A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы (1924-2013 жылдар)

Кеңес Одағының Батыры (1945), №1 Халық Қаһарманы (1994), армия генералы (1993 жылдан бастап), Қазақстан Республикасы қорғанысының бiрiншi министрi (1992 жылдан бастап) Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы ұлты-қазақ, 1924 жылы 25 мамырда Целиноград облысы Алексеев ауданында (қазiргi Ақмола облысы Ақкөл ауданында дүниеге келген. М. В. Фрунзе атындағы Әскер академияны аяқтаған. ҰОС қатысушысы. 1942 жылдың тамыз айынан бастап әскерде. Түркiстан пулемет училищесiн аяқтаған соң 1943 жылдың мамырынан бастап фронтта. 1945 жылдың мамыр айына дейiн пулемет взводының командирi, пулемет ротасының командирi, 5-екпiндi армияның II дәрежелi Суворов ордендi 301 Донецк Берлин атқыштар дивизиясының 1052 атқыштар полкi құрамында атқыштар батальонының командирi лауазымында соғысты. Краснодар өлкесiн, Украина, Молдавия, Батыс Белоруссия, Польша жерiн жаудан азат етуге қатысты. 1945 жылы 27 ақпанда Польша жерiнде жау қорғанысын бұзып өту кезiндегi жауынгерлiк тапсырманы ержүректiлiкпен орындап көрсеткен ерлiгi үшiн оған Кеңес Одағының Батыры атағы (№ 5214) берiлдi. Соғысты Берлинде аяқтады. Сағадат Нұрмағамбетовтiң батальоны Гитлердiң рейхсканцеляриясына шабуыл жасады. Жеңiстен кейiн батальонның жеке құрамы мемлекеттiк маңызы бар нысандарда күзету жөнiндегi тапсырмаларды орындады.

С. Қ. Нұрмағамбетов — Ақкөл ауданының №1 Құрметтi азаматы (2002 жыл), Ақкөл қаласының орталық көшесiне атауын берген, өзi бiлiм алған №1 мектеп қабырғасына мемориалды тақтасы орнатылған. 2016 жылы С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы орталық көшесiнде, Батыр оқыған мектептiң ғимараты жанында қола бюстi орнатылған.

2007 жылы

Деркетеме: Казахская ССР: Краткая энциклопедия.- Алма-Ата: Казах., советская энциклопедия, 1991.-Т.4.- с.160., Акмола: Энциклопедия.- Алматы: Казахская энциклопедия.- 2009.-с.433.

Мақаланың шыққан күні: 21.02.2018 12:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.09.2018 18:47
Қаралым саны: 701

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz