A- A A+
Ақкөл ауданының әкімшілігі Ақкөл ауданының әкімшілігі
Қазақстанның діни палитрасы

Қазақстан сан ғасырлардан берi түрлi дiн ұстанатын халықтардың өкiлдерi бейбiт қатар өмiр сүрiп келе жатқан берекелi — Ел. Ұшы-қиыры жоқ қазақ сахарасының табиғатының өзi бұл топырақты мекендеген халықтардың бойында iзгiлiк пен қайымдырылық қасиеттердi дамытып адамның күнi -адаммен деген қағиданы қалыптастырса керек.

Жүздеген жылдар бойына қазақтың сар даласы арқылы «Ұлы Жiбек жолы» бойымен жылжыған керуендер тауар ғана тасып қоймай, жаңа идеялар мен даналық iлiмдер жазылған кiтаптарды да таратты. Егер де осыдан жарты ғасыр бұрын Қазақстан деген елдi әлем жұртышылғы алғаш рет Байқоңырдан ғарышқа адам ұшқан жер ретiнде ғана бiлсе, бүгiнгi күнде әлем елдерi бас қосып пiкiрлесетiн әлем таныған орталық ретiнде танитын болды.

Қасиет пен құт дарыған қарт Есiлдiң жағасындағы елiмiздiң жас астанасы Елордамыз бүгiнгi күнге дейiн төрт мәрте әлемдiк және дәстүрлi дiн көшбасшыларының келелi жиыны өткен жер болған болса бүгiнгi күнде Әлемдiк және дәстүрлi дiндер көшбасшыларының V-шi съезiне қатысушыларын күтiп алуға дайындалуда.

Бүгiндерi бiздiң елiмiзде мұсылмандар мен қатар христиан-православтар, католиктер, иудейлер мен буддашылдар, иудейлер т.б. дiн өкiлдерi ынтымақ пен бiрлiкте ғұмыр кешуде.

Биылғы жылы елiмiз бiрнеше айтулы датаны атап өтуде, ол: Қазақ хандығының 550 жылдығы,Ұлы жеңiстiң 70 жылдығы және Қазақ хандығының 550 жылдығы. Ел президентi Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассмблеясының сессиясында сөйлеген сөзiнде былай деген болатын: «Бiздiң Ұлы даламызға толеранттылық мыңдаған жылдардан берi тән. Бiрақ толеранттылық бiрелер айтып жүргендей ешқандай да ауа жаюшылық емес,ол бiздiң қоғамымыздың адамгершiлiк нормасы ол ғасырлар бойына бiздiң халықтың әр кезеңдегi ұрпағын бойында iзгiлiктi тәрбиелеушi қуатты құрал. Қазақстандықтардың әрбiр келесi ұрпағының бойында толеранттылық қасиеттердi сiңрiп тәрбиелей бiлуiмiз қажет.

Елiмiздiң халқының құрамының дiни,ұлттық ұстанымдарының әр алуандығына қарамастан Тәуелсiз Қазақстанымызда дiни алауыздықтар туған емес. Елiмiздегi конфессияаралық қатынастардың ерекшелiгi ол соңғы олнжылдықтардағы дiннiң қоғамдағы рөлiнiң күшеюi байқалады. Осы үдерiстiң арқасында дiни-рухани институттар саны және сапалық жағынан арта түскенiн байқаймыз. Елiмiзе санақ жүрген 2009 жылғы статистикалық деректерге қарғанда ел тұрғандарының 90 % құраған. Халықтың 70,2% -мұсылманға жатқызған , 26,0% -христиан, 0,03 -иудейлер, 0,09%-Будашылар,

0,2 % , басқа дiндердi ұстаушылар болған. Қазақстанда өмiр сүрiп жатқан түрлi этностар дiн жағынан 18 конфессияға бiрiккен.

Қазақстандағы халықтар тарихи және мәдени ұстанымдарына сәйкес екi дiннiң : ханафи бағытындағы ислам мен православия дiнiн тұтынады. Елдегi ең саны көп ғибадат орнындары мұсылмандарға тиесiлi- 2367.

Второе место по числу последователей в Казахстане занимает Русская Православная Церковь (РПЦ), которая располагает 293 религиозными объединениями. Екiншi орында Орыс православ шiркеу ол 84 дiни қауымдастыққа бiрiккен. Қазақстанның конфессионалдық кеңiстiгiндегi өзiндiк орынға ие болған протестанттардың саны — 510.

Жоғарыда келтiрiлген дәстүрлi дiндерден кейiнгi орынға ие-протестант дiнiндегiлер болып табылады. Жалпы Елiмiздеi 7 иудей қауымы, 2 екi буддалық бiрлестiк және дәстүрлi емес дiни бiрлестiктер («Мормондар», «Кришнаиттер», «Бахаи», «Муниттер»).

Дiн әр заманда да ұлттың рухани мұрасы мен адамгершiлiк құндылықтарына зор құрметпен қараған. 2011 ж. қабылданған заңда Қазақстандағы ханафи мазхабындағы мұсылмандар мен павославтардың дiндерiнiң бiздiң қоғамымыздағы ерекше тарихи орны еркше атап көрсетiлдi.

Мақаланың шыққан күні: 17.12.2017 21:42
Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.12.2017 21:42
Қаралым саны: 807

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

 

@2018 Ақкөл ауданының әкімшілігі
Яндекс.Метрика

Пошталық мекенжайы:

Телефон:

Факс:

Электрондық пошта адресі:

Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94,
индекс: 020100

8 (716-38) 2-02-82;

8 (716-38) 2-06-31;

akkol_kanz@akmo.kz