A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«БЖЗҚ» АҚ тұжырымы бойынша үздік эссе авторларының есімі аталды

Алматы, Қазақстан — Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры үздiк эссе байқауының қорытындысын шығарды. Оған 250-ден астам адам қатысты

Еске саламыз, 2018 жылдың қыркүйегiнде БЖЗҚ 12 жастан 18 жасқа дейiнгi оқушылар арасында «Менiң атам/менiң әжем — белсендi зейнеткер» тақырыбы бойынша үздiк эссе байқауын жариялаған болатын. Оған қатысушылар өз шығармаларында зейнетке шықса да белсендi өмiр салтын ұстанатын ата-әжелерi туралы Қормен сыр бөлiстi. Осылайша қарттық шақтың да адам өмiрiнiң белсендi әрi жемiстi кезеңi екендiгiне тағы да көз жеткiздiк. Бұған жасөспiрiмдердiң зор ықыласпен жазған жүрекжарды шығармалары куә.

Жүздеген әсерлi де шынайы жұмыстардың iшiнен үздiк эссенi таңдау қиын болды. Алайда қазылар алқасы қазақ және орыс тiлдерiнде 12 — 14 және 15 — 18 жас санаты бойынша әр топтан үш жеңiмпазды анықтады. Қазылар алқасының құрамында БЖЗҚ мамандары, «Ұлан» газетiнiң бас редакторы Жұлдыз Әбдiлдә, «Дружные ребята» газетiнiң бас редакторы Әлiмжан Акбаров, «Жыл он екi ай» балалар журналының бас редакторы Талғат Айтбайұлы және балалар жазушысы Лиля Калаус бар.

Атап өту керек, елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен келген хаттарды iрiктеу жұмыстары: антиплагиат бойынша тексеру, мәтiн мазмұнының шығарма тақырыбына сәйкестiгi, шығармашылық тәсiл, сонымен қатар байқау шартын сақтау секiлдi бiрнеше кезеңнен тұрды.

Сонымен мына оқушылар жеңiмпаз атанды:

12-14 жас (мемлекеттiк тiлде):

1.Темiрбек Жүргенов атындағы (Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы) №123-шi мектеп-лицейiнiң 7 «Ә» сыныбының оқушысы Ысқақ Ғалия;

2.Жiтiқара қаласындағы (Қостанай облысы, Жiтiқара ауданы) №1-шi мектептiң 7 сынып оқушысы Янгильдина Алина;

3.Арал қаласындағы (Қызылорда облысы, Арал ауданы) Тарас Шевченко атындағы №13-шi мектептiң 7 «А» сынып оқушысы Қаниева Маржан.

14-18 жас (мемлекеттiк тiлде):

1.Есбол ауылының (Атырау облысы, Индер ауданы) Қалам Есқалиев атындағы орта мектебiнiң 10 сынып оқушысы Меңдiқұлова Әйгерiм;

2.Лисаковск қаласындағы (Қостанай облысы) №1-шi орта мектептiң 10 «А» сынып оқушысы Гросс Александр;

3.Олжабай батыр ауылындағы (Ақмола облысы, Ерейментау ауданы) қазақ-орыс орта мектебiнiң 9 «Б» сынып оқушысы Герц Виктор.

12-14 жас (орыс тiлiнде):

1.Федосеевка ауылындағы (Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы) орта мектептiң 7 сынып оқушысы Баранова Карина;

2.Қырық құдық ауылындағы (Ақмола облысы) орта мектептiң 8 «А» сынып оқушысы Ербол Аяжан;

3.Петровка ауылындағы (Солтүстiк Қазақстан облысы, Тайынша ауданы) орта мектептiң 6 сынып оқушысы Жингель Андрей.

14-18 жас (орыс тiлiнде):

1.Қадыр Мырзалиев атындағы (Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы) орта мектептiң 9 сынып оқушысы Толқынова Томирис;

2.Искра ауылындағы (Солтүстiк Қазақстан облысы, Мамлют ауданы) орта мектептiң 9 сынып оқушысы Писалева Софья;

3.Белов ауылындағы (Солтүстiк Қазақстан облысы, Мамлют ауданы) орта мектептiң 10 сынып оқушысы Деянова Дарья.

Қазақ тiлiнде жеңiмпаз атанғандардың эсселерi балалар мен жасөспiрiмдерге арналған «Ұлан» республикалық газетiнде, ал орыс тiлiндегi жеңiмпаздардың эсселерi «Дружные ребята» республикалық газетiнде жарияланады. Бұдан басқа, бiрiншi орын алған оқушылардың жұмыстары Қордың «PRO ЕНПФ» корпоративтiк журналының 11 шығарылымында жарық көредi. Сондай-ақ әрбiр жас мөлшерi мен тiл санаты тобындағы жеңiмпаздар кiтап дүкендерiне арналған тартулық сертификаттармен марапатталады:

1 орын үшiн — 20 000 теңге:

2 орын үшiн — 15 000 теңге:

3 орын үшiн — 10 000 теңге.

Сонымен қатар байқау комиссиясы әрбiр жас санаты бойынша 10 адамды ата мен әжеге деген мейiрiмге толы шынайы эсселерi үшiн құрмет грамоталарымен марапаттауды ұйғарды.

БЖЗҚ барлық қатысушыларды шығармашылық табыстарымен шын жүректен құттықтайды және қазылар алқасының барлық мүшесiне шексiз ризашылығын бiлдiредi.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz 

Мақаланың шыққан күні: 29.12.2018 09:39
Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.12.2018 09:39
Қаралым саны: 839

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz