A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

«Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз
қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну
және олар туралы дерекқорды
қалыптастыру қағидаларын бекiту
туралы» Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрiнiң
2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 51 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2016 жылғы

19 ақпандағы № 51 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 13355 болып тiркелдi, «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде 2016 жылғы 9 наурызда жарияланды)мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

бұйрықтың кiрiспесi мынадай редакцияда жазылсын:

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына және

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, үкiметтiк емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы

12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң Азаматтық қоғам iстерi комитетi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде оның көшiрмесiн қағаз және электрондық түрде мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгiзу және ресми жариялау үшiн «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнына жолдауды;

3) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он күнтiзбелiк күн iшiнде оның көшiрмесiнресми жариялауға мерзiмдi баспа басылымдарына жолдауды;

4)осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейiн оны Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды;

5)осы бұйрықты мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң Заң департаментiне осы тармақтың 1), 2), 3) және4) тармақшаларында көзделген iс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердiң ұсынылуын қамтамасыз етсiн.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Дiн iстерi және азаматтық қоғам вице-министрiне жүктелсiн.

4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Дiн iстерi және азаматтық
қоғам министрi                                                                                                               Н. Ермекбаев

«КЕЛIСIЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар министрi
___________ Д. Абаев
2017 жылғы«___» _________

«КЕЛIСIЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрi
___________ М. Бекетаев
2017 жылғы«___» _________

«КЕЛIСIЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрi
___________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы«___» _________

«КЕЛIСIЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлiгi
Статистика комитетiнiң төрағасы
___________ Н. Айдапкелов
2017 жылғы«___» _________

Қазақстан Республикасы
Дiн iстерi және азаматтық
қоғам министрiнiң 2017 жылғы
6 желтоқсандағы № 175 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрiнiң 2016 жылғы 19 ақпандағы
№ 51 бұйрығына
қосымша

Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн
ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметтерi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 41-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, үкiметтiк емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және үкiметтiк емес ұйымдар өз қызметi жөнiнде мәлiметтердi ұсыну және дерекқорын үкiметтiк ұйымдардың қалыптастыру тәртiбiн айқындайды.

2. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланады:

1) үкiметтiк емес ұйым — ортақ мақсаттарға жету үшiн азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда).

2) Үкiметтiк емес ұйымдар дерекқоры (бұдан әрi — Дерекқор) — үкiметтiк емес ұйымдар қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орналастыру шеңберiнде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшiн қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор;

2-тарау. Үкiметтiк емес ұйымдар өз қызметi жөнiндегi
мәлiметтерiнұсыну тәртiбi

3. Үкiметтiк емес ұйымдар өз қызметтерi жөнiндегi мәлiметтердi үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл саласындағы уәкiлеттi органға (бұдан әрi — уәкiлеттi орган)осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес қазақ және орыс тiлдерiнде жыл сайын 31 наурызға дейiн қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электрондық түрде веб-портал арқылы ұсынады.

Үкiметтiк емес ұйымдар есептi кезең үшiн ақпаратты көрсете отырып ағымдағы жылдағы iске асырылатын жобалар жөнiндегi ақпараты бар өз қызметтерi туралы мәлiметтерiн ұсынады.

Есептi кезең Дерекқорға мәлiметтер ұсыну жылының алдындағы күнтiзбелiк жылы деп түсiндiрiледi.

Осы Қағидаларға 1-қосымшадағы кестелер осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетiлгенәкiмшiлiк деректердi жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсiндiрмеге сәйкес толтырылады.

4. Үкiметтiк емес ұйымдар туралы мәлiметтер уәкiлеттi органға пошта арқылы немесе қолма-қол ұсынылған жағдайда, үкiметтiк емес ұйымдар өз қызметi туралы мәлiметтердi iлеспе хатпен жолдайды.

5. Үкiметтiк емес ұйымдар мәлiметтер туралы веб-портал арқылы уәкiлеттi органға ұсынған жағдайда, мәлiметтер заңды тұлғаға берiлген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

6. Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген және Қазақстан Республикасы аумағында өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдар және өкiлеттiктер) бар үкiметтiк емес ұйымдар осы Қағидалармен белгiленген тәртiпте филиалдар немесе өкiлеттiктер туралы мәлiметтердi ұсынады.

7. Осы Қағидаларда 1-қосымшада I, II бөлiмдерiнде және VII бөлiмнiң 43-тармағында 1-кестесiнде көзделген үкiметтiк емес ұйымдар туралы мәлiметтер өзгерген жағдайда, үкiметтiк емес ұйымдар негiздемесi бар өзгертiлген мәлiметтердi қазақ және орыс тiлдерiнде пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электронды түрде веб-портал арқылы осындай өзгерiстер пайда болған күннен бастап жиырма жұмыс күн iшiнде уәкiлеттi органға ұсынады.

3-тарау. Үкiметтiк емес ұйымдар туралыдерекқорды қалыптастыру тәртiбi

8.Уәкiлеттi органдар үкiметтiк емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастырудыүкiметтiк емес ұйымдар және жергiлiктi атқарушы органдар ұсынатын мәлiметтер негiзiнде жүзеге асырады.

9.Уәкiлеттi орган үкiметтiк емес ұйымдардың өз қызметi туралы мәлiметтердi алған кезде, олардың уақтылығын, толықтығын және анықтылығын қарайды.

Үкiметтiк емес ұйымдардың өз қызметi туралы мәлiметтердi, осы Қағиданың 3-тармағында көрсетiлген мерзiмде ұсынылған жағдайда уақтылы болып саналады.

Осы Қағиданың көрсетiлген 1-қосымшасына сәйкес мәлiметтi толық ұсыну, бұл барлық кестенi толтыру болып табылады.

Үкiметтiк емес ұйымдардың өз қызметi туралы мәлiметтердi толық ұсыну уәкiлеттi органға жолдау күннiң шындығына сәйкес келген жағдайда, анық болып саналады. Грамматикалық қателер үкiметтiк емес ұйым туралы мәлiметтердi анық емес деп тану үшiн негiздеме болып саналмайды.

10. Уәкiлеттi орган үкiметтiк емес ұйымдар туралы мәлiметтердiң келiп түсуiне қарай он бес жұмыс күн iшiнде Дерекқорды жаңартады.

11. Үкiметтiк емес ұйымдарды Дерекқордан алып тастауды уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң Ұлттық тiзiлiмiнен үкiметтiк емес ұйымдарды алып тастау туралы ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүзеге асырады.

12. Дерекқорға ұсынатын үкiметтiк емес ұйымдар туралы мәлiметтердi тексерудi жүзеге асыру үшiн облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары жыл сайын 10 сәуiрге дейiн аумақтық әдiлет органдарынан және мемлекеттiк кiрiстер органдарынан тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктен үкiметтiк емес ұйымдар туралы (тiркеу/қайта тiркеу күнi, мекенжайы, құрылтайшылары, басшылары және олардың байланыс деректерi, соңғы есептi мерзiмге салықтық есеп беру күнi) қорытынды мәлiметтердi уәкiлеттi органға ұсынады. Мәлiметтер қазақ және орыс тiлдерiнде, пошта арқылы қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынылады.

Жүктеу (ZIP 160 Kb)

Мақаланың шыққан күні: 06.02.2018 16:01
Парақтағы соңғы өзгерістер: 06.02.2018 16:01
Қаралым саны: 571

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz