едiгенов Темiржан Қанатұлы  2013 — бүгiнгi/к

2. Әкiмов Рәшит Қайыржанұлы  2012 г.

3. Үйсiмбаев Асқарбек Съезбекұлы  2004 — 2012 г.

4. Керейбаев Рамазан Шоқыбайұлы  1998 — 2004 г.

5. Мәдияров Әбдiлрахман Советұлы  1997 — 1998 г.

6. Кириченко Валерий Николаевич  1992 — 1997 г.

Қазақстан Компартиясы Алексеевка аудандық партия комитетiнiң бiрiншi хатшылары

1. Мұқышев Айтмағанбет Жандiлдәұлы  1989 — 1991 г.

2. Дидковский Василий Иванович  1986 — 1989 г.

3. Кулагин Сергей Витальевич  1985 — 1986 г.

4. Бородина Валентина Григорьевна  1977 — 1985 г.

5. Валиев Фарид Батрутдинович  1965 — 1977 г.

6. Төлеубаев Ақтан Төлеубайұлы  1963 — 1965 г.

 

 

Жалпы мәлiметтер

Ақкөл ауданы Ақмола облысының орталық бөлiгiнде орналасқан. Аудан солтүстiгiнде Бұланды ауданымен, оңтүстiгiнде Шортандымен, батысында Астрахан, шығысында — Ерейментау аудандарымен шектеседi. Ауданның жалпы аумағы 815449,53 га мың гектар жердi алып жатыр. Аудан 1928 жылы құрылған.

Аудан орталығы болып табылатын Ақкөл қаласы облыс орталығы Көкшетау қаласынан 203 шақырым қашықтықта.

Қаланың негiзi 1887 жылы құрылған, 1965 жылы Алексеевка қаласы шағын қалалар мәртебесiне ие болды. Әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы бiр қалалық, үш ауылдық, 4 селолық округтерден және 1 ауылдан тұрады. Әкiмшiлiк орталығы Ақкөл қаласы болып табылады.

ескерту: Селета с., Филипповка с., Қырық құдық с.Бөгенбай с/о

Табиғи климаты

Жер бедерi

Аудан жерiнiң бет-бедерi жазық далалы, аласа шоқылардан тұрады. Шоқылардың биiктiгi 5-10 метрден 50-60 метрге жейiн жетедi, iшiнара 80-100 метрге жететiндерi кездеседi. Жер бедерiнiң неғұрлым күрделi үйлесiмдi жерлерi ауданның оңтүстiк-батысы мен оңтүстiгiнде және орталық бөлiгiнде кездеседi.

Жер қыртысы — өсiмдiк қабаты

Жер қыртысының қабаты қарашiрiктi, қаратопырақты, балшықты, саз балшықты және көбiне сортаң жерлер болып келедi. Аласа шоқылардың беткейлерi қуаты аз, қаратопырағы басымды, сондай-ақ тастақ — сазды топырақты, ал солтүстiктегi шоқы шыңдары мен баурайларында қарағайлы және қайыңды-қарағайлы ормандар өседi. Аудан аумағында шоқ қайың мен көк терек өсетiн жерлер жиi кездеседi. Шөптесiн өсiмдiктiң ботаникалық құрамы негiзiнен аралас болып келедi.

Ауа-райы

Аудан аумағының ауа-райы континенттiк, құрғақ. Орта жылдық ылғал мөлшерi 300-350 мм. Оның 200-250 мм жылы мерзiмге сәйкес келедi. Жылы мерзiм сәуiрдiң ортасынан бастап қыркүйектiң ортасына дейiн созылады. Аязсыз кезеңнiң ұзақтығы жылына 110-120 күн. Қатқақ суық қыркүйектiң екiншi жартысынан басталады. Қатқақ суық кейбiр жылдары тамыз айының аяғында да байқалған болатын. Қар ұшқыны қазан айының ортасында байқалады.

Жануарлар әлемi

Аудандағы жануарлар дүниесi әр алуан. Төрт аяқты аңдардан қасқыр, қабан, түлкi, қоян, қарсақ, суыр, жабайы жануарлардан — бұлан, елiктер бар. Құрғақ жылдарда ауданның дала алқаптарында ақ бөкендер, су бөгеттерiнде су аңдарынан ондатра, балықтардан карась, карп кездеседi. Кейбiр су қоймаларында язь, плотва, линь түрлерi өседi. Қанатты құстардан үйрек, қаз, қасқалдақ және т.б. ұя салады.

Табиғат байлықтары және оларды пайдалану. Аудан аумағында табиғаттың үлкен шикiзат қорлары бар: балшық, әк тас, тас пен мрамор және орман қорлары бар. 


Жер ресурстары

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша

1. Ауылшаруашылығына тағайындалған жерлер -- 492 948,49 гектар;

соның iшiнде:

- азаматтардың бау-бақша егу және саяжай құрылысын салуға арнаған жерлерi — 325,46 гектар;

- азаматтардың шаруақожалығын жүргiзуге арнаған жерлерi — 158 624,78 гектар;

- мемлекеттiк емес жерлер

— ауылшаруашылығының заңды тұлғалы жерлерi — 333 622,25 гектар;

- ауылшаруашылығының мемлекеттiк заңды тұлғалы жерлерi — 376 гектар;

2. Елдi мекендер жерлерi — 75 778,33 гектар;

3. Өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс және басқа да ауылшаруашылығына жатпайтын жерлер — 7 253,57 гектар;

4. Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жерлерi

5. Орман қоры жерлерi — 136 339,50 гектар;

6. Су қоры жерлерi -16 384,00 гектар;

7. Запастағы жер — 86 844,11 гектар;

Жердiң жалпы жиыны — 815527,53 га гектар;

Аудан аумағы — 815527,53 га гектар.

Мақаланың шыққан күні: 09.12.2017 19:48
Парақтағы соңғы өзгерістер: 18.01.2018 10:41
Қаралым саны: 1594

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz