A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
2017 жылғы 1 наурыздағы БЖЗҚ негізгі көрсеткіштеріне қысқаша шолу

Алматы, Қазақстан — 2017 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 6,75 трлн. теңге болды.

2017 жылғы 1 ақпанда шарттардың барлық түрлерi бойынша салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны 10,04 млн. бiрлiк, оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебiнен 9,58 млн. бiрлiк болды. Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың ЖЗШ саны 423,35 мың бiрлiк, ал ерiктi зейнетақы жарналары бойынша 39,11 мың бiрлiк болды.

Ағымдағы жылдың екi айы iшiнде түсiмдердiң жалпы сомасы 121,68 млрд. теңге болды. Әскери қызметшiлер мен әлеуеттi құрылымдар қызметкерлерiнiң пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейiн бюджет қаражаты есебiнен аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары сомасынан 50 пайызын республикалық бюджетке қайтару есепке алына отырып, қайтарылған жарналар сомасы 2017 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша 0,53 млрд. теңге болды.

2017 жылғы қаңтар-ақпан айларында БЖЗҚ-дан төленген зейнетақы төлемдерiнiң сомасы 61,54 млрд. теңге, оның iшiнде сақтандыру ұйымдарына аударымдар 3,98 млрд. теңге болды.

Салымшы (алушы) өзiнiң ЖЗШ-сындағы зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы (оның iшiнде есептелген инвестициялық табыс туралы) ақпаратты БЖЗҚ-ның 231 дербес қызмет көрсету орталығының бiрiнен, пошта байланысы арқылы, электрондық пошта арқылы, БЖЗҚ сайты немесе ұялы қосымша арқылы ала алады.

3,1 миллионға жуық адам зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлi ретiнде электрондық хабарлау тәсiлiн таңдаған. Мәселен, 198 мыңға жуық адам электрондық мекенжайға үзiндi көшiрмелер алады, ал 2,9 миллион адам сайт немесе әртүрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы ақпарат ала алады.

2017 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ұялы қосымшаны жүктеп алу саны 636,6 мың болды. Осылайша, жыл басынан берi жүктеп алу саны 126,9 мыңға дерлiк көбейдi. Естерiңiзге сала кетелiк, 2017 жылғы 1 қаңтарда бұл көрсеткiштiң 509,7 мың жүктеуге тең болғанын еске саламыз.

2017 жылғы 1 наурызда «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесi салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстерiн ескере отырып) жай-күйi туралы ақпарат беру» қызметi 2015 жылғы ақпанда қолданысқа енгiзiлген сәттен бастап электрондық үкiмет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 378 мыңнан астам үзiндi көшiрме берiлген.

Салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өзi келiп, не болмаса 1418 тегiн нөмiрiне қоңырау шала отырып телефон арқылы, әлеуметтiк желiлер, «керi байланыс» нысаны және Қордың корпоративтiк сайтындағы онлайн-чат арқылы қашықтан да құпия ақпараттан басқа барлық өзiн қызықтырған мәселелер бойынша кеңес ала алады.

Мақаланың шыққан күні: 21.12.2017 17:03
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.12.2017 17:03
Қаралым саны: 1131

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz