A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Меktep week» жобасын асыру туралы

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында № 1 АОМ П. Исаков атындағы "Меktep week" атты жоба басталды. Осы жоба шеңберiнде аптаның әр күнi тақырыптар бойынша жоспарланған. Дүйсенбi күнi мектептiң үздiк оқушылары марапатталатын жиында өтедi, апталық жұмыс жоспары жарияланады; сейсенбi-оқу күнi, әр сынып сабақ басында қызықты әдебиеттердi оқиды; сәрсенбi — "Қазақша сөйлейiк". Бұл күнi барлық оқушылар мен мұғалiмдер қазақ тiлiнде сөйлейдi. Бейсенбi-СӨС күнi, сабақ басталғанға дейiн 10 минут бұрын, сынып физоргтары жаттығу өткiзедi, ал үлкен үзiлiсте сыныптар кезек бойынша " Денi сау ұрпақ" флеш-мобын дайындайды, осы аптада 10 "Б" сынып оқушылары флеш-мобты ұйымдастырады. Жұма — "Happy English" күнi, бiр-бiрiн қарсы аламыз, жаңа сөз тiркестерiн бiлемiз, ребустар мен сөзжұмбақтарды шешемiз, жалпы мектепте ағылшын тiлi күнi.

Жобаның барлық талаптарын орындау үшiн дүйсенбi күнi қорытынды шығарылады және жарияланады, сондай-ақ " Ең үздiк"мүсiнi тапсырылатын үздiк сынып таңдалады. Апта бойы балалар оны өз сыныптарында сақтайды, ал дүйсенбi күнi басқа үздiк сыныпқа тапсырады.

Мақаланың шыққан күні: 19.11.2018 17:45
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.11.2018 17:45
Қаралым саны: 544

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz