A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
БЖЗҚ-ның әрбір 4-шы салымшысы электрондық хабарлау тәсілін таңдады

Шамамен 2,6 млн. адам (БЖЗҚ-да 10 млн. жеке зейнетақы шотының бар екенiн еске саламыз) электрондық хабарлау тәсiлiн таңдаған, олардың iшiнде 2,4 млн. адам Қордың корпоративтiк сайты немесе әртүрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасы арқылы өз зейнетақы шотын бақылай алады. Мысалы, 2016 жылы ұялы қосымшаны жүктеу саны 78%-ға артқан, ал 2017 жылғы 1 қаңтарда жүктеу саны 509,7 мыңға жеттi.

2017 жылғы 1 қаңтарда «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесi салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстерiн ескере отырып) жай-күйi туралы ақпарат беру» қызметi 2015 жылғы ақпанда қолданысқа енгiзiлген сәттен бастап электрондық үкiмет порталы арқылы салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 352 мың үзiндi көшiрме берiлген.

Бұл ретте салымшы (алушы) өз зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы хабарлау тәсiлдерiнiң мынадай түрлерiнiң бiреуiн таңдайды:

- БЖЗҚ-ға өзi келiп өтiнiш жасайды;

- электрондық пошта арқылы;

- электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе пайдаланушының тiркелген логинiн және парольдi пайдалана отырып, БЖЗҚ сайты арқылы электрондық хабарлау тәсiлiн;

- пошта байланысының қызметi арқылы.

Электрондық хабарлау тәсiлiнiң өте ыңғайлы екендiгiне баса назар аударамыз. Себебi әрбiр салымшы (алушы) өз жинақтары туралы ақпаратты дәл осы жерде және осы уақытта алады, тек online болса болғаны.

Электрондық хабарлау тәсiлiн таңдаған БЖЗҚ салымшы (алушы) өз зейнетақысын бақылауға, есептеуге және жоспарлауға мүмкiндiк беретiн серпiндi әрi заманауи құралдарға қол жеткiзiп қана қоймай, сонымен қатар планетамыздың жасыл қорына қомақты үлесiн қосады.

А4 форматында 11 500 парақ шығару үшiн бiр ағаш кесiледi. Бiз жылына үзiндi көшiрмелер салынған 2,2 миллион конверт жiберемiз, яғни ол үшiн 380-ге жуық ағашты пайдаланамыз.

Дәл осы кезде, электрондық поштасына үзiндi көшiрме алатын 206 349 салымшы жылына 36 ағашты сақтап қалады екен. Зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы электрондық хабарлау тәсiлiн таңдаған 2,6 миллион адам жылына 450-ден астам ағашты сақтап қалады.

Зейнет жасына келiп қалған адамдар мен зейнетке шығып қойған зейнеткерлердi зейнетақы есебiндегi жыл сайынғы өзгерiстер толғандыратыны сөзсiз. Сiз үшiн бұл қиын ба? Бiз сiзге осы мәселенiң шешiмiн табуға көмектесемiз. Сол үшiн БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн ресiмдеу мен алу тәртiбiне қатысты ең өзектi сауалдарға берiлетiн жауаптарды Сiздiң назарыңызға ұсынамыз.

Кесте бойынша БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiне кiмнiң құқығы бар?

Белгiленген кесте бойынша мiндеттi зейнетақы жарналары (бұдан әрi — МЗЖ) және мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (бұдан әрi — МКЗЖ) есебiнен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiне БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар:

- 63 жасқа толған ерлердiң, 58 жасқа толған әйелдердiң (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда);

 — егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектердiң құқығы бар.

Зейнет жасына толғанда және бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген кезде БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерiн алу үшiн қандай құжаттар керек?

Жалпыға бiрдей белгiленген зейнет жасына толған немесе бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген кезде зейнетақы төлемдерiн алушы кесте бойынша МЗЖ және МКЗЖ есебiнен зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштi ресiмдеу үшiн БЖЗҚ кеңсесiне барып, өтiнiш жасай алады. Өзiмен бiрге жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын және БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын аудару үшiн алушының банк шоты туралы мәлiметтердi алып келедi. Сондай-ақ алушы зейнетақы төлемдерiн ресiмдеу үшiн құжаттарды сенiм бiлдiрiлген тұлға немесе пошта байланысы арқылы ұсына алады. Толық ақпаратты сайттан (www.enpf.kz) алуға болады.

Зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш берiлгеннен кейiн БЖЗҚ қанша уақыт iшiнде зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырады?

Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкесетiн құжаттар БЖЗҚ-ға қабылданған не келiп түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде БЖЗҚ зейнетақы төлемдерiн жүзеге асырады.

БЖЗҚ-дан төленетiн зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы қалай есептеледi?

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 қаулысымен бекiтiлген Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру қағидаларына сәйкес кесте бойынша МЗЖ және МКЗЖ есебiнен қалыптасқан зейнетақы төлемдерiнiң жылдық сомасы мынадай шамаларда есептеледi және:

1) республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен аспайды (2017 жылы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңында ең төмен зейнетақы мөлшерi 28 148 теңге болды, соған сәйкес зейнетақы төлемдерiнiң сомасы 844 440 теңгенi құрайды (30*28 148);

2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 02 қазандағы №1042 қаулысымен бекiтiлген Зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеудi жүзеге асыру әдiстемесiне сәйкес зейнетақы жинақтары сомасының алушының тиiстi жасындағы зейнетақы жинақтарының ағымдағы құнының коэффициентiне көбейтiндiсi ретiнде есептелген неғұрлым жоғары шамасынан аспайды. Зейнетақы жинақтарының сомасы 63 жастағы алушы — ерлерде 8,067 млн. теңгеден артық болған, ал 58 жастағы алушы — әйелдерде 8,963 млн. теңгеден артық болған жағдайда осы есеп қолданылады.

Зейнетақы жинақтарының сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерiнен аз болса (2017 жылы — 844 440,00 тг.), алушы зейнетақы жинақтарының барлық сомасын ала алады.

Төлем жасалғаннан кейiн жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының қалдығы ең төмен зейнетақы мөлшерiнен аз соманы құраса (2017 жылы — 28 148,00 тг.), бұл қалдық төлем сомасымен бiрге төленедi.

БЖЗҚ белгiленген кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң жылдық мөлшерiн жыл сайын өз бетiнше Қағида ережелерiн ескере отырып, қайта есептейдi.

Зейнетақы төлемдерi қандай валютамен жасалады?

БЖЗҚ өтiнiште көрсетiлген алушының банк шотына зейнетақы төлемдерiн:

1) Қазақстан Республикасының аумағында екiншi деңгейдегi банктерде/банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шоттарына аудару кезiнде тек ұлттық валютамен;

2) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде шетел банктерiнде ашылған банк шоттарына аудару кезiнде АҚШ долларымен, еуромен, фунт стерлингпен немесе ресей рублiмен аударады.

Зейнетақы төлемдерiне жеке табыс салығы (ЖТС) салына ма?

Зейнетақы төлемдерi төлем көзiнен салық салынатын табысқа жатады (ҚР Салық кодексiнiң 160-бабы). Зейнетақы төлемдерiне ҚР Салық кодексiнде көзделген түзетулер мен салық шегерiмдерiнiң сомасы ескерiле отырып, 10 пайыз мөлшерлеме бойынша жеке табыс салығы салынады.

Мысал ретiнде ең төмен зейнетақының 30 еселенген мөлшерiндегi кесте бойынша төленетiн зейнетақы төлемдерiн қарастырып көрейiк (30*28 148 = 844 440 теңге).

Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiн алушы — зейнет жасына толған резидент тұлғалар — БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерi түрiндегi табыстан салық шегерiмдерiне құқығы бар тұлғалар (Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң 170-бабы). Демек, ЖТС салық шегерiмдерi қолданыла отырып ұсталады. ЖТС салынбайтын зейнетақы жинақтарының сомасы ағымдағы қаржы жылына белгiленген ең төмен жалақының 12 еселенген мөлшерiне тең. 2017 жылы бұл көрсеткiш — 24 459 теңге, демек ЖТС салынбайтын сома — 293 508 теңге (12*24 459). 550 932 теңге (844 440 — 293 508) сомасына ЖТС салынады. ЖТС мөлшерi — 55 093,20 теңге (844 440 — 293 508) * 10%). Алушының банк шотына 789 346,80 теңге (844 440 — 55 093,20) мөлшерiндегi сома аударылады.

Бұдан басқа, салық жеңiлдiктерi қолданылатын азаматтар санаты бар. Олар үшiн ағымдағы қаржы жылына белгiленгенең төмен жалақының 75 еселенген мөлшерi шегiнде ЖТС-қа түзету көзделген (75*24 459 = 1 834 425 теңге).

Мұндай тұлғаларға:

Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестiрiлген адамдар;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар;

1941 жылғы 22 маусым — 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар;

I, II, III топтардағы мүгедектер;

мүгедек бала;

«мүгедек бала» санатындағы адам он сегiз жасқа толғанға дейiн оның ата-анасының бiрi, қорғаншысы, қамқоршысы;

«бала кезiнен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмiр бойына, оның ата-анасының бiрi, қорғаншысы, қамқоршысы;

асырап алған бала он сегiз жасқа толғанға дейiн бала асырап алушының бiреуi жатады.

Мақаланың шыққан күні: 21.12.2017 17:11
Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.12.2017 17:11
Қаралым саны: 1026

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

 

@2019 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz