A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Террорлық акт болғанда немесе патенциалдық қауіп төнгенде? сонымен қатар террорлыққа қарсы операция талабында азаматтардың әрекетіне әдістемелік жалпы ұсыныстар

Шығ № : 1.1-13/16797 от: 12.11.2014

ТЕРРОРЛЫҚ АКТ БОЛҒАНДА НЕМЕСЕ ПАТЕНЦИАЛДЫҚ ҚАУIП ТӨНГЕНДЕ, СОНЫМЕН ҚАТАР ТЕРРОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ОПЕРАЦИЯ ТАЛАБЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ӘРЕКЕТIНЕ ӘДIСТЕМЕЛIК ЖАЛПЫ ҰСЫНЫСТАР

  • секем тудыратын әрбiр адамға анықтап қараңдар, заттарға, барлық секем беретiн нәрселерге. Ол туралы құқыққорғау органдарына хабар берiңiздер;
  • ешқашан да танымайтын жаннан пакет, сумка алмаңдар, өздерiңнiң де заттарыңды қараусыз қалдырмаңдар;
  • • төтенше жағдайлар болуына әрбiр отабсында әрекет жоспары болуы керек, барлық отбасы мүшесiнде телефон номерлерi, электрондық пошта мекенжайы;
  • оқыс жағдай туа қалғанда қай жерде кездесетiндерiң туралы отбасы мүшелерiмен ақылдасып қою керек;
  • эвакуация жасалатын бола қалған жағдайда өте қажет заттарыңды және құжаттарыңды алыңыздар;
  • жайдан шығатын резервтiк жердi бiлiп отырыңыздар;
  • лифттi пайдаланбаңыздар;
  • қандай жағдайда болмасын салқынқандылықты сақтаңыздар.

Телефон арқылы террорлық сипаттағы қауiптi ақпаратты қабылдаудағы тәртiп

  • әңгiменi сөзбе сөз есте сақтауға тырысыңыз, қағазға жазып алыңыз;
  • әңгiме барысында жынысын, жасын, сөзiндегi ерекшелiктерiн жазып алыңыз;
  • мiндеттi түрде арғы беттен естiлген көлiктiң, болмаса темiржолдың, теле-радио аппаратуралардың, басқа да дыбыстардың болғандығын нақтап, жазып алыңыз;
  • қоңыраудың қалалық болмаса қалааралық екендiгiн де жазыңыз;
  • қоңыраудың басын, әңгiмелесу ұзақтығын жазыңыз;
  • қоңырау шалғанмен анағұрлым ұзақ сөйлесуге тырысыңыз, ол Сiздiң қандай да болмасын әркет жасауыңызға ойлану уақытыңыз;
  • әңгiме туралы жедел түрде құқыққорғау органына хабарлаңыз;
  • әңгiме дерегi туралы және оның мазмұны туралы ақпаратты шашпаңыз;
  • бұл ақпаратты бiлетiн адамдар санын шектеңiз;
  • номердi автоматты түрде анықтау барысында анықталған номердi дәптерге жазыңыз, оның оқыс жоғалып кетуiнен сақтайды;
  • жазу аппаратын қолданған соң дискiнi алып сақтап қойыңыз.

Оның орнына мiндеттi түрде басқасын салыңыз.

Қоңырау шалғанның сөзiндегi ерекшелiктердi белгiле

Дауыс:қатты/ақырын, баяу/жоғары.

дыбысталуы: анық, бұзыңқырап,тұтығынқырап, акцентпен немесе диалектпен.

Сөз ырғағы:жылдам / ақырын.

Сөз мiнерi:тұқырта, кемсiте,жаман сөздердi қоса.

Сөз барысында келесi сұрақтарға жауап алуға тырысыңыздар:

  • Қайда, кiмге, қандай телефонға, қандай сұрақпен бұл адам хабарласып тұр?
  • Қандай нақты талапты алға тартады?
  • Талапты жеке өзi берiп тұр ма, әлде делдал болмаса бiр топтың атынан хабарласып тұр ма?
  • Ойланған iстерiнен қандай талап орындалса бас тартады?
  • Қашан, қалай оныменен байланысқа шығуға болады?
  • Бұл қоңырау барысы туралы кiмге хабарласуыңыз керек?

Жарылғыш зат болып табылатын секем келтiрген затты тауып алғанда

Соңғы кездерде азаматтар жарылғыш зат болып табылатын заттарды жиi тауып алу белеңi алуда. Ондай заттар транспорттарда, баспалдақтарда, алаңдарда, пәтердiң есiгi алдында, мекемелерде және қоғамдық жерлерде кезiгуде.

Ондай затты тауып алғанда қалай өзiн ұстау керек, қандай әрекет жасау керек?

  • Егер де осы тұста болмауы керек деп секемденген затты байқап қалсаңыз бұл деректi назардан тыс қалдырмаңыз.
  • Егер де сiз қоғамдық транспортта зат тауып алсаңыз барлығынан сұраңыз. Бұл кiмдiкi екендiгiн бiлуге тырысыңыз. Егер де иесi табылмаса жедел түрде жүргiзушiге хабар берiңiз.
  • Егер де сондай затты үйiңiздiң подьезiнде тапсаңыз көршiлерiңiзден сұраңыз. Мүмкiн солардiкi шығар. Егер де олардiкi болмаса жедел опорный пунктке хабарлаңыз.
  • Егер де ондай затты мекемеде тапсаңыз әкiмшiлiк пен күзетшiге жедел хабар берiңiз.

Барлық айтылған жағдайларда:

  • тапқан заттарыңызды қозғамаңыз, ұстамаңыз, пакеттi ашпаңыз;
  • затты тапқан уақытыңызды белгiлеңiз;
  • табылған заттан адамдардың анағұрлым алыста болуын қадағалаңыз;
  • жедел — тексеру тобының келуiн мiндеттi түрде күтiңiз (есiңiзде болсын сiз ең маңызды куәгер болып тұрсыз).

Есiңiзде болсын: заттың сыртқы түрi iшiндегiнi бiлдiрмейдi.Заттың сыртына қарапайым тұрмыстық заттар қолданылады: сөмке, пакет, қорап, ойыншық тағы басқалары.

Жарылғыш заттарды тапқан кезде, жарылғыш зат деп секем алғанда эвакуациялық зона болып табылатын жерлер

1. Граната РГД-5 50 метрден кем болмауы керек
2. Граната Ф-1 200 метр
3. Тротилдік шашка массасы 200 грамм 45 метр
4. Тротилдік шашка массасы 400 грамм 55 метр
5. Пива банкісі 0,33 литр 60 метр
6. Мина МОН-50 85 метр
7. Чемодан (кейс) 230 метр
8. Жол чемоданы 350 метр
9. Автомобиль «Жигули» 460 метр
10. Автомобиль «Волга» 580 метр
11. Микроавтобус 920 метр
12. Жүк автомашина (фургон) 1240 метр

Терроризм актiсi болатындығы туралы қауыпты телефон арқылы алғанда, сонымен қатар террорлыққа қарсы әрекет өткiзу талаптарын орындауда эвакуация жасау үшiн ақпарат алғанда

Билiк өкiлдерiнен және құқыққорғау органдарынан эвакуацияның басталуы туралы хабарлама алғанда тыныштықты, сабырлықты сақтаңыздар, олардың бұйрықтарын нақты орындаңыздар.

Егер де сiз пәтерде болсаңыз келесi талапты орындаңыз:

  • жеке құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, құнды заттарыңызды алыңыз;
  • электрдi, суды, газды өшiрiңiз;
  • қарттарға және ауыр халдегi ауруларға көмек берiңiз;
  • сыртқы есiгiңiздi мiндеттi түрде жабыңыз, қылмыскерлердiң кiрiп кетуi мүмкiн (мародерлар);
  • асықпаңыздар, шуламаңыздар, абдырап, әбiгерге түспеңiздер. Жайдан ұйымдасқан түрде шығыңыздар.
  • Шыққан жайға тек қана жауапты тұлғалардың рұқсатыменен ғана барыңыздар.

Естерiңiзде болсын, сiздердiң нақты әрекеттерiңiзден көп адамның өмiрi мен денсаулығы таразы басында тұрады.

Терроризм актiсi болатындығы туралы қауыпты жағдайда адамдардың көп жиналған жерiндегi қақтығыс

Адамдардың тығыз жиналатын жерiнен аулақ бол;

жиналған топқа енушi болмаңыз, қаншалықты көргiңiз келiп тұрса да;

егер де топтың арасында қалсаңыз солармен бiрге жылжыңыз, ақырындап шеттелiп шығуға тырысыңыз;

терең дем алып, қолды бүгiп кеуде жағыңды сақтаңыз, қатты қысылып қалмаңыз;

үлкен сөмкелi болмаса қандай да болмасын заттары бар адамдардан анағұрлым алыстаболуға тырысыңыз;

қандай жағдайда болмасын аяғыңда тұруға тырысыңыз;

қолыңды қалтаңда ұстамаңыз;

қозғалыңыз, аяқтың ұшына тұрмаңыз, толық басыңыз, аяғыңызды анағұрлым жоғары көтерiңiз;

• егер де қысыла бастағанда қандай да болмасын зат, сөмке қауiп төндiрсе ойланбастан ол жерден алыстауға тырысыңыз;

егер де бiрнәрсенi түсiрiп алсаңыз өте қажет болмаса еңкеймеңiз, көтерем деп әуреге түспеңiз;

• құлап қалсаңыз тезiрек орныңыздан тұруға талпыныңыз.қолыңа сүйенбеңiз оны таптап, болмаса сындырып жiбередi. Қалай да аяқтың табанына немесе ұшына тұруға талпыныңыз. Тез арада жерден ырғалып барып тұрып кетiңiз;

• тұра алмасаңыз жиналып, бүктетiлiп жатыңыз, иықтарыңмен басыңды, алақаныңмен желке жағыңды сақта;

• адам толған жайға тап болсаңыз, қай жер апатты екендiгiн бақылап, (стадионда сектор аралығындағы жолдар, шыны терезелер, концерттiк залдағы аралық қабырғалар) сол арадан алыстау болуға тырысыңыз, апатты жағдайдағы шығу, қосымша шығу есiктерiн ойша болжамдап, соған қарай жылжыңыз.

• залдың бұрышында болмаса қабырғаға таяу жерлерде сақтанып тұрған абзал, шығу есiкке бару қиындық туғызғанда;

• әбiржiп, аттандап жатқанда салмақты болып, ахуалдың барысына көз жiберiңiз.

Жалпы топтық абыр-сабыр бола бастағанда ол топтың арасында болмауға тырысыңыз арнайы бөлiмше сарбаздарының қарсылығына тап болуыңыз мүмкiн.

Тұтқынға алынғанда

Әрбiр адам қандай да болмасын жағдайда қылмыскердiң қолына тұтқынға түсуi мүмкiн. Қылмыскерлер осы жағдайды пайдаланып саяси мақсаттарын немесе ақша сұруы мүмкiн.

Қандай жағдайда болмасын сiздiң өмiрiңiз террористстер үшiн саудаға салатын зат болып табылады.

Тұтқынға алу көлiкте, пәтерде, көшеде болмаса мекемеде болуы мүмкiн.

Егер де сiз тұтқынға түсiп қалсаңыз келесi тәртiптi есiңiзге ұстаңыз:

қандай да бiр дауыс, дыбыс немесе оқыс қимыл террористтiң қарсы әрекет жасауына ықпал етедi. Террористтiң ойланбай қару қолдануына әсер ететiндей әрекет жасамауға тырысыңыз;

террористтер көзiңдi танатын болса, қолыңа бұғау салатын болса немесе жiппен байламақ болса қарсыласпаңыз;

қандай сөз айтса да қарсы жауап қатпаңыз, олардың көздерiне қарамауға тырысыңыз, көздерiнде ашу тұрғанда оқыс қимыл жасаулары мүмкiн;

тұтқынға лаынған соң қарсы сөйлеп, батырлық танытып әуре болмаңыз, жағдайды ұшықтырасызь;

егер де балалар болса оларды қауiпсiздеу деген жерге тығыңдар да барынша қауiптен сақтауға тырысыңыздар;

• қажет жағдайда қылмыскердiң талабын орындаңыз, оған қарсы келмеңiз, өзiңiздiң де өзгенiң де жағдайын ұшықтырып аласыз;

• медициналық көмек керек болғанда ақырындап, жайлап айтуға тырысыңыз, олар рұқсат бермейiнше ештеңе жасамаңыз;

• аса тиянақты, ептi болыңыз, қылмыскерлердiң атын, қандай даб олмасын жанама атын, белгiлерiн, сөздерiндегi екпiнiн, шрамдарын, татуировкаларына еске сақтап қалуға тырысыңыз;

• егер де сiзге туыстарыңызбен сөйлесуге телефон берген болса салмақты болыңыз, ақырын, нақты қысқа ғана айтуға тырысыңыз, жыламаңыз, айғайламаңыз;

• күзетшiлермен қарым-қатынас жасауға ұмытылыңыз.оларға өзiңнiң де солар сияқты адам екендiгiңдi айтыңыз. Отбасылық суреттерiңдi көрсет, оларды алдап тұрмағаныңды айт;

• уақытты мiндеттi түрде қадағалаңыз, қолыңда бар заттармен әрбiр күнiңдi, мысалы сiрiңке шиiмен, таспен, болмаса қабырғаға сызып;

• егер де қандай да бiр ғимаратта қамалып жатсаң айғайлап, бiреулердiң назары аударуға тырысыңыз.терезе болса сындырып, айғайлап, от жағып оны өрт дабылының қасына апарып, байқаңызт.б.;

• ешқашан да сiздi құтқарып аларынан үмiтiңiздi үзбеңiз.

• көп уақыт өте берсе сiздiң аман қалуыңызға да сенiм мол болады;

• сiздiң тұтқынға алынғаныңыздан хабардар бола сала арнайы топ iздестiру мен құтқаруды бастағанын естен шығармаңыз.

• есiңiзде болсын: Сiздiң мақсатыңыз — аман қалу!

Террорларға қарсы арнайы қызметтiң сiздi құтқару барысындағы операциясы басталғанда есiңiзде болсын келесi талапты сақтаңыз:

• еденге бетiңiздi қаратып жатыңыз, басыңызды қолыңызбен жауып, тынышталыңызь;

• арнайы қызмет қызметкерлерiне тура жүгiрмеңiз, олар сiздi қылмыскер екен деп қару қолдануы мүмкiн;

• есiк пен терезе ойықтарынан мейлiнше алыста болуға тырысыңыз.

Террорлық акт жасалуы мүмкiн деген қауiпте азаматтарды авиакөлiктердi пайдалану арқылы жүзеге асырудағы талаптар

мүмкiндiгiнше самолеттiң құйрық жағынан орын алуға тырысыңыз;

тiркеудi өткiзу уақытын мейлiнше қысқартыңыз;

жақындау бiр тығылуға болатындай жердi болмаса шығу есiгiн барлаңыз;

көршi жолаушыға назар аударыңыз егер де оның қылығы ерсi көрiнетiн болса;

самолеттi тұтқынға алған жағдайда қалай қимыл жасайтындарыңыз туралы отбасыңызбен ақылдасыңыз;

қандай жағдайда болмасын абыр-дабырға жол бермеңiз, орныңыздан көтерiлмеңiз, қылмыскерлердiң тарапынан керi әсердi туғызбаңыз, қаруларыңыз жоқ бола тұра ойланбай олармен айқасуға тырыспаңыз, көршiлерiңiздi де ескертiңiз;

террориттер қарамағынан шығып жатқан балағат сөзге де кемсiткен нәрселерге де бейқам болыңыз;

жолаушылармен террорлардың заттары туралы әңгiме айтпаңыз;

сiздi назарға алатындай ештеңе жасамаңыз;

егер де жолаушылардың арасында жылаған бала, ыңқылдаған аурулар болса мазамды алды деп наразылық бiлдiрмеңiз. Өзi де қиын жағдайдың ұшығып кетуiне себепкер боласыз;

қандай жағдай болмасын экипаж мүшелерiне қолдау жасауға тырыспаңыз. Сiзiдң араласқаныңыз жағдайды жақсартпайды, шиеленiстiрiп кетуi мүмкiн;

пилоттардың әрекетiне наразылық бiлдiрмеңiз. Экипаж қашан да дұрыс жасайды. Бортпроводниктiң бұйрығы — жолаушылар үшiн заң;

террорлықтарға сенбеңiз. Олар не айтса да өздерiнiң мүддесi үшiн ғана айтады;

өзiңiздi салмақты ұстаңыз. Өзiңiздi ғана емес барлық жолаушыларды ойлаңыз; егер де тоқтап тұрғанда экипаж мүшелерiнiң бiреуi самолеттен кетiп бара жатса оған назар аудартуға тырыспаңыз, жолаушылардың да назары түспесiн, террористтер байқап қалуы мүмкiн;

арнайы операция басталатынын сезсеңiз дайын болыңыз, самолеттi террористтерден аман алып қалуға септiгiңiз тиюi мүмкiн;

егер де арнайы операция басталатын болса террористтердiң қолына түспеуге тырысыңыз, тығылып қалыңыз, террористтер сiздi ұстап алып тiрi мишень жасауы мүмкiн; төменге құлаңыз, орындықтың артына тығылыңыз, тынышталып болғанға дейiн қимылдамаңыз, арнайы топ сiздi де қылмыскер екен деп қалмасын;

мүмкiндiк туа қалса самолеттен қашып кетiңiз, қандай да болмасын заттарызды iздеп бөгелмеңiз.

Террорлық акт жасалуындағы қауiптегi қимылдар

Жарылыс болуы мүмкiн деген жағдайда келесi белгiлермен айтуға болады:

белгiсiз бiр зат көлiкте, подъезде, үйдiң ауласында, ж.т.б.(жарылыс заттары сыра банкiсiнде жасырынуы мүмкiн, темекi қорабында, ойыншықта, шишада, құбырдың сынығында, қандай да болмасын орамада, қорапта) болуы мүмкiн.

сол жерде болуы мүмкiн емес қандай да бiр материалдардың қалдықтары;

сым немесе шнурдың тым қатты тартылып тұруы

Машина астынан шығып тұрған сым болмаса қандай да болмасын лентаның салақтап тұруы;

шыныдағы жаңадан пайда болған сызықтар мен кiр, есiкте де басқа да заттарда;

сол жерде бұрын болмаған иiс (мысалы суп набордың иiсi, кейбiр жарылғыш заттың исi сондай болады);

бұрын болмаған жер қопарылуынан пайда болған шұңқыр, жабылған орын;

сiздiң пәтерiңiздiң қасында жаңадан сырланған орын, болмаса басқа да құрылыс жұмыстары (сiз бiлмейтiн);

бөтен сөмке, портфель, қорап, басқа да зат, олар автокөлiктiң, үйдiң, подьездiң қасында болуы мүмкiн.

Қашан да жүрген жерлерiңiзде абай болыңыз, әсiресе транспорттық, мәдени — ойын сауық, спорттық, сауда орындарында.

Егер де аяқ асты терракт болуы мүмкiн жайтты байқап қалсаңыз құқыққорғау органдарына жедел хабар берiңiз.

Егер де қауiпсiздiк күшiнiң және құқыққорғау органдары тарапынан белсендiлiк бола қалса:

қызық көрiп қарамаңыз, басқа жаққа қарай ығысыңыз;

қауiптi зонаны ыңғайына қарай қалай да жылдап тастап қашыңыз;

кез келген тығылатын орынды пайдаланыңыз;

жүгiрмеңiз, сiздi қылмыскер екен деп қалмасын;

басыңды жауып, қалай да жарылғыш заттардан қорғаныңыз;

Қауiпсiздiк органына көмек берем деп әуре болмаңыз егер де көмегiңiзге тиiмдi екендiгiне сенiмiңiз болмаса.

Қазiргi таңда терроршылардың әрекеттерiнде жалпы адам көп жерлерде, тұрғын үйлерде жарылғыш затты пайдалану басым сипатқа ие болуда. Дер кезiнде жарылғыш затты тауып органдарға хабар берсеңiз көп адамның өмiрiн сақтап қаласың.

Жарылғыш зат жарылғанда болмаса атыс басталып кеткен болса жедел жерге жата қалыңыз, болмаса қалтарыс жер iздеңiз. (бордюр, сауда палаткаларына, көлiкке т.б.).басыңызды қолыңызбен жабу қауiпсiздiк құралы.

Егер де жарылған жерде қалып қойған болсаңыз, есiңiздi бiлетiндей, қимылдайтындай жағдай болса түтiнi, оты жоқ жерге қарай жылжыңыз.

Егер де жарылған кезде зақым алсаңыз, қасыңыздағылардың да жағдайын бақылаңыз, олардың жағдайын қарай алатындай болсаңыз пульсын тыңдаңыз, адамның есiн жиған — жимағанын байқаңыз. Нашатырмен есiн жинауына талпынбаңыз. Егер де адамның есiн жинай алмай жатқан жағдайы болса ол сыртқы қоршаған ортадан сақтану реакциясы екендiгiн ұмытпаңыз.

Егер де зардам шеккен жанда сынған жерi болмаса (оның сүйектерiн анықтап басып көрiңiз), жанына қарай жатқызыңыз. Шалқасынан жатқанда өз түкiрiгiне қақалып қалуы мүмкiн, ал iшiнде жатса — тұтшығады. Артериялық қан кетуiнде (қанның түрi алқызыл, фонтан сияқты шыңып жатса)саусағыңмен болса да басып тұрып, белдiк, жiп, матамен жараның жоғарғы жағын таңу керек.

Егер де сiз бұзылған ғимараттың үйiндiлерiнiң астында қалсаңыз

Қатты абыржып, уайымға түспеңiз. Тынышталыңыз. Терең дем алыңыз. Құтқарушылар көмекке келедi деп ойлаңыз. Дауысыңызды шығарып, дыбыс шығарып адамдарға белгi берiңiз. Егер де сiз тым тереңде қалсаңыз сақина, болмаса қандай да бiр темiрдi ары берi жылжытыңыз, арнайы құрал эхопеленгатормен тауып алады.

Егер де айналаңыз кеңдеу болса от жақпаңыз ауаны сақтаңыз.

Сырттан келген ауа бағытын ұстанып жылжыңыз, абайлап, үйiндi тағы да үстiңе түсiп кетпесiн. Егер де мүмкiндiк болса бас жағыңды тақтаймен қалтарыс жасап қой, ал шөлдеген болсаң тасты алып аузыңа салып сорып, мұрынмен дем ал.

Балалар үшiн арнайы түсiнiктемелер

Балаларға айту керек, қандай болмасын даладан тауып алған зат қауiптi екендiгiн.

Егер де тауып алған заттарды қолға алып, қызықтап, көремiн десеңдер ол жарылып, көптеген адамның өмiрiне қауiп төндiретiндiгiн де анықтап айту керек.

Баланың жасына қарай, тұрғылықты жердiң ыңғайына қарай баланың қауiпсiздiк шараларын сақтауын оқытып, түсiндiрiп отырулары қажет:

өзiнiң толық аты-жөнiн, тұратын жерiн, телефон номерлерiн жатқа бiлуi керек;

егер де адасып кеткен болса «дүкен, басқа да жерлерде) полиция қызметкерлерiне, болмаса әскери киiм киген адамдарға және қартаң әйелдерге көмек сұрап жақындауын үйреткен жөн;

көшелерде, ойын алаңдарында жалғыз ойнап, жүруiне тыйым салу керек, топтың iшiнде болғаны абзал;

отбасы мүшелерiне қай жерде болатынын айтуы керек ( ол жердi отбасы мүшелерi бiлуi керек),

танымайтын адамдармен сөйлесiп, олармен iлесiп бiр жаққа баруға болмайды;

отбасындағы кiрiс туралы ақпаратты ешкiмге бергiзбеңiздер, сонымен қатар кiмнiң қай уақытта жұмыста болатынын, демалыс алып алысқа кететiндерiн, басқа да ақпаратты айтуға болмайтынын ескерту керек;

балаға үйрету керек бiреудiң таныс емес адамның сұрақ қойғанынада қандай көлiкте болды, қандай киiмде болды, қалай кеттi, сол сияқты кездердi есте сақтауын;

танымайтын адамдардың өзiн ұстауына жол бергiзбеудi үйрету;

егер де таныс емес адам күшпен баланы әкетпек болса бала айғайлап, көмек сұрап, тырнап, тiстеп қарсылық көрсетсiн. (Мен сенi танымаймын, менi ұрлағың келедi» деп). Бұл жағдайға баланы дайындау керек. Подьезде болса кез келген есiктi қағып, жан жақтағыларды назарға тарту керек.

қолынан сытылып шыққан жағдайда жақын жердегi дүкен, милиция пунктiне, банкке, адамдардың ортасына қарай жүгiруiн үйрету керек;

ерекшеленген барлық жағдай туралы еске сақтауы қажет;

Сiздiң үйге танымайтын адамдар, арнайы киiм киген болса да балалар ғана бар кезде кiрмеуi керек. Соны жақсылап үйрету жөн.

поштадан келген заттарды да балалар қабылдауының қажетi жоқ

Балалар қашан да ата-анасынан рұқсат сұраулары керек. Сыйлық алғанда да. Қонаққа барулары керекб олса да. Артық ақпарат, рұқсат, өзiнiң қайда, кiммен болары баланың қауiпсiздiгi үшiн керек;

ешқашан да танымайтын ер адаммен, жас жiгiттермен жалғыз лифтiге, подьездге кiрмесiн. Егер де танымайтын жан iле шала оның соңынан лифтiге кiрсе шығып кетуге тырысуы керек;

егер де подьездге кiргенде танымайтын ер адам отырса бiрден сыртқа шығып кетiп, танытин бiреулермен кiргенi дұрыс;

даладан үйге келгенде есiктi ашпай жатып баспалдақ басында бөтен бiреудiң бар жоғын қарап алған дұрыс. Ондай кезде көршiлердiң үйiне қоңырау шалуы керек, олар ашпаса төменге түсiп басқаларын күту керек;

егер де күмәндi адам артыңнан қалмай келе жатса, өтiп бара жатқан жүзi жылы сенiмдi адамға барып көмек сұрасын;

қоғамдық көлiкте жүргiзушiнiң қасына жақын отыруы керек, күдiктi жайтты байқаса жүргiзушiден көмек сұрасын;

ата-ананың айтқандарын қашан да еске алып, солардың кеңесiмен жүргенi дұрыс.

Ал ата-аналар балаларына көрнекi мысалдарды көрсете отырып, қауiптi жағдайлардан балаларын қорғап қалу шараларын қолданғандары жөн.

Баладан сұраңыздар, егер де танымайтын адам конфет берсе, сағыз ұсынса, машинасында қыдыруға өтiнiш жасаса бала не iстер едi?

Мақаланың шыққан күні: 20.12.2017 15:50
Парақтағы соңғы өзгерістер: 20.12.2017 16:03
Қаралым саны: 606

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz