A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«ЭКСПО-2017» мамандырылған халықаралық көрмесі аясында Астана қаласында Павлодар облысының мәдениет күндерін өткізу туралы

2017 жылғы 18 тамыз                                                                                  Астана қ.

2017 ж. 19-23 тамыз аралығында Астана қаласында «ЭКСПО-2017» мамандырылған халықаралық көрмесiне арналған Павлодар облысының мәдениет күндерi өткiзiледi. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз конференция барысында Павлодар облысы әкiмiнiң орынбасары Мейрам БЕГЕНТАЕВ хабарлады.

Мәдениет күндерi аясында қалада түрлi мәдени-спорттық iс-шаралар, сонымен қатар Павлодар облысы өнiмдерiнiң ауылшаруашылық жәрмеңкесi өткiзiледi.

19-20 тамызда Мұңайтпасов көшесi, 9 мекен-жайы бойынша «Қазақстан» спорт кешенiнiң тұрақ алаңында Павлодар облысы тауар өндiрушiлерiнiң қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесi болады (өткiзу уақыты 08.00-ден 18.00-ге дейiн).

Ауылшаруашылық жәрмеңкесiне облыстың әр аймағынан 100-ден астам қайта өңдеушi және ауылшаруашылық кәсiпорындары қатысады. Олар Павлодар облысынан 435 тонна көлемiнде өнiм әкеледi, оның iшiнде 45 тоннадан аса ет және ет өнiмдерi, 200 тонна картоп, 90 тонна көкөнiс және 100 тоннадан аса ауылшаруашылық өнiмдерi.

Павлодарлық кәсiпорындар Астана қаласының тұрғындарына салыстырмалы түрде арзан бағамен азық-түлiк ұсынады.

Жәрмеңкеге Республика бойынша және басқа да елдерде атауы танымал кәсiпорындар өз өнiмдерiн ұсынады. Олардың қатарында: «Рубиком» ЖШС, «Крендель» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Жана Роса» АҚ, «Ақжар — Өндiрiс» ЖШС, «РЭГТайм» ШҚ, «Зерноград» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Ақтогай Агро» ЖШС, «Бәйет и К» ЖШС бар.

19-20 тамыз күндерi «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенiнде «Ертiс-қимақтар өзенi» атты көрме өтедi. 19 тамыз күнi сағат 18.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттiк академиялық қазақ драма театрында Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының әртiстерi К. Жүнiсовтiң «Ғашықтар хикаясы» атты лирикалық комедиясы бойынша спектакль қояды.

20 тамызда Хан Шатыр сауда орталығының жанындағы Көшпендiлер қалашығында күнi бойы «Дәуiрлермен ұштасқан туған жер» атты павлодарлық фотосуретшiлердiң көрмесi өткiзiледi.

20 тамызда сағат 18.00-де М. Горький атындағы мемлекеттiк орыс академиялық драма театрында А. Чехов атындағы Павлодар облыстық драма театрының Б. Сологубтың повесi бойынша «Беда от нежного сердца» атты спектаклiнiң қойылымы өтедi.

20 тамызда 21.30-да «EXPO-2017» көрме кешенiнiң аумағындағы амфитеатрда Павлодар облысының мәдениет күндерiне арналған гала-коцерт болады.

20 тамыз да сағат 19.00-де «Has Sanat» галереясында Павлодар облыстық көркемсурет мұражайы қорынан «Халық рухының жерұйығы» көрмесi өтедi.

20 тамыз «Қазанат» ипподромында теңге алу, көкпар, жамбы ату, қыз қуу ойындарының қойылымдық көрсетiлiмдерi, сондай-ақ аударыспақ, қазақ күресi, тоғызқұмалақ, тас көтеру бойынша сайыстар өтедi. Бас бәйгеге автокөлiк тiгiледi.

Мақаланың шыққан күні: 19.12.2017 20:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2017 20:09
Қаралым саны: 1640

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz