A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
ЭКСПО көрмесінің халықаралық павильондарында ұсынылған жаңа технологияларды Қазақстанда енгізу туралы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2017 жылғы 28 желтоқсан                                                                         Астана қаласы

ЭКСПО көрмесiнiң халықаралық павильондарында ұсынылған жаңа технологияларды
Қазақстанда енгiзу туралы

Энергетика министрлiгi EXPO көрмесiнiң халықаралық павильондарында ұсынылған жаңа технологияларды Қазақстан Республикасында қолдану мүмкiндiгiн қарастыруда.

Министрлiкпен ЭКСПО көрмесiнiң шетелдiк павильондарында көрсетiлген 105 шетелдiк технология мен 28 отандық технологияның тiзiмi жасалды.

Анықтама: Министрлiк ұлттық компаниялар өкiлдерiнен, түрлi энергетикалық салалардағы жетекшi сарапшылардан, министрлiктiң және ведомстволық бағынысты құрылымдардың өкiлдерiнен сараптамалық жұмыс тобын құрды. 47 маманнан жасақталған Жұмыс тобы төрт бағыт бойынша 105 шетелдiк технология мен 28 отандық технологияның тiзiмiн жасады және олар:

- мұнай және газ — 27 технология,

- көмiр өнеркәсiбi — 7 технология,

- электр энергетикасы, энергияны үнемдеу және ЖЭК — 63 технология,

- экология (қалдықтарды басқару, су тазалау, ауа сапасын бақылау) — 36 технология.

Аталған тiзiм ұлттық және жеке компанияларға, сондай-ақ әкiмдiктерге технологияларды қарастыру және iрiктеу үшiн жолданды. Бұдан басқа, барынша жарнамалау мақсатында технологиялар тiзiмi байланыс ақпараттарымен қоса Министрлiктiң сайтында орналастырылды.

Әкiмдiктер қазiргi уақытта енгiзу мақсатында 40 технологияны iрiктеп алды және оның төртеуi 2018 жылы енгiзiледi.

Ұлттық компаниялармен енгiзу үшiн 15 технология iрiктеп алынды және оның екеуi 2018 жылы енгiзiледi. Энергияны үнемдеу, суды тазарту, ақылды желiлердi және кәсiпорындарда ЖЭК пайдалану бойынша технологиялар таңдалған.

Мұнай және газ саласында Ресей, АҚШ, Қытай және Финляндиядан 7 технология анықталды, оның iшiнде облыс әкiмдiктерi 3 технология және компаниялар 4 технологияны таңдады.

«Электр энергетикасы» бағыты бойынша 35 технология анықталды, оның iшiнде әкiмдiктермен 26 технология таңдалды.

«ҚазАтомӨнеркәсiп» ҰАК» АҚ, «ЕмбiМұнайГаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «КЕГОК» АҚ компанияларымен 9 технология таңдалды.

«Көмiр» бағыты бойынша Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгi 1 технологияны, ал «Самұрық-Энерго» АҚ 1 қытайлық технологияны таңдады.

«Экология» бағыты бойынша әкiмдiктер отандық және өнеркәсiптiк сарқынды суларды тазарту, ауа сапасын бақылау және қалдықтарды басқару саласында 10 технологияны таңдады.

Барлық ақпаратты g-global.org желiсiнен жүктей аласыздар

Мақаланың шыққан күні: 29.12.2017 14:36
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.12.2017 14:37
Қаралым саны: 700

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz