A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Сыртқы істер министрлігі азаматтарға арналған мобильдік қосымшаның тұсау кесерін өткізді

14 желтоқсан 2017 ж.                                                                                         Астана қ.

СЫРТҚЫ IСТЕР МИНИСТРЛIГI АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН МОБИЛЬДIК ҚОСЫМШАНЫҢ ТҰСАУ
КЕСЕРIН ӨТКIЗДI

Орталық коммуникациялар қызметiнде «Шетелге шығатын қазақстандық азаматтар үшiн «SmartravelKZ» мобильдiк қосымшасын iске қосу туралы» тақырыбы бойынша баспасөз конференциясы өттi.

Шараға ҚР СIМ Консулдық қызмет департаментiнiң директоры Ардақ Мадиев пен ҚР СIМ Баспасөз қызметiнiң басшысы Ануар Жайнақов қатысты.

СIМ жасап шығарған «SmartravelKZ» тегiн мобильдiк қосымшаның басты мақсаты шетелдердегi Қазақстан азаматтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету болып табылады, сондай-ақ жедел түрде қолғабыс берiп, жәрдемдесудi көздейдi.

Мобильдiк қосымша аймақтық ерекшелiктерiне қарай, елдер туралы тиiмдi ақпаратпен, болу елдерiндегi өзiн ұстау нормалары, қауiптi жағдай болған кезде асырылатын iс-шаралар, төтенше жағдайлар кезiндегi ескертулер және шетелде жүрген азаматтар үшiн басқа да маңызды мәлiметтердi қамтиды. Қосымшаның көмегiмен пайдаланушылар болу елiнде санитарлық-эпидемологиялық және қылмыстық жағдай туралы деректердi таба алады.

«Визалық режим мен шет елдiк мемлекетте болу тәртiбi жөнiндегi мәлiметтер, сондай-ақ Қазақстан азаматтары үшiн визасыз режим туралы жалпы ақпарат азаматтардың ерекше қызығушылығын тудыратынын атай отырып, мобильдiк қосымшадан елге кiргiзуге және шығаруға тыйым салынған заттар, баж төлемей әкелу мен әкету ережелерi, кез келген елдердегi малдәрiгерлiк және фотосанитарлық бақылау туралы деректердi табуға болады», — деп хабарлады А.Мадиев.

«Азаматтарға ыңғайлы болу үшiн мобильдiк қосымшада шет елдердегi сақтандыру, медициналық қызмет жөнiнде кеңестер, төтенше жағдайлардағы әрекеттер, пайдалы телефон нөмiрлерi, қазақстандық көлiкпен тасымалдаушылары өкiлдерiнiң байланыс деректерi, сонымен қатар, медициналық және адвокаттық мекемелер бойынша ұсыныс беру сипатындағы ақпарат бар. Аталған қосымшаны пайдаланушылардың сол елдердегi Қазақстанның консулымен байланыса алатынын және онлайн режимде төтенше жағдайлар бойынша консулдық көмек алуға болады», — деп атап өттi КҚД директоры.

ҚР СIМ Баспасөз қызметi, тел. 72-01-45

Мақаланың шыққан күні: 17.12.2017 21:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.12.2017 21:56
Қаралым саны: 625

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz