A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
2017 жылы БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібі мен мөлшері туралы

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандырудың құқықтық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды, азаматтардың зейнетақымен қамсыздандырылуға конституциялық құқығын iске асыруға мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қатысуын регламенттейдi.

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болған кезде белгiленген кесте бойынша мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiне:

- 63 жасқа толған ерлердiң, 58 жасқа толған әйелдердiң (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жасқа толған, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жасқа толған, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жасқа толған, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жасқа толған, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа толған, 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа толған, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толған, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толған, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толған, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 63 жасқа толған әйелдердiң);

- егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң құқығы бар.

Жалпыға бiрдей белгiленген зейнет жасына толған кезде немесе бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген кезде зейнетақы төлемдерiн алушы кесте бойынша МЗЖ және МКЗЖ есебiнен зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi ресiмдеу үшiн жақын маңда орналасқан БЖЗҚ кеңсесiне баруы керек. Өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және зейнетақы жинақтарын аудару үшiн алушының банк шоты туралы мәлiметтердi алып келедi. Сондай-ақ алушы зейнетақы төлемдерiн ресiмдеу үшiн сенiм бiлдiрiлген тұлға немесе пошта байланысы арқылы құжаттарды тапсыра алады.

Құжаттар тапсырылғаннан кейiн, олар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келген жағдайда БЖЗҚ он жұмыс күнi iшiнде зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырады. Төлем кезеңдiлiгiн — жылына бiр рет, тоқсанына бiр рет немесе ай сайын — алушы өзi белгiлейдi.

Кесте бойынша МЗЖ және МКЗЖ есебiнен құралатын зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 хаттамасымен бекiтiлген, 27.12.2016 жылғы редакциядағы Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларына сәйкес есептеледi және:

1) республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен аспайды (2017 жылы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңында ең төменгi зейнетақы мөлшерi 28 148 теңгеге дейiн көбейтiлдi) және 844 440 теңгенi құрайды (30*28 148);

2) зейнетақы жинақтары сомасының Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 хаттамасымен бекiтiлген, 27.12.2016 жылғы редакциядағы Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiне сәйкес алушының тиiстi жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентiне көбейтiндiсi ретiнде есептелген неғұрлым жоғары шамасынан аспайды. Зейнетақы жинақтарының сомасы 63 жастағы алушы — ерлерде 8,067 млн. теңге және одан артық болған, ал 58 жастағы алушы — әйелдерде 8,963 млн. теңге және одан артық болған жағдайда осы есеп қолданылады.

Зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен аз болса (2017 жылы — 844 440,00 тг.), алушы зейнетақы жинақтарының барлық сомасын ала алады.

Төлем жасалғаннан кейiн жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төмен зейнетақы мөлшерiнен аз соманы құраса (2017 жылы — 28 148,00 тг.), бұл қалдық төлем сомасымен бiрге төленедi.

БЖЗҚ белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық мөлшерiн жыл сайын өз бетiнше Қағида ережелерiн ескере отырып, қайта есептейдi.

Зейнетақы жинақтарын аудару, есептеу мен төлеуге байланысты банк қызметтерiнiң ақысы БЖЗҚ-ның меншiктi қаражаты есебiнен жүргiзiледi, бұған оларды айырбастау және шетелдiк банктерде ашылған алушылардың банк шоттарына есептеу қызметтерi қосылмайды.

БЖЗҚ өтiнiште көрсетiлген алушының банк шотына зейнетақы төлемдерiн:

1) Қазақстан Республикасының аумағындағы екiншi деңгейдегi банктерде/банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шоттарына аудару кезiнде тек ұлттық валютамен;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегi шетел банктерiнде ашылған банк шоттарына аудару кезiнде АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе ресей рублiмен аударады.

Мақаланың шыққан күні: 21.12.2017 17:12
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.12.2017 17:12
Қаралым саны: 800

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz