A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Латын әліпбиіне көшу- жаңғырудың жаңа белесі

Ақкөл аудандық бiлiм бөлiмiнiң ұйытқы болуымен аудан көлемiнде екiншi рет өткiзiлген «Латын əлiпбиiне көшу: дайындық барысы» атты дөңгелек үстел өзектiлiгiмен қатар маңыздылығымен де жиынға қатысушылар мен тыңдаушылардың көңiлiнен шықты. Аудандағы барлық бiлiм ұйымдарында «Жаңғырудың жаңа белесi» атты ақпараттық-насихаттық жұмыс тобы құрылып, жұмысын бастап та кеттi. 2017 жылы 27 қазан күнi Кеңес ОМ, Азат ОМ, Новорыбин ОМ, Құсайынов ОМ, Құрылыс НМ- де «Латын графикасына көшудiң маңыздылығы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, қазақ тiлi әлiпбиiнiң кириллицадан латын графикасына көшiрiлуi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 26.10.2017 жылғы № 569 Жарлығымен таныстыру, түсiндiру iс — шаралары өткiзiлiп, мектеп сайттарына орналыстырылды. 2025 жылға дейiн кезең- кезеңмен өту туралы нақты iс — шаралар жоспары құрылды. Дөңгелек үстел барысында латын əлiпбиi туралы баяндамалар оқылып, тiл жанашырларының тұщымды ойлары ортаға салынды. Баяндамашылар екi тiлде латын әлiпбиiне көшу — қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсiп-өркендеуiне, болашақ елiмiздiң жан-жақты дамуына үлкен үлес қосып, жемiсi мен жеңiсiн әкелетiндiгiн айтты.

Бiз латын əлiпбиiне көше отырып, өркениеттi елдердiң қатарына қосылып, тiлiмiздегi дыбыстық жүйелердi нақты анықтап, қазақ тiлiнiң жазылуы мен дыбысталу кезiнде басы артық кiрме сөздерден арыламыз. Латын əлiпбиiне көшу, сайып келгенде, ана тiлiмiздiң болашағын ойлап, оның қолданыс аясын одан əрi кеңейте түсуге, мəртебесiн көтеруге мүмкiндiк жасау деп түсiну керек,- деген келелi ойлар айтылды. Бүгiнгi қазақ жазуына, тек əлiпби ауыстыру ғана емес, түбегейлi реформа керек. Реформа бiр ғана əлiпби ауыстырумен тынбайтынын, бұл үш мəселенi қамтитындығын атады. Үш мəселе — дыбыс, əлiпби жəне емле-ереже: дыбыс — өзге тiлдерден бөлектеп тұратын тiлдiң тұрпат-тұрқы; əлiпби — сол дыбыстың тiрегi, басқаша айтқанда, қорғаны мен оққағары; емле-ереже — дыбыстардың басын бiрiктiрiп, сөз құрап тұратын дəнекерi деп көрсеттi өз сөзiнде Новорыбин ОМ — нiң мұғалiмi Хауази Оралсын. Сонымен қатар Азат ОМ — нiң директоры Молдағанапов Ерiк Жанмолдаұлы, оқу iсiнiң меңгерушiсi Серiкберген Жарқынбек, Новорыбин ОМ — нiң директоры Керейбаева Қарлығаш Социалқызы, оқу iсiнiң меңгерушiлерi Хажат Алма, Бардаль Олеся Ивановна, Кеңес ОМ-нiң директоры Жүнiстегi Мешiтбай Жорабекұлы, оқу iсiнiң меңгерушiсi Канди Бақшагүл əлiпби ауыстыру қазақ жазуына реформа жасаудың алғышарты жəне ең төте жолы болып табылады дей отырып, егер латын таңбаларын баптап қабылдай алсақ, қазақ тiлi өз деңгейiнде дамиды деген пiкiрлерiн айтты. Осындай келелi ойлардан соң латын әлiпбиi таныстырылып, кирилше баламасы берiлдi және қалай жазу жөнiндегi практикалық сабақтар өткiзiлдi.

Дата создания статьи: 19.12.2017 19:42
Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.12.2017 19:42
Қаралым саны: 501

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz