A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Іс шаралар

Ең үздiк әлеуметтiк жобалар

Қазақстан Республикасында мүгедектердiң құқықтарын қамтамасыз ету және өмiр сүру сапасын жақсарту жөнiндегi 2012 — 2018 жылдарға арналған iс — шаралар жоспарын орындау аясында 2016 жылы Ақмола облысында «Ең үздiк әлеуметтiк жобалар» көрмесi iске асырылады. Iс-шаралар жопарлары әзiрленген. Жобаға қатысқысы келетiн үмiткерлер болса Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне немесе мына 2-11-25 тел. арқылы керектi ақпараттарды бiле аласыздар.

Жаңа жыл шыршасы.

26 желтоқсанда аудандық мәдениет үйiнде мүмкiндiгi шектеулi балаларға, табысы аз отбасыларға және жетiмдер үшiн Жаңажылдық шырша өттi. Ертегiлер кейiпкерлерiнiң қатысуымен балаларға Жаңажылдық ертегiлiк көрсетiлiмдер көрсеттi. Аяз Ата мен Ақшақар жаңа жыл шыршасын жақты, шыршаның айналасында балалармен қол ұстасып биледi, ойындар ойнады. Тақпақ оқығандары және жаңажылдық костюмдерi үшiн мүмкiндiгi шектеулi балалар сыйлықтар мен жүлделер алды.

Қонаққа Аяз Ата келдi!

25 желтоқсанда психологиялық — педагогикалық түзеу кабинетiне Жаңа жыл мерекесiне мүмiндiгi шектеулi балалар шақырылды. Балалар үшiн ертегi кейiпкерлерiнiң қатысуымен ойындар жаңажылдық көрiнiс ойналды, шыршаның айналасында қол ұстасып биледi. Мерекеде барлығы белсендi қатысып сыйлықтар алды.

 

16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк Күнi

16 декабря12 желтоқсанда аудандық балалар кiтапханасында Қазақстанның тәуелсiздiгi мерекесiне орай мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн iс шара өттi. Кiтапхананың мамандары тәуелсiз Қазақстанның қалыптасуы, тарихы бұл мейрамның пайда болуы туралы қызық әңгiме өткiздi. Балалар сұрақ — жауап сайысының сұрақтарына жауап берiп, ойындарда қатысты, өз отбасылары туралы айтты.

1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Күнi

День Первого Президента27 қарашада аудандық балалар кiтапханасында мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Күнiне арналған iс -шара өттi. Жүргiзушiлер балалармен сұрақ — жауап сайысын өткiздi, президент Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың өмiр жолы туралы деректi фильм көрсетiлдi. Мүмкiндiгi шектеулi балалармен жасалған жұмыстар «Казахстан — менiң Отаным» көрмесi ұйымдастырылды. Естелiк ретiнде балалар кiшiгiрiм сыйлықтар алды.

Ақкөлде мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн дәстүр бойынша қазан айында мүгедектердi қолдау бойынша Айлығы шеңберiнде iс — шара өткiзiледi.

2014 жылдың 15 қазан күнi БЖСМ-де мүмкiндiгi шектеулi балалар және жастар үшiн «Қызықты сөрелер» спорттық iс — шара өттi. Бiр тыныспен, құлшыныспен барлық эстафеталар өттi. «Қызықты сөрелер» қатысушылары мадақтама қағаздар мен сыйлықтар алды. Осы шараның демеушiлерi Ақкөл қаласының әкiмдiгi, қаланың кәсiпкерлерi, спорт және дене шынықтыру бөлiмi.

16 қазан күнi № 3 Ақкөл орта мектебiнде мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн «Жан шуақ» атты iс — шара өттi. Барлық қатысушыларды аудан әкiмiнiң орынбасары Н.Әбдiрахманов, қала әкiмдiгiнiң бас маманы С. Оспанова, «Ханшайым» жарнама агенттiгiнiң директоры А. Жанахметова құттықтады. Мейрамның қонақтарына мектеп оқушылары концерт көрсетiп, ойындар өткiздi. Мүмкiндiгi шектеулi балалар арасында «Ақкөл — менiң сүйiктi қалам» шығармашылық конкурстың қорытындылары шығарылды, оның барлық қатысушыларына және жүлдегерлерiне жеке кәсiпкер және демеушi А. Жанахметова мадақтама қағаздар мен сыйлықтарды тарту еттi. «Ханшайым» жарнама агенттiгiмен балалар үшiн «Шоколадный фонтан» десертi ұйымдастырылды.

АЗИЯ ЖАҢҒЫРЫҒЫ

2014 жылы 8 шiлдеде осындай атаумен «Астаналық циркте» цирк жанрiнiң әртiстерiмен халықаралық фестивальдiң қорытынды айналымы өттi.

Қонақтардың назарына акробаттардың, жонглерлердiң, әуе гимнастары, күш гимнастары, арқанмен жүрушiлер және жануарлар: аттардың, арыстандар мен иттердiң көрiнiсi болды. Балалар Монғолияның, Қытайдың, Өзбекстанның, Қырғыстанның, Ресейдiң және Қазақстанның әртiстерiне қуанышпен қошеметтедi.

Көкшетау қаласындағы «Үмiт-Надежда» балалар қайырымдылық қорының шақыруымен бiздiң ауданымыздан мүмкiндiгi шектеулi 10 бала бұл тамаша мерекеде қатысты, олар басқа аудандардан өздерiнiң құрдастарымен кездесiп, олармен тiлдестi. Мереке ойдағыдай өттi. Ол балалардың жүздерiнен көрiнiп тұрды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi және аудандық бiлiм бөлiмi осы тамаша мерекенiң ұйымдастырушылары болды.

Жанармаймен демеушiлiк көрсеткен «А-Мади» (К.Т. Мадиев) жанармай құятын станциясы.

Семинар — тренинг.

12 маусым күнi «Мүмкiндiгi шектеулi балаларды тәрбиелейтiн ата — аналар мен әлеуметтiк тәрбиелеушiлердiң өзара әрекеттестiгiн оңтайландыру» тақырыбы бойынша психологиялық — педагогикалық түзеу кабинетiнде ата — аналар мен әлеуметтiк қызметкерлер үшiн семинар — тренинг өттi. ППТК және «Көмек беру — Благо дать» ҚБ мамандарымен семинардың тақырыбы бойынша бiрнеше хабарламалар жасалған, кейiн психолог С. Левицкаямен мүмкiндiгi шектеулi балалардың ата — аналарымен және әлеуметтiк тәрбиелеушiлермен психологиялық тренинг өткiзiлдi. Сонымен қатар үй жағдайында АӘК алушылары болып табылатын балалардың ата — аналарымен сауалнама жүргiзiлдi. Семинарда барлығы 33 адам қатысты.

Семинарды ППТК, «Көмек беру — Благо дать» ҚБ қолдауымен жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi дайындады және өткiздi.

«Тiрi жүрген мен қаза тапқан батырларға тағзым етейiк».

5 сәуiр күнi аудандық кiтапханада Жеңiстiң 69 — шы жылдығына арналған «Тiрi жүрген мен қаза тапқан батырларға тағзым етейiк» фашистiк Германияны жеңiп шығуға мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн iс- шара өттi. Қазақстандық — батырлары туралы, ақкөлдiк — батырлары туралы, қазақстандықтардың фашистiк Германияны жеңiп шығудан жеңiске қосқан үлесi туралы жүргiзушiлер айтты. Балалар соғыс тақырыбына арналған тақпақтар айтып, өлеңдер шырқады. Тағы Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың мұражайына саяхат ұйымдастырылды, сол жерде мүмкiндiгi шектеулi балалар мұражайдың экспонаттарымен танысып ол туралы деректi фильмдi тамашалады. Iс — шараны ЖҚ және ӘБ бөлiмiнiң және балалар кiтапханасының мамандары дайындап өткiздi.

1 Мамыр — Қазақстан халқының Бiрлiгi Күнi.

30 сәуiрде аудандық кiтапханада мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн Қазақстан халқының Бiрлiгi Күнiне арналған «Қазақстан — халқының ынтымақты отбасы» атты iс шара өттi., «Бiз сондай әр түрлiмiз, бiрақ жақын және бiрдеймiз» Қазақстанда тұратын халықтарын бiлуiне балалармен сұрақ — жауап сайысын өткiздi, Қазақстанда тұратын халықтың олардың тарихын, мәдениеттiң дәстүрлерi мен ерекшелiктерiн, мерекенiң тарихы туралы жүргiзушiлер айтты. Кейiн балалармен бiздiң елдiң халықтарының — қазақша, белорус, өзбекше, орысша және басқа да ойындар өткiзiлдi. Балалар ойындарда және сұрақ — жауап сайысында белсене қатысқаны үшiн сыйлықтар алды. Мерекенi ЖҚ және ӘБ бөлiмiнiң және аудандық балалар кiтапханасының мамандары дайындап өткiздi.

«Ұлыстың, Жаңа Жылы!»

19 мамыр күнi аудандық кiтапханада мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн «Ұлыстың, Жаңа Жылы!» — Наурызға арналған iс — шара өттi. Жүргiзушiлер барлық балалар мен қонақтарды көктем мейрамы Наурыздың басталуымен құттықтады, мейрамды тойлаумен байланысты салт — дәстүрлер туралы айтты, қазақтың «Үйлену тойы» әдет — ғұрпын көрсеттi. БММ оқушылары музыкалық нөмiрлер орындады. Көп ойындар болды. Мерекенiң соңында шағын кәде сыйлықтар мен бауырсақтар секiлдi дәмдер таратылды.

«Қызықты масленица»

28 ақпанда мүмкiндiктерi шектеулi балалалар үшiн «Қызықты масленица» халықтық мерекесiне ұштастырылған iс — шарасы өттi. Жүргiзушi балаларға мерекенiң әдет — ғұрыптары, тарихы туралы айтты. Масленицаға қатысты өлеңдердi қол ұстасып шырқады, көп ойындар, сұрақ — жауап сайыстары, байқау болды. «Масленица» қарақшы өрттелiндi, бұл әрекет қыстың аяқталуын бiлдiрдi. Соңында тәттiлер мен құймақтармен шәй берiлдi. Iс-шараны ЖҚ және ӘБ бөлiмi, балалар кiтапханасы және «Көмек беру — Благо дать» ҚБ мамандары дайындады және өткiздi.

Мейрамдарыңызбен аяулы аналар!

8 наурыз күнi аудандық кiтапханада мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн Халықаралық Әйелдер Күнiне арналған iс — шара өткiзiлдi. Мерекеге мүмкiндiгi шектеулi балалар, олардың аналары, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң әлеуметтiк қызметкерлерi, «Көмек беру — благо дать» ҚБ мамандары келдi. Жүргiзушiлер қатысушы қыздарды, әйелдердi, апаларды мерекемен құттықтады. Балалар мен олардың аналарына конкурстар мен ойындар өткiзiлдi. Балалар өздерiнiң аналарына тақпақтар оқыды. Ең қымбатты және сүйiктi аналарға, апалар мен қарындастарымызға әлеуметтiк қызметкер Айна Бузиктiң және Евгения Маркованың орындауында музыкалық туындылар арналды.

Жаңа жылдық мейрам.

Қаңтар айының 26 күнi Аудандық мәдениет үйiнде мүмкiндiгi шектеулi және жетiм балалар үшiн Жаңа жылдық шырша өттi. «Золотой ключик» ертегiлер батырларының қатысуымен, балаларға ертегiлiк Жаңа жылдық көрсетiлiм көрсетiлдi. Аяз Ата мен Ақшақар жаңа жылдық шыршаны жағып, шыршаның айналасында балалармен қол ұстасып, әндетiп ойындар ойнады. Мүмкiндiгi шектеулi балалар тақпақ оқығандары және жаңа жылдық костюмдерi үшiн сыйлықтар алды.

Тұңғыш Президент Күнi.

28 қарашада аудандық балалар кiтапханасында мүмкiндiгi шектеулi балалар үшiн кiтапхана мамандары, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң, ҚБ «Көмек беру — Благодать», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентi Күнi» тақырыбына ертеңгiлiк өткiздi. Кiтапхана мамандары балаларға Нұрсұлтан Назарбаевтың өмiр жолы туралы айтты, Қазақстан тарихын бiлуiне шапшаң — турнир өткiзiлдi. Белсендi қатысушылар сыйлықтар алды. Президент және саясаткер Н.Назарбаевтың өмiрi мен қызметi туралы фильмдер көрсетiлдi. Мүмкiндiгi шектеулi балаларға арнап сурет көрмесi дайындалды.

«Сен бiлесiн бе «Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияны».

27 қарашада П.Исаков атындағы №1 Ақкөл ОМ жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң және «Көмек беру — Благодать» ҚБ мамандарымен, 6 сынып оқушыларына «Сен бiлесiн бе «Мүгедектер құқықтары туралы конвенция» атты тақырыбына әңгiме өткiзiлдi. Ол Ақкөл ауданында 2012 — 2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мүгедектердiң өмiр сүру сапасын жақсарту және қамтамасыз ету бойынша Ұлттық жоспардың бiрiншi кезеңiнiң iске асырылуы бойынша тұрғындар арасында ақпараттық — түсiндiру жұмыстары жөнiндегi Медиа  — жоспар шеңберiнде өттi. Оқушылардың оқу дәрежесiн анықтау мақсатымен, әңгiменiң тақырыбы бойынша сауалнама жүргiзiлдi. Мамандар балаларға ҚР Президентiмен Н.Назарбаевтың қол қойғаны туралы 2008 жылы мүгедектердiң құқықтары туралы Конвенция, мүгедектердi қорғау бойынша республикада заңдарды қабылдау үшiн оның мәнi, әлеуметтiк мүгедек балаларды оңалту бойынша жұмысы, Қоғамдық бiрлестiк жұмысы туралы айтты.

Қазан — мүгедектердi әлеуметтiк қолдау бойынша айлық.

Халықаралық мүгедектер Күнi

9 қазан күнi «Көмек беру — Благо дать» мүгедек балаларды тәрбиелеушi ата — аналардың Ақкөл қоғамы» Қоғамдық бiрлестiгi кабинетiнде 18 жастан асқан, психоневрологиялық ауруымен ауыратындар, АӘК алушы тұлғалар үшiн Халықаралық мүгедектер Күнiне ұштастырылған iс шара өткiзiлдi. ЖҚ және ӘБ бөлiмiнiң басшысы Н. Мананбаева қатысушыларды мүгедектер Күнiмен құттықтады. Балалар үшiн ойын — сауық бағдарламасы, сұрақ — жауап сайысынан тұратын, жұмбақтар, логикалық және жылжымалы ойындар, билер, шәй iшу және фильм көрсетiлдi. Балалар жұмбақтарды шешiп, сұрақтарға жауап бердi. ҚБ төрағасы естелiк сыйлық  — фотоальбомды табыс еттi.

«Юность» балалар сауықтыру лагерi

26 шiлде күнi мүмкiндiгi шектеулi 10 бала «Юность» балалар сауықтыру лагерiне жол жүрiп қайтты. Балалар лагерь ауласына саяхатқа шықты. Одан кейiн мүмкiндiгi шектеулi балалар би қонақжайына шақырылды, оларға ойын ойнатты, демалып жатқан балалардың концерттiк нөмерлерiн, «Репка» халық ертегiсiнiң қойылымын тамашалады. Бiлiм бөлiмiнiң басшысы Р.Қанатова балаларға естелiк сыйлықтар — қол сағат, ал балалар өз қолдарымен жасаған жасампаздарын сыйлады. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бьағдарламалар бөлiмi тәттi сыйлықтарды тарту еттi.

Балалар үлкен әсер алып, таза ауада тамаша өткiзген күнге, алған сыйлықтарына қуанып, үйлерiне қайтты.

Бiлiм бөлiмiнiң басшысы Р.Қанатоваға, «Юность» БСЛ директоры С.Бляловаға, тәрбиелеушiлерге, балаларға жылы жүзбен қарсы алғандары үшiн, сонымен қатар, «НұрОтан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары А.Ысқақовқа демеушiлiк көмегiн көрсеткенi үшiн алғысымызды айтамыз.

«БӘРIМIЗ БIРДЕЙМIЗ — КЕМСIТУДI БIЛМЕЙМIЗ» конкурсы

Шiлде айының 12-сi күнi аудандық Мәдениет үйiнде мүмкiндiктерi шектеулi азаматтардың санынан балалар мен жастар, мүгедек адамдармен құрылған қоғамдық бiрлестiктердiң арасында облыстық «БӘРIМIЗ БIРДЕЙМIЗ — КЕМСIТУДI БIЛМЕЙМIЗ» конкурсының бiрiншi iрiктеу кезеңi өттi.

Мәдениет үйiнiң орталық есiгiнiң жоғарғы бетiнде «БӘРIМIЗ БIРДЕЙМIЗ — КЕМСIТУДI БIЛМЕЙМIЗ» конкурстың мемлекеттiк тiлдегi логотипi iлiндi. Би залында конкурс қатысушыларының бейнелеу өнерi мен сәндiк-қолданбалы өнерiнде жасаған жұмыстарының көрмесi ресiмделдi. Сондай-ақ, үстел тенисi бойынша сайысты өткiзу үшiн теннис үстелi орнатылды.

Конкурсты аудан әкiмi орынбасарының м.а. В.Елисеев ашып, iрiктеу кезеңiнiң барлық қатысушыларына шығармашылық жеңстер тiледi. Конкурсқа келесi номинациялар бойынша 36 қатысушы қатысты: «Үздiк орындаушы», «Қызметтiң үздiгi», «Үздiк би», «Үздiк әлеуметтiк жоба», «Ең тату отбасы», «Үздiк жасампаз» және «Үздiк спортшы».

Аудан әкiмi орынбасарының м.а. В.В.Елисеев, аудандық мәслихаттың хатшысы Ж.Т.Салыбекова, мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмiнiң бастығы Б.Б.Әкiмова, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетiнiң меңгерушiсi Л.Соколова, аудандық Балалар шығармашылық үйiнiң маманы Б.Ахметқалиева, аудандық бiлiм бөлiмiнiң маманы А.О.Құдайбергенова құрамындағы iрiктеу кезеңiнiң бiлiктi әдiлқазылары қатысушылардың таныстыру рәсiмдерiн, жұмыстарын бағалады.

Iрiктеу кезеңiнiң аяғында барлық наминациялар бойынша қорытынды шешiм шығарылып, жеңiмпаздар мен қатысушар марапатталды. Серiкбол Жайнагүл, Айнагүл Абдикеева, Наталья Лось, Қайыржамал Кравченконың жанұясы, Евгений Беккер, Марина Николаева, Жаныбек Утисхан, Александр Островский жеңiмпаз болып аталды. Барлық жеңiмпзардар мен қатысушылар лайықты марапаттарын алды. Iрiктеу кезеңiнiң жеңiмпаздары бiздiң ауданымыздың намысын Көкшетау қаласында қорғайтын болады.

Барлық қатысушылар ұжымдық бейнесуретке түсiп, «Аккольский» АТК асханасына мерекелiк түскi асқа шақырылды.

Конкурсты өткiзу барысында «Новорыбинский и К» ЖШС (А.Есентуров), «Еңбек» ЖШС (К.Ракишев), «Урюпинский и К» ЖШС (А.Полоротов), «Хлебороб» ЖШС (В.Стихиляс), «Аккольский» АТК (В.Фостенко) жалпы 85,0 мың теңге сомасына демеушiлiк көмек көрсеттi.

Балалар қорғау Күнi

1 маусым күнi Ақкөл қаласында және Ақкөл ауданында балаларды қорғау Күнi мерекелендi.

Ақкөл ақаласындағы басты iс-шара қала стадионында сағат 11.00-де басталды. Мерекелiк бағдарлама балалар ұжымдарының концертiнен, викториналардан, «Қызықты сөрелерден», «Отбасы сөрелерiнен», «Қазақстан балаларымыз!» тақарабында асфальт бетiнде сурет салу конкурсынан тұрды.

Қатысушылардың арасында мүмкiндiктерi шектеулi балалар да болды. Мүмкiндiгi шектеулi 10 балаға конкурсқа қатысқандары үшiн мадақтама қазадар мен сыйлықтар берiлдi. Мерекеге қатысқан барша балаларға тегiн балмұздақ таратылды.

Мүмкiндiгi шектеулi балалар мен жастардың шығармашылық жұмыстары көрмелiк-саудаға қойылды. Кейбiр қолөнерлер өз сатып алушыларын тапты.

Сонымен қатар балалар кiтапханада өткiзiлген iс-шараға және аудандық мәдениет үйiнде «Ералаш» көрсетiлiмiн тамашалады.

«Боровое» шипажай зонасына саяхатта

2013 жылы 30 мамыр күнi бiздiң ауданымыздың мүмкiндiгi шектеулi 10 бала «Үмiт-Надежда» балалар қайырымдылық қорының шақыруымен «Приозерное» балалар сауықтыру орталығында балаларды қорғау Күнiне арналған мерекелiк қойылымға барып келдi.

Мереке қожайындары балалар үшiн «Боровое» шипажай зонасына саяхатқа шығуды ойластырып, олар «Абылай хан далашығын», «Ракушканы», «Боровое» ұлттық парктi аралады. Одан соң балалар концерттiк бағдарламаны тамашалап, асфальт бетiнде сурет салу конкурсына қатысты.

Суреттер мен қолөнер конкурстарының қорытындылары бойынша облыстың 19 ауданының iшiнде бiздiң ауданымыз 2 орынды иеленiп, мадақтау қағазымен және ақшалай сыйақымен марапатталды, сонымен қатар, әр бала қордан сыйлықтар, тәттiлер мен сусындар алды.

Мүмкiндiктiң шегi жоқ

29 мамыр күнi аудандық шығармашылық үйiнде мүмкiндiктерi шектеулi 6-35 жас аралығындағы балар мен жастардың алғашқы республикалық «За гранью возможного» атты шығармашылық фестивалiнiң бiрiншi iрiктеу кезеңi өткiзiлдi. Конкурстың «Вокал» және «Әсемдiк әлемi» аталымдарына 19 өтiнiм қабылданды. Әдiлқазылар көрермендермен бiрге қатысушылардың өнерлерi мен жұмыстарын бағалап, жеңiмпаздарды анықтады. Олар: Тамирис Ислямова, Жайнагүл Серiкбол, Евгений Беккер, Даниил Артющенко, Мария Гончарова. Фестиваль қатысушыларының барлығы мадақтама қазадарымен марапатталып, сыйлықтар алды.

Қаламыздың кәсiпкерлерi iрiктеу кезеңiн өткiзуде аса үлкен демеушiлiк қолдауларын көрсеттi. Олар: «Айым Инвест Строй» ЖШС жетекшiсi Т.Е.Бертаев, «Камила» ЖШС жетекшiсi Г.К.Кривицкий, «Акмола Транс Сервис- 3» ЖШС жетекшiсi М.К. Бейсенов.

Ұлы Жеңiс

Бiздiң қаламызда тұратын мүмкiндiктерi шектеулi балалар 8 мамыр күнi аудандық балалар кiтапханасына «Жеңiс күнi» атты iс-шарасына шақырылды. Жүргiзушiлер фашистерге қарсы жеңiстiң маңызы туралы, қазақ солдаттары мен бейбiт халықтың қосқан үлестерi жөнiнде баяндады. Соғыс тақырыбына арналған кiтаптардың көрмесi ұйымдастырылды. Жүргiзушiлер балалармен әскер, әскери дайындық жөнiндегi мағлұматтармен байланысы бар конкурсттарды өткiздi. Балалар бiздiң жерлесiмiз, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Совет Одағының Батыры және Қазақстан Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың мұражайына саяхатқа барып келдi. Соғыс тақырыбына арналған фильмдi тамашалады.

Республикалық Олимп күнi

18 мамыр күнi қалалық стадионда аудандық спорт бөлiмiмен ұйымдастырылған «Республикалық Олимп күнi» атты iрi спорт iс-шарасы өттi. Қаладағы мектептер, лицей оқушылары мен отбасылар командалары жүгiру жарысына қатысты. Iс-шараға мүмкiндiктерi шектеулi балалар да қатысып, қашықтыққа жүгiрдi.

Барлық балаларға қатысқандары үшiн грамоталар берiлдi.

Қазақстан халқы бiрлiгiнiң күнi

30 сәуiрде аудандық балалар кiтапханасында мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арналған iс-шара өткiзiлдi. Жүргiзушiлер көп ұлтты Қазақстан елi туралы, әр бiр халықтың ерекшелiктерi жөнiнде баяндады, ойындар мен викториналарды өткiздi. Балаларға орыс халықтарының ертегiлерiнен қойылымдар көрсетiлдi.

Ақкөл ауданы бойынша өткiзiлген
бос жұмыс орындар жәрмеңкесi жөнiнде
АҚПАРАТ

Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламаларды үйлестiру басқармасының жоспарына сай жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi Ақкөл ауданы бойынша 2013 жылдың 29 наурыз күнi бос жұмыс орындар жәрмеңкесiн өткiздi. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесi аудандық орталық кiтапхананың музыкалық қонақжайында өткiзiлдi.

Аудандық жәрмеңкеге 16 кәсiпорын және 64 жұмыссыз азамат қатысты.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесiн аудан әкiмi орынбасарының м.а. В.В.Елисеев ашты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi бастығының м.а. А.И.Дремина ағымдағы жылдың 1 тоқсанда Жұмыспен қамту бағдарламасының орындалуы жөнiндегi ақпаратты баяндады.

Жұмыспен қамту орталығы КММ директоры Б.Х.Тәшенова «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнiнде сөз сөйледi.

Агро-техникалық колледжiнiң директоры А.С.Дүсекенов жұмыссыз азаматтарды әр түрлi мамандарға оқытатыны жөнiнде сөз сөйледi.

Жәрмеңке барысында мына кәсiпорындардың бос жұмыс орындары ұсынылды: «АИСТ» ЖШС, «Үшбұлақ» ЖШС, «Зарина» шатханасы, «Экомилко» сүт комбинаты, «Акколь-Горкомхоз» ШЖҚ МҚК, «Сауда Күрес» ЖШС, «Аккульская нефтебаза» ЖШС, «Аккольский» СТК, Әдiстемелiк орталығы, «КНА» Ш/Қ, СЭҚМБ ММ, «Айлана» шатханасы, «Компания КазЛес» ЖШС, «Юргал» ЖШС, «Салық басқармасы» ММ, Казпошта.

Жұмыспен қамту бөлiмiнiң маманы И.В.Хлыстова мен жұмыспен қамту орталығының мамдары Л.В.Морозова және Ю.Калмурзина азаматтарға жұмыс iздеуде көмек көрсету, жұмыспен қамтудың белсендi нысандарына қатыстыру мәселелерi жөнiнде қабылдады және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жөнiнде кеңестер берiп, талқылу жұмыстарын жүргiздi.

Жәрмеңкенiң нәтижелерi жөнiнде ақпарат:

Жәрмеңкедегi бос жұмыс орындар саны — 20

Бос жұмыс орындар жәрменкесiне 64 адам қатысты

Барлығы 35 адам — жұмысқа жiберiлдi

Тұрақты жұмыс орындарына 15 адам жiберiлдi

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша 18 адам, соның iшiнде 12 адам әлеуметтiк жұмыс орындарына, 6 адам жастар тәжiрибесiне жiберiлдi

Аудан бюджетiнiң есебiнен 2 адам жастар тәжiрибесiне жiберiлдi

29 адам кеңес алды.

Сәлем Наурыз

Наурыздың 19 күнi ауданның Психолого-педагогикалық түзеу кабинетiнде мүмкiндiгi шектеулi балаларға 22 Наурызды мерекелеуге арнап «Сәлем Наурыз» мейрамы өткiзiлдi. Iс-шараға жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi қызмет көрсететiн мүмкiндiгi шектеулi балаларды және психолого-педагогикалық түзеу кабинетiне барып жүрген балалар шақырылды.

Жүргiзушiлер балаларға Қазақ елiнде Наурыз мерекесiн тойлау тарихы жөнiнде баяндап бердi. Балалар тақпақтар айтты, Алдар Көсе ертегiсiнiң қойылымын тамашалады. Сонымен қатар балалар Алдар Көсенiң сұрақтарына жауап қайтарып, жұмбақтарын шештi, ойындар ойнады. № 3 орта мектебiнiң оқушылары екi музыкалық нөмерiн тарту еттi.

Iс-шараға барлығы 20 бала мен олардың ата-аналары шақырылды.

«Ана — өмiрдiң шуағы»

5 наурыз күнi Ақкөл аудандық балалар кiтапханасынды мүмкiндiгi шектеулi балалар мен аналарға Халықаралық әйледер Күнiне арналған «Ана өмiрдiң шуағы» атты мерекелiк iс-шара өткiзiлдi. Iс-шараға жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi қызмет көрсететiн балалар ата-аналарымен бiрге шақырылды.

Үйде әлеуметтiк көмек көрсету № 2 бөлiмшесiнiң меңгерушiсi А.Қоқаева барлық аналарды және қыздарды келе жатқан меркемен құттықтады. Ұл балалар тақпақтар айтты. Музыка мектебiнiң оқушылары — домбырашылар мен баянистер квартетi музыкалық нөмерлерiн көрсеттi. Жүргiзушiлер балалармен қызықты конкурстар мен ойындар өткiздi. Аналар да қызығушылық танытып белсене қатысты. Балалар суреттер көрмесiн ұйымдастырды. Меркеге 20 бала мен ата-ана қатысты.

Iс-шараны жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң және аудандық кiтапхананың мамандары ұйымдастырды.

Астаналық циркке жол жүру

Көкшетау қаласында Р.Понамарева төрағалық ететiн «Үмiт-Надежда» балалар қайырымдылық қорының шақыруы бойынша 6 қарашада бiздiң ауданымызда тұратын мүмкiндiктерi шектеулi балалар тобы, яғни 15 адам Асатана қаласына барды. Балаларға астаналық цирктiң қойылымдарын тамашалау ұйымдастырылды. Естелiк үшiн балалар бейне суретке түстi.

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң мамандары 15 баладан тұратын топты топтастырды және олардың шығып салуын ұйымдастырды.

Транспортты аудандық бiлiм бөлiмi ұсынды. «Көмек беру-Благо дать» ҚБ демеушiлiк көмегiн көрсеттi.

«Қызықты сөрелер»

Мүмкiндiктерi шектеулi балалар 11 қазанда Ақкөл балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебiне спорттық iс-шараға шақырылды. Г.Везнер екi көмекшiсiмен «Қызықты сөрелердi» өткiздi. Балаларды «Спартак» және «Құлагер» атты екi командаға бөлдi. Командалар арасындағы күрес ауыспалы түрде өттi. Нәтижесiнде бiрiншi орынды және алтын алқаларды «Құлагер» командасы, екiншi орынды және күмiс алқаны «Спартак» командасы ұтып алды. Барлық балаларға сылыйтар мен шоладтар таратылды.

Мерекелiк концерт

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарлдамалар бөлiмiнде және «Көмек беру — Благо дать» қоғамдық бiрлестiгiнде қызметтердi алатын мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен олардың ата-аналары қазанның 10 күнi И.Исаков атындағы № 1 АОМ-не «Күз бояулары» атты iс-шараға шақырылды. «Нұр Отан» партиясының аудандық бөлiмшесiнiң төрайымы А.О.Ысқақов барлық қонақтарды құттықтады. Мектеп оқушылары мерекелiк концерттi дайындады. Балалар ән шырқап, би биледi. Жоғарғы сынып оқушылары-жүргiзушiлер балаларға бiрнеше ойын ойнатты. № 1 Орта мектебiнiң оқушылары барлық шақырылған балаларға «Досыңа күлкiңдi сыйла» атты қайырымдылық науқанын өткiздi және өз қолдарымен бисерден жасаған гүлдi және құттықтау ашық хатын сыйлады. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бастығы Н.Қ.Мананбаева мектеп әкiмшiлiгiне, олардың оқушыларына өз алғысын айтты. Көкшетау қаласындағы «Үмiт-Надежда» балалар қайырымдылық қоры, төраймы Р.В.Пономарева мүгедек балалар санынан бес бiрiншi сынып оқушысына кеңсе тауарлары салынған портфельдердi тату еттi.

Тәттi саяхат

Мүгедектердi қолдау айлығы жалғасуда. Қазанның 9-ы күнi мүмкiндiктерi шектеулi балалар нан-тоқаш және кондитерлiк өнiмдерiн шығаратын «Сапожников» ЖК кәсiпорнында болды. Кәсiпорнының жетекшiсi И.Андрющенко қонақтарды өте жылы қарсы алды. Балалардың кондитерлiк цехындағы саяхаты қызықты әрi танымды өттi. Кондитер шеберi балаларға тәттiлердi дайындау мен оларды безендiру үрдiсi туралы айтып бердi және көрсеттi. Балалар өздерiн аспаздық шеберлiгiнде көру мүмкiндiгiн алды. Оларға тәттi сыйлықтар сыйға тартылды.

Орманды алқапқа саяхат

Мүгедектердi қолдау айлығының аясында мүмкiндiктерi шектеулi балалар тобы 2 қазанда қаланың орманды алқабына саяхатқа барып келдi. Балалар Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң және «Көмек беру-Благо дать» ҚБ мамандарымен бiрге орманды жаяу серуендеп шықты. Күзгi орманнның ерешелiктерiмен танысты, көптеген қызықты нәрселердi бiлдi. Ұсақ-түйектердi жасау үшiн табиғи материалдарды жинап алды. «Күзгi орманның бояулары» атты викторинаның сұрақтарына жауап бердi. Естелiк үшiн фотосуретке түстi.

«Аналар күнi»

21 қыркүйекте мүмкiндiгi шектеулi балаларға және олардың аналарына Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң және «Көмек беру-Благо дать» ҚБ мамандары қалалық стадиондарының бiрiнде «Қызықты сөрелер» спорттық сайысын өткiздi. Барлық аналар келе жатқан мейраммен құттықталып, оларға денсаулық пен жетiстiктер тiлендi.

Балалар спорттық сауалнамаларға жауап қайтарып, эстафеталарға, ойындарға қатысты, жылдамдыққа, ептiлiкке қатысты тапсырмаларды орындады. Барлық балалар қатысқандары үшiн шағын сыйлықтарды алды. Демеушiлiктi «Көмек беру-Блашо дать» ҚБ көрсеттi. Балалар өздерiнiң спорттық жетiстiктерiн аналарына арнады.

Ата-аналар жиналысы

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi «Көмек беру-Благо дать» мүгедек балаларды тәрбиелеушi ата-аналардың Ақкөл қоғамы» ҚБ бiрлесiп ауданның орталық кiтапханасында «Мүмкiндiгi шектеулi баланы отбасыда тәрбиелеу» тақырыбында ата-аналардың жиналысын өткiздi. Жиналысқа Ақкөл қаласында және селолық жерлерде тұратын мүмкiндiктерi шетеулi балаларды тәрбиесiмен айналысатын ата-аналар шақырылды.

Жиналысты жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бастығы Н.Қ.Мананбаева, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi кеңесшi, ППОК логопедi, қоғамдық бiрлестiгiнiң төрайымы Н.П.Лось сөз сөйледi. Ата-аналарға мүмкiндiктерi шектеулi балаларды отбасыда қалай тәрбиелеу қажеттiгi туралы кеңестер берiлдi. Мамандар ата-аналармен қойылған барлық сұрақтарға жауап бердi. Сонымен қатар балаларды демалысқа жiберудi ұйымдастыру керектiгi жөнiнде әңгiме қозғалды.

Астаналық цирк

Көкшетау қаласындағы «Үмiт-Надежда» балалар қайырымдылық қорының төрайымы Р.В.Пономареваның шақырылуымен 2 шiлде күнi бiздiң ауданымызда тұратын мүмкiндiгi шектеулi 10 бала Астаналық циркке Халықаралық фестивальға барып келдi. Балалар қайырымдылық қоры циркке баруға, «Думан» СО саяхатқа щығуға және мерекелiк кешкi асқа демеушiлiк көрсеттi. Цирктiң бағдарламасында бес елдiң: Қытайдың, Монғолияның, Қызғыстанның, Ресейдiң және Қазақстанның әртiстерi қатысты.

Жұмыспен қамту және әлеуметтьiк бағдарламалар бөлiмi 10 баладан тұратын топты құрды және оларды ерiп жүретiн адамдарды жинады.Көлiктi аудандық бiлiм бөлiмi ұйымдастырды. «ҚазМұнайГазөнiмдерi» АҚ астана қаласындағы филиалының динекторы және Павлодар облысынан Т.Аюпов мырза демеушiлiк көрсеттi.

«Мен және менiң елiм» байқауы

Маусым айында аудандық орталық кiтапхана балалар арасында «Мен және менiң елiм» тақырыбына салынған суреттер, қолөнерлер және шығармалар» атты байқауды жариялады. Бұл байқауға мүмкiндiгi шектеулi 20 бала да қатысқан болатын. Байқауға олар өздерiнiң 42 суретiн, әр түрлi материалдардан жасаған қолөнерлерiн сынға ұсынды.

25 маусым күнi жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң, аудандық орталық кiтапхананың және «Көмек беру — Благо дать» қоғамдық қорының мамандарымен бiрлесiп өткiзiлген «Мен және менiң елiм» атты байқаудың қорытындысы өткiзiлдi. 10 бала Орындарға ие болған он бала сыйлақтар алды, ал қалған он бала жұбату сылықтарына ие болды.

«Таяқшадағы мұздақ»

20 маусым күнi мүгедек балалар аудандық орталық кiтапханаға шақырылды. Кiтапхана мамандары мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арнап таныстыру саяхатын өткiздi, кiтапхананың жұмысы туралы баяндап бердi. Балалар барлық бөлмелердi аралып шығып, әр бөлменiң атқаратын қызметiмен таныс болды.

Кейiннен мүгедек балалар «Таяшадағы мұздақ» атты iс-шараға қатысты. Оларға балмұздақтың қалай пайда болғандығы туралы айтып бердi. Балалар сұрамқатарға қатысып, аяғында балмұздақты сыйға алды. Сонымен бiрге «Ғажайып орман» қуыршақтар ертегiсiн тамашалады.

Ауданның музыка мектебiнде

12 маусым күнi арнаулы әлеуметтiк қызметтердi алатын мүгедек балалар музыка мектебiнде өткiзiлген «Әлемге — әнмен саяхатқа шығу» атты концертке қатысты. Концерт әлемнiң әр түрлi елдерiнiң композиторларының туындыларынан құрылды. Бұл туындыларды музыка мектебiнiң оқушылары әр түрлi музыкалық аспаптарда ойнап, шырқап бердi.

15 маусым күнi де музыка мектебiнде мүмкiндiктерi шетеулi балалар музыка мектебiнiң оқушыларымен қойылған «Бiзге қасқыр қажет» атты театрланған музыкалық көрiнiстi тамашалады.

«Жүрегiммен көрiп, жаныммен сезiнемiн»
қайырымдылық акциясы

«Жүрегiммен көрiп, жаныммен сезiнемiн» қайырымдылық акциясын өткiзу аясында мамырдың 30 күнi ауданның музыка мектебiнде iс-шара өткiзiлдi. Бұл iс-шараға мүмкiндiктерi шектеулi балалар шақырылды. Балаларға арнап музыка мектебi бойынша танысу саяхаты ұйымдастырылды. Музыка мектебiнiң оқушылары «Песенный дождь» тақырыбында концерттiк бағдарламаны көрсеттi. Концерт аяқталғаннан кейiн келген қонақтардың атынан «Нұр Отан» ХДП Ақкөл аудандық филиалы төрағасының орынбасары А.О.Ысқақов «Песни военных лет» атты кiтапты сыйға тартты, балаларды және олардың ата-аналарын Балаларды қорғау күнiмен құттықтады. Барлық балалар шағын сыйлықтар алды.

Iс-шара ауданның музыка мектебiнiң, жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң және «Көмек беру-Баго дать» ҚБ мамандары ұйымдастырып өткiздi.

Астаналық цирк

2012 жылы 8 мамыр күнi «Үмiт-Надежда» балалар қайырымдылық қоры мүмкiндiктерi шектеулi балаларға Астана қаласындағы «Жеңiс Күнiне» арналған «Астаналық цирк» бағдарламасын тамашалауды ұйымдастырды.

Бiздiң ауданымыздан мүмкiндiгi шектеулi 15 бала қатысты, олардың iшiнде 18 жастан асқан жас азаматтар да болды.

Бағдарлама өте мағыналы, толықанды әрi қызықты өттi. Балалардың жүздерiнен күлкi кетпедi.

Цирктiң аяқталуымен балалардың саяхаты балаларға арналған «Думан» көңiл көтеру кешенiне баруымен жалғастырылды. Одан кейiн балалар балаларға арналған «Думан» көңiл көтеру кешенiнiң зияпат залына түскi асқа шақырылды.

Осы тамаша мерекенiң ұйымдастырушылары және деумешiлерi — бiлiм бөлiмi, «А-Мади» ЖШС, Көкшетау қаласындағы «Үмiт-Надежда» балалар қайырымдылық қоры.

ЖЕҢIС КҮНI

Бiздiң ауданымызда тұратын мүмкiндiктерi шектеулi балалар 7 мамыр күнi аудандық орталық кiтапханаға шақырылды.

Балалар Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Совет Одағының батыры Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов атындағы мұражайын көрiп шықты.

Одан кейiн аудандық орталық кiтапхананың оқу залында Жеңiс күнiне арналған салтанатты iс-шара өткiзiлдi. Iс-шараның жүргiзушiсi бiздiң елiмiзде тұратын азаматтардың өмiрiнде бұл күннiң маңыздылығы туралы, фашистермен күресе жүрiп қаншама адамдардың қаза тапқаны жөнiнде және де бiздер жауынгерлердiң жасаған ерлiктерiн мәңгiлiкке есте сақтауымыз керектiгi туралы баяндады. Жыл са йын бiздер 9 мамыр күнi Ұлы Отан соғысының ардагерлерiн құттықтап, қаза тапқандарды құрметпен еске аламыз. Балалар соғыс туралы тақпақтарды, өлеңдердi айтты, жүргiзушi қойған сұрақтарға жауап бердi. Балалардың Жеңiс күнiне арнап салған суреттерiнiң конкурсы қорытындалды. Жүлделi орынды иеленгендерге және қатысушыларға сыйлықтар таратылды.

Iс-шараны аудандық орталық кiтапхананың және жұмыспен қамтуды және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң мамандары ұйымдастырып, өткiздi.

«Жұлдызай» фестивалi!

Сәуiр айында Көкшетау қаласында мүмкiндiктерi шектеулi балаларға арналған «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығының жетiншi фестивалi өттi. Бiздiң қаламыздан фестивалға қатысқан екi баламыз жүлделi орынды алды және екi бала фестивальдiң дипломанттары атанды.

Ауданның № 2 ОМ оқушысы Марина Николаева «Жұлдызай» фестивалiнiң 1 iрiктеу бәсекесiнде «бейнелеу өнерi» наминациясы бойынша 1 орынды жеңiп алды.

«Вокалдық орындау» наминациясы бойынша ауданның № 2 ОМ оқушысы Павел Садышев 2 орынға ие болды.

Марина Николаева мен Павел Садышевқа «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығы фестивалiнiң лауреаты» атағы берiлiп, дипломдар тарту етiлдi. Жүлдеге ие болған Марина Николева мен Павел Садышев Астана қаласында өтетен мүмкiндiктерi шектеулi балалаларға арналған «Жұлдызай» республикалық балалар шығармашылығының жетiншi фестивалiнiң 2 iрiктеу бәсекесiне қатысуға мүмкiндiк алды.

Ауданның № 1 ОМ оқушысы Александра Лось және үйде оқып жатқан оқушы Жайнагүл Серiкбол «Вокалдық орындау» наминациясы бойынша «Жұлдызай» фестивалiнiң қатысушылар дипломдарын алды.

Қазақстан халқының бiлiгi күнi

27 сәуiрде аудандық орталық кiтапханада мүмкiндiктерi шектеулi балаларға Қазақстан халқының бiрлiгi күнiне арналған «Қазақстан-Достықтың мекенi» тақырыбында iс-шара өттi. Iс-шараға мүмкiндiктерi шектеулi балалар мен олардың ата-аналары қатысты.

Iс-шараның жүргiзушiлерi балаларға бұл мерекенiң мағынасы мен мәнiн ашып бердi. Сонымен қатар жүргiзушiлер «Друг познается в беде» атты қуыршақтар спектаклiн көрсеттi, балаларға жұмбақтарды айтты және де ойындарын ойнатты. Балалар белсендiлiк танытып «Ура», «Отдай честь», «Котята, утята, поросята» ойындарын ойнады, айтылған жұмбақтарға жауаптарын қайтарды.

Жүргiзушiлер барлықтарды мерекемен құттықтап, сыйлықтарын тарту еттi. Балалар тек қана оңды әсер алды.

Бұл iс-шараны аудандық орталық аурухананың және жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң мамандары дайындап, өткiздi.

Әлеуметтiк қызметкерлермен өткен семинар

2012 жылғы сәуiрдiң 23 және 26 сәуiр күндерi Ақкөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарлама бөлiмi Ақкөл аудандық кiтапханасында жалғыздiлiк, жалғыс тұратын азаматтарға және мүгедектеррге арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн әлеуметтiк қызметкерлермен және Ақкөл қаласында және Ақкөл ауданының селоларында тұратын, мүмкiндiктерi шектеулi балалармен жұмыс жүргiзетiн әлеуметтiк қызметкерлермен окыту семинарларын өткiздi.

Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi бастығының орынбасары А.И.Дремина халықты әлеуметтiк жығынан қорғау аясында арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсетудiң жағдайлары мен сапасын, сонымен қатар көлемiн белгiлейтiн арнаулы әлеуметтiк қызметтерiн көрсету Стандаттарын ендiру жөнiнде сөз сөйледi.

Мүмкiндiктерi шектеулi балармен жұмыс жүргiзу жөнiндегi аудандық әлеуметтiк қызметкерлермен оқыту семинарына жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң бастығы Н.Қ.Мананбаева қатысып, сөз сөйледi.

Үйде әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшелерiнiң меңгерушiлерi А.А.Қоқаева мен Л.П.Чернухина арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсету Стандартына түсiнiктеме бердi.

Арнаулы әлеуметтiк қызметтерде қажеттiлiктi айқындау және бағалау жөнiнде әлеуметтiк қызметкер Р.Е.Мыңбаева қатысушыларға арнаулы әлеуметтiк қызметкерлерге мұқтаждықты анықтау тетiгi туралы баяндады.

Қарттармен және мүгедектермен жұмыс жүргiзу жөнiндегi әлеуметтiк қызметкерлер Л.Зачепило, А.Үкенова мен Н.Каплерс, мүмкiндiктерi шектеулi балармен жұмыс жүргiзу жөнiндегi әлеуметтiк қызметкерлер М.Тұрсынбаева, Б.Әдiлова, С.Сейтғалиева өздерiнiң жұмыс тәжiрибелерiмен бөлiстi.

Ақкөл аудандық «Көмек беру-Благо дать» мүгедек балаларды тәрбиелейтiн ата-аналар қоғамының төрайымы Н.Лось семинардың қатысушысы болды.

 

«Наурыз — мейрамы»

Шығыс елдерiнiң халықтары «Наурыз» көктемнiң келу мерекесiн ән айтып, ойын ойнап, ас берiп, қызықты да көңiлдi тойлайды.. 20 наурыз күнi Ақкөл қаласының мүмкiндiктерi шектеулi балалары «Наурыз» мерекесiн тойлауға арналған мейрамға қатысты. Бүл мерекенi аудандық мәдениет үйiнде ұйымдастырылды және аудандық ППОК мен ЖҚ және ӘБ бөлiмiнiң мамандары бiрiгiп өткiздi.

Балалар мен олардың ата-аналарының назарына ертегi кейiпкерi Алдар-Көсенiң жүргiзуiмен шағын көрiнiсiн қойылды. Ол балалармен ойын ойнап, әзiл-сықақтарын айтты. Балалар өз кезегiнде ән шырқап, көктем мезгiлiне және меркеге арнап тақпақтар айтты. Музыка мектебiнiң оқушысы қазақ күйiн домбырамен шертiп бердi. Қазақтың «Сараң бай» атты халық ертегiсiнiң сахналық қойылымы қойылды, қазақтың «байғазы», «базарлық», «сүйiншi» атты салт-дәстүрлерi көрсетiлдi. Мерекенiң соңында балаларға сыйлықтар мен тәттiлер таратылып, суретке түсiрiлдi.

8 Наурызды тойлайық

Наурыз айының 6 күнi ауданның Шығармашылық үйiнде мүмкiндiктерi шектеулi балалар үшiн көктемгi мерекеге арналған iс-шара өттi. Салтанатты мерекеге Ақкөл қаласының және селоларда тұратын балалар ата-аналарымен бiрге шақырылды.

ППОК меңгерушiсi Л.Н.Соколова мен ЖҚ және ӘБ бөлiмiнiң бастығы Н.Қ.Мананбаева барша әйелдердi 8 наурыз мерекесiмен құттықтады. Балалар барлық қыздарға, аналар мен әжелерге арнап тақпақтар айтты, әндерiн шырқады, сыйлықтарды тарту еттi. Мереке барысында балалар аналарымен бiрге ойын ойнап, би биледi. № 2 орта мектебiнiң оқушылары мен аудандық Мәдениет үйiнiң жанындағы би үйiрмесiнiң қатысушылары қонақтарға музыкалық нөмерлерiн: билерiн, әндерiн сыйлады. Мереке тамаша өттi.

Мейрамға ата-аналармен санағанда 60 бала қатысты. Шақырылған қонақтардың атынан бiр баланың анасы Ж.Кравченко азаматша өткiзiлген мереке үшiн және мүмкiндiктерi шектеулi балаларға көрсетiлген ықылас үшiн өз алғысын бiлдiрдi. Мейрамды ЖҚ және ӘБ бөлiмiнiң және ППОК мамандары ұйымдастырып өткiздi.

«Қызықты масленица»

Мүмкiндiктерi шектеулi балалалар 24 ақпанда аудандық шығармашылық үйiне «Қызықты масленицамен қоштасу» мерекесiне шақырылды.

Осынау қысқы аяздан балалар да олардың ата-аналары да қорқпаған емес. Мерекенiң жүргiзушiлерi балалармен бiрге масленицаға қатысты өлеңдердi қол ұстасып шырқады. Қызықты әрi қимылды көп қажет ететiн «Арқан тартысы», «Кегли», «Шышки», «Кiм жылдам?» және басқа да ойындар балалардың көңiл-күйлерiн көтердi. Мерекенiң соңында суық қысты бейнелейтiн «Масленица» қарақшы өрттелiндi, бұл әрекет оның аяқталуын бiлдiрдi. Одан кейiн барлық қатысушыларға келе жатқан «Сұлу көктемге» арналып «қызыл күннiң көзiн» бейнелейтiн құймақтар таратылды.

Балалар мен ата-аналар меркеге келгендерiне еш өкiнбедi. Олардың барлығы мейрамнан көңiлдi де қарындары тоқ болып кеттi.

Iс-шараны Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң және Психологиялық-педагогикалық оңалту кабинетiнiң мамандары дайындап, өткiздi.

Мақаланың шыққан күні: 11.12.2017 16:56
Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.12.2017 10:29
Қаралым саны: 787

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz