A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«ҚазАгро» Ұлттық холдингі Астанадағы агроөнеркәсіптік инвестициялық форумда ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен инвесторлардың басын

17 тамыз 2017 жыл                                                                                           Астана қ.

Орталық коммуникациялар қызметiнiң алаңында «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингi» АҚ Басқарма төрайымы Гүлназ АТАМҚҰЛОВАНЫҢ қатысуымен «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсiптiк инвестициялық форумға арналған баспасөз конференция өттi.

Ауыл шаруашылығындағы жобаларды бiрлесiп iске асыру мен азық-түлiк тауарларын өндiру саласына серiктестердi тарту арқылы қазақстандық бизнестi қолдау, салаға инвестициялық капиталды тарту, агроөнеркәсiптiк кешендегi бизнестiң жаңа трендтерi мен перспективаларын талқылау мақсатында «ҚазАгро» Холдингi ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қолдауымен Астанада 2017 жылдың 25 тамызында «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсiптiк инвестициялық форумын өткiзбек. Аталған шараға Қазақстан, Қытай, Иран, БАӘ, Венгрия, Польша, Ресей, Испания, Түркия тағы басқа елдерден 100-ден аса адам қатысады.

Панельдi сессия аясында Вице-Премьер — Ауыл шаруашылығы Министрi А.И. Мырзахметов мырза агроөнеркәсiптiк кешенiнiң экспорттық әлеуетiн дамытудың жаңа үрдiсi жайлы сөз сөйлейдi деп күтiлуде. Ал «ҚазАгро» Холдингiнiң басқарма төрағасы Малелов Н.Т. мырза инвестицияларды тарту бойынша Холдингiнiң қызметi туралы баяндап бередi.

Қатысушылар мен баяндама жасайтындардың арасында Азия даму банкi, Азық-түлiк қауiпсiздiгi жөнiндегi Ислам ұйымы, Ислам даму банкi, халықаралық электронды сауда алаңының және тағы басқа ұйымдардың өкiлдерi бар. Ал қазақстандық өндiрушiлер агрожобаларды iске асыру мен инвесторлармен жұмыс iстеу тәжiрибелерiмен бөлiседi. Форумға iрi шетел инвесторлары, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттардың және инвестициялық қорлардың өкiлдерi, сондай-ақ қазақстандық және шетелдiк агробизнестiң көптеген мамандары шақырылған.

Форум аясында арнайы шақырылған RACS Quality Certificates Issuing Services (БАӘ) сертификаттау орталығының өкiлi сөз алып, Халал сертификаттаудың тәртiптерi туралы айтып бередi.

Шара ұйымдастырушылары форум барысында iскерлiк байланыстарды нығайтып, оның тиiмдiлiгiн арттыру, сондай-ақ өзектi мәселелердi шешу мақсатында келесiдей байланыс құралдарын ұсынады: инвесторларға жобаларын ұсыну (Pitch-презентации), Public talk және networking форматындағы аудиториямен тiкелей байланыс, тақырыптық бөлiм, панельдi пiкiрталас, мастер-кластар, B2B, B2G кездесулерi.

Форум аясында бiрқатар маңызды құжаттарға қол койылады:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мен Еуропалық Инвестициялық банкi арасында келiсiмшарты, «Азық-түлiк келiсiм шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ мен Азық-түлiк қауiпсiздiгi жөнiндегi Ислам ұйымымен және RACS (БАӘ) компаниясымен, «ҚазАгро» Холдингi мен Азия даму банкi арадағы ынтымақтастық жөнiндегi меморандум.

Бұдан өзге, Холдинг Қазақ-Венгер қорының жылыжай кешенi жобасын iске асыру бойынша алғаш мәмiлесiн, сондай-ақ Da Vinci Capital компаниясымен тiкелей инвестициялардың бiрлескен қорын құру бойынша негiзгi параметрлерiн анықтау жөнiндегi келiсiмдi бекiтудi жоспарлап отыр.

Аграрлық өнеркәсiптiк инвестициялық форум «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасынның және Atameken Business Channel ақпараттық қолдауымен өтедi.

Заңды түрде қорғалған. Материалдарды пайдалану барысында ҚР АКМ ОКҚ сiлтемесiн қолдану мiндеттi.

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 09:21
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 09:21
Қаралым саны: 908

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz