A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Кедендік кодекстің новеллалары туралы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2017 жылғы 28 желтоқсан                                                                                                      Астана қаласы

КЕДЕНДIК КОДЕКСТIҢ НОВЕЛЛАЛАРЫ ТУРАЛЫ

2018 жылғы 1 қаңтарынан бастап — «Қазақстан Республикасындағы кедендiк реттеу туралы» жаңа кеден кодексiнiң күшiне енуi күтiлуде.

Бұл құжат бизнестiң тiкелей қатысуымен дайындалды және кедендiк рәiмдердi оңайлатуға, уақыттық және қаржылық шығындарды төмендетуге, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтi жүргiзудiң либералды шарттарын орнатады.

Кодекстiң негiзгi новелласы электрондық кедендiк декларациялаудың басымдылығы болып табылады. Ендi қағаз түрiндегi декларациялау тек қана авариялық жағдайлардағы ақпараттық жүйелердiң ақаулары сияқты ерекше жағдайларда ғана жүзеге асырылады.

Бұдан басқа қағаз түрiндегi декларация транзит кедендiк рәсiмiне орналастырылатын тауарларды, жеке пайдалануға арналған тауарларды, сондай-ақ халықаралық тасымал көлiк құралын декларациялау кезiнде ұсынылады.

Заңнаманы бұзу тәуекелi жоқ болған жағдайда кедендiк декларацияларды кеден органдарының лауазымды тұлғаларының қатысуынсыз — ақпараттық жүйелердi қолданумен автоматты түрде тiркеу және шығару мүмкiндiгi қарастырылған.

Кеден органдарына алдын ала ақпаратты ұсыну бойынша қағидалар едәуiр пысықталды. Алдыңғы қатарлы мемлекеттерге ұқсас алдын ала ақпаратты жеткiзiлiмдердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсаты үшiн ұсыну қажеттiлiгi енгiзiлдi.

Бұл ретте кедендiк операцияларды жасауды жылдамдату мақсаты үшiн бiруақытта бiрнеше кедендiк операциялар кезiнде қолданыла алатын қосымша алдын ала ақпраратты ұсыну қарастырылған.

Бизнестi жүргiзудi оңайлату мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшiн кедендiк баждарды кейiн төлеу немесе бөлiп төлеу мүмкiндiгi ұсынылады.

Үш типтi куәлiктi енгiзумен уәкiлеттi экономикалық операторлар институты жетiлдiрiлдi.

Бiрiншi типтi куәлiк Еуразиялық экономикалық одағының барлық аумағында тауарлардың транзитi кезiнде оңайлатуларды қолдануға мүмкiндiк бередi.

Куәлiктiң екiншi типi тауарларды тiкелей Қазақстан Республикасы аумағында кедендiк тазарту кезiнде оңайлатуларды бередi.

Куәлiктiң үшiншi типi уәкiлеттi экономикалық операторлардың бiрiншi және екiншi типтерi үшiн ұсынылатын кешендi оңайлатулармен қолдануға мүмкiндiк бередi.

Еуропалық одақ елдерiнде қолданыстағы тәжiрибеге ұқсас Қазақстан Республикасына келетiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы басқа елдер арасында тасымалдайтын тұлғаларға тауарларды бажсыз сауда дүкендерiнде сату мүмкiндiгiне жол берiледi.

Кедендiк заңнаманың барлық жаңашылықтары мен оңайлатулары сыртқы экономикалық қызметтi жүргiзудi жеңiлдетумен отандық экономиканы дамыту үшiн жағдай жасауға арналған.

Барлық ақпаратты g-global.org желiсiнен жүктей аласыздар

Мақаланың шыққан күні: 29.12.2017 14:32
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.12.2017 14:32
Қаралым саны: 673

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz