A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Қазы батыр. Ақкөл ауданы

Қазы батыр мен оның әскерлерiнiң жерлеу орны Урюпин ауылының батысына қарай екi шақырым жерде орналасқан.

«Енеден ерте айрылған төл секiлдi» кiтабында Жайық Бектұров былай деген: Ақкөл-Атбасар жол бойында орналасқан Урюпин ауылының(ертеде Дөңгелекқау деп аталған) маңындағы Қазы батырдың жерленген жерiн көрсеттi.». Суреттелген оқиға Абылайханға дейiнгi уақытта болған. Қазы батыр қалмақтармен шайқасты жеңiп, осы аймақтарды қоныстаған. Сол жердi қылышымен көрсетiп, мұнда менiң қонысым болады дептi. Қазы батыр көптеген iзгi iстер жасады. Баспанасыздар мен кедейлер баспана тапты, ал қылмыскерлер жазасын алды. Қалмақтар бұл жерлерге шапқыншылық жасамады. Ризашылығын бiлдiрген адамдар батырдың аты-жөнiн аңыздарда мәңгiлiкке сақтауға шешiм қабылдады.Қазы батыр қыста қайтыс болғандықтан, халық мәйiтiн жаздыгүнi Әзiрет Сұлтан кесенесiне жерлеудi шештi. Бiрақ ол ойлары жүзеге аспады, өйткенi батырдың қаза болғанын естiген қалмақтаршабуылын қайтадан бастапты. Қазы батырдың қалдықтары бүгiнгi күнге дейiн сол жерде жерленген.

Ақпарат көзi:

1.Бектұров Жайық. Енеден ерте айрылған төл секiлдi… — Алматы. — ЖШС. — «Қазақстан» баспа

үйi», 2002. — 434-435 бб.

Мақаланың шыққан күні: 21.02.2018 12:14
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.02.2018 12:14
Қаралым саны: 720

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz