A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
әдістемелік ұсынымдар

Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртiбi туралы

1. Жалпы ережелер

ҮЕҰ дерекқорына мәлiметтердi ұсыну нысанын жеңiлдету мақсатында Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрiнiң 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен (бұдан әрi — Бұйрық) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрiнiң 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекiлiген Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына өзгерiстер енгiзiлдi.

1.Осы Үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну (бұдан әрi — Мәлiметтер) және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртiбi туралы әдiстемелiк ұсынымдар (бұдан әрi — Әдiстемелiк ұсынымдар) үкiметтiк емес ұйымдардың дерекқорын (бұдан әрi — ҮЕҰ дерекқоры) қалыптастырудың бiрыңғай талаптарын қамтамасыз ету мақсатында жасалды және үкiметтiк емес ұйымдарымен өз қызметi жөнiндегi мәлiметтерiн ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына (бұдан әрi — Қағида) қосымша болып табылатын Нысанды толтыруға бiрыңғай талаптарды белгiлейдi.

Нысан толтырылуға мiндеттi болып табылатын 6 кестеден тұрады.

Деректер қорына саяси партиялар, кәсiподақтар, дiни бiрлестiктер мен «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңының 17-бабында . көрсетiлген коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда барлық коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында қызметiн жүзеге асыратын шетел және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың өкiлдiктерi мен филиалдары (оқшау бөлiмшелерi) енедi.

2. Әдiстемелiк ұсынымдарда келесi түсiнiктер қолданылады:

1) Дерекқор — үкiметтiк емес ұйымдар қызметiнiң ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты орналастыру шеңберiнде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшiн қалыптастырылатын ақпараттық дерекқор;

2) үкiметтiк емес ұйым — ортақ мақсаттарға жету үшiн азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсiптiк одақтарды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда). Егер Әдiстемелiк ұсынымдар мәтiнi бойынша өзге көзделмесе, үкiметтiк емес ұйым деп Қазақстан Республикасы аумағында өзiнiң қызметiн iске асыратын шет елдiк немесе халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары (оқшау бөлiмшелер) түсiндiрiледi;

3) Үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл саласындағы уәкiлеттi орган — Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi;

4) есептi кезең Дерекқорға мәлiметтер ұсыну жылының алдындағы күнтiзбелiк жылы деп түсiндiрiледi;

5) мәлiметтер –үкiметтiк емес ұйымдардың қызметi туралы уәкiлеттi органға Қағидаларға сәйкес үкiметтiк емес ұйымдардың өзi, сондай-ақ жергiлiктi атқару органдары ұсынатын ақпарат;

6) анық ақпарат — оларды уәкiлеттiк органға жолдау күнiне немесе үкiметтiк емес ұйымдары дерекқорының веб-порталында жарияланған күнiне шын мәнiнде сәйкес келетiн және есептi кезеңде жинақталған ақпаратты көрсететiн мәлiметтер. Грамматикалық қателер үкiметтiк емес ұйымдар туралы мәлiметтердi қате деп есептеуге негiз бола алмайды;

7) уақытында ұсынылған мәлiметтер — үкiметтiк емес ұйымдардың есеп беру кезеңiнен кейiнгi жылғы 31 наурызға дейiн ұсынылған мәлiметтерi. Ал Қағидалардың 7-тарауында көрсетiлген мәлiметтер үшiн — мәлiметтерге тиiстi өзгерiстер енгiзiлген күннен бастап 20 жұмыс күнi iшiндегi мәлiметтер жатады;

8) мәлiметтер толықтығы — Қағидаларға 1-қосымшада (кесте нысанында) көзделген барлық кестелердiң толтырылуы;

9) жоба — үкiметтiк емес ұйымдар және донорлық ұйымдар, тапсырыс берушi немесе грант берушi арасында шартқа сәйкес жүзеге асырылатын iсшаралар мен қызмет жиынтығы;

10) бағдарлама — өзара байланысты жобалар кешенi;

11) Мүлiк — ақша, оның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, сондай-ақ жылжымайтын және жылжымалы мүлiк түрiндегi табиғи нысандағы мүлiктер.

2. Дерекқорға мәлiметтердi енгiзу тәртiбi және әдiстерi

3. Мәлiметтердi үкiметтiк емес ұйымдар қазақ және орыс тiлдерiнде Қағидаларға 1-қосымша болып табылатын барлық кестелердi толтыру арқылы ұсынады.

4. Мәлiметтердi үкiметтiк емес ұйымдар қазақ және орыс тiлдерiнде қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) пошта арқылы немесе қолма-қол немесе электрондық түрде веб-портал арқылы жұмыс iстейдi.

Үкiметтiк емес ұйымдардың қызметi туралы мәлiметтердi Уәкiлеттi органға пошта немесе қолма-қол ұсыну барысында үкiметтiк емес ұйымдар өз қызметi туралы мәлiметтердi iлеспе хатпен келесi мекенжайға жолдайды: Астана қ., Есiл ауданы, Мәңгiлiк Ел даңғылы, 8, 15-кiреберiс, индекс 010000, Қазақстан Республикасы Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгiнiң Азаматтық қоғам iстерi комитетi.

Үкiметтiк емес ұйымдар туралы мәлiметтердi электрондық нұсқада ұсыну үшiн infonpo.kz веб-порталы әрекет етедi. Веб-порталда авторизация/тiркелуден өту үшiн заңды тұлға атына электрондық-сандық қолтанбаны (ЭСҚ немесе сертификат) алу қажет. ЭСҚ-ны алу үшiн сұранымды жақын орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) бөлiмiнде беруге болады. Мәлiметтер заңды тұлға атына немесе оны алмастыратын тұлғаға берiлген электрондық-сандық қолтаңбамен расталады.

5. Мәлiметтер үкiметтiк емес ұйымдармен жыл сайын есептiк кезеңнен кейiнгi жылдың 31 наурызына дейiн ұсынылады.

Уәкiлеттi органға мәлiметтердi оны ұсыну күнi, оларды ұсыну тәсiлiне орай:

1) қолма-қол — уәкiлеттi органмен қағаз және электрондық нұсқада ұсынылған мәлiметтердi қабылдау күнi;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен — қағаз және электрондық нұсқада ұсынылған мәлiметтердi қабылдау туралы пошта операторының белгi қойған күнi;

3) веб-портал арқылы электрондық түрде — орталық тораптың немесе нысандарды қабылдау және өңдеу жүйе серверiнiң қабылдау күнi болып табылады.

31 наурыз (қоса алғанда) 24 сағатқа дейiн пошта операторына үкiметтiк емес ұйымдармен қағаз түрiнде ұсынылған мәлiметтер пошта операторының қабылдау күнi мен уақыты бар тиiстi белгi бар болғанда уақытылы ұсынылған деп саналады.

31 наурыз сағат 24-ке дейiн уәкiлеттi органға телекоммуникация желiсi арқылы ұсынылған электрондық нысандағы мәлiметтер уақытылы ұсынылған деп саналады.

6. Үкiметтiк емес ұйымдар өз қызметi туралы мәлiметтердi есептiк кезең бойынша және ағымдағы жылы жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы ақпаратты көрсете отырып ұсынады.

7. Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген және өзiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдар мен өкiлдiктер) бар үкiметтiк емес ұйымдар аталған Қағидалармен бекiтiлген тәртiпте филиалдар мен өкiлдiктер туралы мәлiметтердi ұсынады.

8. Қағидаларға 1-қосымшаның 1-кестесiнiң I, II и VII бөлiмдерiнде көзделген үкiметтiк емес ұйымдар туралы мәлiметтер өзгерген жағдайда, үкiметтiк емес ұйым негiздемемен өзгертiлген мәлiметтердi уәкiлеттi органға қазақ және орыс тiлдерiнде пошта немесе қолма-қол немесе веб-портал арқылы электрондық түрде олар өзгерген күннен бастап жиырма жұмыс күн iшiнде жолдайды.

3. Нысанды толтырудың жалпы талаптары

9. Нысанды үкiметтiк емес ұйымдардың басшысы (ол болмаған жағдайда оны алмастырушы адам) толтырады.

10. Нысанға есептiлiктегi деректердiң анықтығы және оны уақытылы ұсыну үшiн жауапы бiрiншi басшы (ол болмаған жағдайда оны алмастырушы адам) қол қояды және ұйымның мөрiмен немесе электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

11. Нысанның барлық тармақтары (кестелерi) толтырылуға мiндеттi болып табылады. Ақпарат болмаған жағдайда сызық қою керек.

12. Нысанның барлық тармақтары анық немесе баспа әрiптермен сөздердi қысқарпай, 12 шрифтан кем емес өлшемде жазылады. Тармақтарды компьютер арқылы (принтер арқылы қағазға шығарып) толтыруға рұқсат етiледi.

4. Нысанның кейбiр бөлiмдерiн/бөлiмшелерiн толтыру талаптары

13. «Үкiметтiк емес ұйымдардың қызметтерi туралы мәлiметтер» нысанының 1-кестесiндегi «Үкiметтiк емес ұйымдар туралы жалпы деректер» бөлiмiнде мынадай мәлiметтер көрсетiледi:

1) 1-тармақта ұйымның бизнес-сәйкестендiру нөмiрi көрсетiледi;

2) 2-тармақта мәлiмет ұсынатын есептi кезең көрсетiледi. Есептi кезең болып өткен күнтiзбелiк жыл болып саналады (1 қаңтардан 31 желтоқсанды қоса санағанда).

3) 3-тармақта заңды тұлға құрылған ұйымдастыру-құқықтық нысанын таңдай отырып ұяшықта белгi қою керек.

4) 4-тармақта құрылтай құжаттарына сәйкес үкiметтiк емес ұйымның толық атауы көрсетiледi.

5) 5-тармақта жеке тұлғаны куәландыратын құжатқа сәйкес бiрiншi басшының аты-жөнi қысқартуларсыз толтырылады;

6) 6-тармақта заңды тұлға тiркелген аумақ көрсетiледi.Белгiнi тек бiр ұяшықта қою керек.

7) 7-тармақта заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу кезiнде көрсетiлген ҮЕҰ-ның заңды мекенжайы белгiленедi (елдi мекен, мекенжай);

8)8-тармақта заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуден (қайтадан тiркеу) өтудiң нөмiрi мен күнi көрсетiледi.

14. «Үкiметтiк емес ұйымның байланыс деректерi» II бөлiмi мынадай мәлiметтерiмен көрсетiледi:

1)9-тармақта электрондық поштаның мекен-жайы латын әрiптермен және бос орын қалдырмай көрсетiледi;

2)10-тармақта елдi мекеннiң коды көрсетiлген телефон нөмiрi және мобильдi телефон нөмiрi жазылады (бөлу белгiлерi және сызық таңбалары қойылмай көрсетiледi);

3)11-тармақта сайт мекенжайы бар болған жағдайда көрсетiледi. Сайт мекенжайы латын әрiптермен және бос орын қалдырмай жазылуы тиiс.

15. «Қызметкерлер мен ерiктiлер туралы мәлiметтер» III бөлiмi мынадай мәлiметтерiмен көрсетiледi:

1)12-тармақта еңбек шарты жасалған, әлеуметтiк демалыста (еңбекақысы сақталмаған, оқу, жүктi болу немесе бала күтiмi бойынша, жаңа туылған балаларды асырап алумен, баланың 3 жасқа толғанына дейiн оған қарау бойынша еңбекақы сақталмайтын демалыспен байланысты демалыста болған қызметкерлердi қос есептегенде) штаттық қызметкерлердiң жалпы саны көрсетiледi.

2)13-тармақта ерiктiлердiң жалпы саны көрсетiледi. Тармақты өздерiнiң ұйымдарында ерiктiлердiң есебiн жүргiзетiн (еркiн нысанда) немесе жеке тұлға мен үкiметтiк емес ұйыммен ақысыз қызмет көрсету туралы қол қойылған шарттары бар үкiметтiк емес ұйымдар толтырады.

3)14-тармақта шетелдiк қызметкерлер саны көрсетiледi. Шетелдiк қызметкерлерге Қазақстан Республикасы территориясында үкiметтiк емес ұйымның жұмысқа тартуымен еңбек етiп жүрген шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар, оның iшiнде Қазақстан Республикасы территориясында жұмыс жасауға арнайы рұқсатты талап ететiн тұлғалар жатады.

16. «Қызметтiң бағыты» IV бөлiмi мынадай мәлiметтермен көрсетiледi:

1)15-тармақта үкiметтiк емес ұйым қызметiнiң негiзгi бағыты көрсетiледi. Кестенiң тиiстi бiр ғана торына белгi қою керек;

2)16-тармақта ҮЕҰ қызметiнiң мәнi мен мақсаттары (жарғыға сәйкес) көрсетiледi;

3)17-тармақта мақсатты аудитория/атаулы топ көрсетiледi. Мақсатты топ — бұл үкiметтiк емес ұйым азаматтардың мүддесiне қарай өзiнiң iс-әрекетiн бағыттаған белгiлi бiр тұлғалар тобы.

17. «ҮЕҰ есептi кезеңдегi кiрiстер туралы (сомасы, теңге)» V бөлiмiнде есептiк кезеңдегi кiрiстердiң жалпы сомасы төмендегi әр категория бойынша көрсетiледi:

1) 18-тармақта «Депозиттер бойынша сыйақы» көрсетiледi;

2) 19-тармақта «Гранттар» көрсетiледi;

3) 20-тармақта «Өтеусiз алған мүлiк» көрсетiледi;

4) 21-тармақта «Кiру жарналары» көрсетiледi;

5) 22-тармақта «Мүшелiк жарналар» көрсетiледi;

6) 23-тармақта «Қайырымдылық көмек» көрсетiледi;

7) 24-тармақта «Демеушiлiк көмек» көрсетiледi;

8) 25-тармақта «Өтеусiз негiзiндегi аударымдар» көрсетiледi;

9) 26-тармақта «Қайырымдылық түрiнде алған» көрсетiледi;

10) 27-тармақта «Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша алған кiрiс» көрсетiледi;

11) 28-тармақта «ҮЕҰ сыйлықақылары» көрсетiледi;

12) 29-тармақта «Басқа да кiрiстер» көрсетiледi;

13) 30-тармақта «Барлығы» кiрiстердiң барлық сомасы көрсетiледi.

Сома сандармен, қысқартулар сыз және бос орын қалдырмай көрсетiледi (мысал: 2000000 тенге).

Егер жобалар/бағдарламалар шетелдiк валютада қаржыландырылған болса, үкiметтiк емес ұйым жобаның/бағдарламаның аяқталғанын күнiне орай, донорлық ұйымның, тапсырыс берушiнiң, грант берушiнiң шартында көрсетiлгендей Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен валюта бағамына сай нақты бюджеттiң жалпы сомасын теңгемен қайта есептеу жүргiзедi.

18. «Есептi кезеңде ҮЕҰ-дың шығыстары (сомасы, теңге)» VI бөлiмi мынадай мәлiметтер көрсетiледi:

1)31-тармақта коммерциялық емес ұйымдарды ұстауға жаратылған шығындардың сомасы көрсетiледi;

2)32-тармақта iс-шараларды ұйымдастыру мен өткiзуге жаратылған шығындардың сомасы көрсетiледi;

3)33-тармақта ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыруға жаратылған шығындардың сомасы көрсетiледi;

4)34-тармақта сыйақыға төленген шығындардың сомасы көрсетiледi;

5)35-тармақта қайырымдылық көмекке жаратылған шығындардың сомасы көрсетiледi;

6)36-тармақта демеушiлiк көмекке жаратылған шығындардың сомасы көрсетiледi;

7)37-тармақта өтеусiз негiзiндегi аударымдар түрiнде шығындардың сомасы көрсетiледi;

8)38-тармақта кiру жарналары түрiндегi шығындардың сомасы көрсетiледi;

9) 39-тармақта мүшелiк жарналар түрiндегi шығындардың сомасы көрсетiледi;

10) 40-тармақта өтеусiз берiлген мүлiктiң жалпы сомасы көрсетiледi;

11) 41-тармақта қайырымдылық түрiнде жаратылған шығындардың сомасы көрсетiледi;

12) 42-тармақта барлық шығыстар сомасы көрсетiледi.

19. VII бөлiмдi халықаралық және шетелдiк ұйымдардың филиалдары немесе өкiлдiктерi толтырады. Бөлiмде келесiдей мәлiметтер көрсетiледi:

1) 43-тармақта «Есептi кезең бойынша Қазақстан Республикасында жобаларды/бағдарламаларды қаржыландыру бюджетi» (егер жобаны және/немесе бағдарлама филиал немесе өкiлдiк Қазақстан Республикасының аумағында қаржыландырса) көрсетiледi;

2) 44-тармақта «Ағымдағы күнтiзбелiк жыл бойынша Қазақстан Республикасында гранттық қаржыландыру бюджетi» (филиал немесе өкiлдiк тарапынан гранттар Қазақстан Республикасында бөлiнген жағдайда және тиiстi бекiтiлген бюджет болған жағдайда) көрсетiледi.

20. Нысанның 2-кестесiнде қазақстандық үкiметтiк емес ұйымдар өздерiнiң Қазақстан Республикасының территориясында тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерiне қатысты мәлiметтердi көрсетедi:

1) 1-бағанда реттiк сан көрсетiледi;

2) 2-бағанда жарғыға сәйкес ұйымның толық атауы көрсетiледi;

3) 3-бағанда бизнес-сәйкестендiру нөмiрi «БСН» көрсетiледi;

4) 4-бағанда мемлекеттiк тiркеу кезiнде көрсетiлген заңды мекенжайы көрсетiледi (келесi формат бойынша: облыс, қала, аудан, көше, үй);

5) 5-бағанда ұйымның бiрiншi басшысының аты-жөнi толық, қысқартуларсыз, тұлғаны куәландыратын құжаттарға сәйкес көрсетiледi;

6) 6-бағанда ұйымның мемлекеттiк тiркеуден өту күнi көрсетiледi;

7) 7-бағанда ұйымды мемлекеттiк тiркеу нөiмiр көрсетiледi;

8) 8-бағанда «Телефон нөмiрi, электрондық пошта, сайт мекенжайы» көрсетiледi.

21. «Есептi кезеңде iске асырылған және ағымдағы жылы iске асырылатын жобалар туралы» нысанның 3-кестесiнде заңды тұлғамен жүзеге асырған немесе үсiтiмiздегi жылы жүзеге асырып отырған жобалар/бағдарламалар туралы мәлiметтер көрсетiледi:

1) 1-бағанда реттiк сан көрсетiледi;

2) 2-бағанда «Жобаның/бағдарламаның атауы» көрсетiледi. Әр жоба/бағдарлама туралы ақпарат бөлек тармақшада көрсетiлуi тиiс;

3) 3-бағанда донор ұйымының, тапсырыс берушiнiң, жобаның/бағдарламаның грант берушiсiнiң бизнес-сәйкестендiру (БСН) нөмiрi көрсетiледi;

4) 4-бағанда қаржыландыру көзi (мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, шетелдiк, коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыру, коммерциялық көздерден алынған қаржыландыру көздерi) көрсетiледi;

5) 5-бағанда жобаның бағыты көрсетiледi. Ол үшiн 1 кестенiң 15 тармағында көрсетiлген бағыттардың бiреуiн таңдау қажет;

6) 6-бағанда жоба/бағдарламаның мақсаты еркiн түрде көрсетiледi;

7) 7-бағанда жобаның жүзеге асқан аймағы (облысы) көрсетiледi;

8) 8-бағанда жобаның жалпы бюджетi теңгеде көрсетiледi. Сома сандармен, қысқартуларсыз және бос орын қалдырмай көрсетiледi (мысал: 2000000 тенге).

9) 9-бағанда есептi кезеңде жобаны жүзеге асыру үшiн алынған қаржының нақты мөлшерi (теңгеде) көрсетiледi;

10) 10, 11-бағандарда жобаны iске асырудың басталу мен аяқталу күнi (формат бойынша: кк.аа.жжжж.) көрсетiледi;

11) 12-бағанда жобаны/бағдарламаны қоса орындаушының атауы көрсетiледi;

12) 13-бағанда орындалған жоба/бағдарлама туралы еркiн формада жобалардың/бағдарламалардың қорытындысын қысқаша сипаттаумен ақпарат көрсетiледi.

22. Нысанның 4-кестесiнде филиалдардың және (немесе) өкiлдiктердiң есептi мерзiмде iске асырған және ағымдағы жылы iске асырып отырған жобалары/бағдарламалары туралы мәлiметтер көрсетiледi. Кестенi қазақстандық үкiметтiк емес ұйымдар өздерiнiң Қазақстан Республикасының территориясында тiркелген филиалдары мен өкiлдiктерiне қатысты мәлiметтердi көрсете отырып, толтырады:

1) 1-бағанда реттiк сан көрсетiледi;

2) 2-бағанда жарғыға сәйкес ұйымның толық атауы көрсетiледi;

3) 3-бағанда жобаның/бағдарламаның атауы көрсетiледi;

4) 4-бағанда донорлық ұйымның, тапсырыс берушiнiң, грант берушiнiң бизнес-сәйкестендiру нөмiрi «БСН» көрсетiледi;

5) 5-бағанда қаржыландыру көзi (мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс, шетелдiк, коммерциялық емес, өзiн-өзi қаржыландыру, коммерциялық көздерден алынған қаржыландыру көздерi) көрсетiледi;

6) 6-бағанда жобаның бағыты көрсетiледi. Ол үшiн 1 кестенiң 15-тармағында көрсетiлген бағыттардың бiреуiн таңдау қажет;

7) 7-бағанда жобаның жүзеге асқан аймағы (облысы) көрсетiледi;

8) 8-бағанда жобаның жалпы бюджетi теңгеде көрсетiледi. Сома сандармен, қысқартуларсыз және бос орын қалдырмай көрсетiледi (мысал: 2000000 тенге).

9) 9-бағанда есептi кезеңде жобаны жүзеге асыру үшiн алынған қаржының нақты мөлшерi (теңгеде) көрсетiледi;

10) 10, 11-бағандарда жобаны iске асырудың басталу мен аяқталу күнi (формат бойынша: кк.аа.жжжж) көрсетiледi;

11) 12-бағанда орындалған жоба/бағдарлама туралы еркiн формада жобалардың/бағдарламалардың қорытындысын қысқаша сипаттаумен ақпарат көрсетiледi.

23. Үкiметтiк емес ұйымдарды құрған «Құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәлiметтер» нысанның 5-кестесi мынадай мәлiметтермен көрсетiледi:

1) 1-бағанда реттiк сан көрсетiледi;

2) 2-бағанда «Атауы немесе АТӘ (болған жағдайда)» көрсетiледi;

3) 3-бағанда жеке немесе заңды тұлға арқылы құрылғандығы туралы ақпарат көрсетiледi. Екеуiнiң бiрiн таңдау қажет;

4) 4-бағанда құрылтайшының ЖСН/БСН көрсетiледi.

24. «Ынтымақтастық/серiктестiк туралы құжаттар жасасқан ұйымдар/органдар, мемлекет» нысанның 6-кестесi мынадай мәлiметтермен көрсетiледi:

1) 1-бағанда реттiк сан көрсетiледi;

2) 2-бағанда ынтымақтастық/серiктестiк туралы құжаттар жасасқан ұйымдар/органдар, мемлекет атауы көрсетiледi;

3) 3-бағанда ұйымның түрi (мемлекеттiк орган, үкiметтiк емес ұйымдар, коммерциялық ұйым) көрсетiледi;

4) 4-бағанда БСН (немесе орган, шетелдiк ұйымдар үшiн ұқсастық) көрсетiледi.

Мақаланың шыққан күні: 05.02.2018 12:41
Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.02.2018 12:41
Қаралым саны: 649

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz