A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Жаңалықтар 2017 жыл

Қазақ күресi сайысы

2017 жылғы 11 қараша күнi Ақкөл аудандық БЖСМ-де қазақ күресiнен аудандық ашық бiрiншiлiк өткiзiлдi. Оған 2004-2007 жылы туған ұлдар қатысты. Осы мектеп түлектерiмен қоса Астрахан, Бұланды аудандары мен Азат ауылының палуандары күш сынасты.

Өз салмақ дәрежелерiнде 1-орынды Н.Әдiлбек, Д.Байшолақ (Бұланды ауданы), А.Вусатов, В.Савчук, Д.Жүсiпов, Ш.Ұлмерген (Ақкөл БЖСМ), Н.Сыздықов (Астрахан ауданы) жеңiп алды. II орынды С.Сәкенов (Бұланды ауданы), П.Ломзин, Б.Омаров, Н.Мақұм, Д.Кинзель, Ж.Жеников, Т.Мұхтаров (Ақкөл БЖСМ) еншiледi. III орынға Е.Пермаханов (Бұланды ауданы), Д.Ыбраев, А.Чолий, М.Садырбаев, Б.Жұманов, В.Гаськов (Ақкөл БЖСМ), Ф.Сағат, Ж.Саттар (Астрахан ауданы) табан тiредi.

Бұл турнирге 2007-2009 жылы туылған көптеген жас спортшылар алғаш рет қатысты. Жас балуандарға табыс тiлей отырып, жастарды қолтықтарынан демеп, ағалық қамқорлықтарынан шет қалдырмаған аудандық «Қазақ күресi» федерациясын атап өткен абзал.

Қазақ тарихы мен мәдени мұра кешенi

2017 жылғы 20-25 маусым күндерi Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесiне арналған Ақмола облысының күндерi болып өттi. Ақкөл ауданы 24-25 маусымда «Қазанат» ипподромында ұйымдастырылған шараға қатысты. «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенiнде қазақ күресiнен сайыстар болып өттi. Ақкөл БЖСМ-нiң балуандары Ержан Гилмиденов пен Темiрхан Сарымсақов екеуi де бiрiншi орындарды қанжығаларына байлады.

«Этноауыл» кешенi — ЭКСПО-2017 көрмесiнiң мәдени-саяхаттық және имидждiк бiрегей жобасы. Оның басты мiндетi — көрме қонақтарына қарыштап дамып келе жатқан заманауи Қазақстанның мәдени мұрасымен, көпғасырлық ел тарихымен таныстыру.

Алтынмен апталып, күмiспен күптелген Ақкөл қыздары

2017 жылғы қаңтардың 30 күнi Астана қаласында каратэден (kyokushinkai, shinkyokushinkai) Қазақстанның бiрiккен чемпионатының 1-шi күнi аяқталды. Үш татамиде 12-17 жас аралығындағы жасөспiрiмдер, юниорлар мен қыздар күш сынасты. Чемпионатқа Астана, Алматы және 14 облыстың 300 -ден аса спортшылары қатысты. Шараның салтанатты ашылуында Киокушинкай-кан каратэ республикалық Ұлттық Федерациясының Президентi, ҚР Парламент мәжiлiсiнiң депутаты О.Н. Өксiкбаев пен ҚР Парламент мәжiлiсiнiң депутаты Б.Е.Ертаев сөз сөйледi. Бiздiң "СЭНШИ" каратэ клубының мүшелерi Анна Белякова алтын , Камила Темербекова күмiс медальды жеңiп алды.

«Көңiлдi сөре» эстафеталық сайысы

Бүгiнгi танда ел басшымыз «Спорт — денсаулық, спорт — сұлулық, спорт — жетiстiк, спорт — адам мүмкiндiгiнiң қырлары» деп спорт сүйер қауымды қолдайды.

Балалардың жастайынан спортқа деген қызығушылығын ояту үшiн дене шынықтыру, спорт және салауатты өмiр салтын насихаттап, спортпен жүйелi шұғылдануға тартып, оқушылар арасында достық қарым — қатынасты нығайтып, спортқа деген қызығушылығын арттыруға көп көңiл бөлемiз. Түрлi спорттық қимылды ойындармен таныстыру, тәсiлдерiн меңгерту, оқушылардың икемдiлiгi мен ептiлiктерiн, мергендiк пен шапшаңдық қабiлеттерiн дамыту мақсатында сыныптан тыс спорттық тәрбиелiк iс-шаралар өтiп тұрады. 5 сынып оқушылары арасында өткен бұл шараға үш топ қатысып, өз бiлiм — бiлiктiлiктерiмен жарысты.

Сайысымыздың қорытынды бөлiмiнде әдiл қазылар жүзден жүйрiк, мыңнан тұлпарларды анықтап, жеңiмпаздар мен жүлдегерлердi, үздiк ойыншыларды мақтау қағаздарымен марапаттады. Сонымен қатар, сайыс барысында көшбасшы бола бiлген Гайськов Валерий, Белоусов Валентин, Смайыл Ерсұлтан, Ораз Аяндар спорттық сайыстарда биiк шыңдардан көрiнетiндерiне сенiм мол.

Шаңғы дайындығы

Қаңтардың 14 жұлдызында № 3 Ақкөл орта мектебiнiң 7 «Б» сыныбында дене тәрбиесiнен «Ауыспалы адаммен биiкке көтерiлу» тақырыбында ашық сабақ өткiзiлдi. Сабақтың мақсаты: Ауыспалы адыммен биiкке көтерiлу, жаттығу үйрету тәсiлдерiн көрсету, биiктiкке шығу техникасы элементтерi мен қимыл дағдыларын қалыптастыру.

Оқушылар сабаққа қызыға қатысып, жаттығуларды бiр көрсеткен кезден жақсы қабылдап өздерiне берiлген жаттығуларды бiр-бiрiнен асыра жасауға тырысты. Осы сыныпта Азатбек Ұлықпан топты басқарып жақсы жетекшiлiк жасай бiлдi, Бантус Тимур шаңғының аяққа дұрыс киiлуiн қарап, сабақ барысында өз сыныптастарына көмектестi. Қошаева Алима мен Қамбарова Құттықыз шаңғыны бiр кигеннен өздерi игерiп әкеттi, Такимова Камила, Жасұлан Диана, шаңғымен жақсы сапалы жаттығу орындады. Iс-шарада жоспарланған барлық тапсырмалар мен жаттығулар уақытында орындалып игерiлдi.

Жаңа жеңiстер

2017 жылдың 6 — 8 қаңтар күндерi Көкшетау қаласында қазақ күресiнен облыстық чемпионат болып өттi. Оғ ан 2000 — 2001 жылдары туған және одан кiшi жастағы балуандар қатысты. Барлығы 16 ауданнан 163 адам қатысты. Ақкөл ауданының балуандары бес 1-шi орынды жеңiп алды. Надежда Никитина, Хайруллина Елена (№ 1 АОМ), Жүсiпов Заур, Абаев Нұрислам (№ 3 АОМ), Дәуiрхан Өмiрхан (Азат орта мектебi) үшiншi орынды Гильмиденов Әдiлжан (№ 2 АОМ) иелендi. Жеңiмпаздар Қазақстан чемпионатына жолдама алды.

Баскетбол жарысы жалғасуда

Қысқы каникул кезiнде Спорт мектебiнде ұлдар мен қыздар арасында баскетболдан аудандық бiрiншiлiк өттi. Барлық командалар жақсы әзiрлiктерiн көрсеттi. Қорытындысында № 1 АОМ -нiң қыздары 1-орынды, ЖБСМ командасы 2-орынды, № 3 АОМ командасы 3- орынды жеңiп алды. Ал ұлдар арасында ЖБСМ командасы 1-орынды, № 3 АОМ командасы 2-орынды, ЖБСМ -2 командасы 3-орынды иелендi.

Мақаланың шыққан күні: 13.12.2017 17:04
Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.12.2017 17:59
Қаралым саны: 1088

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz