A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Үздік журналистік материалға байқау

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «02» тамыз

«БЖЗҚ» АҚ «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне 20 жыл: тарихы және даму келешегi» тақырыбы бойынша үздiк журналистiк материалға байқау өткiзетiндiгiн жариялайды.

Байқауға қатысуға Қазақстан Республикасының республикалық және өңiрлiк бұқаралық ақпарат құралдарында 2018 жылдың 1 қаңтары мен 31 тамызы аралығында жарияланған немесе эфирге шығарылған қазақ және орыс тiлдерiндегi материалдар қабылданады.

Байқауға ұсынылған жұмыстар әр түрлi жанрда болуы мүмкiн: мақала, очерк, сұхбат, репортаж, радио және бейнесюжет, талдамалы бағдарлама және т. б.

Жұмыстарды 2018 жылдың 31 тамызына дейiн (қоса алғанда):

press@enpf.kz электрондық поштасына — материалдың сканерден өткiзiлген көшiрмесiн немесе сiлтемесiн (мысалы материал файл алмасу хостингiне орналастырылуы мүмкiн) материалдың шығарылғандығын растайтын эфирлiк анықтамамен бiрге;

Қордың заңды мекенжайына (Алматы қ. Әуезов көшесi, 82) — материалдың түпнұсқасын немесе көшiрмесiн (оның iшiнде материал электрондық тасымалдауыш: диск немесе флеш-жинақтауышта болуы мүмкiн) материалдың шығарылғандығын растайтын эфирлiк анықтамамен бiрге жiберу қажет.

Бұдан басқа, қатысушы бекiтiлген нысанға сәйкес (өтiнiм нысаны ұсынылған) толтырылған өтiнiмдi қосу тiркеуi тиiс.

Байқау қорытындысы 2018 жылдың 10 қыркүйегiне дейiн шығарылып, Қордың www.enpf.kz ресми сайтында жарияланады.

Қазылар алқасы «Үздiк журналистiк материал» санаты бойынша мемлекеттiк тiлде үш жеңiмпазды және орыс тiлiнде үш жеңiмпазды анықтайды. Әрбiр аталымда жеңiмпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады:

- бiрiншi орын үшiн — ноутбук;
- екiншi орын үшiн — планшет;
- үшiншi орын үшiн — диктофон.

БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

ӨТIНIМ
«Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiне 20 жыл: тарихы және даму келешегi» тақырыбы бойынша үздiк журналистiк материалға өткiзiлетiн байқауға қатысуға арналған

1. Қатысушының тегi, аты, әкесiнiң аты (ТАӘ);

2. Туған жылы, айы, күнi;

3. Жеке куәлiгiнiң көшiрмесi;

4. Байланыс деректерi (тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмiрi, электрондық пошта мекенжайы);

5. Жанр және материалдың тiлi;

6. Материал жазылған тасымалдауыш (диск, флеш-жинақтауыш).

Мақаланың шыққан күні: 25.08.2018 10:29
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.08.2018 10:31
Қаралым саны: 1335

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz