A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар

1.Жалпы ережелер

1. Осы Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну (бұдан әрi — Мәлiметтер) және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртiбi туралы әдiстемелiк ұсынымдар (бұдан әрi — Әдiстемелiк ұсынымдар) үкiметтiк емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастырудың бiрыңғай талаптарын қамтамасыз ету мақсатында жасалды және үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары туралы ережеге (бұдан әрi — Ереже) қосымша болып табылатын Нысанды толтыруға бiрыңғай талаптарды белгiлейдi.

Деректер қорында барлық коммерциялық емес ұйымдар енедi, саяси партиялар, кәсiподақтар, дiни бiрлестiктер мен «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 17 бабында көрсетiлген коммерциялық емес ұйымдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында қызметiн жүзеге асыратын шетел және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың өкiлдiктерi мен филиалдарын (оқшау бөлiмшелерi) қоспағанда 1.

2.Әдiстемелiк ұсынымдардың мақсаты үшiн келесi түсiнiктер қолданылады:

1) Деректер қоры — үкiметтiк емес ұйымдар қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылатын және олар туралы қоғамды хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орналастыру шеңберiнде қолдану, гранттар беру және сыйақылар тағайындау туралы ақпараттық мәлiметтер қоры;

2) Үкiметтiк емес ұйымдар — Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың жалпы мақсаттарына бiрлесiп қолжету мақсатында еркiн түрде азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар құрған (саяси партиялар, кәсiподақтар және дiни бiрлестiктерден басқа) коммерциялық емес ұйымдар. Әдiстемелiк ұсынымдардың мақсаты үшiн үкiметтiк емес ұйым деп Қазақстан Республикасы аумағында өзiнiң қызметiн iске асыратын шет елдiк немесе халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары (оқшау бөлiмшелер) түсiндiрiледi.

3) Уәкiлеттi орган — ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi.

4) Есептi кезең — Деректер қорына мәлiметтер ұсынатын жылға тиiстi күнтiзбелiк жыл.

5) Мәлiметтер -үкiметтiк емес ұйымдардың қызметi туралы уәкiлеттi органға Ережеге сәйкес үкiметтiк емес ұйымдардың өзi тiкелей , сондай-ақ жергiлiктi атқару органдары ұсынатын ақпарат.

6) Сенiмдi ақпарат — есептi кезеңде жинақталған мәлiметтердi көрсететiн, уәкiлеттi органға немесе үкiметтiк емес ұйымдары дерекқорының веб-порталында жарияланған уақытына сәйкес келетiн мәлiметтер. Ереженiң 9 тарауында көрсетiлген, уәкiлеттi органға жiберiлген күндегi немесе дерекқорының веб-порталында орналастырылған күндегi ахуал бойынша өзектi болуға тиiс мәлiметтер бұдан ерекшеленедi. Грамматикалық қателер үкiметтiк емес ұйымдар туралы мәлiметтердi қате деп есептеуге негiз бола алмайды.

7) Уақытында ұсынылған мәлiметтер — үкiметтiк емес ұйымдардың есеп беру кезеңiнен кейiнгi жылғы 31 наурызға дейiн ұсынылған мәлiметтер. Ал Ереженiң 9 тарауында көрсетiлген мәлiметтер үшiн — мәлiметтерге тиiстi өзгерiстер енгiзiлген күннен бастап 20 жұмыс күнi iшiндегi мәлiметтер жатады.

8) Мәлiметтер толықтығы — осы Ережеге қатысты қосымшада (кесте формасында) қарастырылған деректер тiзiмiмен ұсынылған мәлiметтер мазмұнының сәйкес келуi, сондай-ақ кесте формасындағы қосымша болып табылатын құжаттардың болуы.

9) Жоба — үкiметтiк емес ұйымдар және донорлық ұйымдар, тапсырыс берушi немесе грант берушi арасында шартқа сәйкес жүзеге асырылатын iсшаралар мен қызмет жиынтығы.

10) Бағдарлама — өзара қатысты жобалар кешенi.

11) Мүлiк — ақша, оның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, сондай-ақ жылжымайтын және жылжымалы мүлiк түрiндегi натуралдық қалыптағы мүлiктер.

2. Деректер қорына мәлiметтердi енгiзу тәртiбi және әдiстерi

3. Үкiметтiк емес ұйымдар Нысандарды қазақ және орыс тiлдерiнде толтыру жолымен Ережеге қосымша болып табылатын мәлiметтердi ұсынады.

4. Үкiметтiк емес ұйымдар өз қызметтерi туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң 2014 жылғы 22 желтоқсандағы №144 бұйрығымен бекiтiлген мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдарда құжаттық басқару және құжаттандырудың үлгiлi Ережесi 48 тарауының талаптарына сәйкес құжаттарға қажеттi реквизиттердi сақтай отырып iлеспе хатпен ұсынады.

5. Уәкiлеттi органға мәлiметтердi ұсыну мерзiмi оларды ұсыну әдiстерiне байланысты:

1) қолма-қол жеткiзу — уәкiлеттi органның электрондық және қағаз түрiнде ұсынылған мәлiметтердi қабылдау мерзiмi;

2) почта арқылы, тапсырыс хат түрiнде жеткiзiлгендiгi туралы хабарлама арқылы — электрондық және қағаз түрiнде ұсынылған мәлiметтердi қабылдау туралы почта операторының мерзiмдi белгiлеуi;

3) электрондық түрде веб-портал арқылы — кiрiс номердi ұсыну және формаларды өңдеу, сервер жүйесiмен қабылдау немесе орталық тораппен қабылдау мерзiмi;

Үкiметтiк емес ұйымдармен қағаз түрiнде 31 наурызға дейiнгi мерзiмде почта операторына тапсырылған мәлiметтер почта операторының қабылдау мерзiмiне сәйкес белгiленген мерзiмде ұсынылған болып саналады.

Үкiметтiк емес ұйымдар электрондық түрде 31 наурызға дейiнгi мерзiмде телекоммуникация жүйесi бойынша хабарланған мәлiметтер мерзiмiнде ұсынылған болып саналады.

6. 2017 жылдың 1 наурызынан бастап үкiметтiк емес ұйымдар веб- портал енгiзумен байланысты, веб- портал арқылы өз бетiмен Деректер қорына мәлiметтердi енгiзе алады және өзгерiстер болған жағдайда жаңарта алады. 2017 жылдың 1 наурызына дейiн үкiметтiк емес ұйымдар мәлiметтердi Деректер қорына енгiзетiн уәкiлеттi органға жолдайды.

7. Уәкiлеттi органға ұсынған форма түрiнде толтырылған мәлiметтер қолма- қол жеткiзу немесе қағаз түрiнде iлеспе хатпен почта арқылы және электрондық түрде (CD -дискiде немесе Word форматында USB -флэш-жинақтаушысында) жiберiледi.

Үкiметтiк емес ұйымдардың уәкiлеттi органға мәлiметтердi электрондық түрде веб- портал арқылы берудi үш сатымен жүзеге асырады:

1) нұсқаулық бойынша деректердi енгiзу жолымен құпия сөз және логин алу арқылы веб-порталға кiру;

2) веб- порталда дереккөздердi тiркеу номерiн алу жолымен үкiметтiк емес ұйымдарды тiркеу;

3) веб-порталға мәлiметтер енгiзу.

9. Нысанда ескерiлген мәлiметтерге өзгерiстер енгiзген кезде, атап айтқанда:

1) «Жалпы деректер» 1 тарауында көрсетiлген (қызметкерлер туралы мәлiметтердi қоспағанда) мәлiметтер;

2) 3 тарау тармағының 3 тарауында көрсетiлген мәлiметтер (ағымдағы күнпарақ жылының ҚР гранттық қаржыландыру бюджетi).

Үкiметтiк емес ұйымдар осы туралы уәкiлеттi органдарға жиырма жұмыс күнi iшiнде өзгерiстердi төмендегi жолдармен хабарлауға мiндеттi:

1) уәкiлеттi органға почта немесе қағаз түрiнде немесе электрондық тасымал (CD дискiсiнде немесе Word форматында USB- флеш-жинақтаушысында) жiберумен;

2) электрондық түрде веб-порталға орналастырумен.

3. Нысанды толтыруға жалпы талаптар

10. Нысанның келесi тармақтарын толтыру мiндеттi емес (үкiметтiк емес ұйымдардың өзiнiң қарауы бойынша):

1) Басшы туралы мәлiметтер (жеке куәлiк номерi, берiлген күнi, жарамдылық мерзiмi, құжат берiлген орган атауы; жұмыс өтiлi; байланыс телефондары; (почта мекенжайы немесе қалалық және ұялы телефон номерлерi мен электрондық почтасы); ЖСН; диплом бойынша мамандығы мен бiлiктiлiгi);

2) Бас бухгалтер туралы мәлiметтер (почта мекенжайы немесе қалалық және ұялы телефон номерi мен электрондық почтасы);

3) Үкiметтiк емес ұйымның банктiк есепшоты реквизиттерi (банк атауы, банктiң БСК, есеп айырысу шоты (ЖСК);

11. Нысанның барлық тараулары таңбалық әрiптерiмен кейбiр сөздердi қысқартпай, мөлшерi 12 шрифт көлемiнен кем болмауы тиiс.

12. Қарсы жауаптар берiлетiн Нысан тарауларында «жоқ» сөзiмен толтырылады. Үкiметтiк емес ұйымдарға сай келмейтiн Нысан тарауларында берiлген (филиалға немесе шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар өкiлдерiне) өздерi туралы мәлiметтерде «сай емес» деген сөзбен толтырылады.

3. Нысанның жекелеген тараулары/ бөлiктерiн

толтыру талаптары

13. 1 тарау 2 бөлiгiндегi мәлiметтердi қоғамдық бiрлестiк ұйымдық -құқықтық нысанындағы үкiметтiк емес ұйымдар толтырмайды. Аталған ұйымдар бастамашы — азаматтар және/немесе қоғамдық бiрлестiк тiзiмi көшiрмесiн ұсынады (егер олар аталған қоғамдық бiрлестiктiң құрылуына қатысқан болса). Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшау бөлiмшелерi) осы тарауда ұйымды құрушы заңды тұлға туралы мәлiметтердi көрсетедi.

14. 1 тараудың «Қызметшiлер туралы мәлiметтер» 3 бөлiгiндегi «Жалпы мәлiмет» 1 тарауында еңбек шарты жасалған және әлеуметтiк еңбек демалысында (жалақысы сақталмайтын демалыс, оқу демалысы, жүктiлiкке және босануға байланысты демалыс, бала асырап алу; үш жасқа дейiнгi бала күтiмiне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс) жүргендердi есепке алумен қызметшiлердiң жалпы санын көрсетедi.

15. 1 тараудың «Қызметшiлер туралы мәлiметтер» 3 бөлiгiндегi «Жалпы мәлiмет» 1 тарауының 1.1) тармақшасында Қазақстан Республикасында жұмыс iстеуге рұқсат алуға талап етiлмейтiн және еңбек шарты жасалған қызметшiлердiң жалпы саны көрсетiледi.

16. 1 тараудың «Қызметшiлер туралы мәлiметтер» 3 бөлiгiндегi «Жалпы мәлiметтер» 1 тарауының 1.2) тармақшасында өзiнiң волонтерлерiне (еркiн түрде) есеп жүргiзетiн және/немесе жеке тұлғалар мен үкiметтiк емес ұйымдармен волонтерлiк қызмет етуге келiскеншарты бар үкiметтiк емес ұйымдар тарапынан толтырылады.

17. 1 тараудың «Қызметшiлер туралы мәлiметтер» 3 бөлiгiндегi «Жалпы мәлiметтер» 1 тарауының 1.3) тармақшасында Қазақстан Республикасының аумағында үкiметтiк емес ұйымдардың ықпалымен жұмыс iстеуге тартылған шетелдiктер деп танылатын немесе азаматтығы жоқ тұлғалардың,

_______________________________________

1Аталған мәлiметтердi Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының аумағында гранттар беретiн және тиiстi бекiтiлген бюджеттерi бар шетел және халықаралық коммерциялық ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi (оқшау бөлiмшелерi) ғана тапсырады.

3Бұл талаптар 2017 жылдың 1 наурызынан бастап iске енгiзiледi.

сондай-ақ, Қазақстан Республикасында жұмыс iстеуге арнайы рұқсатты талап ететiн шетелдiк қызметшiлердiң саны көрсетiледi.

18. 1 тараудың «Қызметшiлер туралы мәлiметтер» 3 бөлiгiндегi «Жалпы мәлiметтер» 1 тарауының 2.9) тармақшасында Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген басшысы есеп беру кезiнде үкiметтiк емес ұйымның құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) болған коммерциялық емес ұйымдардың атаулары көрсетiледi. Қоғамдық және дiни бiрлестiктердегi құрылтайшылығын көрсету талап етiлмейдi.

19. 3 тараудың «Қызметшiлер туралы мәлiметтер» 3 бөлiгiндегi «Жалпы мәлiметтер» 1тарауында еңбекшарты негiзiнде жұмыс iстейтiн бас бухгалтер туралы мәлiмет көрсетiледi. Егер үкiметтiк емес ұйымда аталған қызмет болмаған жағдайда ұйымда бас бухгалтердiң мiндетiн атқаратын қызметшi туралы мәлiметтер көрсетiледi.

20. «Жалпы мәлiметтер» 1 бөлiгiндегi «Филиалдар мен өкiлдiктер» 5 тарауында қазақстандық үкiметтiк емес ұйымдардың тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерiне қатысы туралы толтырады.

21. 3 тарау 1 бөлiгiнiң 2 тарауында мақсатты аудитория ол үкiметтiк емес ұйымның қызметiне қатысты немесе бiреудiң мүддесiне қызметтi iске асыратын адамдар тобы түсiндiрiледi.

22. 5 тараудың «Қызмет бағыты» 1 бөлiгiндегi «Қызметтер туралы» 2 тарауында үкiметтiк емес ұйымның (республикалық, аймақтық, жергiлiктi) аумақтық мәртебесi жарғысы негiзiнде көрсетiледi. Егер үкiметтiк емес ұйым «аймақтық» немесе «жергiлiктi» мәртебесiне ие болса, үкiметтiк емес ұйымның филиалдары мен өкiлдiктерi тiркелген облыстың атауы көрсетiледi.

23. 4 тараудың «Есеп беру кезеңiнде аяқталған, жүзеге асырылған жобалар/бағдарламалар» 2 бөлiгiндегi «Қызметтер туралы» 2 тарауында үкiметтiк емес ұйымдар жобалар/бағдарламалар iс-әрекетi кезiнде Қазақстан Республикасы аумағында игерiлген жобалар/бағдарламалардың нақты жалпы сомасын көрсетедi, ал шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың өкiлдiктерi мен филиалдары жобаның/бағдарламаның iс-әрекетi кезеңiнде Қазақстан Республикасы аумағында игерiлген дәлелдi жобаның/бағдарламаның аясындағы нақты қаржыландыруын көрсетедi. Егер жобалар/бағдарламалар шетелдiк валютада қаржыландырылған болса, үкiметтiк емес ұйым жобаның/бағдарламаның аяқталғанын күнiне орай, донорлық ұйымның, тапсырыс берушiнiң, грант берушiнiң шартында көрсетiлгендей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен валюта бағамына сай нақты бюджеттiң жалпы сомасын теңгемен қайта есептеу жүргiзедi.

24. 7 тараудың «Есеп беру кезеңiнде орындалған, жүзеге асырылған жобалар/бағдарламалар» 2 бөлiгiндегi «Қызметтер туралы» 2 тармағында еркiн формада жобалардың/бағдарламалардың қорытындысы орындалған жоба/бағдарлама туралы қысқаша сипаттаумен ақпарат берiледi.

25. 6 тараудың «Жүзеге асырылатын жобалар/бағдарламалар» 3 бөлiгiндегi «Қызметi туралы мәлiметтер» 2 тарауында жобалар/бағдарламалар атқарушылары донорлық ұйым, тапсырыс берушi, грантберушiмен шарт мәтiнiнде олар туралы мәлiметтер болған кезде көрсетiледi.

26. «Есептi кезеңде аяқталған жүзеге асырылған жобалар/ бағдарламалар» 2 тарауының және «Жүзеге асырылатын жобалар/ бағдарламалар» 3 тарауының «Қызметi туралы мәлiметтер» 2 бөлiгiнде, сондай-ақ үкiметтiк емес ұйымныңың өз қаржаты есебiнен жүзеге асырылатын жобалар/бағдарламалар туралы ақпарат көрсетiледi. Бұл кезде 1 тараудың 2 бөлiгiндегi және 1 тараудың 3 бөлiгiндегi 2 тарауда «өзiн өзi қаржыландырады» деп көрсету қажет.

27. «Ынтымақтастық/әрiптестiк туралы құжаттар жасалған ұйымдар/ органдар» 4 бөлiгiндегi «Қызмет туралы» 2 тарауында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының атауы немесе олармен ынтымақтастық/әрiптестiк көрсететiн, олармен қандай бiр құжаттарға шетелдiк коммерциялық емес ұйымдардың, қазақстандық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қандай болмасын құжаттарына қол қойылғаны көрсетiледi. Осы тарауда 2 және 3 бөлiктерiндегi «Қызметi туралы мәлiметтер» 2 тарауында аталғандар көрсетiлмейдi.

28. «Мүлiктiк қалыптастыру негiздерi» 3 тараудың 2 бөлiгiндегi «Мүлiк құрамы, ақшалай қаражат негiздерiн қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәлiметтер» 3 тарауында есептi кезеңдегi келесi төрт жiктеме бойынша жалпы түсiм сомалары көрсетiледi:

1) Құрылтайшылардан түсетiн жалпы сома түсiмдерi (қатысушылар, мүшелер) (1 тарау)

2) Кәсiпкерлiк қызметтен, оның iшiнде дивиденттердi қосқандағы табыстың жалпы сомасы ( 2 тарау);

3) Басқада заңмен тиiм салынбаған түсiмдер ( 2 тарау);

4) Ақысыз алынған мүлiктiң жалпы сомасы (3 тарау).

29. «Мүлiктi қалыптастыру көздерi» 1 тараудың 2 бөлiгiндегi «Мүлiк құрамы, ақшалай қаражат негiздерiн қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәлiметтер» 3 тарауында үкiметтiк емес ұйымдар құрылтайшылардан (қатысушылар, мүшелер) түсiмдердiң жалпы сомасы көрсетiледi.

«Құрылтайшылар (қатысушылар/ мүшелер) түсiмдерi» деп кiру және мүшелiк жарналар, ерiктi мүлiктiк жарналар (салымдар) және қайрымдылық аударылмдарынан және үкiметтiк емес ұйымдардың оның құрылтайшыларынан (қатысушылар, мүшелер) алынған басқа да тегiн мүлiктер жатады.

Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi, осы тарауда оны құрған заңды тұлғадан түскен ақшалай түсiмдер көрсетiледi.

30. «Мүлiктiк қалыптастыру негiздерi» 2 тарау 2 бөлiгiндегi «Мүлiк құрамы, ақшалай қаражат негiздерiн қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәлiметтер» 3 тарауында мүлiктi қалыптастыру көздерiнiң екi жiктеме бойынша жалпы сомасы теңгемен көрсетiледi:

1) Кәсiпкерлiк қызметтен, оның iшiнде дивиденттердi қосқанда алынған табыстардың жалпы сомасы;

2) Заңмен тиым салынбаған түсiм табыстарының жалпы сомасы.

Бiрiншi жiктеме бойынша көрсетiледi:

А) Үкiметтiк емес ұйымдардың кәсiпкерлiк қызметтен дивидент түрiнде алынған кiрiстерi. Бұндай табыс егер үкiметтiк емес ұйым өзiнiң ақшасын қаржы -несиелiк мекемелердiң депозиттiк және кiрiс шоттарында, бағалы қағаздарында, сондай-ақ ҮЕҰ құрылтайшы болып табылатын ұйымнан дивиденттер алған кезде сақтайды.

Б) кәсiпкерлiк қызметтен, заңмен белгiленген жағдайларда товарлар, жұмыстар,қызметтердi iске асырудан түскен табыстар түрiнде, оның iшiнде мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты iске асыру шарты бойынша алынған табыстар.

Екiншi жiктеме бойынша көрсетiледi:

Заңмен тиым салынбаған, 1 тараудың және 3 тараудың 2 бөлiгiндегi 3 тарауда көрсетiлгендерден басқа табыстар.

Үкiметтiк емес ұйымдардың «заңмен тиым салынбаған басқа да табыстары» болған кезде ондай табыс көздерi көрсетiлуге тиiстi.

31. 3 тарау 2 бөлiгiндегi 3 тарауында ақысыз алынған мүлiктiң жалпы сомасы көрсетiледi, олар мыналар болып табылады: гранттар, мемлекттiк сыйлықтар және тегiн алынған басқа да мүлiктер (қайырылымдық, демеушiлiк, меценаттық көмектер, қайрылымдық аударылымдарымен тағы басқа),құрылтайшылар (қатысушылар, мүшелер) түсiмдерiнен басқа.

32. «Ақшалай қаражат шығындары бағыты» 1 тарауының 3 бөлiгiндегi «Мүлiк құрамы, ақшалай қаражат негiздерiн қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәлiметтер» 3 тарауында есептi кезеңде үкiметтiк емес ұйымнан басқа ұйымға жарна түрiнде аударылған, үкiметтiк емес ұйым оның мүшесi/құрылтайшысы болып табылатын, аударылған ақшаның жалпы сомасы көрсетiледi.

33. «Ақшалай қаражат шығындарының бағыты» 1 тарау 3 бөлiгiндегi «Мүлiк құрамы, ақшалай қаражат негiздерiн қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәлiметтер» 3 тарауда үкiметтiк емес ұйымды ұстау шығындарының (коммуналдық шығындар, жалға алу, әртүрлi қызмет түрлерi, еңбек ақы шығындары мен басқа да шығындар) жалпы сомасы көрсетiледi.

34. Ақшалай қаражат шығындарының бағыты» 1 тарауының 3 бөлiгiндегi «Мүлiк құрамы, ақшалай қаражат негiздерiн қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәлiметтер» 3 тарауында есептi кезеңде үкiметтiк емес ұйым мүшесi болып саналатын басқа коммерциялық ұйымдарға аударылған мiндеттi мүшелiк жарналардың сомасы көрсетiледi.

35. «Ақшалай қаражат шығындарының бағыты» 4 тарауының 3 бөлiгiндегi «Мүлiк құрамы, ақшалай қаражат негiздерiн қалыптастыру және шығындар бағыты туралы мәлiметтер» 3 тарауында есептi кезеңде iске асырылған және iске асырылатын жобалар/бағдарламалар шеңберiндегi iсшаралар (тренингтер, конференциялар, форумдар, зерттеулер, дөңгелек столдар және тағы басқа) өткiзу шығындарының жалпы сомасы көрсетiледi. Сондай-ақ, аталған тарауға үкiметтiк емес ұйымның басқа ұйымға /органға/ жеке тұлғаға мүлiк түрiнде тегiн берiлген, оның iшiнде қайырылымдық көмек, демеушлiк көмек, қайырылымдық аударылымдары жатады. Егер үкiметтiк емес ұйым №130 салық декларациясында ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыруды көрсетедi, олар сондай-ақ 4 тараудың 3 бөлiгiндегi 3 тарауына да кiргiзу қажет.

36. 1,2,3,4 тараулардың 3 бөлiгiндегi 3 тарауда көрсетiлген сомалар №130 салық декларациясында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкес келуге тиiстi (осындай декларация тапсыратын үкiметтiк емес ұйымдар үшiн).

Нысанға қосымша:

1. PDF форматында сақталынған құрылтайшы құжаттардың сканерленген көшiрмелерi:

1) мекеме үшiн  — меншiк иесi (иелерi) бекiткен ереже (жарғы) және құру туралы меншiк иесiнiң (иелерiнiң) шешiмi;

2) қор, тұтыну кооперативi, коммерциялық емес акционерлiк қоғам, қауымдастық (кеңес) нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгi, басқа да ұйымдық -құқықтық нысандар үшiн  — құрылтайшылар бекiткен Жарғы және құрылтайшылық шарт.

3) қоғамдық бiрлестiктер үшiн — Жарғы.

4) бiр тұлға (бiр қатысушы) бекiтетiн коммерциялық емес акционерлiк қоғамдар үшiн — жарғы (ереже) және заңды тұлға (жалғыз құрылтайшы шешiмi) бекiткенi туралы жазбаша түрде хатталған шешiм.

5) осы нысандағы ұйымдар туралы жалпы ереже негiзiнде әрекет ететiн коммерциялық емес ұйымдар үшiн — үлгi ереже. Шет елдiк және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкiлдiктерi филиал (өкiлеттiк) туралы Ереже мен филиалдардың (өкiлеттiктер) басшысына сенiмхат ұсынады.

2. Есеп беру кезеңде бухгалтерлiк баланс алдын ала шығарылып, ұйымның бiрiншi басшысының қолымен және ұйым мөрiмен расталған баланстың сканерленген көшiрмесi түрiнде ұсынылады. Баланстың сканерленген көшiрмесi PDF форматында ұсынылуы тиiс.

Мәлiметтер жiберiлетiн мекен- жай:

Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi

Мекенжай: Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8, «Министрлiктер Үйi»

Астана, 010000 , Қазақстан Республикасы

Телефондар +7 (7172) 74-11 -73, 74-13-12

1Бiлiм беру автономдық ұйымдары, автономдық кластерлық қор, нотариалдық палаталар,адвокаттар коллегиясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсiпкерлер палатасы, Жеке сот атқарушыларының республикалық палатасы, кәсiби аудиторлар ұйымы, пәтер иелерiнiң кооперативтерi.

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 10:45
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 11:02
Қаралым саны: 1616

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz