A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер

2019 жылдан бастап Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiндегi кейбiр заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енiгiзiлдi. Атап айтсақ, өткен жылдарда Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу елiндегi еңбек қызметi еңбек өтiлi есебiне алынбаса, биылғы жылы аталған азаматтардың шығу елiндегi еңбек қызметi зейнетақы төлемiн есептеу кезiнде еңбек өтiлiнiң есебiне есептелетiндiгi көзделген.

Қазақстан Республикасына тарихи отанында тұрақты тұру мақсатында келген этностық қазақтардың шығу елiндегi еңбек қызметiн растайтын құжаттары зейнетақы төлемдерiн тағайындау қағидаларына енгiзiлгеннен кейiн өтiнiшпен бiрге қабылданатын болады.

Сонымен қатар, «Халық қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Ерi» атағына ие болған адамдарға 138,63 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төлемi тағайындалатыны көрсетiлген. Бұл жәрдемақы алушылар санының өсетiндiгiн көрсетедi.

«Мүгедектiгi бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасы Заңындағы өзгерiстерге келер болсақ, бұрын мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы төлемi орта бiлiмнен кейiнгi және жоғарғы бiлiм беру жүйесiнде оқу орнын бiтiргенге дейiн, бiрақ жиырма үш жастан аспайтын азаматтарға берiлетiн болса, биылғы жылдан бастап жоғарғы оқу орнынан кейiн бiлiм алған адамдарға жәрдемақы төлемi төленетiн болады.

Бұл заңнамалық түзетулер, ең алдымен, әрбiр қазақстандықтың әл — ауқатын жақсартуына және табысының артуына бағытталған.

Мақаланың шыққан күні: 08.02.2019 09:25
Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.02.2019 09:25
Қаралым саны: 1047

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz