A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 24 сәуiрдегi № 555 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32 және 36-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2012 жылғы 28 қарашадағы № 438 Жарлығына сәйкес қаулы етемiн:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiн қызметке сайлау, өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерi қоса берiлiп отырған Қағидаларда белгiленген тәртiппен қызметке сайланады, өкiлеттiгiн тоқтатады және қызметiнен босатылады деп белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы:

1) облыс әкiмдерiмен бiрлесiп, осы Жарлықта көзделген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауы өткiзiлетiн әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң саны мен тiзбесiн айқындасын;

2) Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауын ұйымдастыру мен өткiзудi қамтамасыз етсiн.

4. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыс әкiмдерi аталған сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету бойынша қажеттi шараларды қабылдасын.

5. «Облыстық, аудандық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтердiң әкiмдерiн қызметке тағайындау, олардың өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2011 жылғы 19 мамырдағы № 86 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 472-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Облыстық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың әкiмдерiн қызметке тағайындау, өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату тәртiбi туралы»;

1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Осы Жарлықтың 1-тармағында көзделген өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату тәртiбiнен басқа, облыстық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың әкiмдерiн Қазақстан Республикасының Президентi өз ұйғаруы бойынша қызметiнен босатуы мүмкiн.».

6. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi                                                                                                Н. НАЗАРБАЕВ.

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2013 жылғы 24 сәуiрдегi
№ 555 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiн қызметке сайлау, өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiн қызметке сайлау, өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босатудың осы қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауын ұйымдастыру және өткiзу, олардың өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату тәртiбiн айқындайды.

1. Жалпы ережелер

2. Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiледi.

3. Жанама сайлау құқығы аталған әкiмдердi тиiстi аудан (қала) мәслихаттарының депутаттары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары-таңдаушылар сайлайтынын бiлдiредi.

4. Сайлауды өткiзу кезiнде дауыс беру таңдаушылардың ерiк бiлдiруiн қандай да болмасын бақылау мүмкiндiгiн болдырмайтын, жасырын болып табылады.

5. Кандидаттардың осы Қағидаларда белгiленген шекте сайлауға қатысуға тең құқықтары бар.

6. Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдық округтерiнiң, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдарының әкiмдерi төрт жыл мерзiмге сайланады.

2. Сайлау жүйесi

7. Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауын өткiзу кезiнде дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауыстарының көпшiлiк санын алған кандидат сайланған болып есептеледi.

8. Әкiмдердiң сайлауына әзiрлiктi және оны өткiзудi ұйымдастыратын сайлау органдары облыстық, аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары болып табылады.

Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Президентiнiң 09.04.2014 № 792 Жарлығымен.

8-1. Облыстық сайлау комиссиясы:

1) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында сайлау туралы заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

2) төменгi тұрған аумақтық сайлау комиссияларының қызметiне басшылық етедi; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; сайлау науқанын өткiзу үшiн бөлiнген мемлекеттiк бюджет қаражатын олардың арасында бөледi; төменгi тұрған аумақтық сайлау комиссияларының қызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуын бақылайды; төменгi тұрған аумақтық сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) арыздар мен шағымдарды қарайды; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiнде құрылған төменгi тұрған аумақтық сайлау комиссияларының Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн орындауын ұйымдастырады;

3) сайлауға әзiрлiкке және оны өткiзуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есептерiн, сондай-ақ сайлау туралы заңнаманың сақталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының ақпаратын тыңдауға құқылы;

4) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. Жарлық 8-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Президентiнiң 09.04.2014 № 792 Жарлығымен.

9. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы:

1) әкiмдердiң сайлауын тағайындайды және оның өткiзiлуiн қамтамасыз етедi;

2) әкiмдiкке ұсынылған кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, осы Қағидаларда көзделген жағдайларда оларды тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды;

3) дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң мәтiндерiн бекiтедi және олардың дайындалуын ұйымдастырады;

4) дауыс беру пунктiн дайындайды, дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi;

5) әкiмнiң сайлауындағы дауыс беру нәтижелерiн анықтайды, сайланған әкiмдi тiркейдi, сайлау нәтижелерi туралы хаттаманы аудан (қала) әкiмiне жiбередi;

6) қайта сайлау өткiзедi;

7) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және осы Қағидаларға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Президентiнiң 09.04.2014 № 792 Жарлығымен.

10. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жоғары тұрған сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасалады.

3. Әкiмдiкке кандидаттарды ұсыну және тiркеу

11. Сайлау күнi туралы хабарды аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк тұрғындарының назарына жеткiзедi.

12. 25 жасқа толған, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес белсендi сайлау құқығына ие, «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында қойылатын талаптарға сәйкес келетiн, жоғары бiлiмi бар және тиiстi облыстың аумағында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары әкiмдiкке кандидаттар бола алады.

13. Әкiмдiкке кандидаттар ұсынуды аудан (қала) әкiмi жергiлiктi қоғамдастықпен консультациялардан кейiн балама негiзде (яғни әкiм лауазымына кемiнде екi кандидат) жүзеге асырады.

Жергiлiктi қоғамдастықпен консультациялар тиiстi аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы тағайындаған сәттен бастап жүргiзiлуi мүмкiн.

Ескерту. 13-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Президентiнiң 09.04.2014 № 792 Жарлығымен.

14. Әкiмдiкке кандидаттарды ұсыну аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына аудан (қала) әкiмiнiң ұсынымын және кандидаттардың тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында әкiмдiкке кандидат ретiнде дауысқа түсуге келiсiмi туралы өтiнiштерiн беру арқылы жүргiзiледi.

14-1. Аудан (қала) әкiмi әкiмдiкке кандидаттарды ұсыну туралы ұсынымын аудандық (қалалық) сайлау комиссиясынан дауыс беруге кемiнде екi күн қалғанда керi қайтарып ала алады.

Бұл жағдайларда тиiстi аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды және қабылданған шешiм туралы аудан (қала) әкiмiне хабарлайды.

Ескерту. Жарлық 14-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Президентiнiң 09.04.2014 № 792 Жарлығымен.

15. Кандидаттарды ұсыну сайлау күнiне отыз күн қалғанда басталады және жиырма бес күн қалғанда аяқталады.

16. Егер кандидаттардың барлығы тiркелгенге дейiн өз кандидатураларын алып тастаған немесе кандидаттарды тiркеу мерзiмi аяқталатын күнге әкiмдiкке екi кандидаттан кем тiркелген жағдайда, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттарды ұсыну мен тiркеу мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол он күннен аспауға тиiс.

17. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидаттың қойылатын талаптарға сәйкестiгiн анықтайды, ол туралы тиiстi хаттама жасайды.

18. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейiн, тұрғылықты жерi бойынша салық органдарына ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне табысы мен мүлкi туралы декларацияларды тапсырады.

19. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) жариялаған табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыстығын салық қызметi органдары декларацияларды алған күннен бастап жетi күннiң iшiнде тексередi.

Бұл ретте кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердi ұсыну туралы салық қызметi органдарының талабын алған ұйымдар оны алған күннен бастап төрт күннiң iшiнде сұратылып отырған ақпаратты ұсынады.

Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының кандидаттар туралы мәлiметтердi ұсыну туралы талабын алған өзге мемлекеттiк органдар оны алған күннен бастап екi күннiң iшiнде сұратылып отырған ақпаратты ұсынады.

20. Кандидаттарды тiркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

1) аудан (қала) әкiмiнiң Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қаласы, ауылдық округi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмi лауазымына тиiстi кандидаттарды ұсыну туралы ұсынымы;

2) әкiмдiкке кандидат ретiнде дауысқа түсуге келiсетiнi туралы өтiнiшi;

3) әкiмдiкке кандидат туралы өмiрбаяндық деректер;

4) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

5) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) табысы мен мүлкi туралы декларацияларды тапсырғаны туралы салық органының анықтамасы.

21. Кандидаттарды тiркеу туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы хаттама жасайды.

22. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы:

1) кандидаттарды тiркеу аяқталғаннан кейiн жетiншi күннен кешiктiрмей, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсiлмен, әрбiр кандидаттың тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын лауазымын, жұмыс (кәсiбiнiң) орны мен тұрғылықты жерiн, кандидаттың қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы мен қай ұлтқа жататыны туралы мәлiметтердi көрсете отырып, олардың тiркелгенi туралы хабарлайды;

2) тiркеу кезiнде кандидаттарға тиiстi куәлiк бередi;

3) мынадай жағдайларда:

кандидатты ұсыну қағидалары бұзылған;

кандидат лауазымдық немесе қызмет жағдайының артықшылықтарын пайдаланған;

кандидаттың сайлау алдындағы үгiт жүргiзу басталғанға дейiн сайлау алдындағы үгiттi жүргiзу фактiлерi анықталған;

сот таңдаушыларды сатып алу фактiлерiн анықтаған;

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамасына сәйкес кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияны тапсыру кезiне декларацияда көрсеткен табысы мен мүлкi туралы мәлiметтердiң дұрыс еместiгi анықталған;

осы Қағидаларда көзделген өзге де талаптар сақталмаған жағдайда, кандидатты тiркеуден бас тартады немесе тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды.

23. Кандидатты тiркеуден бас тартуға немесе оны тiркеудiң күшiн жоюға қатысты кандидат үш күн мерзiмде жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясына немесе сотқа шағым жасай алады.

24. Кандидаттарды тiркеу дауыс беру күнiне он бес күн қалғанда аяқталады.

25. Кандидат тiркелгенге дейiнгi кезеңде және дауыс беруге екi күн қалғанда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына бұл туралы жазбаша өтiнiш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.

Бұл жағдайларда тиiстi аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы кандидатты тiркемейдi не кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жояды және қабылданған шешiм туралы аудан (қала) әкiмiне хабарлайды.

26. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн кандидаттардың барлығы шығып қалған жағдайда, сайлау мерзiмiн ұзарту туралы мәселенi аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы шешедi.

27. Дауыс беретiн күнге екi күн қалғанда кандидатты тiркеу туралы шешiмнiң күшiн жоюға немесе бұған дейiн тiркеуден шығарылған кандидатты қалпына келтiруге жол берiлмейдi.

4. Сайлау алдындағы үгiт және сайлауды қаржыландыру

28. Сайлау алдындағы үгiт осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес тiркеу аяқталған күннен басталады және сайлау болатын күннiң алдындағы күнгi жергiлiктi уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

29. Сайлау алдындағы үгiт:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сайлау алдындағы жария iс-шараларды (сайлау алдындағы жиналыстарды және таңдаушылармен кездесулердi) өткiзу жолымен;

2) баспа және өзге де үгiт материалдарын шығару және (немесе) тарату жолымен жүзеге асырылады.

30. Мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде олардың лауазымды адамдарына, сайлау комиссияларының мүшелерiне, дiни бiрлестiктерге сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге, кез келген сайлау алдындағы үгiт материалдарын таратуға тыйым салынады.

Сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, оның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалаулар мен жалаушаларды тегiн таратуды қоспағанда, таңдаушыларға тегiн тауарлар, бағалы қағаздар берiп, қызметтер көрсету, сондай-ақ ақша төлеу арқылы сайлау алдындағы үгiттi жүргiзуге тыйым салынады.

31. Кандидаттар үгiт жүргiзуге және өзiнiң сайлау алдындағы бағдарламасын насихаттауға құқылы.

32. Кандидаттардың өздерiне сайлау науқанын жүргiзуге көмектесетiн, сайлау алдындағы үгiттi жүргiзетiн, мемлекеттiк органдармен және басқа да ұйымдармен, қоғамдық бiрлестiктермен, сайлау комиссияларымен қарым-қатынаста кандидаттардың мүдделерiн бiлдiретiн, саны бесеуден аспайтын сенiм бiлдiрген адамдары болуына құқылы.

33. Кандидаттар сенiм бiлдiрген адамдарын өз қалауы бойынша айқындайды және тiркеу үшiн аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына олар туралы хабарлайды.

34. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сенiм бiлдiрген адамдарды тiркегеннен кейiн оларға тиiстi куәлiктер бередi.

35. Сенiм бiлдiрген адам Қазақстан Республикасының азаматы болуға тиiс, ол мәслихат депутаты, қандай да бiр сайлау комиссиясының мүшесi, мемлекеттiк саяси қызметшi лауазымындағы адам болмауға тиiс.

36. Сенiм бiлдiрген адамдар өздерiне кандидат берген өкiлеттiктер шегiнде әрекет етедi.

37. Сенiм бiлдiрген адамдар сайлау науқаны аяқталғаннан кейiн немесе өз ұйғарымымен не кандидаттың шешiмiмен өз мәртебесiнен айырылады.

38. Сайлау болатын күнi және оның қарсаңындағы күнi кез келген сайлау алдындағы үгiтке тыйым салынады.

39. Дауыс беру пункттерiнен тыс жерлерде бұрыннан iлулi тұрған баспа үгiт материалдарын сол орындарында қалдыруға болады.

40. Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң сайлауы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржыландырылады. Бюджет қаражатын жұмсауды аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Мемлекеттiк бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) сайлау комиссияларын ұйымдастыруға және қызметiне:

сайлау комиссиялары мүшелерiнiң жалақысы;

жалақыға үстемеақы;

техникалық қамтамасыз ету (компьютерлер, ұйымдастыру техникасын сатып алу, жабдықтарды жалға алу және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ дауыс беруге арналған кұрал-жабдықтарды сатып алу және жасау);

көлiк шығыстары;

бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

байланыс қызметтерi, почта-телеграф шығыстары;

полиграфиялық шығыстар;

кеңсе және шаруашылық тауарларын, ұрандар, плакаттар, мемлекеттiк рәмiздер үшiн материалдар сатып алу;

2) үй-жайларды жалға алуға;

3) iссапар шығыстарына;

4) кандидаттардың сайлау алдындағы жария iс-шараларын өткiзуге және кандидаттардың үгiт баспа материалдарын шығаруға;

5) кандидаттардың көлiк шығыстарына;

6) сайлау комиссиясының үй-жайы мен дауыс беру пунктiнде орналастырылатын әкiмдiкке кандидаттар туралы ақпараттық плакаттарды дайындауға арналған шығыстары жабылады.

Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдiгiне кандидаттарға сайлауды ұйымдастыру мен өткiзуге бөлiнетiн қаражат мөлшерiн тиiстi облыстық сайлау комиссиясы айқындайды.

Ескерту. 40-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Президентiнiң 09.04.2014 № 792 Жарлығымен.

41. Әкiмдердiң сайлауында кандидаттардың сайлау алдындағы үгiтi осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен құрылатын сайлау қорларының қаражатынан қаржыландырылуы мүмкiн.

42. Әкiмдiкке кандидаттың сайлау қоры:

1) жалпы сомасы заңнамамен белгiленген ең төменгi жалақының жиырма бес есе мөлшерiнен аспауға тиiс кандидаттың жеке қаражатынан;

2) жалпы сомасы заңнамамен белгiленген ең төменгi жалақының елу есе мөлшерiнен аспауға тиiс Қазақстан Республикасы азаматтары мен ұйымдарының ерiктi қайырмалдықтарынан құралады.

43. Сайлау қорын құрайтын ақша қаражаты тиiстi аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы банк мекемелерiнде ашатын арнаулы уақытша шотқа түсiрiледi. Аталған шот бойынша кiрiс есептелмейдi және төленбейдi. Сайлау қорының қаражатына иелiк ету құқығы тек кандидатқа ғана тиесiлi.

44. Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен кешiктiрмей, кандидат өзiнiң сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны туралы аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына есеп ұсынуға мiндеттi.

5. Әкiмдердi сайлау

45. Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмiнiң сайлауын Қазақстан Республикасының тиiстi аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы әкiмнiң өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуына кемiнде қырық бес күн қалғанда тағайындайды. Әкiмнiң өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда, өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған күннен бастап үш ай iшiнде сайлау өткiзiледi.

Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Президентiнiң 09.04.2014 № 792 Жарлығымен.

46. Әкiмдердiң сайлауында дауыс беру және сайлау қорытындыларын анықтау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгiленген сайлау рәсiмдерiне сәйкес, осы Қағидалардың 46-1-тармағында белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып жүзеге асырылады.

Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Президентiнiң 09.04.2014 № 792 Жарлығымен.

46-1. Таңдаушылардың дауыстары тең болған жағдайда, қайта дауыс беру өткiзiледi.

Қайта дауыс беру сайлау күнi өткiзiледi.

Ескерту. Жарлық 46-1-тармақпен толықтырылды — ҚР Президентiнiң 09.04.2014 № 792 Жарлығымен.

47. Әкiмдi сайлау тиiстi аудан (қала) мәслихаты депутаттары-таңдаушылар отырысында өткiзiледi.

48. Таңдаушылардың тiзiмдерiн аудандық (қалалық) сайлау комиссиялары тиiстi мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша жасайды және дауыс беру пунктiнде iледi.

49. Егер таңдаушылардың отырысына тиiстi аудан (қала) мәслихаты депутаттарының кемiнде үштен екiсi қатысса, ол заңды болады.

50. Таңдаушылардың отырысында аудандық (қалалық) мәслихаттың хатшысы төрағалық етушi болып табылады.

Таңдаушылар отырысының өткiзiлу фактiсiн куәландыратын құжат мәслихат хатшысының аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына ұсынатын отырыс хаттамасы болып табылады.

51. Таңдаушылардың отырысына тиiстi аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерi қатысады.

52. Таңдаушылардың отырысы өткiзiлетiн үй-жайда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы әкiмдердi сайлау бойынша дауыс беру пунктiн ұйымдастырады.

53. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижелерi бойынша сайлау нәтижелерi туралы хаттама жасайды.

54. Отырыс аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының төрағасы әкiмдердi сайлау бойынша дауыс беру нәтижелерiн жария еткеннен кейiн жабылады.

55. Егер сайлау жарамсыз деп танылса не қайта дауыс беру сайланған кандидатты айқындауға мүмкiндiк бермесе, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы қайта сайлау өткiзу туралы шешiм қабылдайды.

Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Президентiнiң 09.04.2014 № 792 Жарлығымен.

56. Қайта сайлау бастапқы сайлаудан кейiн екi ай мерзiмнен кешiктiрiлмей өткiзiледi. Қайта сайлау өткiзу кезiнде жүзеге асырылуы көзделген сайлау iс-шаралары «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және осы Қағидаларға сәйкес өткiзiледi.

Қайта сайлау өткiзу туралы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады.

6. Әкiмдердi тiркеу және олардың қызметке кiрiсуi

57. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сайлау өткiзiлген күннен бастап бес күн мерзiмде сайланған әкiмдi тiркейдi. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясының сайланған әкiмдi тiркеу туралы шешiмi аудан (қала) әкiмiне және тиiстi мәслихатқа ұсынылады.

58. Әкiм лауазымына орналасу арнайы тексерiстiң оң нәтижелерiн алғаннан кейiн жүзеге асырылады. Арнайы тексерiстiң нәтижелерiн алғанға дейiн тұлға әкiмнiң мiндеттерiн уақытша атқарады.

59. Аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы сайлау қорытындыларын және сайланған әкiмнiң тiркелгенi туралы хабарды, оның тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, атқаратын лауазымын, жұмыс (кәсiбiнiң) орнын және тұрғылықты жерiн, әкiмнiң қалауына қарай оның саяси партияға қатыстылығы мен қай ұлтқа жататыны туралы мәлiметтердi көрсете отырып, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

60. Облыстық, аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы таңдаушылардың тiзiмдерiн жасау қағидалары, дауыс беру және дауыстарды санау, сайлау қорытындыларын анықтау тәртiбi бұзылған, осы Қағидаларды басқа да бұзушылықтар орын алған жағдайда, егер бұл iс-әрекеттер таңдаушылардың ерiк бiлдiру нәтижелерiн дұрыс анықтауға мүмкiндiк бермейтiн болса, әкiмдер сайлауын жарамсыз деп тануы мүмкiн.

Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Президентiнiң 09.04.2014 № 792 Жарлығымен.

7. Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiнiң өкiлеттiгiн тоқтату және қызметтен босату тәртiбi

61. Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтерi, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдары әкiмдерiн аудандардың (қалалардың) әкiмдерi облыс әкiмдерiнiң келiсiмiмен қызметiнен босатады.

62. Аудан (қала) әкiмi Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қаласының, ауылдық округiнiң, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кентi мен ауылының әкiмi өкiлеттiгiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылғаны туралы оның өкiлеттiгi тоқтатылған күннен бастап үш күн мерзiмде тиiстi аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына хабарлайды.

8. Қорытынды ережелер

63. Осы Қағидалармен реттелмеген мәселелер «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының актiлерiмен шешiледi.

64. Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдық округтерiнiң, ауылдық округтiң құрамына кiрмейтiн кенттерi мен ауылдарының бұрын тағайындалған әкiмдерi жаңадан сайланған әкiм тiркелген күннен бастап өз өкiлеттiктерiн тоқтатады.

Мақаланың шыққан күні: 22.12.2017 14:40
Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.12.2017 14:40
Қаралым саны: 758

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz