A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
2019 жылдың І жартыжылдығындағы ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздік туралы

Бүгiнгi таңда Ақкөл ауданы аумағында жануарлардың аса қауiптi аурулары бойынша эпизоотиялық жағдай қолайлы болып табылады, бұл мал шаруашылығы саласында бағдарламаларды сәттi жүзеге асыруға және облысымыздың аумағында өндiрiлетiн өнiм мен шикiзатты тыс жерлерге еркiн шығаруға мүмкiндiк бередi.

Ветеринариялық препараттармен қамтамасыз етiлгендiк жоспарлы көктемгi ветеринариялық профилактикалық iс-шараларды ақпан айының ортасынан бастауға мүмкiндiк бердi, бұл олардың жоспарға сәйкес толық аяқталуын қамтамасыз етедi.

Аудан бойынша қан сынамаларын алу мен зертханаларға жеткiзу және ауыл шаруашылығы жануарларының вакцинациясы бойынша ветеринариялық iс-шаралар 1-жартыжылдық бекiтiлген жоспарларға сәйкес орындалды. Бруцеллезге IҚМ-нiң 16,3 мың басы зерттердi немесе бiрiншi жартыжылдығының жоспарынан 104 %, 168 бас оң әрекет көрсеттi, ҰМ-ның 16,6 мың басы немесе 102%, 33 бас оң әрекет көрсеттi. Барлық оң әрекет көрсеткен жануарлар заңнамаға сәйкес санитариялық союға және қайта өңдеуге тапсырылады. Құтыруға қарсы вакцинаци, эхинококкозға қарсы дегельминтизация, қарасанға, сiбiр жарасына, нодулярлы дерматитке қарсы вакцинация, туберкулез және маңқаға қарсы диагностикалық зерттеулер өткiзiлдi.

41 объектiде 21,9 мың шаршы метр алаңда оң әрекет көрсеткен малдар ұсталған үй-жайларда мәжбүрлi дезинфекциялау жүргiзiлдi.

Басты мiндеттердiң бiрi АШЖБ дерекқорын порталды режимде жүргiзумен ауыл шаруашылығы жануарларының нақты басын есепке алу болып табылады.

Бүгiнгi таңда IҚМ 103,3%-ға (жылдық жоспар 7,0 мың бас, сәйкестендiрiлгенi 7,2 мың бас), ҰМ — 102,5%-ға (жоспар 9,0 мың бас нақты 9,226 мың бас), шошқалар — 102,9%-ға (жоспар 1,5 мың бас,нақты 1,544 мың бас) және жылқылар — 14,2%-ға (жоспар 1,4 мың бас, нақты 0,199 мың бас) бiрдейлендiрiлдi. Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендiру бойынша жұмыс Жоспарға сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейiн жалғастырылатын болады.

Ақкөл ауданы аумағында эпизоотиялық амандықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

2019 жылдың өткен мерзiмiнде мемлекеттiк ветеринариялық дәрiгерлермен жеке және заңды тұлғаларға орындау үшiн 52 ұйғарым берiлдi.

Ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалауды қамтамасыз ету бойынша iс-шараларды өткiзу нәтижесiнде 113,6 мың. теңге сомасына 5 жеке және заңды тұлғалар әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылды.

Ветеринариялық қауiпсiздiк мәселелерi аудан әкiмдiгiнiң тұрақты бақылауында.

Мақаланың шыққан күні: 05.07.2019 14:36
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.07.2019 14:36
Қаралым саны: 417

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz