A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
«Қол жетімді әкімдік» туралы дәріс

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйегiнде Ақкөл қаласының әкiм аппаратында «Қол жетiмдi әкiмдiк» жобасын жүзеге асыру туралы дәрiс өттi. Жоба мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқын есеп берушi мемлекет құру туралы тапсырмасын орындау мақсатында жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысы 2017 жылғы 31 қаңтардағы Жолдауында мемлекеттiк қызметтердi автоматтандыру қажеттiгiн атап өттi, өйткенi бұл сапа мен қол жетiмдiлiктi арттырудың бағыттарының бiрi.

«Қол жетiмдi әкiмдiк» жұмысының 4 ұстанымы:

-ашықтық (қызмет көрсету кезiндегi сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн азайту);

-қол жетiмдiлiк (қызметтердi алудағы кедергiлердi азайту);

-қызмет көрсету сапасы (кезектiң ыңғайлы электронды жүйесi);

-жайлылық (залда қызмет алушылар үшiн барлық жағдай жасалған: күтуге ыңғайлы орындықтар, кондиционер, су таратқыш және кофе-машина).

Мақаланың шыққан күні: 30.09.2019 17:07
Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.09.2019 17:07
Қаралым саны: 99

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz