A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Мемлекеттік органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және оларды әкімшілік ғимараттарда орналастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2011 жылғы 22 қарашадағы
№ 1371 қаулысымен
бекiтiлген

Мемлекеттiк органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау
және оларды әкiмшiлiк ғимараттарда орналастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттiк органдардың атауы жазылған мандайшаларды дайындау және оларды әкiмшiлiк ғимараттарда орналастыру қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) мемлекеттiк органдардың атауы жазылған маңдайшаларды дайындау және Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк ғимараттарда орналастыру тәртiбiн реттейдi.

2. Осы Қағидаларда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттiк органдардың атауы жазылған маңдайшалар — мемлекеттiк органның атауы туралы анықтамалық ақпараты бар қасбеттiң қабырғалық элементi;

2) мемлекеттiк органдар — Конституциямен, заңдарымен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен мемлекеттiң атынан:

мiнез-құлықтың жалпыға ортақ қағидаларын белгiлейтiн актiлердi шығару;

әлеуметтiк маңызы бар қоғамдық қатынастарды басқару және реттеу;

мемлекет белгiлеген жалпыға ортақ мiнез-құлық қағидаларының сақталуын бақылау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк мекемелер;

3) төсем — маңдайшалардың негiздерiне арналған сәндi рамка.

2. Мемлекеттiк органдардың атауы жазылған маңдайшаларды
дайындау және орналастыру

3. Маңдайша кемiнде 60x80 сантиметр мөлшерiнде жасалуға тиiс. Қажет болған жағдайда маңдайшаның мөлшерiн ұлғайтуға болады, бұл ретте 3/4 арақатынасы сақталуы тиiс.

Маңдайшаны көлденең де, сондай-ақ тiгiнен де орналастыруға болады.

4. Маңдайша қалыңдығы 1 сантиметрден 4 сантиметрге дейiнгi төсемге орналастырылады, төсемде мемлекеттiк органның атауы жазылған графикалық жазба болады.

5. Маңдайшаларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы орналастырылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы маңдайшаның жоғарғы үштен бiр бөлiгiнiң ортасында орналастырылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасының диаметрi мынадай ара қатынасқа сәйкес келуге тиiс:

көлденең орналасқан жағдайда: маңдайшаның биiктiгi елтаңбаның диаметрiне 1/5;

тiгiнен орналасқан жағдайда: маңдайшаның биiктiгi елтаңбаның диаметрiне 1/6.

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасының астына маңдайшаның 2/3 бөлiгiнен төмен мемлекеттiк органның атауы жазылады. Маңдайша мәтiнi әрiптерiнiң биiктiгi кемiнде 3 сантиметр болуы тиiс. Полотноның реңi көк түстi, ал әрiптер алтын түстi болуға тиiс.

7. Маңдайшаның жиегi енi кемiнде 3 сантиметр алтын түстi рамкамен қоршалады.

8. Әрiптердiң шрифтi «Book Antiqua».

9. Егер мемлекеттiк мекеме орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органның құрылымдық немесе ведомстволық бағыныстағы бөлiмшелерi болып табылса, онда маңдайшада мемлекеттiк органның атауын көрсету қажет.

Осы жазба Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасының үстiнде ортада орналасады. Жазбадағы әрiптердiң мөлшерi кемiнде 2 сантиметр болады.

10. Мемлекеттiк органның атауы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жазылуға тиiс.

11. Мемлекеттiк органның атауы мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде және басқа да тiлдерде дайындалып, орналастырылған жағдайда олар бiр-бiрiнен жеке орналасқан әртүрлi маңдайша түрiнде жасалады.

12. Мәтiнде шетелдiк сөздердi, оның iшiнде латын әрiптерiмен жазылған сөздердi, қысқартылған атауларды және аббревиатураларды пайдалануға болмайды.

13. Маңдайшаны орналастыратын орын мемлекеттiк органның атауы мен орналасқан жерi туралы ақпарат беруге және оған кiретiн жердi көрсетуге тиiс. Маңдайша ғимараттың қасбетiнде үй-жайға кiреберiстен 10 метр қашықтық шегiнде немесе мемлекеттiк орган алып отырған үй-жай шегiнде орналасуға тиiс.

14. Жұмыс уақытының режимi, қабылдау кестесi және басшылардың тегi сияқты басқа да ақпараттық деректердi маңдайшаға немесе мемлекеттiк органның атауымен қатар орналастыруға болмайды.

15. Қасбеттегi маңдайшаларға кешкi уақытта жарық түсiрiлуге тиiс.

16. Мемлекеттiк орган маңдайшаларды дайындауды, келiсудi, ресiмдеудi және орнатуды жүзеге асырады.

17. Мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiк мекемелердiң маңдайшалары олардың ресми атауы немесе мемлекеттiк мекеменiң бағыныстылығы өзгерген жағдайда, маңдайшалар табиғи тозудың және моральдық ескiрудiң салдарынан, сондай-ақ қажет болған жағдайда аумақтық орналасқан жердi ауыстырған (көшкен) кезде ауыстырылады.

18. Маңдайшаларды мемлекеттiк орган пайдаланудың бүкiл кезеңiнде тиiстi техникалық және эстетикалық жай-күйде күтiп ұстауға тиiс.

Мақаланың шыққан күні: 22.12.2017 10:18
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.12.2017 10:18
Қаралым саны: 636

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz