A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Мемлекеттік кірістер комитеті 2017 жылы биснеске қысымды елеуі азайтып? мемлекеттік бюджетке түсімді көбейтті

2017 ж. 22 желтоқсан                                                                                                Астана қ.

2017 жылдың 11 айы iшiнде ҚР ҚМ Мемлекеттiк кiрiстер комитетi мемлекеттiң қазынасына кiрiстердiң түсiмi бойынша жоспарды асыра орындады. 2016 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда өсiм 8-ден астам пайызды құрады. Осындай деректердi ҚР ҚМ Мемлекеттiк кiрiстер комитетiнiң төрағасы Ардақ Теңгебаев Орталық коммуникациялар қызметiндегi баспасөз маслихатта атап өттi..

ҚР ҚМ МКК мемлекеттiк бюджетке 6 031 000 мың (алты триллион отыз бiр миллиард) теңгенiң түсiмiн қамтамасыз еттi, бұл болжамды жоспарға 101,5% құрайды. 2016 жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда кiрiстердiң өсiмi 8,4 % немесе 466 миллиард теңгенi құрады.

Тексерулер.

Салықтық және кедендiк тексерулердiң саны 2017 жылы екi есеге дерлiк — 72-ден 37 мыңға дейiн төмендетiлген болатын. Мұндай көрсеткiштерге тәуекелдердi басқару жүйесiн тиiмдi пайдаланудың және назарды кәсiпкерлiк субъектiлердiң мониторингiн физикалық түрiнен қашықтықтан мониторингке көшудiң негiзiнде қол жеткiзiлдi.

Бұл ретте жүргiзiлген салықтық тексерулердiң нәтижелерi бойынша 87,6 миллиард теңгесi бюджетке өндiрiлiп алынды. Өткен жылмен салыстырғанда түсiм 35-тен астам пайызға өстi.

Кедендiк тексерулер бойынша 3,8 миллиард теңгесi бюджетке өндiрiлiп алынды. Бiр тексерiстiң өндiрiлiп алыну тиiмдiлiгi 13 пайызға өстi.

Кедендiк тексерулер бойынша көрсеткiш 2,5 есеге (2016 жылғы 15,866 тексеруден 2017 жылғы 6 297 тексеруге дейiн) қысқарды. Тексерудiң тиiмдiлiгi 4 есе өстi.

Акцизделетiн өнiмнiң айналымын бақылау.

Акцизделетiн өнiмнiң заңсыз айналымын анықтау мақсатында МКК алкоголь өнiмдерiнiң сатушылары бойынша рейдтер жүргiздi. Заңсыз алкогольдiң 11 миллионнан астам бөтелкесi алынды. Бұл былтырғыдан екi есе көп.

Алкоголь өнiмдерiн өндiру бойынша 44 жасырын цехының қызметiнiң жолы кесiлдi, 4 миллионнан астам жалған есепке алу-бақылау маркалары алынды.

Сондай-ақ этил спиртi мен арақтың барлық жұмыс iстеп тұрған өндiрушiлерi де тексерулермен қамтылды, олардың нәтижелерi бойынша акциздер мен айыппұлдардың 200 миллионнан астам теңгесi есептелдi. Көрсетiлген фактiлер бойынша 203 қылмыстық iс қозғалды.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың мыңнан астам фактiсi (1019) тiркелдi. Айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 4 миллиард теңгенi құрады.

Мұнай өнiмдерi нарығында заңсыз айналымнан 16 мың тоннадан астам мұнай өнiмдерi алынды, 196 миллион теңге сомасында заңсыз мұнай өнiмдерi бюджет кiрiсiне тәркiлендi. 95 қылмыстық және 23 әкiмшiлiк iс қозғалды.

Темекi бұйымдарының заңсыз айналымы саласында, оның iшiнде Қазақстан Республикасына заңсыз әкелу фактiсi бойынша 9 миллион 700 мың дана алынды.

Акцизделетiн өнiмдердiң заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша жүйелi шаралар ретiнде ЕБА (есепке алудың бақылау аспабы) пайдалана отырып, алкоголь өнiмдерiнiң және мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiнiң өндiрiсiн есепке алу енгiзiлуде. ЕБА нақты уақыт режимiнде Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн акцизделетiн өнiмдердiң өндiрiсi мен айналымы туралы мәлiметтердiң болуына мүмкiндiк бередi.

Экономикалық қылмысқа қарсы күрес

Бизнеске қысымды төмендету бойынша тапсырмаларды шешу үшiн қылмыстық қудалауға бастамашылық жасау тәртiбi түбегейлi өзгердi. Сотқа дейiнгi тергеудiң бiрыңғай тiзiлiмiнде материалдарды тiркеу тек уәкiлеттi органдардың актiлерiмен және өзге де құжаттарымен расталған, анықталған залал болған кезде ғана жүргiзiледi. Нәтижесiнде, өткен жылмен салыстырғанда тiркелген қылмыстық iстердiң саны 2 есеге төмендедi. Сонымен қатар, жалпы санда аяқталған iстердiң үлесi 30% өстi.

Ұйымдасқан қылмыстық топтар жасайтын, ұзақ уақыт бойында, көп қатысушыны тарта отырып, айтарлықтай экономикалық залал келтiретiн жүйелi қылмыстарды анықтауға ерекше көңiл бөлiнедi. Жыл басынан берi осындай топтарға қатысты 40 қылмыстық iс сотқа жiберiлдi.

Мысалы, Оңтүстiк Қазақстан облысында жұмыссыздықпен күресуге бағытталған бюджет қаржысын ұрлаған қылмыстық топ қызметi әшкере болды. Топта 20-дан астам адам, оның iшiнде әлеуметтiк органдардың басшылары мен полиция шендiлер болған.

Қылмыскерлер 113 жалған ДК құрған, олар жұмыссыздарды жұмысқа орналастыратын және жастар практикасын ұйымдастыратын номиналды жұмыс берушiлердiң атын жамылып жасаған. Негiзiнде ешқандай қызмет жүзеге асырылмаған, жай ғана жоқ адамдар пайдаланылған.

Осылайша ОҚО-нан «Чичиковтер» бюджеттен 400 млн. теңгеден астам қаржыны жымқырған. Бүгiнгi таңда iс аяқталуға жақын.

ҚР ҚМ МКК, сондай-ақ жалған шот-фактураны пайдалану арқылы салық төлеуден жалтару бойынша бiрқатар iрi қылмыстық iстi тергеуде. Осы жылдың 11 айында жалған шот-фактура жазып беру фактiсi бойынша 303-ке жуық қылмыстық iс аяқталды, өткен жылғы ұқсас кезеңде — 275.

Мысалы Қарағанды облысында бiрнеше жыл бойы жалған шот-фактура жазып беру арқылы басқа кәсiпкерлердiң салықтан жалтаруына көмектескен екi қылмыстық топ әшкерелендi

Заңсыз схемада 130-дан астам жалған кәсiпорындар пайдаланылған, 160-қа жуық жалған мөр алынды. Көрсетiлген қылмыстық топтың заңсыз әрекетiнен бюджетке келтiрiлген жалпы залал 36 миллиард теңгеден асады.

Сонымен қатар, ҚР ҚМ МКК бюджет қаражатын тиiмдi пайдалануға ұдайы мониторинг жүргiзуде. Комитеттiң мамандары тендерлерге қатысушылар туралы ақпаратты, оның iшiнде салық жүктемесiн және тәуекел кәсiпорындарымен олардың өзара есеп айырысуын талдайды. 2017 жылы бюджет саласында 820-ға жуық, квазимемлекеттiк салада — 246 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

«Астана-Павлодар» автожолын қайта салуға бөлiнген бюджет қаражатын жымқыру фактi бойынша қылмыстық iс аяқталу сатысында. Iс бойынша, «КазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының басшысын қоса 12 адам фигурант.

Қарапайым ұрлау — сметада көрсетiлген жол материалдарын (щебень, құм және т.б.) арзан ұқсас материалдармен ауыстырған. Көлiк шығыстарын, атап айтқанда жақын щебень карьерiнiң орнына қасақана алыстағы карьердi көрсету арқылы құнын көтерген. Нәтижесiнде қылмыскерлер бюджет қаражатынан 2 миллиар 300 миллион теңге ұрлаған.

Қолдан ақша жасаудың алдын алу бойынша жұмыс күшейтiлдi. 2017 жылы қолдан ақша жасау бойынша 4 жасырын цехтың қызметiнiң жолы кесiлдi.

Астанада номиналы 2 000 теңгелiк купюрлердi дайындаған және өткiзген азамат И.М. Кабдуллин мүлкi тәркiлей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

ҚР ҚМ МКК, сондай-ақ ҚР ҚМ Қаржы мониторингi комитетiмен «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберiнде белсендi ынтымақтасуда.

Қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында тыйым салынған 130 миллион теңгенi заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру әрекетi кезiнде сот орындаушы мен банк бөлiмшесiнiң бастығы ұсталды. Сондай-ақ күдiктiлер алуға ниеттенген 370 миллион теңгеге шектеу салынды.

Дата создания статьи: 25.12.2017 11:00
Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.12.2017 11:00
Қаралым саны: 498

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz