A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Электр желілік компаниялардың ірілендіру процессінің басталуын қамтамасыз етуін жүзеге асыру бойынша

2017 жылғы 5 желтоқсан                                                                                      Астана қаласы

Электр желiлiк компаниялардың iрiлендiру процессiнiң басталуын қамтамасыз етуiн
жүзеге асыру бойынша

Бүгiн Орталық коммуникациялар қызметi алаңында Энергетика министрлiгiнiң Электр энергетикасы және көмiр өнеркәсiбi департаментiнiң директоры Бауыржан СӘРСЕНОВ, Электр энергетикасы және көмiр өнеркәсiбi департаментi директорының орынбасары Талғат ӘБIЛҒАЗЫНЫҢ қатысуымен баспасөз конференция өттi.

2017 жылғы 11 шiлдеде Елбасы энергия берушi ұйымдардың саның азаюына жол беретiн Өңiрлiк электр желiлiк компанияларды iрiлендiруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне электр энергетикасы мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрi — Заң) қол қойды және ол 2017 жылдың 24 шiлдесiнде күшiне ендi.

Заң қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн төмендегi тетiктер бойынша Өңiрлiк энергетикалық компанияларды iрiлендiру көзделедi:

- иесiз деп танылған электр желiлерiн теңгерiмiне қабылдаған кезде энергия берушi ұйымдарды (ЭБҰ) корпоративтiк табыс салығынан және мүлiк салығынан босату;

- iрiлендiрген жағдайда энергия берушi ұйымдар үшiн табиғи монополиялар саласындағы заңнамада көзделген тыйымдарды алып тастау;

- электр желiлерiн кеңейткен кезде электр энергиясын беруге тарифтердiң шектi деңгейiн қайта қарастыру мүмкiндiгiн енгiзу;

- мемлекеттiк кәсiпорындар теңгерiмiндегi жаңадан салынған шағын станциялар мен электр желiлерiн энергия берушi ұйымдардың теңгерiмiне өткiзу.

Келесi кезең 51-қадамды iс жүзiнде жүзеге асыру. Бұл мыналарды:

- Мемлекеттiк заңды тұлғалардың шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы электр желiлерiн сенiмгерлiк басқаруға немесе өтеусiз пайдалануға берудi (2019 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде);

- энергия берушi ұйымдардың теңгерiмiне иесiз деп танылған электр желiлерiн берудi (қолданыстағы иесiз деп танылған электр желiлерi бойынша — 2019 жылғы 1 қаңтарға дейiнгi мерзiмде, анықталуына байланысты) көздейдi.

Заң деңгейiнде энергия берушi ұйымдардың қызметiне қойылатын талаптарды енгiзу мыналарды:

1) диспетчерлiк технологиялық басқарудың болуын — 2018 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрмей;

2) электр желiлерiн, жабдықты, тетiктердi пайдалануды және оларға техникалық қызмет көрсетудi, еңбектi қорғауды және қауiпсiздiк техникасын жүзеге асыратын, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киiммен, аспаптармен және құрылғылармен қамтамасыз етiлген, оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталған қызметтердiң болуын — 2020 жылғы 1 қаңтардан кешiктермей;

3) жүйелiк қызметтердi көрсетуге жүйелiк оператормен жасалған шарттардың болуын — 2020 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрмей;

4) жүйелiк операторда және өңiрлiк электр желiлiк компанияда орнатылған жүйелермен бiрiздендiрудi қамтамасыз ететiн коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерiнiң, телекоммуникация жүйелерiнiң болуын — 2022 жылғы 1 қаңтардан кешiктiрмей кезеңмен қолданысқа енгiзу арқылы жүргiзiледi.

Осы шаралар ЭБҰ санын 2020 жылға дейiн 30 пайызға (160-тан 110-ға дейiн) азайтуға және энергиямен жабдықтаудың сенiмдiлiгiн арттыруға, иесiз деп танылған электр желiлерi мәселесiн шешуге мүмкiндiк бередi.

Осы жылдың қараша айында Заңды жүзеге асыру үшiн нормативтi база соның iшiнде Энергия берушi ұйымдардың электр энергиясын беру жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарға сәйкестiгiн айқындау қағидалары қабылданды.

Қазiргi таңда энергия берушi ұйымдар электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес электр энергиясын беру жөнiндегi қызметке қойылатын талаптарға сай келу үшiн уақытылы шаралар қабылдау қажет екендiгi жөнiнде хабардар етiлдi.

Өңiрлiк электр желiлiк компанияларды iрiлендiру процессiнiң негiзгi нәтижесi 2022 жылға қарай энергия берушi ұйымдардың саның 30 %-ға азайту, яғни 160-тан 110 энергия берушi ұйымдарға дейiн, соның iшiнде 2019 жылға қарай 27 коммуналды кәсiпорындар өз қызметiн тоқтату тиiс және 2023 жылға қарай 23-ке жуық жеке энергия берушi ұйымдардың жойылуы күтiлуде.

ҚР ЭМ Баспасөз қызметi

Мақаланың шыққан күні: 19.12.2017 17:59
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2017 17:59
Қаралым саны: 860

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz