A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары

2018 жылдың 20 қыркүйегiнде «Бiрыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры» АҚ-ның Ақмола облыстық филиалында «ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесiне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары» деген тақырыпта Ашық есiк күнi өттi. Шараға екiжүзден астам адам қатысты. Ашық есiк күнi аясында Бекмагамбетов Ж.Н., филиал директорының орынбасары, жиналғандарға зейнетақы жүйесiнiң ерекшелiктерi мен даму бағыттары, Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметi туралы әңгiмелеп бердi.

Оның айтуынша, 1990-жылдары елiмiз тәуелсiздiкке қол жеткiзген сәтте гиперинфляция мен жұмыссыздықтың күрт өсуiнен кеңестiк дәуiрден мұраға қалған зейнетақы жүйесi жарамсыз болып қалды. Осылайша зейнетақы жүйесiн жаңа әлеуметтiк-экономикалық ахуалға сай реформалау қажеттiгi туындады. Реформаның басты мақсаты — азаматтардың қарттық шағына деген жауапкершiлiгiне негiзделген әлеуметтiк әдiлдiк қағидатына сай жүйе қалыптастыру, яғни, әр азаматты зейнетақы жүйесiне қосқан үлесiне сай зейнетақымен қамтамасыз ету болатын.

Естерiңiзге сала кетейiк, 1997 жылы маусым айында ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшiне ендi. Сол жылы Мемлекеттiк жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) құрылып, елiмiздiң зейнетақы жүйесiн қалыптастыруда маңызды рөл ойнаған алғашқы жеке қорлар да ашыла бастады.

Азаматтардың жинақтарын тиiмдi, қауiпсiз басқару мақсатында 2013 жылы МЖЗҚ-ның негiзiнде Бiрыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры құрылды (БЖЗҚ). Қазақстанның зейнетақы жүйесi ортақ, базалық және жинақтаушы бөлiктерден тұрады. Бiрлескен зейнетақы бұрынғыша екi көзден қаржыландырылып, мемлекеттiк бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы төленедi, ал БЖЗҚ-дан салымшылардың өз жинақтарынан төлем жасалады.

Жүйенi одан әрi жетiлдiру «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiн 2030 жылға дейiн одан әрi модернизациялау тұжырымдамасына» сай жүргiзiлуде. Осыған сай, 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап жасы келуiне байланысты зейнеткерлерге тағайындалатын базалық зейнетақы көлемi барлығына бiрдей емес: ол еңбек өтiлi мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысу мерзiмiне байланысты. Азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысуға ынталандыру үшiн енгiзiлген бұл өзгерiс базалық зейнетақыны екi есе өсiруге мүмкiндiк бередi.

Бүгiнде БЖЗҚ Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесiнiң барлық қаржылық және ақпараттық ағымдарының бiрыңғай әкiмгерi және операторы. Қорда барлық келiсiм түрлерi бойынша 10, 25 млн. жеке зейнетақы шоттары шоғырланған (2018 жылдың 1 қыркүйегiне). Олардың 9,75 млн-ы мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ), 464,8 мыңы — мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналары (МКЗЖ), 39,8 мыңы — ерiктi зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша шоттар. Зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы — 8,8 трлн.

Естерiңiзге сала кетейiк, зейнетақы жинақтарының сомасы мен есептелген инвестициялық табыстың сұралған кезең аралығындағы көрсеткiшi ЖЗШ-дан үзiндi-көшiрмеде көрсетiледi.

Шараға қатысушылар сонымен қатар өздерiн толғандыратын жеке сауалдарына да жауап алды. БЖЗҚ Ашық есiк күндерi 2017 жылдың басынан берi өткiзiлiп келедi. Осы уақыттан берi шараға 24 мыңға тарта қазақстандық қатысты.

«БЖЗҚ» АҚ Ақмола облыстық филиалы

Мақаланың шыққан күні: 21.09.2018 10:14
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.09.2018 10:14
Қаралым саны: 854

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz