A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорын қалыптастыру туралы жалпы ақпарат

Қазақстанда ҮЕҰ қызметi саласындағы заңнамаға қабылданған өзгерiстер аясында 2015 жылдың соңында үкiметтiк емес ұйымдардың Дерекқоры жасалды.

Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңына (бұдан кейін - Заң)өзгерістер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілді http://10.61.43.123/rus/docs/Z050000036_

2016 жылдан бастап, қазақстандық ҮЕҰ, сондай-ақ, халықаралық және шет елдiк ҮЕҰ филиалдары мен өкiлдiктерi ҚР «Коомерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41 б. 5 тармағына сәйкес жыл сайын 31 наурызға дейiн уәкiлеттi органға (Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi) өзiнiң қызметi туралы мәлiмет жiбередi. Үкiметтiк емес ұйымдардың өз қызметтерi туралы мәлiметтi жiберуi және олар туралы Дерекқорды қалыптасытрудың қағидасы (бұдан кейiн — Қағида) Мәдениет және спорт министрiнiң 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекiтiлдi (http://10.61.43.123/rus/docs/V1600013355).

Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41 б. 5 тармағына сәйкес, Қазақсатан Республикасының аумағында қызмет ететін мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор түріндегі үкіметтік емес ұйымдар, ассоциация (одақ) түріндегі заңды тұлғалар бірлестіктері, сондай-ақ бұл Заңның 17 бабымен қарастырылмаған өзге ұйымдастырушылық-құқықтық форма түрінде құрылған шет елдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (жекеленген бөлшектер) жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға өзінің қызметі, соның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), меншік құрамы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы құзыретті орган бекіткен тәртіпте қаражатты қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәлемет беруі тиіс.

Үкiметтiк емес ұйымдар туралы мәлiметтер үкiметтiк емес ұйымдармен №51 бұйрықпен бекiтiлген осы Қағидалардың қосымшасындағы нысанына сәйкес қазақ және орыс тiлдерiнде жыл сайын есептiк мерзiмнен кейiн әр жылдың 31 наурызына дейiн поштамен немесе қағаз және электронды нұсқада (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) ұсцынылады:

- 2017 жылғы 31 наурызға дейiн поштамен немесе қағаз және электронды нұсқада (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда)

- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ мәлiметтердi ҮЕҰ Дерекқорының http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы ұсына алады. Интернет-порталға ХҚКО алынған ЭЦҚ көмегiмен кiруге болады.

ҮЕҰ Дерекқорының http://infonpo.kz интернет-порталына кiргенде ҮЕҰ порталмен жұмыс iстеудiң қадамдық алгоритмi берiлген Қолданушының нұсқаулығымен таныса алады.

ҮЕҰ деректерiнiң тiзiлiмi http://www.register-ngo.kz сайты күшi жойылған.

Осылайша, есептi ақпарат толтырылған кестенiң екi нұсқада — қазақ және орыс тiлдерiнде ұсынылады.

Жалпы нысан 3 тараудан тұрады: Жалпы мәлiметтер, Қызмет туралы мәлiметтер және Мүлiк құрамы, үкiметтiк емес ұйымның қаражатты қалыптастыру көздерi мен жұмсау бағыттары туралы мәлiметтер.

Анықтама ретінде: Қағидаларға ҮЕҚ Дерекқорына есеп беру нысанын толтыру бойынша Әдістемелік ұсыныстар әзірленді, сондай-ақ ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер ұсыну бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар әзірленді. Бұл құжаттарды Дін істері және азаматтық қоғам істері министрлігінің http://www.din.gov.kz/rus/baza_npo сайтында табуға болады.

Нысанды толтыру барысында үкiметтiк емес ұйымның басшысына белгiлi бiр құжаттар тiзiмi: ұйымның жарғысы, құрылтай құжаттары, ұйым басшысының паспорттық және байланыс деректерi, ұйымның филиалдары мен өкiлдiктерiн (бар болған жағдайда) тiркеу туралы мәлiмет, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы анықтама, бекiтiлген жобалық өтiнiмдер, мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыру туралы келiсiмшарттар, гранттық келiсiмдер және т.б. есептiк мерзiмi бойынша — 2016 жыл iшiндегi бухгалтерлiк теңгерiмiнiң көшiрмесi, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүлiкке (бар болған жағдайда) құқық белгiлеушi құжат қажет болады

Есептiк мерзiмi ретiнде Дерекқорға мәлiметтердi енгiзу жылдың алдындағы күнтiзбелiк жыл болып саналатынын атап өткен жөн. Осылайша, 2017 жылдың наурыз айының жағдайы бойынша 2016 күнтiзбелiк жыл есептiк мерзiм болып есептеледi. Тиiстi тарауға сай ҮЕҰ 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейiн аяқталған жобалар туралы ақпаратты белгiлейдi.

Маңызды: үкіметтік емес ұйымдардың ҮЕҰ Дерекқорында болуы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 648 бұйрығына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша байқау өткізу аясында ықтимал жеткізуші ұсынған техникалық сипаттаманы бағалау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 413 бұйрығына сәйкес ҮЕҰ грант бөлу кезінде міндетті.

Бүгiнгi таңда «ҮЕҰ Дерекқоры» интернет-порталы әзiрлендi. Қазiр портал сынақтық режимде жұмыс iстейдi. Интернет — порталды жалпыға ортақ қолдануға енгiзгеннен кейiн ҮЕҰ жыл сайын өз қызметi туралы ақпаратты қолданушылардың жеке кабинетiндегi Үлгiге сәйкес жаңартып отырады деп күтiлуде.

Қажет ақпаратты алу үшiн «жедел желi» телефондарына жүгiнуге болады : 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47, 74-05-43.

Сонымен қатар, ҮЕҰ өз сұрақтарын Азаматтық қоғам iстерi комитетiнiң электрондық мекен-жайына жiбере алады: 74-04-28@mail.ru.

Азаматтық қоғам iстерi комитетiнiң құрамындағы ҚР ДIАҚМ Азаматтық қоғам iстерi комитетiнiң Ведомствоаралық үйлестiру басқармасы ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру үшiн жауапты.

Әкiмшiлiк жауапкершiлiк:

Үкiметтiк емес ұйымдар уәкiлеттi органға Дерекқорға мәлiметтердi ұсынбаған, кешiктiрiп ұсынған және дәйексiз немесе көрiне жалған ақпаратты ұсынған жағдайда уәкiлеттi орган «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiнде қарастырылған қабылдайды (489-1 бап: 1 тармақ — ескерту; 2 тармақ — қайталама бұзу — жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi айыппұл немесе 3 ай мерзiмге уақытша жұмысын тоқтату).

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 11:16
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 11:16
Қаралым саны: 2159

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz