A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы

Мемлекеттiк қызметшiлердi және мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестiлеу ұйымдастырудың кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2013 жылы 20 наурызда № 8381 тiркелдi

«Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлген Мемлекеттiк қызметшiлердi және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үмiткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесi бекiтiлсiн.

2. Тiзiмге сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының кейбiр бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын.

3. Мемлекеттiк қызметтi өткеру бөлiмi (Т.Қ. Жұмағұлов) осы бұйрықты заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелудi және ресми жариялауды қамтамасыз етсiн.

4. Осы бұйрық оны бiрiншi рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгiзiледi бiрақ, 2013 жылғы 26 наурыздан ерте емес.

Төраға                                                                                       А. Байменов


Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының
2013 жылғы 19 наурыздағы
№ 06-7/33 бұйрығымен
бекiтiлген


Мемлекеттiк қызметшiлердi және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк
лауазымдарға орналасуға үмiткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Мемлекеттiк қызметшiлердi және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға үмiткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесi (бұдан әрi — Ереже) аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер (бұдан әрi — мемлекеттiк қызметшiлер) мен «А» және «Б» корпустарының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға үмiткерлердiң (бұдан әрi — үмiткерлер) бiлiмдерiн және қабылеттерiн әдiл бағалау мақсатында оларды тестiлеуден өткiзудiң тәртiбiн бекiтедi.

2. Тестiлеу мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң мемлекеттiк қызметшiсi болып табылатын тестiлеу әкiмшiсiмен (бұдан әрi — әкiмшi) өткiзiледi.

3. Тестiлеудi өткiзудiң әдiлдiгi жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудiң, тестердiң мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ әкiмшiлердiң сыбайлас жемқорлықты жiбермеу әрекеттерi туралы жазбаша шектеулердi қабылдауымен қамтамасыз етiледi.

4. Тестiлеу рәсiмдерiн, тест тапсырмаларының деректер базасын қалыптастыруды және оларды жаңартуды техникалық қамтамасыз ету Мемлекеттiк қызметтiң персоналын басқару ұлттық орталығымен (бұдан әрi — Орталық) жүзеге асырылады.

5. Тестiлеу кезiнде мемлекеттiк қызметшi немесе үмiткер әкiмшiге жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi — ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

2. Аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк
қызметшiлерге тестiлеу өткiзудiң тәртiбi

6. Мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) тестiлеуге жiберiлетiн мемлекеттiк қызметшiлердiң тiзiмiн даярлайды.

Тiзiм келесi мәлiметтердi қамтиды: тегi, аты және әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), атқарып отырған мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымның санаты, ЖСН. Жеке мәлiметтер ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес толтырылады.

Тiзiм уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне ұсынылады.

Мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) тестiлеу өткiзудiң мерзiмi мен орнын уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшелерiмен келiседi.

7. Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi тiзiм түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей тестiлеу кестесiн қалыптастырады және кесте туралы мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi.

8. Мемлекеттiк органның персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) мемлекеттiк қызметшiдердi тестiлеу өткiзудiң күнi, орны мен уақыты туралы хабардар етедi.

9. Мемлекеттiк қызметшiлерге тестiлеу осы Ереженiң 1-қосымшасына сәйкес тестiлеу бағдарламаларына сәйкес өткiзiледi.

10. Тестiлеуден өту кезiнде осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес шектi мәннен төмен баға алған мемлекеттiк қызметшiлердiң, алдыңғы тестiлеу өткен сәтiнен бастап он күнтiзбелiк күннен кейiн, қайтадан тестiлеуден өтуге құқығы бар.

3. «А» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына
орналасуға үмiткерлерге тестiлеу өткiзудiң тәртiбi

11. «А» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi (бұдан әрi — «А» корпусына үмiткерлер) тестiлеу келесi бiр-бiрiмен сабақтасқан мынадай кезеңдерден тұрады:

1) Қазақстан Республикасы заңнамасын бiлуге тестiлеу;

2) логикалық тест;

3) жеке тұлғалық және басқарушылық бiлiктiлiгiнiң деңгейiн анықтауға тестiлеу;

4) мемлекеттiк тiлдi бiлуге тестiлеу.

Тестiлеу өткiзудiң кезеңi үш жұмыс күнiнен аспайды.

12. Қазақстан Республикасы заңнамасын бiлуге тестiлеу кезеңiнде шектi мәннен төмен тестiлеу нәтижесiн алған «А» корпусына үмiткерлер тестiлеудiң келесi кезеңдерiне жiберiлмейдi.

13. «А» корпусының кадр резервiне бiр iрiктеу аясында «А» корпусына үмiткерлер бiр рет ғана тестiлеуден өтедi.

4. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына
орналасуға үмiткерлерге тестiлеу өткiзудiң тәртiбi

14. Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға үмiткерлерге (бұдан әрi — «Б» корпусына үмiткерлер) тестiлеудi азаматтардың өтiнiш бiлдiруi бойынша өткiзедi.

15. Тестiлеуге «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 10-бабының 4-тармағында, 13-бабының 1-тармағында көрсетiлген талаптарға сәйкес келетiн Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

16. «Б» корпусына үмiткерлер Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерiне мынадай құжаттарды бередi:

1) осы Ереженiң 3-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi (салыстыру үшiн түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған);

3) еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесi (салыстыру үшiн түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариатта куәландырылған);

4) ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi.

Егер азамат еңбек қызметiн атқармаған болса немесе оның өтiнiшiнде көрсетiлген лауазым санаты бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмесе осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетiлген құжатты ұсыну талап етiлмейдi.

17. Қарауға «Б» корпусына үмiткерлер немесе олардың өкiлдерi (сенiмхат бойынша) қолма-қол немесе пошта бойынша толық көлемде ұсынған құжаттары қабылданады.

«Б» корпусына үмiткерге немесе олардың өкiлдерiне құжаттарды қолма-қол тапсырған кезде уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметкерiмен осы Ереженiң 4-қосымшасына сәйкес нысандағы құжаттарды қабылдаған күнi мен тестiлеу күнi көрсетiлген қолхат берiледi. Қолхат уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң мөртабанымен куәландырылады.

Құжаттарды қолма-қол толық емес көлемде ұсынған жағдайда уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң жауапты қызметкерi құжаттарды қараусыз және қолхатсыз қайтарады.

Пошта бойынша құжаттарды толық көлемде жiбергенде уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi құжаттар түскен күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей «Б» корпусына үмiткерге қолхат жiберiледi.

Пошта бойынша құжаттарды толық емес көлемде ұсынған жағдайда уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi құжаттар түскен күннен бастап екi жұмыс күннiң iшiнде дәлелдi жауапты қоса берiп құжаттарды қараусыз қайтарады.

18. Тестiлеу өткiзуге бос орындар болған жағдайда «Б» корпусына үмiткер дереу тестiлеуге жiберiледi. Сол күнi тестiлеу өткiзуге бос орын немесе техникалық мүмкiндiк болмаған жағдайда «Б» корпусына үмiткер тестiлеудi мүмкiн болған жақын арада өтедi. Бұл ретте тестiлеу әкiмшiсi қолхатта дереу тестiлеу өткiзу мүмкiн еместiгiнiң себебiн көрсетедi.

19. «Б» корпусына үмiткер осы Ереженiң 5-қосымшасына сәйкес тестiлеу бағдарламасы бойынша тестiлеуден оның өтiнiшiнде көрсеткен «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымының санаты бойынша өтедi.

20. Лауазым санаты үшiн қарастырылған бағдарлама бойынша тестiлеу нәтижелерi тестiлеу өткiзiлген күннен бастап бiр жылдың iшiнде жарамды.

21. «Б» корпусына үмiткерлер тестiлеудiң бiр бағдарламасы бойынша қайта тестiлеудi алдыңғы тестiлеу өткiзiлген күннен бастап үш айдан кем емес мерзiмнен кейiн өтедi.

5. Тестiлеу ұйымдастыру тәртiбi

22. Тестiлеуге ЖСН бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар адамдар жiберiледi.

23. Тестiлеу басталғанға дейiн әкiмшi тестiленушi адамдарды тестiлеу бойынша нұсқаулықпен таныстырады және оларда туындаған сұрақтарға жауап бередi.

24. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген адамдар ол туралы әкiмшiге тестiлеу өткiзу басталғанға дейiн хабарлайды. Бұл жағдайда ол адамдарды тестiлеу осы күнгi басқа уақытта немесе тестiлеу кестесiне сәйкес анықталатын басқа күнi өткiзiледi.

25. Тестiлеудi өткiзуге арналған орын-жай тестiленушiлердiң орналасуына ыңғайлы жағдайға лайық болуы тиiс.

26. Тестiленушi адамдарға басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз немесе электрондық түрдегi ақпараттарды қолдануға, орын-жайды тастап кетуге тыйым салынады.

Ереженi бұзған жағдайда әкiмшiлер тестiлеудi тоқтатады, Ереженi бұзғандарды тестiлеу үшiн орын-жайдан шығарып жiбередi және үштен кем емес адаммен соның iшiнде әкiмшiмен қол қойылатын осы Ереженiң 6-қосымшасына сәйкес нысандағы тиiстi акт толтырады.

27. Тестiлердi орындауға уақыт:

1) заңнаманы бiлуге тестiлеу бағдарламаларына байланысты:

«А» корпусының тестiлеу бағдарламасы бойынша — 80 минөт (100 сұрақ);

«Б» корпусының тестiлеу бағдарламасы бойынша — 125 минөт (150 сұрақ), 110 минөт (135 сұрақ), 100 минөт (120 сұрақ), 80 минөт (100 сұрақ);

2) логикалық тест бағдарламасы бойынша — вербальдi 10 минөт (10 тапсырма), вербальдi емес 20 минөт (60 тапсырма);

3) жеке тұлғалық және басқарушылық бiлiктiлiгiнiң деңгейiн анықтау бағдарламалары бойынша — жеке тұлғалық 30 минөт (117 тапсырма), басқарушылық 40 минөт (136 тапсырма).

28. «А» корпусына үмiткерлердi мемлекеттiк тiлдi игеру деңгейiн анықтау бойынша тестiлеу ҚАЗТЕСТ — қазақ тiлiн игеру деңгейiн бағалау жүйесiнiң стандарттарына сәйкес өткiзiледi.

29. Осы Ереженiң 27 және 28-тармақтарында қарастырылған тестiлердiң арасындағы үзiлiс 30 минөттен кем емес.

30. Тестердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, программа автоматты түрде жабылады.

31. Компьютерлiк тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк программа көмегiмен автоматты түрде жүргiзiледi.

32. Тестiлеу аяқталғаннан кейiн тестiлеуден өткен адамдарға тестiлеу әкiмшiсiнiң, уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды тұлғасының қолы қойылған және мөр басылған тестiлеу нәтижелерi берiледi.

Шектi мәннен төмен емес тестiлеу нәтижесiн алған үмiткерге осы Ереженiң 7-қосымшасына сәйкес нысандағы тестiлеу өткендiгi туралы сертификат берiледi.

Шектi мәннен төмен тестiлеу нәтижесiн алған «Б» корпусына үмiткерге шектi мәннен төмен нәтижелермен тестiлеу өткендiгi туралы анықтама берiледi.

Мемлекеттiк қызметшiлердi
және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк
лауазымдарға орналасуға үмiткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесiне
1-қосымша

Мемлекеттiк қызметшiлердi тестiлеу бағдарламалары

1. Аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi тестiлеу бағдарламалары:

1) А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшiн:

мемлекеттiк тiлдi бiлуге тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттiк қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;

2) басқа санаттар үшiн:

мемлекеттiк тiлдi бiлуге тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттiк қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (15 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Мемлекеттiк қызметшiлердi
және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк
лауазымдарға орналасуға үмiткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесiне
2-қосымша

Тестiлеу нәтижелерiнiң шектi мәндерi

1. Логикалық тест, жеке тұлғалық және басқарушылық бiлiктiлiгi бойынша тест және мемлекеттiк тiлдi бiлуге арналған тест бойынша шектi мән белгiленбейдi.

2. Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге арналған тест бойынша шектi мәндер:

1) «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшiн әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша мүмкiн болған 10 жауаптан кем дегенде 7 дұрыс жауап;

2) аттестациялауға жататын «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерге:

«Б» корпусының А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшiн әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша мүмкiн болған 15 жауаптан кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды;

басқа санаттар үшiн әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша мүмкiн болған 15 жауаптан кем дегенде 8 дұрыс жауапты құрайды;

3) «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшiн:

Б» корпусының А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшiн әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша мүмкiн болған 15 жауаптан кем дегенде 10 дұрыс жауапты құрайды;

басқа санаттар үшiн әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша мүмкiн болған 15 жауаптан кем дегенде 8 дұрыс жауапты құрайды.

Мемлекеттiк қызметшiлердi
және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк
лауазымдарға орналасуға үмiткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесiне
3-қосымша

__________________________________________________

(уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi)

Өтiнiш

Менi «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарының

____санаты бойынша тестiлеуге жiберулерiңiздi сұраймын.

Мемлекеттiк қызметшiлердi және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк

лауазымдарға орналасуға үмiткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру

ережесiнiң негiзгi талаптарымен таныстым, келiсемiн және оларды орындауға мiндеттенемiн.

Ұсынылған құжаттардың растығына жауап беремiн.

Тестiлеу өту орны ______________қаласы.

Тестiлеу өтудi қалаған күнi _________________.

Қоса берiлген құжаттар тiзiмi:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

__________                               ___________________________________
  (қолы)                                                  (тегi, аты, әкесiнiң аты)

«____» ____________ 20__ ж.

Мемлекеттiк қызметшiлердi
және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк
лауазымдарға орналасуға үмiткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесiне
4-қосымша

ҚОЛХАТ

_____________________________________________________________

(уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi)

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға үмiткер

_____________________________________ мынадай құжаттарды қабылдады:

(үмiткердiң аты-жөнi)

р/н
Құжаттың аты Парақтар саны
1. Өтініш  
2. Білімі туралы құжаттардың көшірмесі  
3. Еңбек қызметін растайтын құжат көшірмесі  
4. ЖСН бар жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі  

Үмiткердiң тестiлеу өтудi қалаған күнi 201_жылғы______________.

Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық бөлiмшелерi тағайындаған

тестiлеу күнi 201_жылғы_____________________________________________.

Тағайындалған тестiлеу күнiнiң үмiткердiң қалаған күнiмен

сәйкес келмеуiнiң себебi ____________________________________________

_____________________________________________________________________

Қабылдаған _________ _________________________________________

(қолы) (Уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық

бөлiмшелерi өкiлiнiң аты-жөнi)

М.О.

Тапсырған ______________ ___________________________________

(қолы) (үмiткердiң аты-жөнi)

Күнi 201_жылғы ____________________.

Мемлекеттiк қызметшiлердi
және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк
лауазымдарға орналасуға үмiткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесiне
5-қосымша

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға

және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне тұруға

үмiткерлерге тестiлеу бағдарламалары

1. «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға тестiлеу бағдарламасы:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» (10 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттiк қызмет туралы» (10 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (10 сұрақ), «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» (10 сұрақ), «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» (10 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (10 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған сұрақтары кiредi;

2) логикалық тест (вербальдi емес — 60 тапсырма);

3) жеке тұлғалық және басқарушылық бiлiктiлiгi бойынша тест — 263 (жеке тұлғалық — 117, басқарушылық — 136 тапсырма);

4) ҚАЗТЕСТ (150 сұрақ).

2. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарына орналасуға және мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтiң кадр резервiне тұруға тестiлеу бағдарламасы:

1) А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшiн:

мемлекеттiк тiлдi бiлуге тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттiк қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» (15 сұрақ), «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;

2) басқа санаттар үшiн:

мемлекеттiк тiлдi бiлуге тест (20 тапсырма);

логикалық тест (10 тапсырма);

Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президентi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» (15 сұрақ) Конституциялық заңдарын, «Мемлекеттiк қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ) Заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Мемлекеттiк қызметшiлердi
және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк
лауазымдарға орналасуға үмiткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесiне
6-қосымша

Тестiлеу ережесiн бұзған мемлекеттiк қызметшiнiң немесе

үмiткердiң тестiлеуiн тоқтату АКТIСI

201____ж. «_____» ___________________ сағ.______________________мин.

Тестiлеу әкiмшiсi ___________________________________________________ (аты-жөнi)

Орталықтың Өкiлi ____________________________________________________

(аты-жөнi)

Мемлекеттiк қызметшi/үмiткер __________________________________ (аты-жөнi)

________________, ЖСН___________________________тарапынан Мемлекеттiк

қызметшiлердi және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға

үмiткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесiнiң 26-тармағының бұзылғаны анықтадық:

_____________________________________________________________________

_____________________________________________________________________

___________________________________________________________________

(осы актiнi жасаған адамдардың қолы мен аты-жөнi)

актiмен таныстым:

____________________________________________________________________

(мемлекеттiк қызметшiнiң/үмiткердiң қолы, аты-жөнi)

Күнi: 201_ж. _______________

Мемлекеттiк қызметшiлердi
және бос мемлекеттiк әкiмшiлiк
лауазымдарға орналасуға үмiткер
азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру
ережесiне
7-қосымша

СЕРТИФИКАТ

_____________________________________ «___» корпусының мемлекеттiк

(үмiткердiң аты-жөнi)

әкiмшiлiк лауазымына орналасуға ____ санаты бойынша _______________

қаласындағы аумақтық тестiлеу орталығында тестiлеуден өткенiн растайды.

Тест атауы Тесттегі тапсырмалар сұрақтар саны Шекті мәні Дұрыс жауаптар саны
       
       
       
       
       
       

Осы сертификат тестiлеу өткен күннен бастап 1 жылдың iшiнде жарамды.

Тест әкiмшiсiнiң қолы: __________________

Уәкiлеттi лауазымды тұлғаның қолы: ___________________

Күнi___________

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк

қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының

2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33

бұйрығымен бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi

Төрағасының күшi жойылған кейбiр бұйрықтарының тiзiмi

1) «Тестiлеудi өткiзу ережесiн, Тестiлеу программаларын және Тестiлеу нәтижелерiнiң шектi мәнiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 Бұйрығы (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 5113 тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, № 6, 2008 жылғы 10 маусымда жарияланған);

2) «Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасы бiрiншi орынбасарының 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 02-01-02/5 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрықтарына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2008 жылғы 25 ақпандағы № 02-01-02/33 (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 5151 тiркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, № 6, 2008 жылғы 10 маусымда жарияланған) бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы;

3) «Тестiлеудi өткiзу ережесiн, Тестiлеу программаларын және Тестiлеу нәтижелерiнiң шектi мәнiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрығына толықтырулар мен өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 02-01-02/95 Бұйрығы (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 6298 тiркелген);

4) «Тестiлеудi өткiзу ережесiн, Тестiлеу программаларын және Тестiлеу нәтижелерiнiң шектi мәнiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрығына толықтыру енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының 2013 жылғы 11 қаңтардағы № 06-7/4 Бұйрығы (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 8273 тiркелген, «Егемен Қазақстан» газетiнде № 54 (27993), 2013 жылғы 26 қаңтарда жарияланған).

Мақаланың шыққан күні: 15.12.2017 17:24
Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.12.2017 17:31
Қаралым саны: 1702

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz